Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі


Кадрлар жөніндегі жеке іс парағы



жүктеу 5,06 Kb.
Pdf просмотр
бет29/36
Дата13.11.2017
өлшемі5,06 Kb.
#94
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   36

Кадрлар жөніндегі жеке іс парағы
Ү л г і :
1. Тегі    Жанболатова
        Аты    Алмагүл
Əкесінің аты    Асанқызы
2. Жынысы      əйел       3. Туған жылы, айы, күні     19 қазан 1962 жыл
4. Туған жері   Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылы
                                                           (ауыл, аудан, қала, облыс)
5. Ұлты қазақ
Азаматтығы
Қазақстан Республикасы
6. Əлеуметтік тегі қызметкер отбасынан
7. Білімі жоғары
Диплом бойынша мамандығы қазақ тілі мен
    əдебиеті
Жоғары оқу орнының аты, орналасқан жері     Алматы қаласы,
Қазақтың С.М. Киров атындағы Еңбек Қызыл Ту орденді Мемлекеттік
 университеті.
8. Қандай тілдерді білесіз   ана тілім – қазақ тілі, орыс тілінде еркін
        қандай дəрежеде    сөйлеймін, ағылшын тілін ауызекі сөйлеу
                                                  деңгейінде білемін.
9. Ғылыми дəрежесі, ғылыми атағы     филология ғылымдарының
                                                                     докторы,  профессор.
10. Ғылыми еңбектері      80-нің үстінде
11. Жұмыс істеген орындары, лауазымы, жұмыс істеген жылдары
      Бұл тармаққа еңбек кітапшасындағы мəліметтер дəлме-дəл жазылады.
12. Шет елдерде болуы Мемлекеттердің аты, болған жылдары
      көрсетіледі.
13. Сайланбалы органдарға қатысуы    қатысқан жоқпын
14. Мемлекеттік наградалары        марапатталған жоқпын
15. Əскери қызметке қатысы,        əскери қызметке міндеттімін
                                      əскери атағы           сержант, əскери түрі:
 командалық
16. Отбасы жағдайы (отбасы мүшелерінің аты-жөні, туған жылы
                көрсетіледі) Отбасы мүшелерінің аты-жөні, туған жылы,
қызметі  толық  жазылады.
17. Мекен-жайы:    Алматы  қаласы,  С.Торайғыров көшесі 24  үй,
      82 пəтер, тел.: 390-56-81
___28.08.2010_______
Толтырылған уақыты
қолы
______________
192-тапсырма. Əр студент өзінің жеке іс парағын толтырыңыздар.
193-тапсырма. Жеке іс парағында көрсетілген он бес пунктті өзара 5
пункттен бөліп алып, сұрақ-жауап ретінде айтып беріңіздер.
195-тапсырма. Төмендегі  сөз  жəне  сөз  тіркестерімен  сөйлемдер
құрастырыңыздар.


Құжат, еңбек  кітапшасы, жоғары  білімі, сайланбалы  органдар, тууы
туралы куəлік, марапаттау, əскери қызмет, ұйымдар, тармақ, міндетті.
196-тапсырма. Бірінші  бағанадағы  сөздердің  дұрыс  түсініктемелерін
екінші бағанадан табыңыздар.
1. Ғасыр
2. Қаламақы
3. Полиглот
4. Спикер
5. Тіркеу
  6. Орфогра-
      фиялық  сөздік
7. Жаратылыс-
    тану
А) Қоршаған ортаны, табиғатты
     зерттейтін   ғылым саласы.
Ə) Парламент палатасының төрағасы.
Б) Авторға немесе оның мұрагеріне
     төленетін   ақы.
В) Жүз жылдық мерзімді қамтитын
      уақыт  өлшемі.
Г) Сөздердің дұрыс жазылуын көрсететін
     сөздік.
Д) Тізімге енгізу.
Е) Көп тіл білетін адам.
197-тапсырма. Жеке іс парағына берілген тест тапсырмаларын
орындаңыздар.
1. Жеке іс парағында   ............  мəлімет жазылады.
А) мерейтой иесін құттықтау туралы
Ə) азаматтардың құқығы туралы
Б) мекеменің таратылуы туралы
В) жеке адамның азаматтық хал-жағдайы туралы
2. Жеке іс парағында қолданылатын
                                                               стандарт тілдік бірлік.
                                                 А) əскерге бардым
                                                 Ə) əскерге барамын
                                                 Б) əскери қызметке міндеттімін
                                                 В) əскери қызметтемін
3. Орта дəрежелі оқу орны.
А) институт
Ə) колледж
Б) университет
В) академия
                                                  4. Монография  ..........   авторы  ..........
                                                   А) -нің, -мін
                                                   Ə) -ның, -мін
                                                   Б) -ның, -мын
                                                   В) -нің, -мын


13-апта.  26-сабақ
198-тапсырма. Еңбек келісімі қай уақытта, кімдердің арасында
жасалынады? Өзара пікір алмасыңыздар.
199-тапсырма. Жиырма  пункттен  тұратын  еңбек  келісіміне
сұрақ-жауап құрастырыңыздар.
200-тапсырма. Берілген  еңбек  келісімінен  мəлімет  алып,
мағынасын меңгеріп, мазмұндаңыздар.
Е Ң Б Е К     К Е Л І С І М І
Еңбек  келісімі – екі  жақтың (жұмыс  беруші  мен  жұмысшы) нақты  бір
міндеттерді  өзіне  ерікті  түрде  алу  туралы  заңмен  рəсімделген  келісімі
жазылатын іс қағазының бір түрі.
Белгілі  бір  жас  пен  білім  дəрежесіне  жеткеннен  кейін, жұмысқа
тұрғандардың əрқайсысының еңбек жолы құжаттан басталады.
Кез  келген  құжат  секілді  еңбек  келісімінің  де  өзіндік  құрылымы  мен
мазмұны, рəсімделу ережелері бар.
Еңбек  келісімі  жұмысқа  орналасқан  кезде  немесе  алдыңғы  жасалған
келісімнің  кейбір  шарттары (міндеттері, мазмұны, еңбекақы  мөлшері, жұмыс
жағдайы т.б.) өзгерген жағдайда жасалады. Келісім жасауға ұйым əкімшілігінде
белгіленген тəртіп бойынша қаралған жұмысшы арызы негіз болады.
Еңбек келісімі мыналардан тұрады:
1. Құжаттың аты: Мысалы: Еңбек келісі № 4;
2. Келісім жасалған орны мен күні: Мысалы: Алматы қаласы, 23 қазан,
2000ж.
3. Екі  жақтың  толық  жəне  шартты  атауы: (жұмыс  беруші,
жұмысшы).
4. Жұмыстың  сипаты  мен  мазмұны, оны  орындауға  қажетті
біліктілік  дəрежесі: (М.: жұмысшының  қай  бөлімде, кім  болып  істейтіні
жазылады).
5. Келісім типі (негізгі, əлде қосымша істейтін жұмысы көрсетіледі).
6. Келісім түрі (уақытша ма, əлде тұрақты жұмысқа алынды ма?).
7. Келісімнің  уақыты, мерзімі (шектеулі  мерзімге  алынса, нақты  айы,
күні, жылы көрсетіледі).
8. Сынақ  мерзімі: (М.: Жұмысшыға 2 апта, 1 ай  немесе 2 ай  сынақ
мерзімі белгіленеді).
9. Жұмысшының  міндеттері: тəртіп  сақтауға, мемлекеттік  құпияны
жария  етпеуге, техника  қауіпсіздігі  талаптарын  сақтауға, ішкі  еңбек  тəртібі
ережесіне бағынуға т.б. міндетті.
10. Еңбек  жағдайы, еңбекақы  төлеу  сияқты  əкімшіліктің  негізгі
міндеттерін  көрсете  отырып  жазылған  жұмыс  берушінің  міндеттері:


жүктеу 5,06 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау