Қазақстан республикасы білім жəне ғылым



жүктеу 157,84 Kb.
бет113/123
Дата26.01.2022
өлшемі157,84 Kb.
#35229
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   123
типовой 2016

Пікір берушілер:


Жұмабаева Ə.Е. – п.ғ.д., профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Абдирасилова Г. – ф. ғ. к. доцент, Қазақ Мемлекеттік Қыздар педагогикалық университеті





  1. ҚР БҒМ Републикалық Оқу-əдістемелік Кеңесі мəжілісінде

ҚАРАСТЫРЫЛҒАН 30.06.2016 ж., Хаттама 2.

Осы типтік бағдарламаны Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы ҚР БҒМ РОƏК «Білім»

тобындағы мамандықтары бойынша ОƏБ рұқсатынсыз көбейтуге жəне таратуға болмайды.

Түсінік хат

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық жəне жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға жəне кəсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау керек» – деп атап көрсетілген. Осы міндетке орай өзгермелі дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кəсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытуға жəне өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті, жеке тұлғаны қалыптастыру маңызды болып отыр. Бұл міндеттерді жүзеге асыру жоғары кəсіптік білім беру үдерісінде жүзеге асырылады. Əсіресе, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауға қойылатын талаптар арта түсуде. Мұның өзі бастауыш сыныптан бастап шетел тілін, информатиканы оқыту жəне білім беру үдерісінде инновациялық технологияларды пайдалану тəрізді талаптардан туындап отырғаны белгілі. Осы талаптарды жүзеге асыруда

«Қазіргі қазақ тілі негіздері» пəнінің өзіндік орны бар. Себебі оқушылардың ойлау дағдысын, жоғары интеллектуалдық ой-өрісін қалыптастырудың бірден- бір алғышарттары болып табылатын – қатысымдық (коммуникативтік), танымдық, адамгершілік, эстетикалық дағдыларды оқушылар тікелей тілді оқып-үйрену үдерісінде игереді. Осының өзі бастауыш сыныптарда оқытылатын пəндер жүйесінде қазақ тілінің жетекшілік рөл атқаратынын көрсетіп, мұғалімнен тілден берілетін теориялық білімді жетік меңгеруді талап етеді. Нақты айтқанда, мұғалім тілдік білімді, ауызша жəне жазбаша əдеби тіл нормаларын жете меңгерсе ғана, жоғарыда аталған міндеттерді іске асыра алады.

«Қазіргі қазақ тілі негіздері» пəні арнайы пəндер модуліндегі міндетті компонентке жатады. Бұл пəн «Философия», «Жалпы психология»,

«Математика» пəндерімен тығыз байланыста оқытылады. Философиямен методологиялық жағынан жəне тілді бір-біріне бағынышты элементтердің біртұтас жүйесі ретінде танытуы тұрғысынан байланысса, психологиямен байланысы психикалық құбылыстардың сөйлеу үдерісіне жəне оны қабылдап түсінуге қатысынан көрінеді. Сонымен қатар сөздің семантикалық жақтарына, сөз мағынасының ауысуына қатысты құбылыстар да психикалық құбылыстармен астарласып жатады. Мысалы, метафора, метонимия, синекдоха тəсілдері арқылы сөз мағынасының ауысуы ассоциация деп аталатын психикалық құбылысқа негізделеді. Ал студенттердің математикадан алған білімдері сан атауларын пайдалануда, сөз мағыналарын түсіндіру барысында өлшемдік ұғымдарды пайдалануда жəне заттарды пішініне, өлшеміне қарай салыстыруда қолданылады.

Студенттердің «Қазіргі қазақ тілі негіздері» пəнінен алған білімдері «Сауат ашу əдістемесі», «Қазақ тілін оқыту əдістемесі» «Əдебиеттік оқыту əдістемесі», «Мəтінді тілдік талдау əдістемесі» пəндерін оқыту барысында ескеріледі. Тілдің дыбыстық жүйесінен алған білімдері сауат ашудың



дыбыстық талдау-жинақтау əдісін меңгертуде, ал тілдің грамматикалық құрылымы мен жүйесі жайлы білімдері қазақ тілін оқыту əдістемесін жеке- жеке тақырыптар ( зат есім, етістік, сөйлем түрлері, т.б.) бойынша танытуда пайдаланылады.

«Қазіргі қазақ тілі негіздері» пəнін оқу негізінде студент:

  • тіл дыбыстарын жəне олардың түрлерін;

  • тіл дыбыстарының жасалу жолын, дыбыстардың үндесу заңдылықтарын;

  • орфоэпиялық жəне орфографиялық ерекшеліктерді;

  • буын түрлері мен тасымалдау жолдарын;

  • сөз мағынасының түрлерін жəне оларды оқу-тəрбие үдерісінде дұрыс пайдалануды;

  • сөз таптарын жəне олардың түрлену жүйесін;

  • сөз тіркесінің байланысу тəсілдерін жəне сөз тіркесінің түрлерін;

  • сөйлем (жай жəне құрмалас сөйлем) түрлерін;

  • сөйлемнің тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерін;

  • тыныс белгілерінің түрлерін жəне олардың қойылатын орындарын

білуі керек;

  • дыбыс түрлерін айыруды, дыбыстардың артикуляциялық орнын анықтауды;

  • дыбыс үндестігінің болу себептерін айқындауды;

  • сөздерді дұрыс тасымалдауды;

  • сөз мағыналарын ажыратуды;

  • синонимдік қатар құрауды;

  • жалаң жəне күрделі сөз түрлерін ажыратуды;

  • сөз таптарын ажыратып, олардың ерекшеліктерін көрсетуді;

  • сөйлемдегі сөздердің грамматикалық байланысын анықтауды;

  • сөйлемдегі сөздерді сөйлем мүшелеріне талдауды жəне сөйлем түрлеріне ажыратуды;

  • тыныс белгілерін дұрыс қоюды;

  • мəдени жəне коммуникативтік құзіреттілікті меңгеруі керек.




жүктеу 157,84 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   123




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау