Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 370,23 Kb.
Pdf просмотр
бет4/11
Дата14.11.2017
өлшемі370,23 Kb.
#450
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Қазақстанды    индустрияландырудың  жолдары  мен  әдістеріне  байланысты  теориялық 

айтыстар.  Қазақ  қайраткерлерінің  индустрияландыруға  байланысты  пікірлері.  Қазақстанды 

индустрияландыру идеясының  отаршылдық мазмұны. 

Қазақтың  дәстүрлі  шаруашылығын  сталиндік  реформалау  негізінде    қайта  құрудағы 

асыра  сілтеулер.  Жайылымдық-шабындық  жерлерді  бөлу  және  оның  нәтижелері.  Қазақ 

ауылын кеңестендіру –дәстүрлі қазақ қоғамын талқандау.  Бай қожалықтарын тәркілеу және 

оның  әлеуметтік-  экономикалық  салдарлары.  Көшпелі  және  жартылай  көшпелі  қазақ 

шаруалары  қожалықтарын  күшпен  отырықшылыққа  көшіру.  Ауыл  шаруашылығын  жаппай 

ұжымдастыруға көшу. Ұжымдастырудың әдістері, түрлері, қарқыны. Еріктілік пен заңдылық 

принциптерінің  бұзылуы.  Адам  құқының  тапталуы.    Ауқатты  шаруалар  қожалығын  тап 

ретінде  жою.  Қазақтардың  дәстүрлі  шаруашылық  жүйесінің  күйреуі.  Меншіктен  айыруға 

және  күштеп  ұжымдастыруға  қарсы  халық  наразылығы  мен  көтерілістер  –  ұлт-азаттық 

қозғалыстар  жалғасы.  Қазақтардың  шетелге  ауа  көшулері.  Қазақтардың  аштан  қырылуы. 

Қазақ босқындарының қайғылы тағдыры. «Бесеудің хаты». Т.Рысқұловтың И.Сталинге хаты 

–ащы  шындықтың  ақиқаты.    Аштықтың  демографиялық  салдарлары.  30-шы  жылдардың 

екінші жартысындағы Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы ауыр ахуал.  

Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі, мәдениетіндегі, білімі мен ғылымындағы ұлт 

мәселесіндегі  таптық-партиялық  принципті  ұстану  залалдары  және  оның  ұлыдержавалық 

астарлары.  Қазақ  мүддесін  қорғаушылар  -  С.Сәдуақасовтың,  С.Қожановтың  және 

Ж.Мыңбаевтың  ұстанымындағы  теориялық-саяси  мәселелер.    Ф.И.Голощекиннің  Алаш 

зиялыларына  ымырасыз  шабуылы.  Алаш  зиялыларына  қарсы  қуғын-сүргін  –  қазақ  ұлтын 

рухсыздандырудың  және мәңгүрттендірудің  бастауы. 

Қазақстанды әкімшілік-территориялық аудандастыру  – тоталитарлық  басқаруға барар 

қадам. КСРО мен ҚазКСР Конституциялары  – сөз бен істің қайшылығы.  Қазақ АКСР-ның 

одақтас  республикаға  айналуы.  Сталиндік  «үлкен»    қуғын-сүргін,  оның  ауқымы  мен  ауыр 

салдарлары.  Қиыр  Шығыстағы  корейлердің  Қазақстанға  еріксіз  қоныс  аударылуы    -  адам 

құқығының  аяқасты  етілуі.  М.Шоқайдың  эмиграциядағы  саяси  қызметі  –  түрік 

халықтарының  рухани  жаңаруына  бағытталған  елеулі  қадам.  Оның  («Яш  Түркістан». 

«Кеңестер билігіндегі Түркістан» ж.б.  еңбектері. 

Мәдениетте  солақай  және  біржақты  большевиктік  тұжырымдаманың  үстемдік  алуы  – 

қазақтардың  рухани  қасіреті.    Мәдениеттің  ұлттық  негіздеріне  көпе-көрнеу  шабуылдауды 

өршіту.  Әдебиет  пен  өнердегі  социалистік  реализмнің  біржақтылығы.  Театр  және  музыка 

өнері. Қазақстан жазушылары мен композиторларының шығармашылық қызметі. Мәскеудегі 

Қазақстан әдебиеті мен өнерінің он күндігі – ұлт рухының өміршеңдігінің айқын көрінісі. 

Кеңес  өкіметінің  білім  және  ғылым  саласындағы  реформаларындағы  қайшылықтар.   

Сауатсыздықпен күрес. Білім беру жүйесінің қалыптасуы. Ағарту саласындағы қайшылықтар 

мен  келеңсіздіктер.  Қазақ  тілінің  араб  алфавитінен  латын  және  кириллицаға  көшірілуі. 

А.Байтұрсынов  бастаған  топтың  әліпби  ауыстыруға  қарсы  әрекеті.  Ғылым  мен  ғылыми 

мекемелердің дамуы. КСРО ҒА-ның Қазақстандық базасының КСРО ҒА-ның Қазақ филиалы 

болып қайта құрылуы.  

                 

5-тақырып.  Фашистік  басқыншылыққа  қарсы  күрестегі    қазақстандықтардың 

ерлігі мен қасіреті 

 

Екінші  дүниежүзілік  соғыс  қарсаңындағы  кеңестік  биліктің    сыртқы  және  ішкі 

саясатының негізгі бағыттары.  Соғысқа дейінгі Қазақстандағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-

экономикалық  және  мәдени-рухани  ахуал.  Фашистерден  отанды  қорғау  соғысының 

басталуы.  Майдан  шебіне  жақын  аудандардан  Қазақстанға  халықты,  өнеркәсіп  орындары 

мен мәдениет ошақтарын көшіріп әкелу. Республика өмірін соғыс қажетіне шұғыл бейімдеу. 

Қазақстан  жерінде  жасақталған  әскери  бөлімдердің  ірі  шайқастарға  қатысуы  және 

жанқиярлық  ерліктері.    Қазақстандықтар-партизан  қозғалысына  дем  берушілер.  Кеңес 

Одағының батыры атанған қазақстандықтар мен қатардағы жауынгерлердің ерліктері -  ата-



баба  қаһармандығының    дәстүрлі  жалғасы.      Соғыс  тұтқындарының  қайғылы  тағдыры  –

қазақстандықтар  қасіреті.  Ерлігі  бағаланбаған  қазақстандықтар  –  кеңестік  биліктің 

әділетсіздігінің  айқын көрінісі. 

Фашистердің  «Түркістан»  легионын  құру  әрекеті.  М.Шоқай  және  басқалар  туралы 

бұрмаланған  аңыз  бен  шынайы  шындық.  Саяси  сенімсіздік  пен  жекеленген  халықтарды 

Қазақстанға еріксіз қоныс аудару – ұлттық намысты қорлаудың нақты мысалы.  

Соғыс  кезінде  жеңісті  жақындату  жолындағы  тыл  еңбеккерлерінің  еңбектегі  ерен 

ерлігі.  Қазақстандықтардың  соғыста  қираған  аудандарды  қалпына  келтіруге  көмегі.  Екінші 

дүниежүзілік соғыстың ащы қорытындылары мен тағылымды сабақтары.  

Соғыс жылдарындағы ғылым, мәдениет және халыққа білім беру қызметі. 

 

БЛОК  2  ХХ  ҒАСЫРДЫҢ  ЕКІНШІ  ЖАРТЫСЫНДАҒЫ  КЕҢЕСТІК 

РЕФОРМАЛАРДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЙШЫЛЫҚТЫ САЛДАРЛАРЫ 

 

6-тақырып. Жеке басқа табынудың «шарықтауы» және «жылымық» 

 

Соғыстан  кейінгі  жылдағы  Қазақстандағы  ауыр  ахуал.  Бейбіт  құрылысқа  бейімделу 

ауыртпалықтары.  Әскери-өнеркәсіптік  базаны  жеделдету  бағытын  қолға  алу.  Қазақстан 

халық  шаруашылығындағы  қиыншылықтар  мен  проблемалар.  Республика  өңіріндегі 

ядролық сынақтар және олардың зардаптары.   

Ауыл  шаруашылығын  әміршіл-әкімшіл    басқарудың    өрши  түсуі.    Кеңестік  биліктің 

колхоздарды ірілендіру, ауыл еңбеккерлерінің жеке белсенділігін шектеу шаралары. 

Қоғамдық  өмірдегі  адам  құқығын  шектеуге  бағытталған  партиялық  бақылаудың 

күшеюі.  Тарихи  зерттеулерден  ұлтшылдықты  іздестіру.  «История  Казахской  ССР  с 

древнейших  времен  до  наших  дней»  кітабының  негізсіз  сынға  түсуі.  Е.Б.Бекмахановтың, 

Қ.И.Сәтбаевтың, Б.Сүлейменовтың т.б еңбектерінен «қылмыстық» істерді іздестіру. Тұңғыш 

қазақтың  кәсіби  тарихшысы  Е.Б.Бекмахановтың    К.Қасымұлы  көтерілісін  зерттеушілік 

жұмысының  негізсіз  айыпталуы.    Хан  Кене  тарихи  әдебиетте.  «Феодалдық»  эпостарға 

шабуыл – халықтық мұраларды күйрету. «Зар заман» мектебі ақындарының шығармаларына 

тиым  салынуы.  Барлық  саладағы  «кеңестік  цензураның»  күшеюінің  адамдар  санасына 

тигізген кері әсерлері.  

Білім  мен  ғылымдағы  жағымды  өзгерістер.  Жалпыға  бірдей  жеті  жылдық  білім  беру 

жүйесінің  орнауы.  Жоғарғы  және  арнаулы  орта  білім  беретін  оқу  орындарының  ашылуы. 

Кәсіптік-техникалық білім беру жүйесі. Қазақстан Ғылым Академиясының құрылуы. 

И.Сталиннің жеке басына табынушылық саясатын сынау. Н.Хрущевтың «жылымығы»  

жылдарындағы  Қазақстан.  Күнәсіз  қуғындалған  мемлекеттік,  қоғамдық  қайраткерлерді 

«ақтау» және оның жартыкештік сипаты.  

Партияның  шешімдерінде  мәселені  үстірт  шешетін  волюнтаристік  әрекеттердің    өсе 

түсуі.  Партиялық-мемлекеттік  басқару  жүйесіндегі  Хрущевтің  реформасы  және  оның 

тиянақсыздығы. Ұлт мәселесіндегі шектеулердің күшейе түсуі. Одақтық билік пен Қазақстан 

үкіметі  арасындағы  қатынастардың  күрделілігі.  Теміртау  оқиғасы.  Реформаторлық 

бағыттағы  шаралардың  жартыкештігі.    КСРО  мен  ҚазКСР  арасындағы  территориялық 

мәселелерді шешудегі қайшылықтар – Мәскеудің ұлттық мүддені ескермейтіндігінің  айқын 

көрінісі.  

Ауыл  шаруашылығын  әміршіл-әкімшіл  әдістермен  көтеруге  бағытталған  шаралар. 

Әкімшілік  әдістерден  экономикалық  әдістерге  көшуге  талпыныс.  Қазақстандағы  тың  және 

тыңайған  жерлерді  игерудің  кезеңдері,  табыстары,    экологиялық  және  демографиялық  

зардаптары.    МТС-ті  қайта  құру    ауылшаруашылығын  техникалық  жабдықтаудағы 

қиыншылықтарды жоюды  іздестіру жолы.  Колхоздарды ірілендіру және совхоз құрылысы. 

1955, 1962 жылдарда шетелдік қазақтардың Қазақстанға оралуы. 



жүктеу 370,23 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау