Оқытудың технологиялық компоненті
І. Оқу ақпаратын құрылымдау
тапсырма. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы жоғары
сыныптардағы информатиканың жоғарыда қарастырған бөлімінің негізгі ұғымдар жүйесін анықтаңыз (информатиканың базалық курсының ұғымдарымен, мектептегі басқа пəндермен).
тапсырма. Ұғымдардың өзара байланысын орнатыңыз: жаратылыстану-математикалық бағыттағы жоғары сыныптардағы информатиканың бөлімдерін оқытудың оқу-əдістемелік матрицасын толтырыңыз (18.1-кесте).
18.1-кесте
Тақырып- тар атауы
|
Техноло- гиялар
|
БҚ
|
БҚ функцио- налдық мүмкіндіктері
|
Тəжірибелік тапсырмалар
|
Таным- дық
|
Жат- тығу
|
Шығарма- шылық
|
|
|
|
|
|
|
|
Əдістемелік нұсқаулар
Саралап оқытуды ұйымдастыру үшін оқу-əдістемелік жо- баны бірнеше зерттеу тапсырмаларына жіктеп оқу ақпаратын құрылымдауға арналған тапсырмалар əзірлеуді ұсынамыз.
Программалық құралдар
Презентациялар дайындау құралдары: ClipArt, PowerPoint
жəне т.б.
Кестелік процессорлар: SuperCalc 5.0, Microsoft Excel жəне т.б.
МҚБЖ: MS Access, FoxPro жəне т.б.
Интеграцияланған жүйелер: Works 4.0, Microsoft Office.
Мəтіндік редакторлар: Lexicon, Chiwriter, MS Word жəне т.б. Үстелдік баспа жүйелері: Ventura Publisher жəне т.б.
Графикалық редакторлар жəне анимация программалары: үшөлшемді графика жəне анимация пакеті 3D Studio; графикалық редакторлар OPEN, PaintBrush, Dr.Hallo, CorelDraw жəне т.б.
Телекоммуникациялар: Internet, World Wide Web, Internet Ex- plorer e-mail, Netscape Communications жəне т.б.
Сызбалық редакторлар: интербелсенді жүйе «Эскиз»,
автоматтандырылған жобалау жүйесі AutoCad жəне т.б.
Кəсіби-бағытталған ПҚ: құқықтық анықтама жүйесі «Гарант», дербес ақпараттық жүйе Lotus Organizer, орындаушылық əрекеттерді бақылау жүйелері, «1C: Бухгалтерия» жəне т.б.
Тақырып: «Құрылымдық, объектілі-бағытталған жəне логика- лық программалауды оқыту əдістемесі».
Дидактикалық мақсаты: іздеу, зерттеу.
Сабақ түрі: зертханалық жұмыс.
Оқыту технологиясы мен əдістері: іздеу жаттығулары, аннота- циялау, пікірлер аукционы.
Студенттердің алдын-ала дайындығы: төменде келтірілген жұмыс жоспарымен танысып, 1-3 тармақтарында келтірілген тап- сырмаларды орындап келулері керек.
Достарыңызбен бөлісу: |