Бастауыш сыныптарда математиканы оқытуды ұйымдастыру
Оқу пəнін оқыту үдерісін ұйымдастырудың ғылыми негіздері. Математиканы оқытудың əдістемелік негіздері мен кіші жастағы оқушылардың дамуы. Математиканы оқыту үдерісіне қатысушылардың іс- əрекетін ұйымдастыру үшін ұсынылатын қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар. Кіші жастағы оқушылардың оқу-танымдық іс-əрекетінің модельдерін дайындау, жобалау, өткізу жəне талдау бойынша мұғалімнің еңбегін ғылыми тұрғыдан ұйымдастыру.
Сабақ – математиканы оқыту үдерісін ұйымдастырудың негізгі формасы. Қазіргі заман математика сабағының типтері мен түрлері. Мақсаты мен міндеттерінің кешенділігі, құрылымы мен мазмұнының көпнұсқалылығы, осыларға барабар əдістері, оқыту құралдары мен оқушылардың іс-əрекетін ұйымдастырудың формалары, сабақтың оқу-тəрбие мезеттерінің өзара байланысы. Үй тапсырмасының түрлері мен мазмұны, жұмыстың көлемі мен оны орындаудың нұсқауы. Рефлексия: өзін-өзі тексерудің жəне математиканы оқытудың нəтижелерін өзін-өзі бағалауының əдістері, тəсілдері. Қазіргі заман сабағына жəне математика сабағын талдауға қойылатын талаптар.
Пəндік жəне кіріктірілген құзыреттіліктерді қалыптастыру бойынша кіші мектеп жасындағы оқушылардың іс-əрекетін жоспарлау мен өткізу технологиясы. Оқушылардың ұжымдық-үлестірімділік жəне өзіндік оқу- танымдық, шығармашылық іс-əрекетін ұйымдастыру мен басқару технологиясы. Жаңа ұғым жəне əрекет тəсілін оқытып-үйретуге дайындық кезінде; жаңа ұғым жəне əрекет тəсілімен таныстыру барысында; білім, білік, дағдыларды бекіту жəне оқыту нəтижелерін тексеру кезінде пəндік жəне кіріктірілген құзыреттіліктерді қалыптастыруда оқушылардың іс-əрекетін ұйымдастырудың технологиясы. Сабақта түсініктер мен ұғымдар, терминдер мен деректер, əрекет тəсілдері жайындағы білімді (түсініктер мен ұғымдар, терминдер мен мəліметтер, əрекет тəсілдері) игеру; білік пен дағды (есептеу, алгоритмдік, өлшеу, геометриялық салулар орындау, есептерді шығару) қалыптастыру; ақыл-ой əрекеті (салыстыру, талдау, жинақтау, жіктемелеу, жалпылау жəне т.б.) тəсілдеріне машықтандыру бойынша оқушылардың іс- əрекетін ұйымдастыру.
Математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру технологиясы. Сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты, міндеттері, қызметі, түрлері, олардың ерекшеліктері мен математика сабақтарымен өзара байланысы. Балалардың жас, жеке-дара ерекшеліктерін, қабілеттері мен дайындық деңгейлерін ескеру. Конкурстың жəне олимпиаданың есептерін шығару, стандартты емес жəне қызықты тапсырмаларды орындау барысында, бастауыш сыныптардағы қызығушылықтарына орай курсты таңдап алуға жəне математиканы тереңдетіп оқытуда оқушылардың өзіндік шығармашылық іс- əрекетіне сыныптан тыс жұмыстарда басшылық жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |