6.
Қоғамдық, кəсіптік, т.б. жұмыстары туралы негізгі
мəліметтер.
Бұл бөлікте түйіндеме иесінің кəсіптік, қоғамдық, ғылыми жəне
басқа да жұмыстарының түйіндеме мақсатына қажетті деп табылатын
негізгілері ғана айтылады. Мысалы:
Қоғамдық жұмыстарға белсене
араластым. Көпшілікпен тіл табыса аламын, ұйымдастырушылық
қабілетім бар. Тапсырылған іске жауапкершілікпен қараймын. Баспа ісін
жақсы білемін. Компьютерді толық меңгергенмін,
т.б. Сондай-ақ еңбектегі
табыстары, ғылыми атағы мен ғылыми дəрежесі.
7.
Қосымша мəліметтер
. Бұл бөлікте ана тілінен басқа меңгерген
тілдері, компьютерлік техниканы меңгеру деңгейі, интернет
бағдарламаларымен жұмыс істеу деңгейі, спортқа, өнерге қатысы, шетел
сапарлары, жеңіл көлік немесе транспорттың басқа түрлерін жүргізе
алатындығы, т.б. атап көрсету қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |