Бастауыш мектептегі математиканың ғылыми-əдістемелік негізі ретіндегі пəннің сипаттамасы
Оқу пəні ретіндегі математиканың нормативтік-құқықтық сипаттамасы.
Курстың нысаны мен пəні, мақсаты мен міндеттері, бастауыш білім беру жүйесіндегі орны мен рөлі, бастауыш мектептің басқа пəндерімен байланысы. Бастауыш математикалық білім берудің мемлекеттік стандарты мен оқу бағдарламасы. Мектепалды дайындық пен бастауыш мектептен кейінгі сыныптардың математика бағдарламалары. Кіші жастағы оқушыларға математиканы оқытудағы бағыттылық пен сабақтастық.
Оқу пəні ретіндегі математиканың ретіндегі нормативтік- процессуалдық сипаттамасы.
Бастауыш математикалық білімнің базалық мазмұны. Математиканы оқытудың сыныптар, циклдер мен деңгейлер бойынша кіші жастағы оқушылардың құзыреттілігіне (пəндік, коммуникативтік, ақпараттық, проблеманы шешу) қойылатын талаптар. Пəнішіндік байланыс негізінде оқытудың мазмұнын интеграциялау ұстанымы – бастауыш мектеп математикасының мазмұндық желілерін құрудың əдістемелік негізі. Бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың əдістері, құралдары мен ұйымдастыру формаларының жүйесі. Математикадан оқу-əдістемелік кешен жəне оның құрамына енетін əр құралдың мəні, қызметі, ерекшеліктері. Математикадан оқушылардың жетістіктерін бағалау жүйесі. Математиканы оқыту нəтижелерін диагностикалаудың, тексеру мен бақылаудың түрлері.
2.3. Ұғымдар мен əрекет тəсілдері жүйесінің сипаттамасы жəне мазмұндық-əдістемелік желілері материалдарын оқытудың жалпы мəселелері.
«Сандар мен өлшемдер», «Алгебра элементтері», «Геометрия элементтері», «Жиын. Логика элементтері», «Математикалық модельдеу» сияқты оқу пəнінің мазмұндық-əдістемелік желілерінің: ұғымдары мен əрекет тəсілдері жүйесін оқытудың реті мен сипаттамасы.
Оқытудың мақсаты, міндеттері мен нысандарының, оқытудың білімдік (пəндік білім, білік жəне дағдылар) мен құзыреттілік (коммуникациялық, ақпараттық, математикалық жəне функционалдық сауаттылық, интелектуалды қабілеттілік) нəтижелеріне қойылатын талаптарының; əр мазмұндық- əдістемелік желінің материалдары бойынша тапсырмалар іріктеу жəне сабақтардың үзінділерін дайындаудың сипаттамасы. Əр мазмұндық- əдістемелік желінің ұғымдары мен əрекет тəсілдерін оқытып-үйретуде кіріктірілген жəне пəндік құзыреттілік қалыптастыруға түрлі əдістемелік тұрғыдан қарау.
Үшінші бөлімде кіші мектеп жасындағы оқушыларға математиканы оқыту үдерісін ұйымдастырудың ғылыми негізі: оқу-танымдық əрекетті ұйымдастырудың тəсілдері мен əдістері, құралдары мен формалары, технологиясы мен математика сабақтарында жəне сыныптан тыс жұмыстарда балалардың математикалық даму жұмыстарының əр түрлі формалары оқытылып-үйретіледі. Бұл болашақ бастауыш мектеп
мұғалімдерінде сабақтарда оқыту мен математикадан сыныптан тыс жұмыс үдерісін ұйымдастырумен байланысты дидактикалық біліктер қалыптастыруға септігін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |