Қазақстан республикасы білім жəне ғылым


“Информатика жəне есептеуіш техника негіздері” курсының бастапқы мақсаттары мен міндеттері. Оқушылардың компьютерлік сауаттылығы ұғымы



жүктеу 5,38 Mb.
бет22/241
Дата12.11.2023
өлшемі5,38 Mb.
#44224
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   241
Бидайбеков-Е.Ы.-Информатиканы-оқыту-əдістемесі

Информатика жəне есептеуіш техника негіздері” курсының бастапқы мақсаттары мен міндеттері. Оқушылардың компьютерлік сауаттылығы ұғымы


Мектепке «Информатика жəне есептеуіш техника негіздері» пəнін енгізудің стратегиялық мақсаты жаңа оқу курсының алғашқы бағдарламаларында жарияланғанындай «... жастардың есептеуіш техниканы жан-жақты жəне терең меңгеруі» еліміздегі ғылыми- техникалық прогресті жеделдетудің маңызды факторы ретінде қарастырылған [12]. Бұл адам іс-əрекетінің əр түрлі саласында ком- пьютермен тікелей, үздіксіз жұмыс істейтіндердің санының күрт өсуіне алып келетін дербес компьютерлердің кеңінен таралуымен түсіндіріледі.


«Информатика жəне есептеуіш техника негіздері» пəнінің негізгі мақсаты:

    • есептерді шешуді ЭЕМ-де жүзеге асырудың негізгі ережелері мен əдістерін жəне есеп шығару үшін компьютерді қолданудың қарапайым шеберлігін қалыптастыру;

    • оқушыларды ЭЕМ-нің қазіргі қоғамдық өндірістегі рөлімен жəне есептеуіш техниканың даму болашағымен таныстыру.

«Информатика жəне есептеуіш техника негіздері» пəнін енгізу жаратылыстану пəндерін сапалы деңгейде оқып үйрену үшін алғышарттар туғызады. Сондықтан, оқушылардың сабақта ЭЕМ-ді қолдану мүмкіндігі оқудың көрнекілігін неғұрлым оңай меңгеруге əкеледі, оқушылардың танымдық мүмкіншіліктерін едəуір кеңейтеді, олардың өз бетімен оқу əрекеттерін елеулі белсенді түрге енгізеді.
Орта оқу орындарында информатиканы оқытудың нақты мақсатының негізгі сипаттамасы ретінде «Информатика жəне есептеуіш техника негіздері» пəнінің бірінші бағдарламасында оқушылардың компьютерлік сауаттылығы ұғымы берілген. Компьютерлік сауаттылық ұғымы мектепке «Информатика жəне есептеуіш техника негіздері» пəнін енгізумен бірге қалыптасып, бірден мектеп дидактикасының жаңа ұғымдарының қатарына қосылды. Оқушылардың компьютерлік сауаттылық талаптарын қалыптастыру əрекеті бірінші бағдарламаның түсіндірме сөздігінде- ақ жасалынған [12], алайда жүйеленген мазмұндамаларда компьютерлік сауаттылықтың компоненттері мектепке «Информа- тика жəне есептеуіш техника негіздері» пəнін оқытудың алғашқы əдістемелік басшылығының мұғалімдерге арналған нұсқасында жазылған [13]. Онда оқушылардың компьютерлік сауаттылығының мазмұнын құрайтын компоненттер төмендегідей топтарға бөлінген [13]:

    • ЭЕМ-ге арналған алгоритмдерді сипаттаудың түрі ретінде программа, алгоритм ұғымы, оның құрылымы, алгоритмді жазу əдістері мен тəсілдері, программалау тілдерінің бірінде программалау негіздері;

    • ЭЕМ-мен қарым-қатынас жасаудың практикалық дағдылары;

    • ЭЕМ-нің құрылысы, оның негізгі элементтерінің жұмыс істеу принциптері;

    • өндірісте жəне адамзат іс-əрекетінің басқа салаларындағы компьютердің рөлі жəне қолданылуы.

Айтылған компоненттерді талдау компьютерлік сауаттылық ұғымының пайда болуы, оқушылардың алгоритмдік мəдениеті ұғымына ЭЕМ-мен қарым-қатынас икемділігі, ЭЕМ-нің құрылысы мен жұмыс істеу принциптерін білу, сонымен қатар, қазіргі қоғамдағы ЭЕМ-нің рөлі сияқты «машиналық» компоненттерді
қосу арқылы кеңею нəтижесінде пайда болатындығын көрсетеді. Бұл компьютерлік сауаттылық ұғымының алгоритмдік мəдениет ұғымымен байланысы жаңа курстың бағдарламасына берілген түсініктемеде анық көрсетілді, ол курстың міндеттерінің бірі –
«сегізжылдық мектептің алгебра курсының алгоритмдік бағытын аяқтау жəне жүйелеу» [12, 5-б.] жəне ИЕТН курсының алғашқы əдістемелік міндетінің сапасын анықтап берген мұғалімге арналған əдістемелік нұсқауларда «оқушылардың алгоритмдік мəдениетінің компоненттерін қалыптастыру компьютерлік сауаттылықты қалыптастырудың негізі ретінде қарастыру міндеті тұрды» [14, 3-б.] Осы эволюциялық ауысуды көрнекілік түрде былайша белгілеуге болады (3.1-сурет):



ǓǷǵǸȅȇǻǮǹǴȎdz ǺǩǼǩǻǻȄǴȄá

ljǴǬǷǹǻDZǵǭȎdz ǵÝǭǮǶDZǮǻ


жүктеу 5,38 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   241




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау