УДК 338.45
Еркешева З.Д.. Экономика және өндірісті ұйымдастыру. Дәрістер жинағы. Алматы, АУЭС, 2011,
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ
Экономика, кәсіпорынды басқару және ұйымдастыру кафедрасы
Дәрістер жинағы
«Экономика және өндірісті ұйымдастыру» пәні бойынша
050704 – РЭТ
АПРОБАЦИЯ
Алматы 2011
Тақырып 1. Өнеркәсіптегі негізгі қор және басқа бейайналым қаржы (4 сағат)
Кәсіпорынның негізгі қорлары
1 Негізгі қорлар, олардың жіктелуі және құрылымы
Негізгі қорлар– негізгі құралдардың құнының ақшалай берілуі. Негізгі қорларға қызмет ету мерзімі үлкен (бір жылдан жоғары) және өзінің қызмет ету мерзімінде өзінің құрын қайтадан жасалған өнімге біртіндеп беріп отыратын еңбек құралдарын айтамыз. Есепке алу жүйесінде негізгі қорлар кәсіпорынның негізгі капиталды ретінде көрсетіледі.
Өндірістік үрдіске байланысты негізгі қорлар өндірістік және өндірістік емес қорлар болып бөлінеді.
Өндірістік емес қорларға энергетиканың өндірістік саласына қатысы жоқ нысандар: денсаулық сақтау (кәсіпорындардағы медициналық бөлімшелер), мәдениет (клубтар, кітапханалар), сауда-саттық, тұрмыстық-коммуналдық шаруашылықтар, спорт кешендері, демалыс базасы.
Өндірістік негізгі қорлар кәсіпорынның негізгі өндірістік қуатын құрайды және өндірістк үрдісте белгіленуіне байланысты мынадай топтарға бөлінеді: өндірістік ғимараттар; құрылыстар; беріліс құрылғылары; жұмыс және күштік машиналар; механизмдер мен жабдықтар; транспорттық құралдар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандар; басқа да негізгі қорлар. Кез келген өндірістің негізгі қорларының құрамын 1-кестеден көруге болады.
1 Кесте - Материалдық өндіріс салалары бойынша негізгі өндірістік қорлардың құрылымы
Негізгі қорлардың топтары
|
Машина құрау
|
Электр энергетикасы
|
Транспорт
|
Электр желілері кәсіпорыны
|
1 Өндірістік ғимарат
|
27,3
|
13,2
|
5,4
|
2,3
|
2 Құрылыс
|
20,6
|
17,3
|
34,3
|
1,1
|
3 Беріліс құрылғылары
|
10,5
|
34
|
5,5
|
81
|
4 Жұмыс, күштік машиналары мен жабдықтар
|
38,9
|
33,6
|
8,7
|
12,5
|
5 Транспорт көліктері
|
2,7
|
0,9
|
45,6
|
1,8
|
6 Өндірістік және шаруашылық құрал-саймандар
|
1
|
0,5
|
0,2
|
0,5
|
7 Басқа да негізгі қорлар
|
0,7
|
0,5
|
0,3
|
0,8
|
Барлығы
|
100
|
100
|
100
|
100
|
Өндірістік негізгі қорлардың құрылымы 1-кестеден көретініміздей, әртүрлі өндіріс саласы бойынша айырмашылықтары бар. Электр энергетикасы бойынша жалпылай айтқанда, негізгі қорлардың екі тобын айтуға болады: беріліс құрылғылары және машиналар, механизмдер, жабдықтар. Ал екінші топ бойынша күштік, жұмыс машиналары және жабдықтар үлкен үлес алады. Электр желілері кәсіпорындары үшін бұл екі топ бойынша олардың меншікті салмағы 90% құрайды.
Негізгі өндірістік қорлар өндірістік үрдіске қатынасу дәрежесі бойынша активті және пассивті болып бөлінеді. Активті негізгі қорлар тікелей өнімді өндіруге қатысады, пассивті негізгі қорлар өндірістің негізгі технологиялық жұмыстарын орындалуын қамтамасыз етеді.
Негізгі қорлардың пассивті тобына көбінесе өндірістік ғимараттар, құрылыс ғимараттары, өндірістік құрал-саймандар, басқа да негізгі қорлар.
Негізгі қорларды есепке алу жүйесінде ақшалай бағалау бастапқы, қалдық, және қалпына келтіру құндары бойынша жүргізіледі.
Бастпақы құн кәсіпорындардың негізгі қорларды сатып алғаны немесе оның нысандарын салуға кеткен нақты шығындарды көрсетеді. Ол сондай-ақ нысан бойынша кітапшаларда көрсетіледі, оған қоса негізгі қорлардың сипаттамалары: қуаты, өндіргіштігі, ауданы немесе ұзындығы, жылдамдығы және тағы басқа да көрсеткіштері беріледі.
Негізгі қорларды пайдалану кезінде олар тозады және өзінің бастапқы табиғи сапасын ғана емес экономикалық сапасында жоғалта бастайды. Осы бастапақы құннан негізгі қорлардың тозуын (құндық түрде) алып тастаған құнды қалдық құн деп атайды. Ол әр негізгі қор бойынша және кәсіпорынның толығымен негізгі қорлары бойынша анықталады.
Кез келген экономикалық жүйеде әртүрлі мезгілде жасалған немесе сатып алынған біртекті негізгі қорлардың құны әртүрлі бағалануы мүмкін. Сондықтан оларды бір салыстырмалы жағдайға келтіру үшін нақты бір мезгілге негізгі қорды сатып алуға кететін шығындарын көрсететін қалпына келтіру құны қолданылады.
2 Негізгі қорлардың тозуы және ескіруі
Өндірісте пайдалану үрдісінде негізгі қорлар тозады және бастапқы кездегі қасиеттері мен сапасын жоғалтады. Негізгі қорлардың тозуы әртүрлі факторлардың әсерінен болады. Кейбіреулері табиғи тозса, кейбіреулері моралдық тозуға алып келеді.
Кәсіпорынның еңбек құралдарының техникалық күйінің деңгейін сипаттау үшін келесідегідей табиғи көрсеткіш қолданылады
(1)
мұндағы А – негізгі қорлардың тозуы;
tнақ – негізгі қорлардың нақты пайдаланған уақыты;
tнор – негізгі қорлардың нормативтік қызмет ету мерзімі.
Негізгі қорлардың тозуы тек ғана табиғи тозу әсерінен болып қоймайды, сондай-ақ экономикалық факторлардың әсерінен де тозады, яғни оны моралдық тозу деп атайды. Моралдық тозуды екіге бөлуге болады. Моралдық тозудың бірінші түрі қоғамдық ғылыми-техникалық прогресстің нәтижесінде пайда болады, яғни жабдықтардың, машиналардың, құрылғылардың біртекті жинақы түрде жетілдірілген нысандарының пайда болуы нәтижесінде пайда болады. Бұл жағдайда негізгі қорлардың ескі түрлерін өндірісте пайдалану экономикалық түрде тиімді. Ескі техниканың жетілмегеніне байланысты техникалық немесе технологиялық шығындарды азайтуға ұмтылу жаңасын сатып алғаннан тиімді болады.
Моралдық тозудың екінші түрі қоғамның экономикалық даму факторларына байланысты болады. Елде уақыт ағымен өндіргіштік күштерді тиімді дамыту негізгі қорлардың, сол сияқты біртекті нысандарын құруға кететін шығындар төмендейді яғни өткізу құны төмендейді. Кәсіпорынның жаңадан сатып алған негізгі қорларының берілген бір кезеңде кәсіпорын ескі негізгі қорларының құнының айырмасы моралдық тозудың екінші түрінің сомасын құрайды. Бұл көрсеткіш кейде теріс мән (тозудың төмендеуі) кейде оң мәнді көрсетуі (тозудың көбеюі) мүмкін.
3 Негізгі қорларды амортизациялау
Кәсіпорын шығындарына кіргізілетін амортизациялық аударылымдардың сомасы әртүрлі әдістермен анықталуы мүмкін. Егер жаңадан өндірілген өнімнің құнына біртекті берілетін негізгі қорлардың құнына тең болу шартынан шығатын болсақ, онда төмендегідей анықтауға болады
(2)
мұндағы Аауд – амортизациялық аударылымдар сомасы;
Қнқ – негізгі қорлар құны;
а0 – амортизациялық аударылымдар нормасы, %.
Амортизациялық аударылымдар нормасы негізгі қорлардың нысандарының әрқайсысы үшін олардың нормативтік қызмет ету мерзімдеріне байланысты орнатылады.
(3)
немесе
(4)
мұндағы Сныс – негізгі қорлар нысандарының құны;
Сл – нысанның ликвидациялық құны, өндірісте шығарылып тасталатын нысанды толығымен немесе бөлшектеп (материалдарын, бөлшектерін) сатудан түскен қаржы.
Кәсіпорынның кейбір негізгі қорларына амортизациялық аударылымдар нормасы келтірілді (2 Кесте).
2 Кесте - Амортизациялық аударылымдардың орташа нормалары
Негізгі қорлар топтары
|
Толық қалпына келтіру үшін қажетті амортизациялық аударылымдар нормасы, %
|
1 Өндірістік ғимарат
|
2,0
|
2 Электр тасымалдаушы 35-220 кВ әуе желілері:
металдық, темір бетонды бағанадағы
|
2.0
|
ағаш бағанадағы
|
3,3
|
3 Күштік электрлік-техникалық жабдық және таратушы құрылғылар: ашық және жабық түрдегі таратқыш құрылғылардың жабдықтары, өлшеуіш трансформаторлар, таратушы шиналар, түрлендіргіштер, майлы ажыратқыштар
|
4,4
|
4 Трансформаторлы қосалқы стансалардың жабдықтары
|
6,6
|
5 Электр қозғалтқыштар мен дизель генераторлары
|
6,6
|
6 Қозғалмалы электр стансалардың электр генераторлары
|
12,5
|
Кәсіпорын амортизациялық аударылымдарды өз бетінше аударады және пайдаланады. Осыған орай оларды пайдаланудың негізгі талаптарын сақтау керек - бұл қаржы тек негізгі қорларды жаңалауға белгіленген. Қай негізгі қорды жаңалау керектігін кәсіпорын өндіріс қажеттілігіне байланысты өзі бекітеді.
Амортизациялық қорды қалыптастырған кезде ескірген жабдықты ауыстыру мен жаңасын (Қжаңа) сатып алу шығындары кіретінін есепке алу керек
Ққалып = Қжаңа +Қбөл +Ққал -Қл (5)
мұндағы Ксн – негізгі қордың жаңа нысанының құны;
Кбөл – құрылғыны бөлшектеуге кеткен шығын;
Қн – ескі нысанның амортизацияланып бітпеген бөлігінің құны (қалдық құн);
Сл – бөлшектенетін нысанның ликидациялық құны.
Негізгі қорлардың нысанның амортизацияланып бітпеген бөлігінің құны тозу мен моралдық тозу салдарынан нысан нормативтік мерзімнен ерте істен шығарылып тасталған кезде пайда болады. Ликвидациялық құн өндірістен шығарылатын нысанның оны сатып жібергеннен түскен қаржыны білдіреді.
Өндірістің тиімділігі негізі қорлардың ғылыми-техникалық деңгейіне байланысты ғана емес, сонымен қатар ғылым мен техниканың қазіргі заманғы жетістіктеріне сәйкестігі және оларды өндірістік үрдісте толық қуатында пайдалануына да байланысты болады.
Достарыңызбен бөлісу: |