5. Ж. Умархановқа белгілі себептерге байланысты оқу төлемақысына
30 % жеңілдік беру туралы.
211-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін қазақ тіліне
аударыңыздар.
О приеме на работу, в связи с уходом, в связи с переходом на другую
работу, текст приказа, приказ по личному составу, испытательный срок, с
двухнедельным испытательным сроком, приказ о приеме на работу, особые
условия труда.
212-тапсырма. Сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыздар.
Өндірістік қажеттілік, еңбек тəртібін бұзу, себепсіз жұмыстан қалу,
штаттық кестеге сəйкес, үстемақы тағайындау, жеке құрам бойынша бұйрық,
негізгі қызмет бойынша міндеттерді шешу, мемлекеттік органдар.
213-тапсырма. Мəтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға
жауап беріңіздер.
1. Бұйрық қай құжат түріне жатады? 2. Бұйрықтың негізі қай кезден
бастау алады? 3. Темір-Құтлұғ жарлығы мен бүгінгі іс қағаздарындағы
бұйрықтың жасалу жолын түсіндіріңіздер. Бұйрықтың мəтіні неше бөліктен
тұрады? 5. Бұйрықтың əр бөлігінде нақты не көрсетіледі? 6. Бұйрық қай
бөлімде шығарылады? 7. Бұйрықтың қандай түрлерін білесіздер? 8.
Бұйрықтың əр түріне тоқталыңыздар.
214-тапсырма. Бұйрықтың үлгілерімен танысыңыздар.
Б Ұ Й Р Ы Қ № 16
Ү л г і:
20 сəуір 2000 жыл Алматы қаласы
Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу бойынша
нұсқаулықты енгізу туралы
Кəсіпорында құжаттармен жұмыс жасау ісін дамыту
жəне олардың сақталуын қамтамасыз ету үшін
Б Ұ Й Ы Р А М Ы Н
1. Кəсіпорында іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу бойынша
берілген Нұсқаулық бекітілсін.
2. Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу бойынша Нұсқаулық 20 сəуір
2000 жылдан бастап күшіне енгізілсін.
3. Кəсіпорынның барлық құрылымдық бөлімшелері мен қызметкерлері
20 сəуір 2000 жылдан бастап іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу бойынша
Нұсқаулықты, құжаттармен жұмыс жасау жөніндегі Ережені басшылыққа
алсын.
4. Хатшы іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу бойынша
Нұсқаулығын көбейтіп, барлық құрылымдық бөлімшелерге 26 сəуір 2000
жылға дейін жеткізсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын кəсіпорын директорының орынбасары
Зауырбекова Гүлхадиша Өгізбайқызы бақыласын.
Кəсіпорынның
директоры ______________ Төлегенова Раушан Төлегенқызы
қолы
* * * * *
Б Ұ Й Р Ы Қ № 20
Ү л г і:
Алматы қаласы 19.02.2009
Қысқы сынақ пен емтиханды уақытында
тапсырмаған студенттер туралы
Қысқы сынақ пен емтиханды уақытында
тапсырмаған студенттер үшін
Б Ұ Й Ы Р А М Ы Н
I. Төмендегі студенттер институттан шығарылсын:
1. Қайназаров Т.М., 050907, 3К-08-1р.
2. Сұңқаров Ə.Б., 050724, ТМО б-08-1р.
Рүстемов К.Н., 070700, ГДб-08-1р.
II.
Себепті жағдайларға байланысты төмендегі студенттерге:
М.Қ. Мақсұтов, Қ.Т. Наймановтарға қысқы сессия мерзімі бір айға (28
қаңтардан 28 ақпанға дейін) ұзартылсын.
Ө.Байқоңыров атындағы
Тау-кен институтының
директоры, т.ғ.д., профессор _________ Искаков Б.М.
қолы
* * * * *
Б Ұ Й Р Ы Қ № 6
Ү л г і:
«Aser» компаниясында қызметін көтеру,
жұмысқа қабылдау туралы
2009 жылдың 19 қарашасында компанияда шығарылған
№ 1130 қаулысына сəйкес
Б Ұ Й Ы Р А М Ы Н
1. Есепші қызметіндегі Жаналиева Бақытжамал Салауатқызы өз
қызметіндегі жетістіктері, ерекше көрсеткіштері үшін бас есепші қызметіне
тағайындалсын.
2. Ноғайбаева Ғазиза Əмірқызы бас техник-программист қызметіне
жұмысқа қабылдансын.
«Aser» компаниясының
директоры _____________ Карамендина Мағжан Өміртайқызы
қолы
* * * * *
Б Ұ Й Р Ы Қ № 27
«Дат» спорттық тауарлар компаниясының
қызметкерлерін шетелдік іссапарға жіберу туралы
Компанияның 2008 жылдың 15 желтоқсанында
шығарылған № 5469 қаулысына сəйкес
Б Ұ Й Ы Р А М Ы Н
1. Менеджер қызметіндегі Едіге Шынболатов Будапешт қаласында
өтетін халықаралық ғылыми-теориялық конференцияға қатысу үшін бір аптаға
(23.12.2010 – 30.12.2010) іссапарға жіберілсін.
2. Қызметкерлер Иманғалиев Асылжан мен Саттарбеков Еламан Токио
қаласында өтетін суретшілердің халықаралық көрмесіне өз туындыларын қою
үшін іссапарға жіберілсін.
«Дат» компаниясының
директоры ____________ Бердиллаева Меңдіқыз
қолы Бексұлтанқызы
215-тапсырма. Берілген сөздерді мағынасына қарай іріктеп, дұрыс
мағыналы сөйлемдер құрастырыңыздар.
1. 2 тұрады, мəтіні, бұйрық, бөліктен;
2. Бөлікте, беруге, бірінші, негіз, дерек, болған констатациялық,
көрсетіледі, бұйрық;
3. Бойынша, қызмет, екінші, өкімдік, деп, бөлігі, негізгі, аталады,
бұйрықтың, бөлік;
4. Бірнешеу, егер, болса, əр тармақ, басталады, жолдан, азат, тармақ,
тапсырмалар;
Достарыңызбен бөлісу: |