Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



жүктеу 5,06 Kb.
Pdf просмотр
бет31/36
Дата13.11.2017
өлшемі5,06 Kb.
#94
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36

орай  ________ теңге  көлемінде  əр  айдың  штат  кестесіне  сəйкес  еңбекақы
белгілейді.
Жұмысшыға  жылына  бір  рет,  ұзақтығы 18 жұмыс  күні  мөлшерінде
ақылы  демалыс  беріледі.  Бұл  келісімшарт  қол  қойған  кезден  бастап  күшіне
енеді.
Келісім мынадай жағдайда тоқтатылады:
· екі жақтың бірі келісім мерзімін  ұзартудан бас тартқанда;
· кəсіпорын я мекеме  таратылған жағдайда;
· кафедра, факультетте қысқарту болған жағдайда;
· жұмыс көлемі қысқарғанда;
· заңда  көрсетілген басқа  да жағдайлар негізінде;
Тараптар  өздеріне  жүктелген  міндеттерді  орындамағаны  үшін
белгіленген заңдарға сəйкес материалдық жауапкершілік жүктеледі.
Жұмыс беруші    ____________    Қ.М. Сабырханов
                                    қолы
Жұмысшы       _____________    К.Ж. Додаева
                                   қолы
14-апта. 27 сабақ
207-тапсырма. Бұйрық  құжатының  тарихынан  мəлімет  алып, ол
жөнінде  өз пікірлеріңізбен ой бөлісіңіздер.
208-тапсырма. Бұйрықты  кім береді, ол  неге  байланысты беріледі?
Сұрақ-жауап құрастырыңыздар.
209-тапсырма. Мəтінмен мұқият танысып, мазмұндаңыздар.
Б  Ұ Й Р Ы Қ     Қ Ұ Ж А Т Ы
Бұйрық – қазіргі  жүргізілетін  іс  қағаздарының  ішінде  жетекшінің
мекемені  басқару  барысында  алда  тұрған  маңызды, ағымдағы, күнделікті,
кадрлық мəселелерді шешу мақсатында берілетін қарамағындағылар орындауға
тиісті нормалардан   тұратын өкілеттік құжаттардың бір түрі.
Көне  түркі  ескерткіштері  мəтініндегі  бұйрық  сөзінің  қолданыс  аясы,
мəн-мақсаты  мен  мазмұны  қазіргі  басқару  саласында  қолданылып  жүрген
бұйрық   сөзінен, іс  қағазы  түрінен  алыс  емес, мазмұндас.  Оны  көне  түркі
жазба ескерткіштеріндегі  мысалдардан көруге  болады. Мысалы, Темір-Құтлұғ
жарлығы  мазмұны мен  құрылымы жағынан  қазіргі бұйрыққа жақын. Себебі,
жарлықтың  негізгі  өкімдік  бөлігі  жазылмас  бұрын  жарлықтың  берілуіне,
жазылуына себеп болып отырған мəселе сөз болады.  Яғни қазіргі іс қағаздары
тілімен айтқанда, констатациялық фактілер  келтіріледі.
Қазіргі  іс  қағаздары  тілінде  өкімдік  құжаттардың  негізгі, өкімдік
бөлігінде  баяндауыш  бұйрық рай  формасында  тұратын  болса,  Темір-Құтлұғ


жарлығында  да  негізгі, өкімдік  бөлігіндегі  баяндауыш  етістіктің  бұйрық  рай
формасында  берілген.  Мысалы:  күч  ога  текүрма+сүн – күш  көрсетіп,
зорлық жасамасын;  тартнақ алма+сун – таразының ақы алмасын.
 Мысалдардан  көріп  отырғанымыздай,  бұйрықтық  реңк  негізінен
етістікке -сун, -сүн  қосымшаларының  қосылуы  арқылы  берілген.  Қазіргі
қазақ тіліндегі бұйрық райдың III жақ жекеше, көпше түрлеріндегі етістікке -
сын, -сін қосымшаларының қосылуы арқылы жасалатыны белгілі.
Көне  түркі  ескерткіштеріндегі  мəтіндерде бұйрық
басқару  əдісі,
басқару шеберлігі,  дұрыс басқара білуі мағынасында қолданылады. Ал қазіргі
қазақ тілінде   қолданылып жүрген бұйрық сөзінің шығу тегі,  төркіні  осы көне
түркі жазба ескерткіштерінде   кездесетін бұйрық сөзі екені дау  тудырмайды.
Бұйрықтың мəтіні екі бөліктен тұрады:
1. Констатациялық; 2. Өкімдік.
1. Констатациялық (айқындаушы, анықтаушы, фактіні  көрсетуші
бөлігі)  бөлікте  бұйрықтың  мақсаты, бұйрықты  беруге  негіз  болған  факті
көрсетіледі.  Ол  мемлекеттік  органдардың  нормативті  құжаттары,
директорлар  кеңесінің, акционерлердің   жалпы  жиналысының  шешімдері
немесе  өндірістік  қажеттілік болуы мүмкін.
Егер  берілетін  бұйрық  түсіндіруді  қажет  етпейтін  болса, онда
констатациялық  бөлік жазылмайды.
2. Бұйрықтың  екінші  бөлігі – өкімдік  бөлік  деп  аталады.    Ол
«БҰЙЫРАМЫН» деген сөзден басталады. Бұйрықтың өкімдік  бөлігінде кімге
не тапсырылғаны, оның  орындалу мерзімі  көрсетіледі. Барлық  бұйрықтардың
мəтінінде етістік бұйрық райдың III жағында    жазылады.
Мысалы:
жүргізілетін  болсын;  қабылдансын;  босатылсын;
белгіленсін;  жүктелсін; тағайындалсын; ауыстырылсын; шығарылсын,
т.б.
Өкімдік құжаттың тақырыбы, нөмірі, датасы жазылады. Мысалы:
Қ.И. Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
№ 8 – 748 Б Ұ Й Р Ы Қ
25 маусым 2011 жыл
Күндізгі бөлімде ақылы негізде оқитын
  студентті оқудан шығару туралы
Бұйрықтың негізгі мазмұны өкілеттік бөлікте   жазылады. Мысалы:
Машина  жасау  институтының  ақылы  негізде  оқитын II курс  студенті
Жанайдаров  Сəндібек  Дəулетұлы  жазғы  сессияны  тапсырмай, сабақтарды
үлгермеуіне  байланысты  01.07.2011 жылдан  бастап  университетте  оқудан
шығарылсын.


15.08.2009 жылғы  № 487 келісімшарт  бұзылсын. Келісімшарттың  3.4-
тармағына сəйкес төленген  ақша  кері қайтарылмайды.
 Жеке  құрылым  бойынша  бұйрықтар  кадрлар  бөлімінде  дайындалады.
Онда  мекеме  жұмысшыларының  атқаратын  қызметіне  байланысты
қабылданған шешімдер орын алады.
Бұйрықтарда оның себептері көрсетіледі, мысалы:
– басқа жұмысқа ауысуына байланысты;
– кəсіпорынның өз жұмысын тоқтатуына байланысты;
– өз  өтініші бойынша;
– ресми сапарға кетуіне байланысты;
– бала күтімі үшін  демалыс алуына байланысты;
– айрықша жұмыс  жағдайлары үшін жəне т.б.
                                Бұйрықтың түрлері:
1.  Жыл  бойы  үздіксіз  атқаратын  жұмыстарға  байланысты
бұйрықтар  ұйым  жұмысының  жалпы  тəртібін  реттеу  мақсатында
шығарылады. Онда  ұйымның күн тəртібі, жұмыс уақытының  ұзақтығы, үнемі
жұмыс  істейтін  комиссия  құрамы, күзетті  ұйымдастыру  тəртібі, тексеру,
бақылау тəртібі,  т.б. белгіленеді.
 Мұндай  бұйрықтарға  мекемедегі  жыл  бойғы  жұмысқа  байланысты
толықтырулар  енгізіліп отыруы мүмкін.
2. Күнделікті 
мəселелерге 
байланысты 
бұйрықтар 
мекеме
жұмысының  күнделікті  болып  жататын  мəселелеріне  байланысты  беріледі.
Оған: жұмысқа  қабылдау, жұмыстан  босату, мекеме  ішінде  басқа  жұмысқа
ауыстыру, демалыс беру, іссапарға жіберу, т.б.  жатады.
3. Төтенше  жағдайларға  байланысты  бұйрықтар мекемеде  күтпеген
оқиға  болған  кездегі  іс-əрекет,  жұмыс  тəртібін  реттеу, оқиғаға  байланысты
түрлі шаралар белгілеу  мақсатында беріледі.
4. Арнайы  бұйрықтар  көбінесе  қаржы-экономикалық  мəселелерге
байланысты  беріледі. Мысалы: жыл  немесе  тоқсан  қорытындысы  бойынша
ақшалай  сыйлықтар  тағайындау; еңбегі  сіңген  қызметкерлерді  құттықтау,
мадақтау,  марапаттау,  көтермелеу, т.б.
210-тапсырма.  Төмендегі  жағдайларға  байланысты  бұйрық
шығарыңыздар.
1. А. Асановты «Қуат» құрылыс  компаниясына  құрылысшы-инженер
мамандығы бойынша жұмысқа қабылдау;
2. Университет  ішінде  жəне  ауласында  шылым  шегуге  тыйым  салу
туралы;
3. Ж. Досановты  жатақханада  тəртіпсіздік  жасағаны  үшін  жатақханадан
шығару туралы;
4. К. Мəдиеваны  қысқы  сессияны «5»-ке  тапсырғаны  үшін  ақылы
бөлімнен грантқа  ауыстыру туралы.


жүктеу 5,06 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау