Пəннің нысаны – бастауышта оқыту педагогикасы мен əдістемесі мамандығы бойынша ҚР мемлекеттік стандарты талаптарына сəйкес болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің жоғары педагогикалық кəсіптік білімінің құрамдасы ретіндегі қазақ тілі негіздерінің мазмұны.
Пəні – қазіргі қазақ тілі негіздері бойынша болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кəсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру барысы.
«Қазіргі қазақ тілі негіздері» пəні студенттерге тілдің қоғамдық мəні, құрылымдық ерекшеліктері, тіл көркемдігі жөнінде жүйелі білім беру, тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық, стилистикалық нормаларын, тіл мəдениетін игерту мақсатын көздейді.
Осы мақсатқа орай мынадай міндеттер қойылады:
тілдің қоғамдық мəні жəне оның ойлаумен байланысы туралы түсінік беру;
тілдің құрылымдық жəне жүйелік қасиеттерімен таныстыру;
тіл дыбыстары жəне олардың түрлерін таныту;
үндестік заңдылықтарын білдіру;
буын түрлерімен таныстыру;
сөз мағыналарының түрлерін айыра білуге үйрету;
cөз құрамын жəне морфема түрлерін меңгерту;
сөз таптарының ерекшеліктерін жəне əр сөз табының грамматикалық түрлену жүйесін меңгерту;
сөздерді тіркестіру формалары мен тəсілдерін меңгерту;
сөйлем мүшелерін жəне олардың синтаксистік қызметін таныту;
сөйлемнің айтылу мақсатына жəне құрылысына қарай бөлінетін түрлерімен таныстырып, əрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін меңгерту;
функционалдық сауаттылығын дамыту.
Пəнді оқытуда сөздік əдістер (түсіндіру, дəріс, əдебиеттермен жұмыс істеу), интербелсенді əдістер (пресс конференция, дəріс-консультация, кейс-стади, пікірталас т.б.), практикалық əдістер жəне көрнекілік əдістер пайдаланылады.
Пəннің басқа ғылым салалары арасында өзіндік ерекше орны бар. Өйткені тіл – таным құралы, қоғамдағы адамдардың өзара пікір алысу, бір-бірімен қарым-қатынас жасау құралы. Тілдің осы таным жəне қарым-қатынас құралы ретіндегі қызметінің өзі оның өзге ғылым салалары арасындағы алатын орнын көрсетеді.
Қазақ тілінің фонетикасы жəне грамматикалық құрылымын жүйелі түрде танытқан ең алғашқы ғылыми еңбек А.Байтұрсыновтың «Тіл – құрал» атты оқулығы болды. Бұл оқулық үш бөлімнен тұрады. Оқулықтың фонетикаға арналған 1-бөлімі – 1915 жылы, қазақ тілі морфологиясына арналған 2-бөлімі
– 1914 жылы, ал синтаксиске арналған 3-бөлімі – 1916 жылы басылып шыққан. Қазіргі қолданылып жүрген тіл терминдерінің бəрінің негізі осы оқулықтарда қаланған.
Тілдің дыбыстық жəне грамматикалық құрылымын зерттеуде Х.Досмұхамедов, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, Н.Сауранбаев, І.Кеңесбаев, М.Балақаев, К.Аханов, А.Ысқақов, Ə.Қайдаров, Р. Сыздық, С.Исаев, Р.Əміров, Ғ.Қалиев, Ш.Сарыбаев, Б.Қалиев, Н.Оралбай, Ф.Оразбаева, Б.Қасым, Ж.Манкеева тəрізді танымал ғалымдар ерекше үлес қосты. Бүгінгі күні қазіргі қазақ тілінің əр бөлімі (фонетика, лексикология, сөзжасам, морфология, синтаксис) жеке ғылым саласы ретінде коммуникативті, когнитивті жəне лингвомəденитанымдық ерекшеліктері жағынан даму үстінде.
Достарыңызбен бөлісу: |