Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі


-тапсырма.   Мəтіннің  мазмұны  бойынша  берілген  сұрақтарға



жүктеу 5,06 Kb.
Pdf просмотр
бет19/36
Дата13.11.2017
өлшемі5,06 Kb.
#94
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36

126-тапсырма.   Мəтіннің  мазмұны  бойынша  берілген  сұрақтарға
жауап беріңіздер.
1.  XIX ғасырдың   I жартысында ресми  іс қағаздарының дамуы қандай
дəрежеде  болды? 2. Бұл  кезеңде  қазақша  жазылған  іс  қағаздары  не  ретінде
танылды? 3. Қазақ  даласының  өмірінде XIX ғасырдың   II жартысының  орны
қандай  болды? 4. Бұл  кезеңде  қазақ  əдеби  тілінде  не  басталды? 5. Аталған
дəуірде патша үкіметі  неге байланысты екі тілде газеттер шығара бастады? 6.
Газеттер қалай аталды?  7. Газеттер қандай рөл атқарды?
9-апта. 18-сабақ
127-тапсырма. Іс қағаздарының бір түрі – хаттамамен таныссыздар
ма? Мəлімет алып, хаттама жазуды біліп алыңыздар.
128-тапсырма.  Хаттама  қай  уақытта  жазылады, оның
құрылымына не кіреді?  Бір-біріңізбен ой бөлісіңіздер.
129-тапсырма. Мəтінмен 
танысып, мағынасын 
меңгеріп,
мазмұндаңыздар.
БҰЙРЫҚ-ЖАРЛЫҚ ҚҰЖАТТАРЫ
*  *  *  *  *
Х  А  Т  Т  А  М  А
Хаттама – мекеменің, ұйымның, кəсіпорынның  жиналысы  мен
мəжілістерінде 
тыңдалған, қаралған, талқыланған, қорытындыланған
мəселелер  барысында  жазылатын  іс  қағаздарының  бір  түрі, өкілетті  құжат.
Сондай-ақ  жиналыс,  отырыс, мəжілістерде  қарастырылған  мəселелерді
талқылау жəне шешімдер қабылдау фактісін белгілейтін құжат.
Хаттамада «Шешті»,  «Шешілді», «Қаулы  етеді», «Қаулы  қабылдады»
деген  сөздер  пайдаланылады. Қаулыны (шешімді) хаттамада  толық  көрсетеді.
Шешімдердің қаулы қабылдайтын бөлігі нақты болуға тиіс.
Хаттамалар  жыл  бойы  нөмірленіп  отырады. Келесі  жылы  қайтадан
бірінші  нөмірден  басталады. Хаттамалар  кəсіпорын, мекеменің  маңызды
құжаттарының  біріне  жатады, сондықтан  оны 10 жыл  сақтап, одан  соң
мұрағатқа (архивке) жібереді.
Хаттама  мəтіні: 1. Кіріспеден  жəне 2. негізгі  бөлімнен  тұрады.
Кіріспеде: мекеменің, ұйымның, кəсіпорынның  жəне  құжаттың  атауы,
мəжілістің өткізілген орны, күні, қатынасқандар туралы, төраға туралы мəлімет,
күн  тəртібі  жазылады. Негізгі  бөлімде   қаралған  негізгі  мəселелер  бойынша
тыңдалған баяндамашылардың пікірі, тұжырымдар, қабылданған қаулы, шешім
жазылады.
Хаттама құрылымында көрсетілетін негізгі мəліметтер:
I.
 Мекеменің,  ұйымның,  кəсіпорынның  жəне  құжаттың
атауы.
Мысалы:


Қ.И.Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
əл-Машани атындағы Жоғары технологиялар жəне тұрақты даму
институты
Қазақ тілі кафедрасы мəжілісінің
№ 6  Хаттамасы
II.
 Мəжілістің  өткізілген орны мен күні.
Мысалы:
  Алматы қаласы                                                       25.05.2011
  III.
Қатысқандар  туралы  мəліметте
  мəжіліске  қатысушылардың
аты-жөні, лауазымы жазылады. Мысалы:
Қатысқан  оқытушылар  тiзiмi:
профессор  Г.Т.Тұрсынова, п.ғ.д.,
профессор  К.Б.Жақсылықова, профессор  Ұ.Р.Шүленбаева, ф.ғ.к., доцент
С.С.Айтжанова, п.ғ.к., доцент 
Р.Ш.Əбдiсүлейменова, ф.ғ.к., доцент
Т.Садақбаев,  ф.ғ.к., аға  оқытушы  Г.Ө.Зəуірбекова, ҚазҰТУ  доценттері:
Г.Д.Рыскелдиева, М.Қарамендина, А.С.Итемирова, аға 
оқытушылар:
Ұ.Ж.Ахметбаева, А.М. Монтаева, Қ.С. Рысқұлбекова, Ш.М.Оспанова,  А.Ə.
Өмірбеков, Р.Б.Қадырқұлова, Р.Т.Төлегенова, В.М.Сағымбаева,
М.Б.Бердиллаева.
IV.
Мəжіліске төрағалық етуші.
  Мысалы:
Мəжіліс төрайымы:
  Кафедра меңгерушісі, профессор Г.Т. Тұрсынова;
Хатшы:  аға оқытушы А.Бакиева.
V.
Күн тəртібі.
Мысалы:
1. Ректорат жарлықтары.
2. Жазғы сессияға дайындық.
3. Мерекелік іс-шараны өткізу мəселесі.
4. Баспа бетіне басып шығаруға дайындалған басылымды қарастыру.
5. К.С.Рысқұлбекованың «Қазақ  ресми  іс  қағаздары  тіліндегі
синтаксистік  құрылымдар»  атты  тақырыпқа  жазған  кандидаттық
диссертациясын талқылау.
VI.
Тыңдалған мəселелер туралы мəлімет.
  Мысалы:
Тыңдалды:
1. Күн  тəртібіндегі  бірінші  мəселе  бойынша Қазақ  тілі  кафедрасының
меңгерушісі, профессор  Г.Т.Тұрсынованың  ректорат  жарлықтары  туралы
хабарламасы тыңдалды.
2. Жазғы сессияға дайындық барысы туралы профессор Ұ.Р. Шүленбаева
қысқаша мəлімет берді.
3. 9 мамыр  Жеңіс  күнінің  66 жылдығына  байланысты  мерекелік  іс-
шараларды өткізу жұмыстары қарастырылды.
4. Кафедра  оқытушылары профессор  Г.Т.Тұрсынова, профессор
Ұ.Р.Шүленбаева, доцент Т.Т.Садақбаев, аға оқытушы А.Ə.Өмірбековтердің
дайындаған  студенттің  пəндік  оқу-əдістемелік  кешені  туралы  мəлімет
тыңдалды.


5. Қазақ  тілі  кафедрасының  аға  оқытушысы Күнəркүл  Сейітқазықызы
Рысқұлбекованың
«Қазақ  ресми  іс  қағаздары  тіліндегі  синтаксистік
құрылымдар» тақырыбына жазған кандидаттық диссертациясы  талқыланды.
VII. Жарыссөзде  сөйлегендер туралы мəлімет. Жарыссөз бөлімінде сөз
сөйлеушілердің айтқан пікірлері, тұжырымдары жазылады.
VIII. Қабылданған қаулы  туралы  мəліметте мəжілісте қарастырылған
мəселелер  бойынша  шығарылған  шешім, ұйғарылған  қорытынды  жазылады.
Мысалы:
                                  Қабылданған қаулы:
1. 2011 жылдың  жазғы  сессиясына  қажетті  материалдарды, емтихан
билеттерін дайындау профессор Ұ.Р.Шүленбаеваға тапсырылсын.
2. 9 мамыр Жеңіс күнінің 66 жылдығына байланысты іс-шараны өткізуге
жауапты етіп кафедраның аға оқытушылары: Р. Қадырқұлова,  В.Сағымбаева,
Г.Аужановалар тағайындалсын.
3. Профессор  Г.Т.Тұрсынова, профессор  Ұ.Р.Шүленбаева, доцент
Т.Т.Садақбаев, аға оқытушы А.Ə.Өмірбековтердің «Қазақ тілі» пəні бойынша
дайындаған  жоғары  техникалық  оқу  орындарындағы  барлық  мамандықтарына
арналған «Қазақ тілі» атты студенттің пəндік  оқу-əдістемелік кешені баспадан
басып шығаруға ұсынылсын.
4. Қазақ  тілі  кафедрасының  аға  оқытушысы Күнəркүл  Сейітқазықызы
Рысқұлбекованың 10.02.02 – қазақ  тілі  мамандығы  бойынша  филология
ғылымдарының  кандидаты  ғылыми  дəрежесін  алу  үшін  дайындаған «Қазақ
ресми  іс  қағаздары  тіліндегі  синтаксистік  құрылымдар» тақырыбына  жазған
кандидаттық  диссертациясын  Л.Н.Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық
университетінің  ОК  18.09.26 Диссертациялық кеңесіне қорғауға ұсынылсын.
IX. Төрағаның жəне хатшының қолы.   Мысалы:
Төрайым:
Қазақ тілі кафедрасының
меңгерушісі, профессор  ____________      Тұрсынова  Гүлбаршын
                                                    қолы              Тұрсынқызы
Хатшы:  оқытушы       _____________         Бакиева Айгүл
                                                     қолы               Əдікенқызы
130-тапсырма. Төмендегі  қаулы  қабылдауға  байланысты  берілген
мəліметпен танысып, қаулы шығаруды меңгеріп алыңыздар.
Алматы қаласының жергілікті
                                                             атқарушы органдарында іс
                                                             қағаздарын жүргізуді мемлекеттік
                                                             тілге көшіру  шараларының жүзеге
                                                              асырылу  барысы туралы


жүктеу 5,06 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау