70
Алғы сөз
1. Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы ҚР БҒМ жоғары жəне жоғары оқу
орнынан кейінгі білім берудің РОƏК «Білім» тобы мамандықтары бойынша
Оқу-əдістемелік бірлестігінде ДАЙЫНДАЛҒАН жəне ҰСЫНЫЛҒАН
2.
Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігімен
БЕКІТІЛГЕН
жəне ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН
3. Типтік оқу бағдарлама 2016 жылғы ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім
беру стандартына сəйкес дайындалған. (Типтік оқу бағдарлама ҚР БҒМ
30.06.2016 ж., № 2 хаттамасымен бекітілген)
4. Пікір берушілер:
Низамова М.Н. – п. ғ. к., доцент, Алматы Мемлекеттік технологиялық
университеті
Жұмабаева Ə.Е. – п. ғ. д., профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
5.
ҚР
БҒМ
Републикалық
Оқу-əдістемелік
Кеңесі
мəжілісінде
ҚАРАСТЫРЫЛҒАН
30.06.2016
ж., Хаттама №
2
.
Осы типтік бағдарламаны Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы ҚР БҒМ РОƏК «Білім»
тобындағы мамандықтары бойынша ОƏБ рұқсатынсыз көбейтуге жəне таратуға болмайды.
71
Түсінік хат
«Математиканы оқыту əдістемесі» пəні 5В010200-Бастауышта оқыту
педагогикасы мен əдістемесі мамандығы бойынша ТОЖ сəйкес міндетті
компоненттің кəсіптік пəндер блогына енеді.
Пəннің негізгі қызметі мектеп мұғалімінің кіші жастағы оқушыларға
математиканы оқытудың ғылыми негіздері бойынша кəсіби-теориялық
дайындығының
қазіргі
қоғамның
əлеуметтік
сұранысын
қанағаттандыратындай сапалық деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған.
Аталмыш пəнді оқып үйрену барысында болашақ бастауыш сыныптар
мұғалімдері əдістеменің негіздері жайлы теориялық біліммен қаруланады,
кіші жастағы мектеп оқушыларына математиканы оқыту технологиясының əр
түрлерін жүзеге асыруға арналған база жасалады жəне оларды практика
жүзінде қолданудың тəжірибесін игереді.
Пəннің пререквизиттері: Математиканы оқыту əдістемесіпəнін игеру
үшін«Педагогика», «Психология», «Математика негіздері», «Критериалды
оқыту технологиясы», «Кіші мектеп жасындағы оқушылардың даму
физиологиясы» пəндерін оқып үйрену барысында қалыптасатын білім, білік
жəне іс-əрекет түрлерін қолданады.
Пəннің постреквизиттері: «Математиканы оқыту əдістемесі» пəні осы
пəнмен байланысты таңдау пəндерін ілгеріде оқыту, педагогикалық
практиканы ұйымдастыру мен өткізу кезінде практикалық біліктер мен
дағдыларды игеру үшін қажет болатын ғылыми-əдістемелік жəне кəсіби-
технологиялық негіз болып табылады.
Пəні оқытып-үйретудің нəтижесі практиканы өткізуге, диплом жұмысын
жазуға дайындауға технологиялық база болып табылады.
Пəннің тақырыптық жоспары
1. «Математиканы оқыту əдістемесі»- ғылым жəне оқу пəні
2. Бастауыш мектептегі математиканың ғылыми-əдістемелік негізі
ретіндегі пəннің сипаттамасы
3. Бастауыш сыныптарда математиканы оқытуды ұйымдастыру
4. Математиканың мазмұндық-əдістемелік желілерінің ұғымдары мен
əрекет тəсілдерін оқытудың технологиясы
ПƏННІҢ МАЗМҰНЫ
Кіріспе
Пəннің мақсаты студенттерде кіші жастағы мектеп оқушыларына
математиканы оқыту барысында туындайтын оқу-тəрбиелік міндеттерді кəсіби
деңгейде шешу үшін қажет болатын құзырлылықпен қаруландыру болып
табылады.
Пəннің негізгі міндеттері:
- кəсіби іс-əрекетке қажет болатын құзыреттіліктерді қалыптастыруға
себепкер болу;
72
- кіші жастағы оқушыларға математиканы оқыту барысын жоспарлау,
оны жүзеге асыру, басқару жəне рефлексиядағы білім, білік жəне дағдыларды
біріктіретін пəндік құзыреттіліктерді қалыптастыру;
- диагностикалық жəне зерттеу əрекеттерін жобалау жəне жүзеге
асыру технологиясын игеруге себепкер болу болып табылады.
Пəннің
нысаны–
бастауыш
сыныптар
мұғалімінің
жоғары
педагогикалық
кəсіби
білім беру
құрамдасы ретіндегі
əдістемелік-
математикалық білім.
Пəні – кіші мектеп жасындағы оқушыларға математиканы оқытудың
теориялық негіздері бойынша болашақ бастауыш сыныптар мұғалімдерінің
кəсіби-теориялық
жəне
технологиялық,
пəндік
құзыреттіліктерін
қалыптастыру барысы.
Пəнді оқытып-үйрету əдістері – əр түрлі түпнұсқалардан, оның ішінде
сабақтарға қатысу, СОӨЖ бен СӨЖ-ді орындау барысында ақпарат алу;
ғылыми-педагогикалық жəне арнайы əдебиеттермен жұмыс істеу; бақылау мен
педагогикалық
экспериментті
ұйымдастыру
жəне
жүргізу;
озық
педагогикалық тəжірибені оқып-үйрену жəне жалпылау; əңгіме, сауалнама
жүргізу; тестілеу жəне т.б.
Пəнді игеру нəтижелеріне қойылатын талаптар:
Пəнді оқыту барысы:
• оқу пəні ретіндегі математиканың нормативтік-құқықтық жəне
мазмұндық-процессуалдық
сипаттамасының
ғылыми-əдістемелік
негізі
жайлы;
• бастауыш математикалық білімнің ерекшелігі мен кіші жастағы мектеп
оқушыларына математиканы оқытудың мақсаты, міндеттері, мазмұны,
құралдары, ұйымдастыру формаларын қалыптастыруды негіздеу, мазмұндық
жəне мазмұндық-əдістемелік желілерін құру ұстанымдары жайлы;
•
əдістемелік жүйенің əр нұсқадағы модельдері түрлі ғылыми идеялар
мен ҚР, жақын жəне алыс шетелдердегі бастауыш сыныптарда математиканы
оқытудың дəстүрлі жəне инновациялық технологияларының мақсатты
бағдары, тұжырымдық қағидалары, мазмұны мен əдістемесінің ерекшеліктері
жайлы;
•
ұғымдар мен əрекет тəсілдері жүйесінің сипаттамасы, математиканың
мазмұндық-əдістемелік желілері материалдарын оқытудың жалпы мəселелері
жайлы;
•
математика сабақтары мен сыныптан тыс жұмыстарда оқу үдерісін
ұйымдастырумен байланысты дидактикалық біліктердің жиынтығы негіздері
жайлы;
•
бастауыш сынып мұғалімінің тəрбиелік, дамытушылық жəне білімділік
функциялары жайлы;
• оқу-танымдық əрекетті ұйымдастырудың əдістері мен тəсілдерінің,
құралдары мен формаларының, технологиялардың. сабақтағы жəне сыныптан
тыс жұмыстарда балалардың математикалық даму жұмыстарының əр түрлі
формаларының ғылыми-əдістемелік негіздері, тұжырымдық қағидалар, ҚР,