Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



жүктеу 23,57 Kb.
Pdf просмотр
бет19/35
Дата14.05.2018
өлшемі23,57 Kb.
#12467
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   35

56 
 
Бұл бағдарламаның ерекшелігі мен айырмашылығы – «Мектептің тұтас 
педагогтік  үдерісін  басқару»  тарауы  мектеп  (мұғалім)  басшысы  əрекетінің 
нысаны ретінде, қазақстандық ғалым Н.Д. Хмель əзірлеген, тұтас педагогтік 
үдеріс теориясына негізделген. 
Пререквизиттер:  Курсты  оқытудың  алдында  мына  пəндер  меңгерілуі 
тиіс:  «Педагогика»  «Қазақстан  тарихы»,  «Мəңгілік  Ел»,  «Оқушылар 
дамуының физиологиясы», «Өзін-өзі тану» жəне «Психология». 
Постреквизиттер:  «Білім  берудегі  менеджмент»  пəні  мына  пəндердің 
меңгерілуіне  негіз  болады:  «Тəрбие  жұмысының  теориясы  мен  əдістемесі», 
«Инклюзивті  білім»,  т.б.  таңдау  бойынша  əртүрлі  элективті  педагогикалық 
курстар, сондай-ақ оқу жəне өндірістік пен педагогикалық практика.  
 
Пəнніңтақырыптық жоспары 
 

Тақырып 
1-БӨЛІМ  БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ  
ТЕОРИЯЛЫҚ-ƏДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
1  Менеджмент басқару туралы ғылым  
2  Педагогикалық менеджмент педагогикалық жүйелерді басқару теориясы 
мен технологиялары ретінде 
3  Педагогикалық менеджменттің заңдылықтары 
4  Педагогикалық менеджменттің ұстанымдары 
5  Мектептегі жаңашылдықты басқару 
2-БӨЛІМ. МЕКТЕПТІҢ ТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮДЕРІСІН 
БАСҚАРУ 
1  Мектеп басқарудың педагогикалық жүйесі жəне нысаны ретінде  

Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін диагностикалау
 
3  Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін жоспарлау  

Мектептегі əдістемелік қызмет жəне мұғалімдерді аттестациялау  
5  Технологиялық тəсіл негізінде мектепті басқару 
БӨЛІМ 3. МЕКТЕПТІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҰЖЫМЫН БАСҚАРУ 
1  Педагогикалық ұжым басқарудың объектісі мен субъектісі ретінде  
2  Педагогикалық қарым-қатынас жəне басқару этикасы  
3  Мектепттің тұтас педагогикалық үдерісінде қақтығыстарды басқару.  
4  Білім беру менеджерінің көшбасшылығы жəне көшбасшылық қасиеті.  
 
Бағдарлама мазмұны  
 1-Бөлім. Білім берудегі менеджменттің теориялық-əдіснамалық 
негіздері 
 
1-тақырып. Менеджмент басқару туралы ғылым 
Менеджмент  кəсіби  қызметтің  ерекше  түрі  ретінде.  Басқару  туралы 
ғылымның  дамуы,  басқару  ой-пікірінің  эволюциясы:  менеджменттің 


57 
 
шетелдік теориялары мен тұжырымдамалары. Ф. Тейлордың ғылыми басқару 
мектебіне, А.Файолдің əкімшілік басқару мектебіне,  Э.Мэйо, А. Маслоудың 
адами  қарым-қатынас  мектебіне,  Ф.Герцбергтің  екіфакторлы  модель 
мектебіне  қысқаша  сипаттама  беру.  Врумның  күту  теориясы.  Портера-
Лоулердің  сандық  тəсілі.  Д.Мак  Клелландтің  теориясы.  Д.Мак-Грегордің 
адами  қарым-қатынас  теориясы.  Қазіргі  менеджменттің  мəні  мен  өзіне  тəн 
сипаты.  Менеджменттің  американдық,  жапондық  жəне  батыс  еуропалық 
типтеріне ортақ жəне өзіндік ерекше белгілері. 
 
Негізгі 
түсініктер: 
басқару, 
менеджмент, 
теориялар 
мен 
тұжырымдамалар, қазіргі менеджмент, менеджмент қызметтері
 
2-тақырып. Педагогикалық менеджмент педагогикалық жүйелерді 
басқарудың теориясы жəне технологиясы ретінде. Білім берудегі басқару 
түсінігі.  Педагогикалық  менеджменттің  басқару  қызметінің  айрықша  түрі 
ретіндегі  мəні  мен  ерекшеліктері.  Педагогикалық  менеджмент  теориясының   
негізгі  түсініктері.  Педагогикалық  менеджмент  мақсаттары  мен  міндеттері. 
Педагогикалық  менеджмент  əдістері.  Педагогикалық  менеджменттің  жүйе 
құраушы  факторлары.  Мектепті  басқарудағы  əдіснамалық  тəсілдер  (жүйелі, 
гуманитарлы, 
құзыретті, 
адамға 
бағытталған 
т.б.). 
Педагогикалық 
менеджмент  сапасының  талаптары.  Білім  сапасы  ғылыми  басқарудың 
мақсаты  мен  нəтижесі  ретінде.  Жүйені  басқарудың  мемлекеттік-қоғамдық 
сипаты.   
 
Негізгі  түсініктер:  білім  беруді  басқару,  педагогикалық  менеджмент, 
білім  берудің  сапасы,  жүйе  құраушы  факторлар,  мемлекеттік-қоғамдық 
басқару. 
 
3-тақырып. 
Педагогикалық 
менеджменттің 
заңдылықтары. 
Мектепішілік  менеджменттің  жетекші  заңдылықтары.  Оқу-тəрбие  жұмысын 
басқару  жүйесі  қызметі  тиімділігінің  басқарудың  субъектісі  мен  объектісі 
арасындағы құрылымдық-қызметтік байланыстар деңгейіне тəуелділігі. Оқу-
тəрбие жұмысын басқару мазмұны мен əдістерінің мектептегі педагогикалық 
үдеріс  мазмұнының  сипаты  мен  оны  ұйымдастыру  əдістеріне  шарттылығы. 
Басқарудың талдау жасау, мақсаттылық, гуманистілік, демократтылығы жəне 
мектеп басшыларының басқару қызметінің əр түрлеріне əзірлігі.     
Негізгі 
түсініктер:заңдылықтар, 
педагогикалық 
менеджмент 
заңдылықтары. 
 
4-тақырып. Педагогикалық менеджменттің ұстанымдары. 
Басқару  ұстанымдары  басқару  заңдылығының  нақты  көрінісі  мен  бейнесі 
ретінде.  Педагогикалық  жүйелерді  басқарудың  демократизациялау  мен 
гуманизациялау  ұстанымы.  Өкілеттіктерді  табыстау.  Мектепті  басқарудағы 
жүйелілік  пен  тұтастық.  Орталықтандыру  мен  жекеленуді  саналы  түрде 
үйлестіру. Жеке басқару мен ұжымды басқарудың бірлігі.  
Негізгі  түсініктер:  ұстаным,  басқару  ұстанымдары,  педагогикалық 
менеджмент ұстанымдары 


58 
 
5- тақырып. Мектептегі жаңашылдықты басқару 
Мектептегі  жаңалық  жəне  жаңашылдық  үдерісі.  Қазіргі  мектептегі  
жаңашылдық  үдеріспен  басқарудың  ерекшеліктері.  Педагогикалық  іс-
əрекеттің 
жаңашылдық 
бағыттары: 
басқарудың 
заңдылықтары 
мен 
қағидалары.  Жаңалық,  жаңашылдық  жəне  жаңалықты  ендіру:  дамудың 
ерекшеліктері  мен  кезеңдері.  Жаңалықты  басқарудағы  тиімді  технологиялар 
(модерация, жобалау жəне т.б.) 
Жаңа  үдерістерді  басқару  барысындағы  оқушылар  мен  педагогтардың 
тұлғалық өзін-өзі анықтауы. Жаңа үдерістерді басқару барысындағы алқалық 
қағидасы. Жаңа үдерістердің нəтижесін болжау жəне бақылау. 
Негізгі 
түсініктер: 
жаңалық, 
мектептегі 
жаңа 
үдерістер, 
жаңашылдықпен  басқару  технологиясы,  мектептің  жаңашыл  іс-əрекеті, 
тұлғалық өзін-өзі анықтау. 
 
2- Бөлім. Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін басқару 
 
1-тақырып.  Мектеп  басқарудың  педагогикалық  жүйесі  жəне 
нысаны ретінде    
«Жүйе»  түсінігінің  анықтамасы  жəне  оның  негізгі  қасиеттеріне  сипаттама 
(тұтастық  жəне  бөлінушілік, 
тұрақты  қарым-қатынас  болуы, 
пайда 
(эмерджентность),  синергетикалылық,  мультипликативтік)

Педагогикалық 
жүйенің  құрамдары.  Педагогикалық  іс-əрекеттің  мақсаты  (түлектің  мінсіз 
бейнесі)  жүйеқұраушы    құрылым  ретінде.  Басқару  жүйесі,  оның 
педагогикалық  іс-əрекетке,  байланыс  жəне  қарым-қатынасқа  бағыттылығы. 
Əдістемелік жүйе, оның құрылысы, негізгі құрастырушылардың анықтамасы. 
Əдістемелік  жүйенің  мақсаты.  Педагогикалық  үдеріс.  Педагогикалық 
үдерісті  ұйымдастыруформасы  жəне  құралдары,  əдістері  мен  білім  беру 
мазмұны.  Мəдени-білім  беру  ортасы.  Педагогикалық  үдерісті    ұйымдастыру 
технологиясы. Педагогикалық жүйенің жалпы белгілері. 
 
 Негізгі  түсініктер:   жүйе, педагогикалық жүйе, əдістемелік жүйе.  
  
2-тақырып. 
Мектептің 
тұтас 
педагогикалық 
үдерісін 
диагностикалау 
 "Диагностика"  ұғымының  мəні.  Педагогикалық  диагностика  түсінігі. 
Тұтас педагогикалық үдерістің диагностикасы. 
ТПҰ  -  ның  жұмыс  істеу  əр  түрлі  кезеңдеріндегі  жай-күйі  туралы 
ақпарат - диагностиканың негізі. 
ТПҰ  -  ның  əр  түрлі  кезеңдеріндегі  жай-күйі  туралы  ақпарат  түрлері: 
бастапқы, тактикалық, оперативтік. 
Педагогикалық  үдерістің  негізгі  сипаттамалары  (ауыспалы,  үлгерім 
сапасы,  балалар  ұжымының  қалыптасу  деңгейі,  оқушылардың  əлеуметтік 
белсенділігінің  деңгейі  жəне  т.  б.)  жəне  олардың  көрсеткіштері.  ТПҰ  -  ның 


жүктеу 23,57 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   35




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау