қыпшақтары немен шұғылданған жəне олардың арасында кімдер болған? 5.
Олар не үшін күш салған? 6. Қыпшақ тіліндегі еңбектер неге байланысты
пайда болған? 7. Қыпшақ тілінде жазылған ресми құжаттар қандай дəрежеге
дейін көтерілген? 8. Документтерде кеңсе қағаздары стиліне тəн нелер
кездеседі? 9. Акт кітабында тіркеліп отырған құжаттарды атаңыздар.
141-тапсырма. Мəтіннің мазмұнына жоспар құрып, жоспар бойынша
əңгімелеп беріңіздер.
142-тапсырма. Мəтіннен алынған іс қағаздарына қатысты сөз жəне
сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.
Өсиет қағаз, куəлік, дүние мүліктің тізімі, қолхат, анықтама, кепілдік,
төлем қағаз, келісімшарт.
10-апта. 20-сабақ
143-тапсырма. Хаттамадан үзінді не үшін қажет, онда не қамтылады?
Өзара ой бөлісіңіздер.
144-тапсырма. Хаттамадан үзіндіде хаттаманың қай бөліктері
алынады? Пікір алмасыңыздар.
145-тапсырма. Хаттамадан үзінді туралы берілген мəліметпен
танысып, хаттамадан үзінді жазуды меңгеріп алыңыздар.
Х а т т а м а д а н ү з і н д і
Кез келген құжаттың үзіндісі құжаттың толық мəтіні қажет болмай, тек
құжатта жазылған бірнеше мəселенің ішінен біреуінің ғана көшірмесі қажет
болған жағдайда немесе белгілі бір мəселенің мəжілісте қарастырылып, ол
туралы қаулы қабылданғанын растайтын құжат талап етілгенде немесе
құжаттың толық мазмұнын құпия ұстау қажет болғанда дайындалады.
Құжат үзіндісінде жазылған мəліметтің растығын, дұрыстығын дəлелдеу
үшін, орыс тілінде
«выписка верна» деп жазылып, жауапты қызметкердің
қолы қойылып, мекеме мөрі басылады. Құжат үзіндісінің дұрыстығын,
растығын дəлелдейтін
жазба үзіндісі рас, үзіндісі заңды, үзіндісі дұрыс деп
тағы басқа да нұсқада қолданылып жүр. Бұлардың ішінен
үзіндісі дұрыс деген
нұсқа іс қағаздары тілінде қолдануға ыңғайлы, құжаттың заңдылығын, дəлдігін
растайтын жазба ұғымын бере алады. Құжаттың үзіндісі емес, көшірмесі
берілген жағдайда
көшірмесі дұрыс деп жазылады.
Хаттаманың үзіндісіне төмендегі мəліметтер кіреді:
1. Мəжіліс өткізілетін ұйымның атауы;
2. Құжаттың аты;
3. Мəжілістің өткізілген орны мен күні;
4. Күн тəртібінде қарастырылған бірнеше мəселенің
тек сізге ғана
қатыстысы, сізге қажеті ғана көрсетіледі.
5. Сізге қатысты мəселе туралы қабылданған қаулы;
6. Төрағаның жəне хатшының қолы;
7. Үзіндіні растайтын жазба;
8. Мекеменің мөрі.
Аталған бөліктердің рəсімделу үлгісі хаттаманың рəсімделуімен бірдей.
Мəжіліс өткізілген ұйымның атауы мен құжат аты көрсетіледі, бірақ құжаттың
үзіндісінде
хаттама деп емес,
хаттамадан үзінді деп жазылады.
146-тапсырма. Хаттамадан
үзінді
құжатының
үлгісімен
танысыңыздар.
Ү л г і:
Қ.И.Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық
университеті
əл-Машани атындағы Жоғары технологиялар жəне тұрақты
даму институты
Қазақ тілі кафедрасының № 6
ХАТТАМАСЫНАН ҮЗІНДІ
Алматы қаласы 21.01.11
Төрайым: Кафедра меңгерушісі, профессор Г.Т.Тұрсынова
Хатшы: А.А.Бакиева
Қатынасқандар: профессор Г.Т.Тұрсынова, профессор К.Б. Жақсылықова,
профессор Ұ.Р.Шүленбаева, ф.ғ.к., доценттер: С.С.Айтжанова, Т.Садақбаев,
п.ғ.к, доцент Р.Ш.Əбдiсүлейменова, ф.ғ.к., аға оқытушы Г.Ө.Зəуірбекова,
ҚазҰТУ доценттері: А.С.Итемирова, Г.Д.Рыскелдиева, М.Ө.Карамендина, аға
оқытушылар: Ш.М.Оспанова, Г.А.Аужанова, А.Ə.Өмірбеков, Қ.Рысқұлбекова,
Р.Б.Қадырқұлова, В.М.Сағымбаева, М.Б.Бердиллаева,
Қ.Ə.Ілесова,
Р.Т.Төлегенова.
КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
Баспаға әзірленген әдістемелік нұсқауды қарастыру.
Қ.И.Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің
профессоры Г.Т. Тұрсынова, профессор Ұ.Р. Шүленбаева, доцент
А.С.Итемировалардың Қазақ тілі пəні бойынша дайындаған «Кен байлығы – ел
байлығы» тақырыбына жазған əдістемелік нұсқауды талқылау жəне баспадан
шығаруға ұсыну .
ТЫҢДАЛДЫ: п.ғ.д., профессор К.Б. Жақсылықованың профессор Г.Т.
Тұрсынова, профессор Ұ.Р. Шүленбаева, доцент А.С.Итемировалардың Қазақ
тілі пəні бойынша дайындаған «Кен байлығы – ел байлығы» тақырыбына
жазған əдістемелік нұсқауды баспаға ұсыну туралы хабарламасы тыңдалды.
ҚАБЫЛДАНҒАН ҚАУЛЫ: Профессор Г.Т. Тұрсынова, профессор Ұ.Р.
Шүленбаева, доцент А.С.Итемировалардың Қазақ тілі пəні бойынша
дайындаған «Кен байлығы – ел байлығы» тақырыбына жазған əдістемелік
нұсқау баспадан басып шығаруға ұсынылсын.
Қазақ тілі кафедрасының
меңгерушісі, профессор ___________ Тұрсынова Гүлбаршын
қолы Тұрсынқызы
Хатшы __________ Бакиева Айгүл Əдікенқызы
қолы
147-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Хаттамадан үзінді қандай жағдайда жазылады? 2. Хаттаманың
үзіндісіне қандай мəліметтер кіреді? 3. Құжаттың атын қалай жазу керек? 4.
Хаттама үзіндісінің күн тəртібінде не жазылады? 5. Хаттама үзіндісіне
енгізілетін мəліметтерді атаңыздар.
148-тапсырма. Хаттамаға байланысты берілген тест тапсырмаларын
орындаңыздар.
1. Хаттамаға .......................... қолы қойылады.
А) Мəжіліс төрағасы мен хатшының
Ə) Мекеме басшысының
Б) Хатшының
В) Мəжіліске қатысушылардың
2. Хаттамада ......................... мəлімет жазылады.
А) Мəжілісте қаралған мəселелер туралы
Ə)
Азаматтардың құқығы туралы
Б) Мекеменің таратылуы туралы
В) Жеке адамның азаматтық хал-
жағдайы туралы.
3. Хаттаманың күн тəртібінде ......................... жазылады.
А) Хатшы туралы мəлімет
Ə) Қатысқандар туралы мəлімет
Б) Сөз сөйлегендердің сөзі
В) Мəжілісте қаралатын мəселелер
4. Хаттаманың «тыңдалды»
бөлігінде ................. жазылады.
А) Мəжіліс төрағасы туралы
Ə) Күн тəртібіндегі талқыланған мəселелер туралы
Б) Нақты қарастырылған мəселе туралы
В) Қабылданған қаулы туралы
5. Хаттаманың «жарыссөз» бөлігінде ................ жазылады.
А) Жасалған баяндама туралы
Ə) Сөз сөйлеушілердің
пікірлері
Б) Жасалған баяндама туралы
В) Мəжіліс төрағасының қорытынды сөзі