Мектепішілік басқару жүйесі ұйымдық құрылымы мен қызмет ретінде. Басқару жүйесін дамыту мен әрекеттестіру шарты мен қағидалары. Басқару жүйесінің мақсаты мен міндеттері. Мектептегі рухани-психологиялық ахуал. Педагогикалық процесті басқару – қойылған мақсатқа сәйкес шешім қабылдау, ұйымдастыру, бақылау, басқару объектісін зерттеу, алынған ақпараттарды талдау және қорытындылау іс-әрекеті болып табылады.
Басқару объектісі биологиялық, техникалық, әлеуметтік жүйелер бола алады. Білім беру әлеуметтік жүйеге жатады және елдің, өлкенің, облыстың, қаланың және ауданның аумағында қызмет етеді. Сондықтан басқару субъектілері министрлік, облыстық, қалалық, аудандық білім беру басқармалары болып бөлінеді. Жалпы орта білім беретін мектептер күрделі динамикалық жүйе ретінде мектепішілік басқару объектісі болып табылады.
Мектепішілік басқару – тиімді нәтижелерге қол жеткізу мақсатында тұтас педагогикалық процестің объективтік заңдылықтарын тануға негізделген; оған қатысушылардың мақсатты, саналы өзара әсерлесуі.
Тұтас педагогикалық процесс қатысушыларының оны басқарудағы өзара әсерлесуі өзара байланысты: педагогикалық талдау, мақсат қою және жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу мен түзету тәрізді әрекеттер мен функциялардан тұрады.
Қазіргі білім беру жүйесінің дамуындағы бір ерекшелік – білім беру мемлекеттік-қоғамдық басқару болып табылады.
Білім беру жүйесін мемлекеттік басқару сипаты төмендегідей қағидалар (принциптер) жиынтығымен анықталады:
білім берудің ізгілік сипатта болуы;
білім беру жүйесінің ұлттық мәдениеттерді және салт-дәстүрлерді мемлекеттік тараптардан қорғауы;
білім берудің жалпыға бірдейлігі;
білім берудің зиялылығы;
білім берудегі еркіндік пен плюрализм;
білім берудің демократиялық сипатта болуы.
Мектеп іс-әрекетін ұжымдық басқару органы – мектеп кеңесі басқарады. Оның атқаратын функциялары мен жұмыс мазмұны жалпы білім беру мекемесінің типтік ережелерінде көрсетіледі.
Мектептің жоғары жетекші органы – конференция, жылына кем дегенде бір рет шақырылып отырылады. Мұнда мектеп кеңесі, оның төрағасы, іс-әрекет мерзімі анықталады және мекеме Жарғысы қабылданады. Конференциялар аралығындағы жетекші орган рөлін мектеп кеңесі атқарады.
Мектеп педагогикалық жүйеге жатады, себебі ол бірқатар жүйе құраушы факторлармен, қызмет көрсету жағдайларымен, құрылымдық және функционалдық компоненттер жиынтығымен сипатталады. Жүйе құраушы факторлар рөлін мақсаттар мен нәтижелер атқарады; қызмет көрсету жағдайлары – әлеуметтік-педагогикалық және уақытша байқалатын жағдайлармен; құрылымдық компоненттер – басқарушы (педагогикалық ұжым) және басқарылушы (оқушылар ұжымы) жүйелермен, педагогикалық іс-әрекет мазмұнымен, құралдармен, нысандармен және әдістермен; функционалдық компоненттер – педагогикалық талдау, мақсат қою және жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу және түзетумен анықталады.
Мектепті педагогикалық жүйе және басқару объектісі ретінде қарастыру оны басқарушылардың басқару іс-әрекеті бір мезгілде мақсаттар анықтау мен олардың нәтижелеріне қол жеткізуге, педагогикалық және оқушылар ұжымдарын қалыптастыру жағдайларын жасауға, оқу-тәрбие жұмысы мазмұнын таңдап алу мен құралдарын, нысандарын, әрекетін қолдануға мүмкіндік береді. Мұндай амал педагогикалық жүйе мақсаттылығын сақтай отырып, оны құрайтын компоненттерді жаңартуға тиімді әсер етеді.
Педагогикалық жүйенің бастысы болып табылатын, маңызды жүйе құраушы фактор – баланың тұлғалық күштерін үйлесімді дамытуға, оның өзін- өзі анықтауына және өзін-өзі дамытуына жағдайлар жасауға бағытталған мұғалімдер мен оқушылардың біріккен іс-әрекет мақсаты болып табылады. Мектеп мақсаты – тұлғаның интеллектуалдық, құлықтық, эстетикалық, еңбектік, экологиялық, құқықтық және басқа да мәдениетін қамтитын базалық мәдениет негіздерін қалыптастыру болып табылады.
Жүйе құраушы ретіндегі нәтиже – жекелеген оқушылардың да, тұтастай алғандағы оқушылар ұжымының да тәрбиелік деңгейін анықтауды қамтамасыз ететін неғұрлым тұрақты және нақты өлшемдер жиынтығымен анықталады. Мұндай өлшемдердің болуы қойылған мақсатты оның жүзеге асырылу күйімен салыстыра отырып, мұғалімнің, педагогикалық іс-әрекетке қатысушыларың іс- әрекеті жолдарын түзетуге мүмкіндік береді.
Педагогикалық жүйенің әлеуметтік-педагогикалық жағдайларын жалпы және арнайы жағдайлар деп екіге бөлуге болады. Жалпы жағдайларға: әлеуметтік, экономикалық, мәдени, ұлттық, географиялық жағдайлар; ал арнайы жағдайларға: оқушылардың әлеуметтік-демографиялық құрамы, мектептің тұрған жері, материалдық мүмкіндіктері, жабдықтар, ол тұрған жердегі қоршаған ортаның тәрбиелік мүмкіндіктері жатады. Педагогикалық процестің тиімділігін көрсететін маңызды көрсеткіштер – педагогикалық және оқушылар ұжымдарындағы моральдық-психологиялық ахуал, ата-аналар мен оқушылардың педагогикалық деңгейлері болып есептеледі.
Педагогикалық жүйенің құрылымдық элементтері педагогикалық ұжым және оның жетекшілерінің немесе басқарушы жүйенің іс-әрекеті негізінде анықталады.
Басқарушы жүйе құрылымы төрт деңгейге бөлінеді:
деңгей – мектеп директоры, мектеп кеңесі, оқушылар комитеті, қоғамдық ұйымдар жетекшілері. Бұл деңгей мектепті дамытудың стратегиялық бағытын анықтайды.
деңгей – мектеп директорының орынбасары, мектеп психологы, әлеуметтік педагог, қоғамдық пайдалы еңбекті ұйымдастырушы, аға жетекшілер, мектеп директорының шаруашылық жөніндегі көмекшісі, өзін-өзі басқаруға қатысатын органдар мен бірлестіктер.
Достарыңызбен бөлісу: |