Қазақстан республикасы білім жəне ғылым


Орта кəсіптік оқу орындарында мамандарды кəсіптік даярлауға бағытталған информатика курсының оқу бағдарламасы



жүктеу 5,38 Mb.
бет83/241
Дата12.11.2023
өлшемі5,38 Mb.
#44224
түріОқулық
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   241
Бидайбеков-Е.Ы.-Информатиканы-оқыту-əдістемесі

Орта кəсіптік оқу орындарында мамандарды кəсіптік даярлауға бағытталған информатика курсының оқу бағдарламасы





  1. бөлім. Дербес компьютер.

Кіріспе. Ақпарат ұғымы жəне оның берілу түрлері. Ақпаратты сақтау жəне өңдеу. Ақпараттық үдерістердің негізгі мысалдары. ЭЕМ пайдананудың қажеттілігі. ЭЕМ қызметінің түрлерін демон- страциялау.
ЭЕМ негізгі компоненттерінің қызметімен танысу.
ЭЕМ жалпы түрі, компьютердің негізгі құрылғылары, машина- ның жұмыс істеу үдерісінде олардың атқаратын қызметі. Есептеуіш техника кабинеті жəне онда жұмыс істеу ережелері.
Тышқан. Пернетақта. Меңзер. Бас жəне кіші əріптерді теру. Орыс
жəне латын əріптерін теру. Пернетақтада символдардың орналасуы жайлы Қазақстан стандарты. Қазақ алфавитін теру. Арнайы перне- лер. Пернетақталық жаттықтырушымен жұмыс істеу. Мəтіндік ре- дакторды сөздерді теру.
Графикалық редакторлар.
Графикалық редактор ұғымы. Оның қызметі. Графикалық редакторлардың түрлері. Экран бетімен меңзерді қозғалту. Сай- манды таңдап алу. Қарапайым суреттерді салу. Түсті жəне пали- траны таңдау. Боялған аумақтарды салу. Графикалық редакторда мəтіндермен жұмыс істеу. Қаріптер жəне стильдерді өшіру. Құжатты сақтау. Суретті өшіру жəне көшіру. Бөліктерден бүтін суреттер құрастыру. Айналдыру. Үлкейткішпен жұмыс істеу. Компьютерлік суреттер альбомын жасау.
Қолданбалы программалар.
ЭЕМ-ның көмегімен шешілетін негізгі есептер. Программалық жабдықтау ұғымы. Жиі қолданылатын программалар.
Калькулятормен, сағатпен, қойын кітапшасымен, картотекамен, анықтамалықпен, аудармашымен, əлем жəне аспан карталарымен жұмыс істеу. Қазақ тіліндегі программалық құралдар жəне олардың ерекшеліктері.
Мəтіндік редакторлар.
Мəтіндік редактордың сипаттамалары мен қызметі. Мəтінді өңдеуді автоматтандырудың жетістіктері. Редактормен жұмыс істеу ережелері. Мəтінді дискіде сақтау жəне дискіден жүктеу. Мəтінді баспаға шығару. Мəтінді теру жəне өңдеу тəсілдері. Мəтіндік жол- дарды өңдеу: қателерін жөндеу, қою, өшіру, қиып алу, жапсыру. Символдарды, сөздерді, жолдарды, блоктарды көшіру. Тасымал- дау. Өшіру. Қаріптер жəне олардың түрлері. Қаріптерді ауыстыру. Латын, орыс жəне қазақ тілдерінің қаріптері. Қаріптерді ауыстыру. Индекстер. Туралау жəне тасымалдау. Ортаға туралау. Мəтіндерді, абзацтарды, блоктарды форматтау тəсілдері. Жоларалық интер- вал жəне мəтіннің шекаралары. Символдың жəне фонның түсі. Кестені өңдеу. Құжаттар мен хаттарды безендіру мен өңдеудің негізгі тəсілдері. Бірмезгілде бірнеше құжаттармен жұмыс істеу. Терезе. Колонкаларға бөлінген мəтіндер. Терілген мақалалардан компьютерлік газет құру. Қазақ тілінде мақалалар жазу. Мəтіндерге графикалық объектілерді кірістіру. Фирмалық бланкалар мен визит карточкалары. Автоматтандырылған орфографиялық тексеру жəне мəтіндерді аудару. Компьютерлік диктант.
ЭЕМ-дағы дыбыс.
Дербес компьютердегі дыбыстың генерациясы жəне оны сақтаудың негізгі принциптері. Ақпарат ретіндегі əуен ұғымы. Əуендік ақпараттың элементтері: жоғарылығы жəне ұзақтығы. Но- талар. Мультимедиа құралы. Музыкалық редактор. Музыкалық редакторда ноталарды жазу ережесі. Əуендерді өңдеу. Əуендерді дискіде сақтау.
Операциялық жүйелер жəне қабықшалар.
Операциялық жүйе. Операциялық жүйенің командалары. Магниттік тасымалдаушыларының түрлері, сақталатын ақпараттың көлемі, форматтау. Операциялық жүйелердің дискілері. Дискіден дискіге көшу. Файлдар. Операциялық жүйеде файлдарды құру, көшіру жəне өшіру. Консоль. Каталогтар. Каталогтар құру жəне өшіру. Файлдық жүйемен саяхат. Файл аттарының шаблоны. Коман- даларды жазуда шаблондарды қолдану. Файлдарды принтерде басып шығару. Командалық файлдар. Арнайы командалар. Драйвер – про- граммалар. Тышқанмен сүйемелдеу. Қазақ жəне орыс алфавиттерінің драйверлері. Операциялық жүйелерді баптау.
Norton Commander интегрленген қабықшасы. Файдармен жəне каталогтармен жүргізілетін негізгі операциялар. Баптау. Windows операциялық жүйесі. Windows операциялық жүйесін баптау. Program Manager көмегімен программаларды жүктеу. Мониторды, жұмыс аумағын, экранды баптау.

  1. бөлім. Ақпаратты өңдеу. Электрондық кестелер.

Электрондық кестелер ұғымы. Электрондық кестелердегі ұяшықтардың типтері, электрондық кестелерді мəліметтермен жəне формулалармен толтыру; электрондық кестелерді мүмкін бо- латын негізгі операциялар. Электрондық кестеде математикалық жəне экономикалық есептеулер жүргізу. Экологияның өзекті мəселелерін шешу. Салалық ерекшіліктерін ескере отырып есептерді шешу. Математикалық функциялар. Шарт. Диаграмма- лар мен гистограммалардың түрлері. Графиктер мен диаграммалар құру. Жұмыс кітаптарын құру жəне безендіру. Сілтемелік кестелер. Электрондық кестені баптау. Макрокомандалар.
Мəліметтер қоры.
ЭЕМ-да ақпаратты сақтаудың негізгі тəсілдері. Мəліметтер қоры ұғымы жəне оның қызметі. Мəліметтер қорын құру, сақтау,
өңдеу жəне баспаға шығару; мəліметтерді іздеуді автоматтанды- ру; ақпараттық-іздестіру есептерін шешу. Офистің, қойманың, кітапхананың жəне т.б. негізгі қызметтерін модельдеу. Салалық шаруашылық қызметтерді модельдеу.
Компьютер коммуникация құралы ретінде.
Ақпарат жəне оны байланыс арналарымен тарату; сыныптың жергілікті есептеуіш желісі; желілік программалық жабдықтау; файл- дарды, хабарламаларды жіберу; ауқымды есептеуіш желілері жəне мəліметтерді тарату жүйесі; модем жəне факспен жұмыс істеудің негізгі тəсілдері. Жергілікті желіні ұйымдастыру жəне баптау. Ауқымды ақпараттық желілер. Интернет дүниежүзілік желі. Желіге қосылу ережелері. Web-беттері. Қазақстан Республикасындағы Ин- тернет желісі. Internet Explorer жəне Netscape Navigator програм- малары. Желіде қажетті ақпаратты іздеу. Ақпаратты дискіде файл түрінде сақтау. Web-бетін баспаға шығару. Электрондық пошта. Ха- барды алу жəне жөнелту. On-line режимінде ақпарат алмасу.

  1. бөлім. Программалау бастамалары. Негізгі ұғымдар.

Алгоритм ұғымы. Нақты есептер шығару алгоритмдерінің мы- салдары. Программалау тілі ЭЕМ-мен «сұхбаттасудың» бір құралы ретінде. Жоғары деңгейдегі бағдарламалау тілдері. Тілдің алфавиті, атаулар жəне идентификаторлар, операторлар, айнымалылар, сипат- тамалар. Программаны жазу ережелері.
Шартты операторлар жəне циклдар.
Шартты оператор ұғымы; логикалық операциялар жəне өрнектер; программада тармақты ұйымдастыру үшін шартты опера- торды қолдану; таңдау операторы; «дейін» циклдық операторының көмегімен циклдық алгоритмдерді құру; «əзір» циклдық операторының көмегімен циклдық алгоритмдерді құру; параметрлі циклдар; циклдық операторлардың айырмашылықтары.
Машиналық графика құралдары.
Графикалық режимге өту; графикалық примитивтер жəне олар- мен жұмыс істеу құралдары; графикалық объектілерді шығаруда координатаны есептеу. Геометриялық есептерді шешу. Қарапайым математикалық функциялардың графиктерін құру.
Программалау тілдеріндегі берілгендердің типтері.
Берілгендердің типтері; типтердің түрлері. Массивтер; индекс- тер жəне оларды өзгерту шектері; бір жəне екі өлшемді массивтер.
Құрылым жəне жазу. Жазу алаңы. Əртүрлі типті айнымалы опе- раторлар; мəліметтердің жаңа типтерін жариялау; программада мəліметтерді ұйымдастыру.
Ішкі программалар.
Программалау тілдеріндегі функциялар мен процедуралар. Ішкі программаны сипаттау жəне шақыру; аргументтер жəне нəтижелер; процедуралар мен функциялардың ішкі жəне сыртқы айнымалала- ры; Рекурсия.
ЭЕМ-да тəжірибелік есептерді шешу.
Компьютерлік модель ұғымы жəне олардың түрлері; есептің қойылымы жəне модельді таңдау; шығару əдістерін таңдау жəне негіздеу; ЭЕМ-да есепті шығарудың қойылымы; есептеу эксперименті ұғымы жəне оны өткізу мысалдары; ЭЕМ-ді экономи- када, өндірісте, ғылымда жəне күнделікті өмірде қолдану.
Сонымен қатар, қазіргі заманғы ақпараттық-есептеуіш техника- ның ерекшеліктерін тану үдерісі жəне оқушыларда техникалық ой- лауды туғызу үшін техникалық қосымшаға бағытталған информати- ка курсының вариативті бағдарламасын қарастырайық.



жүктеу 5,38 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   241




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау