Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



жүктеу 5,06 Kb.
Pdf просмотр
бет30/36
Дата13.11.2017
өлшемі5,06 Kb.
#94
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   36

(Еңбек  демалысын  өткізуге  берілетін  жеңілдік, медициналық  көмек  көрсету,
тұрғын үймен, зейнетақымен қамтамасыз ету т.б.).
11. Жұмысшының  еңбек  құқын  қорғауға  қосымша  кепілдік  беретін
мағлұмат:
а) ҚР-сы  Президентінің 21.04.1993 жылғы  № 431 жарлығында  айтылған
жеңілдіктерді  толық  пайдалануға; мəдени  жəне  тұрмыстық  қызмет  көрсету;
қоғамдық көлікте жүруге берілетін жеңілдік;
ə) Жеке тұрғын  үй құрылысын жүргізу үшін пайызсыз қарыз алуға т.б.
12. Еңбек  пен  демалыс  тəртібінің  ерекшеліктері  туралы  мəлімет:
(Жұмысшыға 5 күндік  жұмыс  күні  белгіленеді; Толық  емес  жұмыс  күніне
көшіріледі; Жұмысшы  демалыс, мейрам  күндері  де  жұмысқа  шақырылуы
мүмкін).
13. Ақшалай берілетін сыйлық көлемі мен оны төлеу тəртібі туралы
мəлімет: (лауазымдық төлемақы; сағаттық төлемақы; үстеме төлемақы; мереке
күндері берілетін ақшалай сыйлық мөлшері т.б.).
14. Демалыс  алу  тəртібі  мен  оның  мерзімі  туралы  мəлімет: (Еңбек
демалысының  ұзақтығы; қосымша  алынатын  демалыс  ұзақтығы, оларды  алу
тəртібі; ақы  төленбейтін  демалыс  алу  тəртібі, жылына  бір  рет  ақылы  демалыс
беру т.б.).
15. Келісім  бойынша  жасалатын  басқа  да  жағдайлар  мен  шарттар:
(Жұмысшыға  жылына  бір  рет  жұмыс  киімі  мен  аяқ  киім  беріледі; баласына
балабақшадан орын беріледі т.б.).
16. Келісім  бойынша  атап  өтілетін  ерекше  жағдайлар: (Бұл  бөлікте
келісім  бұзылатын  немесе  қайта  қаралатын, күшін  жоятын  жағдайлар  сөз
болады).
17. Келісім  тоқтатылған  жағдай  атап  көрсетіледі: (Бір  жақ  келісім
мерзімінен бас тартқанда; өз міндетін үнемі орындамаса; кəсіпорын таратылған
жағдайда т.б.).
18. Екі жақтың мекен-жайы толық көрсетіледі.
19. Екі жақ қол қояды.
20. Шартқа қол қойылған күн толық жазылады.
21. Келісімге қосымша құжаттар болса, ол көрсетіледі.
201-тапсырма. Еңбек келісіміне берілген мəтіннің мазмұны бойынша
берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Еңбек  келісімі  қандай  мақсатта  жазылады? 2. Еңбек  келісімінде
жазылатын негізгі мəліметтер қандай? 3. Еңбек келісімін жасаушы екі жақтың
шартты атаулары қандай? 4. Еңбек келісімі қандай мерзімге жасалады? 5. Еңбек
келісімі  қандай  жағдайда  күшін  жояды? 6. Еңбек  келісімінің  жасалу  мерзімі
көрсетілуі қажет пе? 7. Жұмысшының міндеттерін атаңыздар. 8. Жұмыс беруші
неге міндетті?
202-тапсырма. Төмендегі  мəліметтерді  пайдалана  отырып, еңбек
келісімінің үлгісін жасаңыздар.


Сіз «Ақниет» ашық  акционерлік  қоғамына  менеджер  қызметіне
қабылданбақшысыз.
* «Ақниет» ашық акционерлік қоғамының төрайымы – Əбдісүлейменова
Раиса Шоғанбекқызы.
*  Сізге  60 000 теңге көлемінде еңбекақы белгіленді.
Келісім мерзімі – 1 жыл.
Сынақ мерзімі – 2 ай.
*Сіздің  міндеттеріңізге  коммерциялық  құпия  болып  табылатын
мəліметтердің  құпиялылығын  сақтау  жəне  мекеменің  ішкі  тəртіп  ережелерін
сақтау кіреді.
Жұмыс берушінің міндетіне сіздің кəсіби біліктілігіңізді арттыру  үшін
біліктілікті  арттыру  курстары  мен  семинарларға, тренингтерге  қатысуға
мүмкіндік жасау жəне оларға қатысты барлық шығынды мекеме есебінен төлеу
де кіреді.
Сіз  қажет  болған  жағдайда 10 жұмыс  күніне  дейін  ақы  төленбейтін
демалыс алуға құқылысыз.
Келісімде  көрсетілген  талаптарды  екі  жақ  тараптарының  бірі
орындамаған жағдайда еңбек келісімі мерзімінен бұрын бұзылады.
203-тапсырма. Мəтіннің  мазмұнына  берілген  сөз  тіркестерінің
аудармаларын есте сақтаңыздар.
қосымша кепілдіктер беру – предоставления дополнительных гарантии
демалыс беру тəртібі – порядок предоставления отпуска
еңбек демалысының ұзақтығы – продолжительность трудового отпуска
келісімнің шарттарын қайта қарау – пересмотр условий соглашение
келісімнің тоқтатылуы – расторжение соглашения
келісімнің сипаты – предмет соглашения
сынақ мерзімі – испытательный срок
келісімнің түрі – вид соглашения
204-тапсырма. Сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.
Келісімшарт  жасау, еңбек  келісімін  жасау, жұмыстың  сипаты, жұмыс
беруші, еңбекақы төлеу, келісімнің уақыты, еңбек туралы заң.
205-тапсырма. Бірінші  бағанадағы  сөйлемдерді  екінші  бағанадағы
аудармаларымен сəйкестендіріңіздер.
1. Жеке еңбек келісімі.
2. Міндеттер орындалмаған
    жағдайда.
3. Тараптардың міндеттері
     мен құқықтары.
4. ҚР-ның қазіргі қолданылып
    жүрген заңдарына сəйкес.
5. Еңбек тəртібін бұзған
1. Вслучае нарушения
    трудовой   дисциплины.
2. Индивидуальное трудовое
    соглашение.
3. В соответствии с ныне
    действующими законами
    РК.
4. Предмет договора.


    жағдайда.
6. Келісімшарт нысаны.
5. Обязанности и права
    сторон.
6. В случае не выполнения
    обязанностей.
206-тапсырма. Еңбек келісімінің үлгісімен танысыңыздар.
Еңбек келісімі    № 7
 Алматы  қаласы                                            15 қыркүйек 2002 жыл
Абай  атындағы  Алматы  Мемлекеттік  университеті  атынан  университет
ректоры  профессор  Қ.М. Сабырханов  бұдан  былай  қарай  келісімде «жұмыс
беруші» деп  аталады, екінші  жақтан  филология  факультетінің  аспиранты
Додаева  Күлпаш   Жанұзаққызы, бұдан  былай  қарай  келісімде «жұмысшы»
деп аталады.
Жұмысшы Додаева Күлпаш Жанұзаққызы қазіргі  қазақ  тілі кафедрасына
мұғалім болып қабылданады.
Бұл еңбек келісімі негізгі жұмыс келісімі.
Жұмысшы   уақытша  бос  тұрған  орынға  қабылданып  отырғандықтан,
келісім шектеулі мерзімге жасалады.
Келісім 2002 жылдың 15 қазанында  күшіне  енеді, 2003 жылдың 15
қазанында өз күшін жояды.
Жұмысшыға үш апта сынақ мерзімі  белгіленеді.
Жұмысшының міндеттері:
· өз міндеттерін мезгілінде жəне сапалы атқаруға;
· еңбек жəне өндірістік тəртіпті сақтауға;
· техника қауіпсіздігі талаптарын сақтауға;
· жұмысты сапалы жəне адал  орындауға;
· мемлекеттік құпияны жария етпеуге;
· ішкі еңбек тəртібіне  бағынуға міндетті.
Жұмыс берушінің міндеттері:
· жұмысшының  осы  келісім  бойынша   белгіленген  міндеттерін
атқаруы  үшін  қалыпты  еңбек  жағдайын  жасау; еңбекақысын  дер
кезінде төлеуге міндеттену;
· қазіргі  күші  бар  еңбек  заңдары  мен  жоғары  мектеп  нормативті
актілерінің орындалуын қамтамасыз ету;
Жұмысшыға  5 күндік жұмыс күні белгіленеді. Толық емес жұмыс күніне
көшіру  қосымша  өзара  келісім  негізінде  жүзеге  асырылады. Қазақстан
Республикасының  еңбек  туралы  заң  кодексіне  сəйкес  жұмысшы  өз  міндетін
атқаруға, демалыс, мейрам күндері де шақырылуы мүмкін.
Жұмысшы 
еңбегі 
үшін «Университет» білім 
беру 
жүйесі
қызметкерлеріне арналған бірыңғай тариф кестесі негізінде _________ разрядқа


жүктеу 5,06 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау