Оқу əдебиеттеріндегі тақырыпты ашу тəсілдері
Егер информатика курсының орталық мазмұнына ақпаратты (алгоритм, ЭЕМ жəне т.б. емес) қойсақ жəне бұл ұғымды пəн үшін жүйеқұраушы ретінде қарастырсақ, онда сабақта ақпарат анықтамасы туралы сұрақты қарастырмау мүмкін емес. Ақпаратқа бірыңғай, əмбебап анықтама беру мүмкін емес. Ғылым мен практи- када ақпарат туралы түрлі түсініктер бар жəне əрбіреуі бұл ұғымның анықтамасын өз саласына байланысты береді. Бұл мəселе Н. Ерме- ков, Н. Ф. Стифутинаның 7-сынып оқулығында толық талқыланған [3].
Е. В. Шевчук, Н. С. Кольеваның 8-сыныпқа арналған оқулығында
«Ақпарат – информатиканың негізгі түсінігі болып табылады. Ақпарат терминінің көптеген анықтамасы бар. Ақпарат адамдар мен автоматтар арасындағы мəліметтер, өсімдіктер жəне хайуанаттар əлемінде сигналдар алмасуды, бір денеден екінші денеге белгілер беруді қамтиды» делінген [4].
Н. Н. Керімбаев, С. Н. Коневаның «Информатика» оқу құралын- да ақпарат анықтамасының бірнеше тəсілдерінің сипаттамасы келтірілген. Өлі табиғатта «Ақпарат «хаос-реттілік» шкала бо- йынша реттелген жүйенің өлшемі болып табылады». Ақпарат туралы тірі табиғатта былай делінген: «Даму үдерісіндегі тірі жүйелер өз құрылымының күрделілігін арттыруға, яғни жүйелер элементтерінің реттілік өлшемі ретінде түсіндірілетін ақпаратты көбейтуге қабілетті». Бұл тұжырымдар ақпараттың атрибутивті тұжырымдамасына жатады [5].
«Ақпарат» ұғымының мəнін аша отырып, [6] оқулықта ақпарат- тық іс-əрекет адам интеллектісінің қызметі ретінде қарастырылады (қызметтік тұжырымдама).
Н. Т. Ермеков, Н. Ф. Стифутинаның 7-сыныпқа арналған ин- форматика оқулығында «Ақпаратқа үзілді-кесілді анықтама бере алмаймыз. Оны «тұрмыстық тұрғыдан ақпарат ретінде адамның хабардарлық деңгейін арттыратын, сезім мүшелерінің көмегімен қоршаған табиғат пен қоғамнан алатын мəліметтерді түсінеміз», – деп келтірілген [3]. Ақпарат адамның білімі ретінде тұжырымдалады. Сезім мүшелері арқылы қабылданатын хабарлама адамға ақпаратты тасымалдайды. Ақпаратты көрсетуге кез келген белгілік жүйеде (соның ішінде компьютерде қолданылатындары да) «мəліметтер» термині қолданылады. Сондықтан, ақпарат – бұл адамға ғана түсінікті мəліметтермен тұжырымдалатын мағына.
Достарыңызбен бөлісу: |