Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



жүктеу 5,06 Kb.
Pdf просмотр
бет22/36
Дата13.11.2017
өлшемі5,06 Kb.
#94
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   36

149-тапсырма. Берілген мəселелерді қатыстырып, хаттамадан үзінді
жазыңыздар.
Күн тəртібі:
1. Мекеме бөлімшелеріндегі еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігі
    жөнінде;
2. Азаматтық қорғаныс жəне төтенше жағдай штабының қызметі жөнінде;
3. Ғимараттарды жөндеу бөлімінің жұмысы жайлы.
Тыңдалды:
1.
Еңбекті  қорғау  жəне  техника  қауіпсіздігі  бөлімінің  бастығы
Сағымбаева Венера Маратқызы баяндама жасады.
2. Азаматтық  қорғаныс  жəне  төтенше  жағдай  штабының  бастығы
Төлегенова Раушан Төлегенқызының хабарламасы тыңдалды.
3. Ғимараттарды  жөндеу  бөлімінің  бастығы
Мамекеева  Ырыскүл
Құсайынқызының ақпараты тыңдалды.
150-тапсырма.  Көп  нүктелердің  орнына  тиісті  сөздерді  қойып
жазыңыздар.
Жиналыстың күн тəртібінде ……………..  .     2. Күн тəртібіндегі бірінші
мəселе  бойынша  кафедраның  аға  оқытушысы
Аужанова  Гүлжан
Аужанқызының ………………  .  3. Күн тəртібіндегі бірінші мəселе бойынша
үш  адам  ……………  .  4. Г.Аужанованың  пікірін  көпшілік  ……….....  .  5.
Бірінші мəселе  бойынша …………….  .  6. Дауысқа  салған  кезде  ……………
болған  жоқ. 7.  ……………..  директордың  орынбасары Қадырқұлова  Роза
Баймолдақызы  хабарлама жасады.
Сөйлемдерді толықтыруға керекті тілдік бірліктер: қалыс қалғандар,
қаулы  қабылданды, жарыссөзге  шықты, баяндамасы  тыңдалды, үш  мəселе
қойылды, бірауыздан мақұлдады, екінші  мəселе бойынша.
151-тапсырма.  Берілген сөйлемдерді  қазақ  тіліне аударыңыздар.
1. Повестка дня:
   а) Создание  и название  МЧП. б) Принятие  устава
МЧП.
2. Слушали:
 а) М.С.Кравченко сообшил о планах создания и названия
МЧП. б) К.Н.Насыров  ознакомил  присутствующих  с  уставом.
3.
Постановление:
а) Ходатайствовать о создании и названии кооператива. б)
Принять предложенный устав.
4. Повестка дня:
 а) О реализации Закона РК
«О  труде  в  Республике  Казахстан».  б) О  работе  отдела  маркетинга  и
государственных  закупок. в) О  работе  отдела  контроля  и  документационного
обеспечения.
152-тапсырма. Төмендегі  мəселелер  бойынша  хаттамадан  үзінді
жазыңыздар.
1. Диплом жұмысының тақырыбын бекіту;
2. Оқу құралын баспаға ұсыну;
3. Диссертациялық жұмысты Ғылыми кеңеске қорғауға жіберу туралы
    жəне т.б.


153-тапсырма. Сөздердің  дұрыс  мағыналарын  тауып, оларды
сəйкестендіріңіздер.
1. Төраға
2. Қаулы
3. Еңбекақы
4. Сұхбат
5. Деканат
6. Дискриминация
7. Донор
1. Құқықты жою, құқыққа шек қою.
2. Екі адамның əңгімесі, сөйлесуі.
3. Жиналысты, мəжілісті басқарушы.
4. Көпшіліктің шешімі.
5. Факультет басқармасы орналасқан бөлме.
6. Басқа ауру адамға құю үшін қанын беретін адам.
7. Орындалған жұмысына, істеген қызметіне
    алатын ақша.
11-апта. 21-сабақ
154-тапсырма. Тілдің  түрлі  стильдік  тармақтарынан  мəлімет
алыңыздар. Өз ойларыңызды ортаға салыңыздар.
155-тапсырма. Ресми  іс  қағаздары  тілінің  стилін  сабақ  барысында
талқылаңыздар.
156-тапсырма. Берілген  мəтінмен  мұқият  танысып, мағынасын
меңгеріп, мазмұндаңыздар.
Ресми іс қағаздары тілінің стилі
Жазба əдеби тіл – қоғамның,  мемлекеттің ресми тілі болғандықтан, оның
қызметі  де, қолданылу  аясы  да  барынша  кең  болады.  Тіл – мемлекетте
жүргізілетін  іс  қағаздарының, əдебиеттің, оқу-ағарту, тəрбие  жұмыстарының,
саясаттың, өнер-білімнің, бұқаралық-ақпарат 
құралдарының 
барлық
салаларында  қызмет атқарады. Осыған  орай тілдің стильдік тармақтары  пайда
болады. Қазіргі қазақ əдеби тілінің мынандай стильдік тармақтары бар:
1. Ресми іс қағаздары  тілінің стилі;
2. Публицистикалық стиль;
3. Ғылыми-көпшілік əдебиет стилі;
4. Көркем əдебиет стилі;
5. Ауызекі сөйлеу тілінің стилі.
Ресми   іс қағаздары тілінің стилі кейде:  а) кеңсе стилі; ə) ресми стиль;
б) іс  қағаздары  стилі  деп  те  айтыла  береді.  Ресми  іс  қағаздары  стилінің
ерекшелігі – онда  факті  дəл  көрсетіліп, бір  ізбен, жүйелі, нақты, қысқа, нұсқа
жазуға  айрықша  мəн  беріледі. Өйткені, іс  қағаздары  да, ресми  құжаттар  да
ерекше  қатынас  жасау  құралы  болып  саналады. Бұл стиль ел  билеу, мемлекет
жұмыстарын жүргізумен байланысты.
Ресми  құжаттарда  қоғамдық-саяси  лексиканың, əкімшілік  терминдердің
қолданылуы басым келеді. Ресми стильге жататын мемлекеттік құжаттар жанр
жəне  мазмұн  жағынан  əр  түрлі  болып  келгенімен, олардың  барлығына  ортақ
жалпы  сипаты  болады: а) белгілі  бір  қалыптасқан  үлгіде, баяндау  түрінде
жазылады;  ə) лексика-фразеологиялық  құрамы  басқаша  болып  келеді; б)
ойдың логикалық жүйелілігін  сақтау мақсатымен сөйлем  күрделі құрылады.


Іс  қағаздары  ресми  түрде  жазылуы  керек, бірақ  кейбір  іс  қағаздарында
эмоционалды  бояуы  бар  тілдік  құралдар  да  қолданылады. Мысалы:
халықаралық  ұйымдар  мен  мекемелердің, белгілі  қоғам  қайраткерлерінің
мүшел  тойына  арналған  құттықтаулар. Құттықтау  мəтіндерінде  жігер, қуатқа
толы  жақсы  тілектер  айтылады, олар  жылы  сезіммен  жазылады. Сондықтан
онда   эмоционалды  бояулы сөздердің қолданылуы заңды.
Көптеген  сөздер  белгілі  бір  стильде  болып,  қолданылуы  жағынан
шектеліп  отырады. Мысалы: тағайындалсын, міндеттелсін, осы  анықтама
берілді, мəселе  көтеру, алғыс, сөгіс  жариялау, бұйырамын, қаулы  қабылдау
жəне т.б. сөздер мен сөз тіркестері ресми іс қағаздары стиліне тəн.
Ресми  іс  қағаздарында  кейде  бір  заттың  немесе  ұғымның  атауы
қолданылу орнына қарай əр түрлі аталады. Мысалы: адам деген сөз:
1. Ресми құжаттарда – азамат;
2. Үйде – ата-ана;
3. Телефон станциясында – абонент;
4. Ательеде – заказ (тапсырыс) беруші;
5.  Шаштаразда – клиент;
6. Ауруханада – науқас, емделуші;
7. Санаторийде – демалушы, тынығушы, емделуші;
8. Қоғамдық көлікте – жолаушы;
9. Кітапханада – оқырман;
10. Сауда орнында – тұтынушы;
11.
 Қызмет  орнында – маман, қызметкер, т.б. болып  айтылады. Яғни,
кез-келген адам күнделікті өмірде белгілі бір əлеуметтік рөлді атқарады.
Іс  қағаздары  белгілі  бір  форма  бойынша  жазылады. Ол  форманың  түрлі
үлгілері  болады. Іс  қағаздарының  үлгілеріне: өтініш, сенімхат, қолхат,
анықтама, мінездеме, хабарландыру, акт, мəлімдеме, хаттама, шарт,
міндеттеме, бұйрық, жарлық, қаулы, есеп, т.б. жатады.
Қатынас  құралының  бұл  түрлері де  күнделікті  өмір қажеттілігінен туып,
өз  алдына  орныққан  бөлек  жүйе  болып  саналады. Іс  қағаздары  бұрыннан
қалыптасқан нақты үлгілер бойынша жазылады. Іс қағаздарын жазу – жаттығу,
дағдылану  арқылы  меңгеріледі. Сөйлемнің  баяндауышы ашық  райда
пайдаланылады, мысалы: қаралады, қолдануда, жүріп  жатыр, ескертілді
немесе  бұйрық  райда – орындалсын, шешілсін, келісілсін,  жеткізілсін,
қаралсын, шара қолданылсын,  іске қосылсын сөздерінен тұрады.
Көнерген  сөздер, диалектілер, қазіргі  қазақ  тілінде  ескіріп, тілдік
қолданыстан шығып қалған сөз тіркестері, сөздер қолданылмайды.
157-тапсырма. Мəтіннің  мазмұны  бойынша   берілген  сұрақтарға
жауап беріңіздер.
1. Жазба əдеби тілі мен ауызша сөйлеу тілінің  айырмашылықтары
неде? 2. Тіл  қай  салаларда  қызмет  атқарады? 3. Қазақ  əдеби  тілінде  стильдің
қандай тармақтары бар? 4. Ресми іс қағаздары стилінің  ерекшелігін атаңыздар.


жүктеу 5,06 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау