Қазақстан республикасы білім және ғылым



жүктеу 4,42 Mb.
бет142/260
Дата03.03.2023
өлшемі4,42 Mb.
#41578
түріОқулық
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   260
Білім берудегі менеджмент. Кітап

ІІІ отырыс

  • «Жас мұғалімдер апталығындағы» ашық сабақ өткізу жөніндегі кеңес

  • Инновациялық педагогикалық жағдаяттар шешу жолдары

  • Әдістемелік әдебиеттерге шолу

Ғылым жаңалықтарын практикаға енгізу, әдістемені меңгеру.
Пікірлесу, талқылау

Инновациялық сабақ- жоспарын құрастыру, дидактикалық оқу- әдістемелік кешенін дайындау

IV отырыс

  • Жас мұғалімнің өз білімін жетілдіру жолдары

    • «Біз нені

үйрендік?» атты тәлімгер мен жас
мұғалім арасындағы әңгіме, сұхбат

Инновациялық сабақ беру

Инновациялық жоба байқауы.
Сауалнамалық сұрақтарға жауап беру

Мұғалімнің шығармашылық шеберліктерін шыңдауда педагогикалық оқулар, ғылыми-әдістемелік семинар, байқау, олимпиада, шығармашылық есеп, іскерлік ойыңдардың берері көп.
Әрбір мұғалімнің кәсіби білімі мен біліктілігін үнемі жетілдіріп отыруын қадағалау – оқыту процесінің сапасын арттыруға, әсіресе, жас маманның инновациялық даярлығының қалыптасуына тікелей әсер етеді.
Әдістемелік апталықтарда, семинарларда оқытудың ұстанымдары мен әдістері, инновациялық сабақтың типтері, осы заманғы сабақтың құрылысы, сабақтарға жан-жақты талдау жасаудың үлгісі мен озат тәжірибені оқып- үйрену, зерттеу нәтижелерін оқу-тәрбие ісінде пайдаланудың жолдары, сынып жетекшілерінің жұмысы туралы мәселелер қойылады, мұғалімдер инновациялық және панорамалық сабақтар өткізеді.
Педагогикалық кеңес педагогикалық ұсыныстарды, идеяларды, инновацияны ұйымдастырады, мектепішілік біліктілікті арттыру, мұғалімдердің шеберлігін насихаттауда үлкен міндет атқарады.
Педагогикалық кеңестің негізгі мақсаттарының бірі – барлық ұжым бірлігін оқу-тәрбие жұмысында педагогика ғылымдарының жетістігін, инновациялық тәжірибелерді пайдалана отырып, жоғары сапалы көрсеткіштерге жету.
Инновациялық педагогикалық кеңесті өткізу 4 кезеңді қамтиды. Мектеп әкімшілігінің инновациялық іс-әрекетті әдістемелік талдауы, даярлық кезеңі, кеңесу кезеңі, қорытындылау кезеңі.
Мектеп әкімшілігінің инновациялық іс-әрекетті әдістемелік талдауы барысында инновациялық мәселенің тақырыбы, мақсаты айқындалып, инновациялық жоба жасалынады да педагогикалық ұжым талқысына жіберіледі, одан соң инновациялық жобаны жүзеге асыруға қолайлы жағдайлар туғызуға даярлық жүргізіледі.
Инновациялық іс-әрекетті даярлау кезеңінде арнайы құрылған шығармашылық топ, инновациялық жобаны жүзеге асыруға ұсыныстар әзірлеп, алынатын нәтижелерге диагностикалық болжау, талдаулар жасайды.
Сондай-ақ, мектептегі пән мұғалімдері пән бірлестігінен басқа білімдері мен ұстаздық шеберлігі, біліктеріне қарай 3 мектепте (топқа) жинақталады: жетілу мектебі, шыңдалу мектебі, шеберлер мектебі.
Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе оқу-тәрбие процесіндегі кейбір ескірген дәстүрді ұйымдастыру түрлеріне сын көзбен қарап, тәжірибе қажеттілігіне сәйкес жаңа мәселелер тудырып, үйреншікті тәжірибенің шеңберін кеңейтіп, терендетіп отырады. Алдыңғы катарлы педагогикалық тәжірибе – бұл прогрессивті тәжірибе,оның болашағы зор.
Л.Б.Щербакова алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибенің негізгі белгілерін төмендегідей береді:

    • алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибенің басты белгісі оның

нәтижелігі;

    • алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибеде жоғары нәтиже талапқа сай білім, іскерлік және дағдыны қалыптастыруды қамтамасыз етеді;

    • алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе көрсеткішінің бірі -

жаңашылдық сипатқа ие болуы.
Жаңашылдық сабақтағы педагогикалық процесті байқау нәтижесінде анықталады. Жаңашылдық деңгейлері әртүрлі болуы жаңалықтарды ашудан бастап, педагогикалық еңбектердегі ғылыми жаңалықтарды тиімді қолдануға дейінгі кезеңді қамтуы мүмкін. Ал, қорытындысында алғашқылардың өзі жоғары нәтиже беруі қажет.
Келесі кезекте, алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені қолдану мен оны үйрену оның көкейтестілігімен анықталады.
Алдыңғы қатарлы педагогикалык тәжірибе көкейтестілігін екі жақты қарастыруға болады.
Біріншіден, жаңалық қазіргі мектептердің алдында тұрған әлеуметтік міндеттер тұрғысынан көкейтесті болуы тиіс.
Екіншіден, кез келген педагогикалық жағдайда белгілі педагогикалық ұжымда қолданылатын тәжірибе көкейтестілігімен сипатталады.
Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе алдыңғы болып табылады, егер, ол:

  • қазіргі кезең мектебінің алдында тұрған негізгі міндеттерді шешсе;

  • қазіргі кезеңдегі теориялық базамен қаруланса;

  • тиімді педагогикалық идеямен ұштасса;

  • жұмысты ұйымдастырудың тиімді құралдары мен формаларын қамтамасыз етсе;

  • тәжірибеде білімнің соңғы жаңалықтарын шығармашылықпен қолданса;

  • дәстүрлі тәжірибе негізінде өзіндік біріктірілген жаңа мүмкіндіктерді аша білсе;

  • өміршең тәжірбиелерді жаңа педагогикалық идеялар арқылы алға жылжыта білсе.

Инновацияның даму зандылықтары білім берудегі дәстүрлі көзқарастан бас тартудан пайда болады. Бұл кезеңде педагогикада инновация толық аяқталып қаралмады. Прогрессивті идеялардың көпшілігі педагогикалық инновацияны белгілі дәрежеде тереңдетіп, енгізе алады. Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибенің кеңейтілген құрылымын М.Ф.Харламов береді. Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе генезисін әр кезеңдердің бірлігіне байланысты сипаттайды:

жүктеу 4,42 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   260




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау