Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 370,23 Kb.
Pdf просмотр
бет3/11
Дата14.11.2017
өлшемі370,23 Kb.
#450
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ағартушылық  ойларының  Ұлы  Дала  еліне  ықпалы.  Ресей  империясының  түрік-мұсылман 

халықтарының  интеллектуалды  элиталарының  өзара  ықпалдасуы.  Мұсылмандардың 

қайырымдылық  қоғамдары  және  олардың  қызметі.    1905  жылғы  17  қазандағы  патша 

манифесі.  Қоғамда  орталық  биліктің  атына  арыз-тілектердің  жазылуы.  Қарқаралы 

петициясы.  Орал  және  Торғай  облыстарынан  дін  және  жерге  байланысты  жазылған  арыз-

тілектер. Жер мәселесінің қойылуы. Бұл құжаттық материалдардың бағдарламалық сипаты.  

Қазақтардың  Ресейдің  І  –  ІІ  Мемлекеттік  Думаларының  жұмысына  қатысуы.  Думада 

қазақ  жері  туралы  мәселенің  қойылуы  Б.Қаратаев,  Т.И.Седельников  және  басқа 

депутаттардың  қызметі.  Ә.Бөкейхановтың  Мемлекеттік  дума  қызметіне  арналған 

мақалалары.    Аграрлық  мәселе  және  қазақ  депутаттары  А.Бірімжанов  пен  Б.Қаратаевтың 

сөздері.  Қазақ  саяси  элитасының  (Ә.Н.Бөкейханов,  М.Дулатов,  А.Байтұрсынов, 

Х.Досмұхамедов,  Ш.Құдайбердіұлы,  М.Тынышбаев  және  т.б.)  қазақ  халқының  тарихы  мен 

мәдениетін  зерттеу  әрекеттері.  Ұлттық  зиялылар:  қалыптасуы,  құрамы,  қоғамдық  қызметі. 

Ғасыр  басындағы  қазақ  ағартушылығы:  ерекшеліктері,  мақсаты,  жеке  тұлғалары. 

А.Байтұрсынұлының «Әліппе» (Оқу құралы) (1912). Қазақ кітаптары және оларда көтерілген 

қоғамдық  мәселелер.  А.Байтұрсынұлының  «Маса»,  М.Дулатұлының  «Оян,  қазақ!» 

Ш.Құдайбердіұлының,  М.Ж.  Көпейұлының,  Ғ.Қараштың,  Ә.Кердерінің  және  басқа  қазақ 

жазушыларының  кітаптары.  Қазақ  әдеби  және  ғылыми  тілінің  қалыптасуы.  «Айқап» 

журналы  (ред.  М.Сералин),  «Қазақ»  газеті  (ред.  А.Байтұрсынұлы).  Ұлт-азаттық  қозғалыс 

идеологиясының  қалыптасуы.  Қазақ  ұлтшылдығы:  ерекшеліктері,  мақсаты,  қорғаныстық 

сипаты.   

Ресейлік  түркіліктің  доктринасы:  қазақ  ұлттық  қозғалысының  қалыптасуына  әсері. 

Қазақ зиялыларының  дума жанындағы мұсылман фракциясы құрамындағы қызметі. 1907 ж. 

3  маусым  заңы  бойынша  қазақтан  депутат  сайлау  құқының  жойылуы.  Қазақ  саяси  тобы  

өкілдерінің  жалпыресейлік  мұсылман  съездеріне  (С.-  Петербург,  Н.-  Новгород)  қатынасуы. 

Империяның  түрік-мұсылман  халықтарының  консолидациясындағы  «Иттифак-эль-

муслиминнің»  (Мұсылмандар  одағы)  рөлі.      Ұлт-азаттық  қозғалыс  басшыларын  қудалау. 

Жандарымдық – полицейлік тәртіптің күшеюі. 

   Бірінші  дүниежүзілік  соғыс  жылдарындағы  Қазақ  өлкесі.  Қазақстандағы  соғыс 

тұтқындары.  Қазақстан  аумағындағы  халық  бұқарасы  жағдайының  нашарлауы. 

Жалпыұлттық 

дағдарыстың 

пісіп-жетілуі. 

«Тыл 


жұмыстарына 

бұратаналарды 

реквизициялау»  туралы  1916  ж.  25  маусымдағы  жарлық,  оның  халыққа  қарсы  мәні.  1916 

жылғы  ұлт-азаттық  көтеріліс,  оның  себептері,  қозғаушы  күштері,  басталуы,  барысы  және 

негізгі  кезеңдері.  Қозғалыстың  көшбасшылары:  А.Иманов,  Т.Бокин,  Б.Әшекеев,  Ә. 

Жанбосынов,  Ұ.  Саурықов  және  басқалар.  Қарқара  көтерілісі  («Албан  көтерілісі»)  -  1916 

жылғы  Қазақстандағы  ұлт  -  азаттық  көтерілісінің  Жетісу  облысындағы  орталығы.  Орыс 

әскерінің  жазалау  әрекеттері.  Көтерілістің  жеңілу  себептері  және  тарихи  маңызы.  Патша 

өкіметінің  жазалау  шараларының  салдары.  Қазақтардың  Қытайға  (Құлжа  өлкесі,  Қашқар), 

Ауғанстанға  жаппай  иммиграциясының  алғашқы  толқыны.  1916  жылғы  көтеріліске  қазақ 

зиялыларының  көзқарасы.  Тылдағы  қара  жұмысқа  алынған  қазақ  жастарының  жағдайы. 

Ә.Бөкейхановтың  шақыруымен  тыл  жұмысындағы  жастармен  жұмыс  істеуге  ұлт 

зиялыларының  өз  еркімен  аттаныуы.  Бұл  азаматтық  актінің  салдары  және  тарихи  маңызы. 

Тәуелсіз    Қазақстан  тарихнамасында  1916  ж.  көтерілісті  бағалауға  жаңаша  көзқарастың 

қалыптасуы.  

Ресейдегі  ақпан  буржуазиялық-демократиялық  революциясы  және  оның  Қазақстанға 

ықпалының  ерекшелігі.  Саяси  партиялар:  большевиктер,  кадеттер,  эсерлер,  «Алаш»,  «Үш 

жүз»,  «Шуро-и-ислам»,  «Шуро-и-иулемия»  және  т.б.  Қазақстандағы  саяси  биліктегі 

өзгерістер.  Уақытша  өкіметтің  жергілікті  басқару  органдарының  құрылуы.  Революциялық 

өзгерістерге байланысты ұлт-азаттық қозғалыстың жаңа міндеттері.  Қазақ саяси басқарушы 

тобының  Қазақ  комитеттерін  құруға  байланысты  шақырулары.  Қазақ  комитеттерінің 

құрылуы ұлттық мемлекеттілікті жаңғырту әрекетінің көрінісі. Облыстарда өткізілген қазақ 

съездері және оларда қаралған мәселелер.  

Ұлттық  саяси  топ  өкілдерінің  Уақытша 




өкімет  органдары  құрамындағы  қызметі.    1917  жылдың  жазындағы  саяси  дағдарыс. 

Шілдедегі  Жалпықазақ  съезі  және  оның  Алаш  партиясын  құру  туралы  шешімі.  Партияның 

бағдарламасы.  Жалпыресейлік  Құрылтай  Жиналысына  депутаттар  сайлау,  Алаш 

партиясының жеңісі.  

   Жаңа  заман  дәуіріндегі  ұлттық  идея,  ұлттық  мемлекеттіктің

 

қалыптасу  эволюциясы. 



ЮНЕСКО  шешімімен  Алаш  қозғалысының  көшбасшысы  Ә.Н.Бөкейхановтың  150  жылдық 

мерейтойының атап өтілуі. 



 

3-тақырып. 

Кеңестік  Қазақстанның  тарихи  бастаулары:  қазақтандыру 

қиыншылықтары 

 

Уақытша өкіметтің мемлекеттік институттарының ыдырауы, большевиктердің билікке 

келуі.  Бұл  оқиғаға  байланысты  Ә.Бөкейхановтың  өз  ұстанымын  білдіркі.  Желтоқсандағы 

жалпықазақ  съезі.  Ә.Бөкейхановтың  төрағалығымен  Алашорда  (Халық  кеңесі)  үкіметінің 

құрылуы.  Алаш  автономиясын  жариялауға  даярлық.  Қоқан  қаласында  Түркістан 

автономиясы  (Қоқан  Автономиясы)  үкіметінің  құрылуы.  М.Шоқайдың  естеліктері. 

Алашорда және Түркістан автономиясы үкімет орындарының құрылуының тарихи маңызы. 

Советтік  биліктің  орнауы.  Ресей  халықтарының  құқы  Декларациясы  (15  қараша  1917  ж.) 

жариялануы.  Алашорда  және  Қоқан  автономиясы  билік  орындарының  таратылуы.  Кеңес 

өкіметінің  Қазақ комитеттерін «ұлттық-буржуазиялық» биліктің көрінісі ретінде тануы.  

Азаматтық  қарсыласу  жылдарындағы  Қазақстан.  Қазан  төңкерісі  және  Қазақстанның 

саяси өмірі. Кеңес өкіметін заңдастыру шаралары. Қазақстанды кеңестендіру ерекшеліктері.  

Қазақ  елі  «ақтар»  мен  «қызылдардың»    текетірес  күрестерінің    сахнасы.  Алашорда 

үкіметінің  қазақ  әскери  жасақтарының  іс-қимылдары.  Қазақ  халқын  таптық

 

тұрғыдан  екіге 



бөлу.  Соғыс  қимылдарының  бүкіл  қазақ  өлкесін  қамтуы.  Азамат  соғысының  қазақтың 

дәстүрлі  шаруашылығын  күйзелтуі.    «Әскери  коммунизм»  саясатының      қазақ  өлкесіндегі 

арандату  әрекеттері.  Қырғыз  (Қазақ)  революциялық  комитетінің  ұлттық  мемлекет  құру 

идеясын  күйретуі.  Алашорда  үкіметіне  «кешірім»  жариялануы.  А.  Байтұрсынұлының 

В.И.Ленинге жолдаған хаттары, оларда большевиктер ұстанымына айтылғын сын.  

 Қырғыз (Қазақ) АСР-ның құрылуы – ұлттық мемлекет құру идеясын  таптық негіздегі 

мемлекет  құру  идеясымен  ауыстыру.    Қырғыз  (Қазақ)  АКСР    -  нің  территориялық 

аймағының  «жоғарыдан»  белгіленуі. Қазақ АССР және Түркістан Республикасы. Мұсылман 

бюросы және Түрккомиссия: саяси билік үшін күрес. Тұтас Түркістан идеясы, жеңіліс табуы. 

Т. Рысқұлов және М. Сұлтанғалиев. Басмашылар қозғалысы. Әнуар Паша және А.З. Валидов.  

 Кеңестік тоталитарлық басқару жүйесінің негіздерінің қалануы.  

 

4-тақырып.  Кеңестік  тоталитарлық  Қазақстанның  қалыптасуы:  сипаты, 

шаралары, сабақтары 

   

Қазақстандағы  жаңа  экономикалық  саясат  (ЖЭС).  Оған  көшудің  әлеуметтік-

экономикалық  және  саяси  негіздері.  ЖЭС-тің  мазмұны  және  оны  жүзеге  асыру  

ерекшеліктері.  Қазақстандағы  аштыққа  қарсы  қазақ  зиялыларының  күресі.        Жер-су 

реформасының  мақсаты.  Оны  жүзеге  асырудағы  ауытқулар  мен  қателіктер.  Қазақ  өлкелік 

партия  комитетінің  «қазақ  ұлтшылдығына»  қарсы  күресі.  Түркістан  республикаларын 

ұлттық-мемлекеттік  межелеу  -  біртұтас  Түркістан  идеясының    біржақты  күйреуі.  Қазақ 

жерлерінің ҚКАСР құрамына біріктірілуі.  

Коммунистік  партияның  қоғамдағы  саяси  дара  билігінің  күшеюі.  Жаңа  көпұлтты 

империя - КСРО-ның құрылуы. Ф.И.Голощекиннің  «Кіші Қазан» идеясы және оның қатерлі 

мазмұны. Қазақ өлкелік партия комитетінің жер мәселесіне байланысты шешімінің  отарлық 

мазмұны. Қазақ зиялыларын қуғындаудың басталуы.  




жүктеу 370,23 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау