бірінші кезең – ұлттық біліктілік тестілеуі;
екінші кезең – қызмет қорытындыларын кешенді талдамалық жинақтау.
Аттестаттау барысында біліктілік тестілеуіне жататын еңбек қызметі бейіні бойынша бағыттар тізбесі білім туралы құжат бойынша біліктілігіне сәйкес анықталады.
Біліктілікке тестілеу 100 тестілік тапсырмадан тұрады:
«Қызмет бағыты бойынша» – 70 тапсырма;
«Педагогика, оқыту әдістемесі» – 30 тапсырма.
Біліктілік тестілеуінің жалпы уақыты екі жүз отыз минутты құрайды.
«Қызмет бағыты бойынша» - 50%, «Педагогика және оқыту әдістемесі» бойынша - 50% дұрыс жауап алынса, тестілеу нәтижесі оң деп есептеледі.
Аттестатталушы адамдардың тізімдік құрамы білім беру ұйымының алқалық органының шешімімен бекітіледі.
Біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестатталушы адам кезекті аттестаттау өтініш негізінде (оның ішінде қазіргі санатының мерзімі аяқталғанға дейін) жүргізіледі:
«Педагог» біліктілік санатына келесі кәсіби біліктіліктерге сәйкес келетін жұмыс өтіліне талап қойылмай, мамандығы бойынша жоғары педагогикалық және кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік білімі бар тұлғалар:
оқу пәні мазмұнын, оқу-тәрбиелеу процесін, оқыту және бағалау әдістемесін біледі;
білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбиелеу процесін жоспарлайды және ұйымдастырады;
білім алушының жалпы мәдениетін және оны әлеуметтендіруді қалыптастыруға ықпал етеді, білім беру ұйымдары деңгейінде өтетін іс- шараларға қатысады;
білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытудың жеке тәсілін жүзеге асыру, кәсіптік-педагогикалық қарым-қатынас негіздерін біледі, цифрлық білім ресурстарын қолданады.
«Педагог-модератор» біліктілік санатына келесі кәсіби біліктіліктерге сәйкес келетін педагогикалық өтілі кемінде екі жыл, мамандығы бойынша жоғары педагогикалық және кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік білімі бар тұлғалар:
«педагог» біліктілік санатына қойылатын жалпы талаптарға жауап береді;
білім алушылардың жетістіктері деңгейінде оқыту нәтижелеріне қосқан жеке үлесіне талдау жасайды және рефлексия жүргізеді;
оқытудың инновациялық нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады;
білім беру ұйымы деңгейінде өз тәжірибесін жинақтайды;
білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысады.
Достарыңызбен бөлісу: |