Қазақстан республикасы білім жəне ғылым


Саралап оқытуда техникалық қосымшаға бағытталған инфор- матика курсының бағдарламасы



жүктеу 5,38 Mb.
бет84/241
Дата12.11.2023
өлшемі5,38 Mb.
#44224
түріОқулық
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   241
Бидайбеков-Е.Ы.-Информатиканы-оқыту-əдістемесі

Саралап оқытуда техникалық қосымшаға бағытталған инфор- матика курсының бағдарламасы





  1. бөлім. ЭЕМ құрылысы жəне жұмыс істеу принциптері. Қазіргі заман дербес компьютерлерінің құрылысы жəне қызметі. ЭЕМ жұмыс принциптері. ЭЕМ-ның құрылысы жəне негізгі си-

паттамалары. Қазіргі заманғы ЭЕМ құрастыру принциптері.
ЭЕМ-ның ақпараттық-логикалық негіздері.
Ақпаратты сақтау. Ақпараттың өлшемі. Ақпараттың өлшем бірлігі. Негізгі санау жүйелері (екілік, сегіздік, ондық жəне он алтылық). Сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне ау- ыстыру. Екілік арифметика. Кодтау. Декодтау. ЭЕМ-нің логикалық негіздері.
ЭЕМ-ның элементтері жəне түйіндері.
ЭЕМ-ның элементтері жəне түйіндерінің сипаттамасы. Логикалық (цифрлық) құрылғы ұғымы. Дешрифаторларды, шифра- торларды, кодты түрлендірушілерді, мультиплексорларды жəне де- мультиплексорларды зерттеу. Цифрлық құрылғыларды зерттеу.

  1. бөлім. ЭЕМ-на техникалық қызмет көрсету.

Негізгі ұғымдар. Техникалық қызмет көрсету объектісі ретінде ЭЕМ-ның ерекшеліктері. Техникалық қызмет көрсетудің түрлері. ЭЕМ-нің техникалық қалпын бақылау. Корректрлеуші кодтар.

  1. бөлім. Ақпараттық технологияның даму болашағы.

ЭЕМ құру жəне даму тарихы, программалық жабдықтау. Ақпараттық технологияны жетілдіру заңдылықтары. Қазіргі заманғы ЭЕМ жəне оларды жетілдіру жолдары. Болашақ ЭЕМ болжау.
    1. Жоғары оқу орындарында информатика курсын оқыту жайлы


Жоғары білімді маманның ақпараттық мəдениетті игермей, ақпараттық ортада жұмыс істеу біліктілігі мен дағдысын меңгермей, бағалы кəсіби қызметкер болуы мүмкін емес. Осыған орай, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында студенттердің ақпараттық мəдениетін қалыптастыру жүйесін қарастырайық.


Қазіргі кезеңде жоғары кəсіптік білім берудің мемлекеттік стандартына сəйкес барлық жаратылыстану жəне гуманитарлық мамандықтарының болашақ мамандарының ақпараттық мəдениеті информатика курсын оқыту нəтижесінде қалыптасады. Типтік оқу жоспарына [31-39] сəйкес курстың негізгі тараулары, яғни қазіргі заман компьютерінің аппараттық құралдары, компьютерлердің программалық құралдары, компьютерлік желі жəне желілік техно- логиялар, ақпаратты қорғау негіздері жəне т.б. болып табылады.
Алгоритмдер мен программалау тілдері жеке тарау ретінде не- месе «Программалау технологиясының құралы» тарауының бөлігі ретінде барлық мамандықтардың оқу жоспарына кіреді. «Информа- тика» пəнінің негізгі міндеттерінің бірі студенттерге кəсіби есептерді алгоритмдеуді жəне ақпараттық жүйеде программалау негіздерін оқыту болып табылады.
Осылайша, болашақ мамандарды дайындау үшін ғылыми пəн ретінде информатика ұғымының мəніне сəйкес келетін курстар жүйесі қажет.
Информатика курстары жүйесіндегі программалау курсының орыны Э. И. Кузнецовтың [40] еңбегінде қарастырылған. Ол жол- дары төмендегідей тараулар болып табылатын матрица түрінде беріледі:
Алгоритмдер жəне мəліметтер құрылымы; Программалау тілдері;
Архитектура;
Сандық жəне символдық есептеулер; Операциялық жүйелер;
Программалық жабдықтау əдіснамасы мен инженериясы; Мəліметтер қоры жəне ақпараттық іздеу;
«Адам-компьютер» өзара əрекеті.

Информатиканың оқу жоспарында информатиканың, компью- терлік жүйенің жəне ақпараттық технологияның іргелі мəселелері толық қамтылуы қажет. Оларға мыналар жатады: «Ақпарат, сиг- нал, шама жəне алгоритм ұғымдары; шама мəнінің типі, мəліметтер құрылымы жəне формальді алгоритмдік тілдер ұғымдары. Алгоритм мен оның рөлі ұғымын анықтау əдістері. Алгоритмдік шешілмегендік жайлы жəне алгоритмнің қиындығы ұғымы. Программалау тілдері мен есептеу моделі ұғымдары. Программаны жөндеу, ақпараттық технология жəне инструменттік программалық құралдар жай- лы ұғымдар. Мəліметтер қоры жəне олардың моделі ұғымдары. Мəліметтер қорын басқару жүйесі жайлы ұғым. Компьютерлердің өзара желілік қажеттілігі жəне хаттамалардың түрлері. Ақпаратты қабылдау мен таратудың коммутацияланатын жəне коммутация- ланбайтын əдістері. Желідегі пакеттік жəне интерактивтік режим. Желіде маршруттау жəне адрестеу. INTERNET желісі. Ақпараттар жүйесі ұғымы. Қолданбалы программалар пакеті. Қолданбалы программалар пакетін жүйелі, функционалды жəне ақпараттық толтыру жəне т.б. Осындай мəселелерді оқыту, барлық мамандық студенттері үшін информатика бойынша сөзсіз қажетті білімінің негізін құрайды» [41].


Бұрын айтылып өткендей, жоғары кəсіптік білім берудің мемлекеттік стандартына сəйкес программалау информати- ка курсының құрамына кіретін жалпы пəндік блок болып та- былады. Бұл пəн жоғары білім беру құрылымындағы барлық мамандықтардың студенттеріне бірінші семестрде оқытылады. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында информати- ка курсы жүйесін оқытуға салыстырмалы сипаттама берілген. Типтік оқу жоспарында программалаудың алатын орнын қарастырайық.
Ғылыми-жаратылыс мамандық студенттері (010700-011500,
510730-511030, 511230, 511430), гуманитарлық жəне өнер мен
мəдениет мамандықтары студенттері (020000, 060000, 090100,
090200, 090800, 090000-091200, 091500, 520130-520430, 520730,
520930-521830, 522030, 5222130, 540230), жаратылыс білім беруді дайындау бағыты мен мамандықтары студенттері үшін (0301000- 030300, 521930) информатика курсында жəне гуманитарлық білім беру бағыты мамандығы студенттері үшін (030500-030900, 031100- 032200, 540330), «Математика жəне информатика» курсында «Про- граммалау технологиясының құралы» тарауы түрінде беріледі. Ол тарау программалық өнім құру, программалау тілдері, программалау негіздері мəселелерін қамтиды.
Экономикалық бағыттағы студенттер (062000, 080000, 090300,
090400, 090700, 090300, 090900, 091341, 091400, 091600, 460100,
460200, 520530, 520830, 522230, 52330, 540430, 541530, 070000)
«Алгоритмдеу жəне программалау негіздері» тарауында програм- малауды оқиды. Басқа тарауларды, яғни кестелік процессорды, графикалық редакторды, мəліметтер қорын жəне т.б. оқытқанда программалау элементтерін қоса оқытуға болады (мысалы, VBA- құрамдас тілінде жəне т.б.).
Ауылшаруашылық мамандығы студенттері үшін (450100- 451000, 451500, 451700) информатика курсында «Есепті шығару кезеңдері. Алгоритмдер жəне программалау тілдері» тарауын оқыту қарастырылады.
Жаратылыстану мамандықтары мен дайындау бағытында (010100-010600, 510130-510430) программалау бірнеше кезеңде оқытылады. Информатика курсында программалау мəселесіне өту келесі, яғни программалауға кіріспе, есептерді алгоримтдеу негіздері. Алгоритмдік тілде программалау тарауларын оқыту бары- сында іске асырылады.
Келесі бастапқы курстарда мемлекеттік білім берудің компоненті болып табылатын төрт семестрде «Программалау тілдері» оқытылады. Содан кейін, «ЭЕМ-дегі практикум», «Интернетте про- граммалау», «Программалау тілдері теориясы мен аудару əдістері»,
«Мəліметтер қоры жəне ақпараттық жүйелер (қазіргі кездегі МҚБЖ- нің тілдік құралдары)» курстары оқытылады.
Қоғамды ақпараттандырудың тез қарқындап өсуі барлық мамандықтар мамандарының ақпараттық жəне технологиялық дайындықтарын қайта қарауды талап етеді. Білім беруді
ақпараттандыру саясатын іске асырып жəне оны түзету үшін елдің барлық жоғары оқу орындарында информатика жəне ақпараттық тех- нология кафедралары құрыла бастады. Қазақстан Республикасының алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында – əл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қ. Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ жəне т.б. жоғарыда берілген инфор- матика курсының құрылымы жасалып, енгізілді жəне Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігімен бекітілді [31- 39].
Осылайша, барлық мамандықтағы студенттер үшін информати- ка курсының жүйесіне программалау қосылады. Бірақ, ол курстың мазмұны көптеген факторларға тəуелді болады.
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында болашақ мамандардың дайындығын зерттеу мəселелері Қазақстандық ғалымдардың, атап айтсақ Е. Ы. Бидайбеков, Т. О. Балықбаев, А. Е. Əбілқасымова, Ж. А. Қараев, С. Қариев, Е. Ө. Медеуов, Г. Д. Жангисина, Ж. К. Нұрбекова жəне басқалардың еңбектерінде көрініс тапқан.
Э. И. Кузнецов «студенттерді арнайы дайындауға программа- лау негіздері қосылуы керек. Бұл компьютерді есептерді шешу құралы ретінде қолдану мүмкіндігін береді. Программалауға оқыту мамандыққа байланысты саралап оқыту сипатына ие. Гуманитарлық жəне кейбір жаратылыс мамандықтарының студенттері үшін ол тереңірек берілмеуі мүмкін.... Физика, математика, əсіресе информатикаға мамандандырылған студенттер үшін програм- малауды оқыту неғұрлым жеткілікті, терең деңгейде, яғни осы мамандықтағы болашақ мұғалімдер компьютерді есеп шығару құралы ретінде қолдана алатындай етіп ұйымдастырылуы қажет» деп атап көрсетеді [40].
Информатиканы оқытуға байланысты мəселелерді шешу педагогикалық зерттеулерде көптеген ғалымдардың, атап айтсақ, А. П. Ершов, С. И. Шварцбурд, И. Г. Антипов, Ю. А. Первин, Г. А. Звенигородский, Э. А. Кузнецов, М. В. Швецкийдің еңбектерінде қарастырылған.
Программалауға байланысты кəсіби қызығушылық көбінесе фи- зика-математика бағыты студенттерінің арасында көптеп кездеседі. Олар үшін компьютер зерттелетін құбылыстар жайлы жаңа білім беретін жəне оны зерттейтін құрал, яғни компьютерді таным құралы ретінде нақты үдерістер мен табиғаттағы құбылыстарды дəлме-дəл бейнелейтіндей модель құрудың принциптерін түсіну өте маңызды.
Басқа бағытта маманданған студенттер үшін, бəрінен бұрын дайын компьютерлік модельдерді оқу үшін қажет программалық құралдарды меңгеру қажеттілігі болып табылады. Мысал ретінде экологиялық жағдайды немесе анықталған жағдайлардан тəуелді экономикалық үдерістердің дамуына талдау жүргізуді алуға болады. Компьютерді есепті шешу құралы ретінде пайдалану тек қана қолданбалы программалық жабдықтауды ғана емес, сонымен қатар жоғары деңгейлі программалау тілдерінің бірінде программалау біліктілігі болып табылады. Программалау құра білу біліктілігі студенттің маманданған саласы бойынша саралануы қажет. Егер көпшілік мамандықтар үшін программалаудың негізгі принциптерін түсінуі, программалаудың құрамдас ортасында қарапайым кодтарды құру біліктігі керек болса, ал физика, математика жəне информатика мамандықтарының студенттері үшін компьютерде ақпаратты өңдеу мен басқару жүйелері үшін программалау практикасын жəне алго- ритмдер теориясын, ақпараттық модельдеуді, қолданбалы есептерді
шешу жолдарын білуі керек.
Осылайша, жоғары мектептің информатика курсында програм- малауды оқытудың барлық бағыттағы мамандықтар үшін қажеттілігі туындайды. Программалауды оқыту мамандыққа байланысты сара- ланып оқытылуы қажет.
Ізгілендіру жəне қоғамды ізгілендіру жағдайында, саралап оқыту білім беру саласын дамытудың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Ол білім беруді саралап оқытуды дербестендіруді, студенттердің қабілеттерін, танымдық белсенділіктерін жəне т.б. да- мытуда үлкен рөл атқаратындығымен анықталады.
Мамандарды даярлауға қойылатын талаптардың біріне нарықтағы оның біліміне сұраныс, яғни өз білімін, біліктілігін жəне дағдысын нақты мəселені шешуге қолдану қабілеттілігі болып та- былады. Осыған байланысты жаңа білімді өз бетінше алу іс-əрекетін оқыту маңызды. Бұл жағдайда студенттің іс-əрекеті продуктивті бо- лып табылады.
Информатиканың кəсіптік қосымшасы ретінде ол студентте ақпараттық мəдениетті қалыптастыруға қабілетті, яғни қосымшаны түсіну «ақпараттық ортадағы өзінің кəсіптік бағытының өнегелі психикалық күйіне ой жүгіртуі, ақпараттық іс-əрекеттің құралдары мен мақсатын анықтауға саналы жəне жауапты көңіл қойып қарауы, қазіргі заманғы ақпараттық технологияны қолдану арқылы жеке тұлғаның шығармашылық қабілеттілігін іске асыру көлемінде» [42].
Оларға ғылыми ақпараттың, ғылыми танымның əдіснамасының құрылымы мен жалпы қасиеттері; кəсіптік іс-əрекет саласын- да ақпараттық модельдеу; ақпараттық технологияның кəсіптік бағытталған жəне əмбебап құралдары жатады. Оқытудың таным объектісін ақпараттық модельдеудің бір түрі ретінде қарастыра оты- рып, болашақ мамандардың ақпараттық мəдениетін дамыту үшін жағдай туғызамыз [43].
Мектептегі білім беруді саралаудың психологиялық- педагогикалық жəне дидактикалық негіздері көптеген ғалымдардың еңбектерінде зерттелген (С. И. Шварцбурд, В. М. Монахов, Г. В. До- рофеев, В. В. Фирсов жəне т.б.).
Информатиканы саралап оқыту мазмұнының əр түрлі тəсілдері Н. В. Апатова, С. А. Бешенков, Т. А. Бороненко, М. В. Швецкий, А. Г. Гейн, С. Г. Григорьев, М. П. Лапчик, Т. И. Захарова жəне т.б. еңбектерінде көрініс тапқан.
Профессор Е. Ы. Бидайбеков іргелендіруді, яғни болашақ маманға кəсіптік қызмет технологиясын үнемі өзгерткенде бейімделу мүмкіндігін қамтамасыз ететіндей, білім беру мазмұнының жетекші принципі ретінде анықтайды. «Іргелендіру кең ғылыми негізге жететіндей, пəннің фактологиялық (шындыққа негізделген), дүниетанымдық жəне əдіснамалық жақтарын оқыту бірлігімен қорытындыланады. Жалпы білім беру мен кəсіптік дайындаудағы іргелендіру əр түрлі қызмет аумағында жекеше мəселелердің шешімін қамтамасыз ететіндей, біліктіліктің, іс-əрекеттің жалпыланған түрлерін білдіреді» деп қорытындылайды [44, 17-б.].
Мұнда информатика саласында іргелі дайындықтың негізгі тарау- лары: алгоритмдер, программалауға кіріспе (қазіргі кезде белгілі про- граммалау парадиграмалары), мəліметтер құрылымы, программалық жабдықтауды жасау технологиясы, ЭЕМ құрылымы, компьютерлік графика қағидалары, аудару принциптері, операциялық жүйелер, мəліметтер қоры жəне іздеу, жасанды интеллект, жүйені талдау жəне модельдеу, дискертті математика, теориялық программалау екендігі көрсетіледі.
Оқытудың кəсіптік-педагогикалық бағытының тұжырымдамасын М. В. Швецкий ашып көрсетті [45, 78-80 б.].
Кəсіптік-педагогикалық бағытының тұжырымдамасы келесідей алты педагогикалық қосымша принципінің көмегімен ашылған, олардың бірінші төртеуі А. Г. Мордковичке жатады [46].

  1. Іргелендіру приницпі. Информатика аумағында пəн бойын- ша кең көлемді жəне терең білімді қамтамасыз ететіндей іргелі дайындық қажет. Іргелілік мақсат емес, ол болашақ маманды дайын- дау құралы, сондықтан да алынатын мамандықтың мұқтаждығымен келісілуі керек.

  2. Бинарлық принципі. Информатика курсын құрған кезде жал- пы ғылыми жəне əдістемелік бағыт біріктірілуі қажет.

  3. Жетекші идея принципі. Педагогикалық жоғары оқу орындарындағы информатика курсының жетекші идеясы жоғарғы жəне орта мектеп информатика курстарының байланысы болып та- былады.

  4. Үздіксіздік принципі. Информатикаға жататын барлық кур- стар педагогикалық іс-əрекет элементтерін студенттердің үздіксіз түсіну үдерісіне қатысуы керек.

  5. Педагогикалық жоғары оқу орыны оқытушыларының өз педагогикалық іс-əрекеттерінде жаңа ақпараттық технологияны қолдану принципі. Бұл жерде М. И. Жалдактың [47], яғни ақпараттық технологияның анықтамасын «адамдардың білімін кеңейтетін жəне олардың техникалық, əлеуметтік үдерістерді басқарудағы мүмкіндіктерін дамытатын ақпаратты жинау, ұйымдастыру, сақтау, өңдеу, тарату əдістері мен техникалық құралдары» екендігін ескеру керек. Сонымен қатар, қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар біртіндеп ғылыми бағытқа бөлінуде екендігін ұмытпау керек.

  6. Оқытуда жаңа ақпараттық технологияны (ОЖАТ) жүйелеп қолдану принципі. ОЖАТ-ның қолданбалы мəні компьютерлік оқыту технологиясы болып табылады. В. А. Извозчиков [48, 42-43 б.] тұжырымдағандай ОЖАТ-ны жүйелеп қолданудың мəні жалпы компьютерлік оқыту принциптерінен шығады, яғни жоғарымектептің оқытушысы компьютерді оқу үдерісінің шектеулі құралы ретінде қолдана білуі жəне сонымен қатар, əлемнің ақпараттық бейнесін кең көлемде көре жəне түсіне алуы қажеттігі, өзінің осы ақпараттық ор- тада жоғары ізгілікті жəне жетекші міндетін саналы түрде түсінуі болып табылады. Оқыту нəтижесінде студент автоматтандырылған оқыту əдістеріндегі педагогиканың классикалық əдістерінің басымдылық рөлін, педагогтың жеке тұлғасының жетекші мəнін, оның оқу ортасындағы Жаңа ақпараттық технологияның құралдары мен əдістеріне қаныққан білімі мен біліктілігін айқындауы қажет.

жүктеу 5,38 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   241




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау