169-тапсырма. Грамматикадан берілген тест тапсырмаларын орындаңыздар. 1. Ашық буынды сөзді табыңыздар. А) Тамаша
В) Əкімшілік
С) Жақсылық
Д) Ғажап
Е) Бапкер
2. Сөз мағынасын зерттейтін тіл білімінің ғылыми саласын атаңыздар. А) Фонетика
В) Лексикология
С) Морфология
Д) Синтаксис
Е) Стилистика
3. Түбірлес сөздерді табыңыздар. А) Тіл, діл
В) Қыс, қыз
С) Қор, көр
Д) Көрме, көргіш
Е) Қамқор, көмек
4. Жаңа сөздерден (неологизмдерден) тұратын қатарды табыңыздар. А) Былтыр, биыл, қайта құру
В) Ұстаз, оқытушы, ғалам тор
С) Өркениет, ғаламдастыру, нарық
Д) Компьютер, интернет, ғылым
Е) Аспап, құрал, техника