Қойылатын басты талаптар: а) Батыстық қаржы-экономикалық жоғары білімі;
ə) Ағылшын, жапон тілдерінде еркін сөйлеу;
б) Дамушы елдердің қаржы нарығындағы жұмыс тəжірибесі;
в) Басшылық қызметіндегі жұмыс тəжірибесі кемінде 5 жыл болуы керек.
Түйіндемені мына факске жіберіңіздер: 8 (3272) 28-86-39.
167-тапсырма. Бос қызмет орнына жарияланған конкурсқа əр студент өз атынан түйіндеме жазыңыздар. Үміткерлердің қайсысы сəйкес келеді? Оны мекеме басшысының төрағалығымен комиссия мүшелері шешеді. 168-тапсырма. Түйіндеменің үлгілерімен танысыңыздар.
Т Ү Й І Н Д Е М Е (Резюме) Ү л г і: Жеке басы туралы мəліметтер: Аты-жөні, тегі: Асқарова Айжан Мырзабекқызы
Туған жылы: 1950 ж., шілденің 19-ы