Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Коммерциялық емес АҚ «Алматы энергетика және байланыс университеті»
Аэроғарыштық және ақпараттық технологиялар факультеті
Әлеуметтік пәндер кафедрасы
«Бекітемін»
ААТФ деканы____________Табултаев С.С.
«____»_______________2016г.
Пәндік Syllabus
КKZТ 1101 – Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы
Мамандықтар:
5В070200 – Автоматтандыру және басқару
5В070300 – Ақпараттық жүйелер
5В070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
5В071700 – Жылу энергетикасы
5В071800 – Электр энергетикасы
5В071900 – Радиотехника, электротехника және телекоммуникация
5В073100 – Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау
5В081200 – Ауыл шаруашылығын электрмен қамтамасыз ету
5В060200 – Ақпараттану
5В074600 – Ғарыштық техника және технологиялар
5В071600 – Аспап жасау
5В100200 – Ақпаратты қорғау жүйелері
Курс
1
Семестр
1/2
Кредит саны
3
ECTS кредит саны
5
Жалпы сағат көлемі
135
Дәріс
30
Машықтану (семинар)
15
ОӨЖ
90
оның ішінде СОӨЖ
30
Семестрлік жұмыс
3
Мем. емтихан
Алматы 2016
Syllabus құрастырған: доцент т.ғ.к., Байдильдина С.Х., Кабдушев Б.Ж., аға оқытушы
Жұмағұлов М.Д. доцент т.ғ.к. Раджапов А.Ө., жұмыс бағдарламасы негізінде жасалды.
Syllabus әлеуметтік пәндер кафедрасының мәжілісінде 10 маусым 2016ж. №10
хаттамасында мақұлданды.
Кафедра меңгерушісі________________________Мухамбедьярова А.Т.
Syllabus Аэроғарыштық және ақпараттық технологиялар факультеті оқу-әдістемелік
комиссиясының мәжілісінде қаралып, бекітілген («28» маусым 2016ж., № 6 хаттама).
1 Оқытушылар:
Джагфаров Ниспек Рахимжанович – т.ғ.к., АЭжБУ профессоры, А314 каб.
Байланыс тел.: 8(727)292-57-50,
sd@aipet.kz
Берлібаев Бақдаулет Тұрбекұлы – т.ғ.д., АЭжБУ профессоры, А314 каб.
Байланыс тел.: 8(727)292-57-50, bbt_kaznpu@mail.ru
Кабдушев Болат Жоламанұлы- т.ғ.к., АЭжБУ доценті, А314 каб.
Байланыс тел.: 8(727) 292-57-50, Bolat_6464@mail.ru
Утегалиева Алмажан Джусуповна – т.ғ.к., АЭжБУ доценті, А314 каб.
Контакты: 8(727)292-57-50,
almazhan@gmail.com
Байдильдина Сауле Хайрулловна – к.и.н., доцент АУЭС, А314 каб.
Контакты: 8(727)292-57-50, saulehair@mail.ru
Раджапов Анарбай Өскенбайұлы - т.ғ.к., АЭжБУ доценті, А314 каб.
Байланыс тел.: 8(727) 292-57-50
Жұмағұлов Марат Дәулетбайұлы – АЭжБУ аға оқытушысы, А314 каб.
Байланыс тел.: 8(727) 292-57-50, mar-jum67@mail.ru
2 Аудиториялық сабақтардың жүргізілу уақыты және орны сабақ кестінде
көрсетілген СОӨЖ консультация кестесі Аэроғарыштық және ақпараттық технологиялар
факультетінің деканаты (Г.Д. 409) және ӘП кафедрасының (А-314) ақпарат тақталарында
көрсетілген.
3 Оқу пәнінің сипаттамасы
3.1 Пәннің мақсаты – Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәнінің дәрісі мен семинар
сабағының қатаң ғылыми деңгейін қалыптастыруды, өзара байланыстығы мен жалғастығын
жеңіл игеру мүмкіндігін қамтамасыз ету. Тарихи білімнің жүйелілігін, өзара байланыстығын
және құндылығын қамтамасыз ету. Студенттердің азаматтық, отан сүйгіштік қасиеттерін
қалыптастыру және дамытуда қазақстандық патриотизмді оятып, тәрбиелеуде тарихтың
ролін күшейту. Студенттерді тарихи деректермен өз бетінше жұмыс жасауға, зерделеу
негізін меңгеріп, дұрыс қорытынды шығаруға үйрету.
3.2 Пәннің мәселесі – ХХ ғасырдың басынан қазіргі заманға дейінгі Қазақстан тарихы
курсының міндеті обьективті әрі нақты тарихи материалдар негізінде Қазақстан
Республикасының территориясында мемлекеттің қалыптасуы мен дамуын ашып көрсету.
Мұндай жағдайда қоғамдық-экономикалық құбылыстардың өткені мен бүгінгісін зерделеуде
обьективтілік, ғылыми, тарихилық принциптерге сүйену қажет.
3.3 Пәнді сипаттау
«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» курсы Алматы энергетика және байланыс
университетінің күндізгі және сырттай оқу бөліміндегі барлық мамандықтар бойынша
бірінші курста оқытылады. Көлемі 3 кредит,135 сағат, оның ішінде, дәріс-30 сағат,
машықтану-15 сағат, СӨЖ -60, СОӨЖ-30 сағат.
Қазақстанның қазіргі заман тарихы бұл - Қазақстан Республикасы тәуелсіз
мемлекетінің аумағында тұрып жатқан қазақ және өзге де этностардың ұжымдық жады.
Қазақстан тарихы түркі әлемі, Шығыс елдері, Еуразия тарихының ауқымында қарастыруға
болатын дүниежүзі тарихының бөлінбес бөлшегі ретінде саналады. Отан тарихы–тарихи
кеңістік пен уақыт аралығындағы ежелгі дүниеден қазіргі күндерге дейінгі елдің дамуы
заңдылықтарын айқындайтын маңызды оқиғалардың, құбылыстардың, үрдістердің, саяси,
этникалық, әлеуметтік-экономикалық және рухани-мәдени аспектілерін зерттейтін ғылым.
Қоғамның дамуы мен демократиялануы тұсында егеменді мемлекеттің алдында тұрған
басты мақсаттардың бірі ұлттық тарихының жаңғыруы болып табылады. Азаматтық
ұстанымсыз, тарих сабақтарынан терең тағылым алмайынша, ол құндылықтарды келер
ұрпақтың қабылдауынсыз шынайы егеменділіктің орнығуы мүмкін емес.