75
•
мазмұндық жəне мазмұндық-əдістемелік желілерін құру ұстанымдарын,
олардың жүйесін құрайтын ұғымдар мен əрекет тəсілдері жүйесінің
сипаттамасын, сəйкес материалдарды оқытудың жалпы мəселелерін;
•
бастауыш мектеп мұғалімінің қызметін, диагностиканың əдістері мен
құралдарын, оқу жетістіктері мен математикалық дамуды, балаларды
оқытудың білімдік, құзыреттілік нəтижелерін бағалау жүйесін, педагогикалық
тəжірибені зерттеу əдістерін жəне əдістемелік зерттеулер жүргізуді;
•
бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың дəстүрлі жəне
инновациялық əр түрлі технологияларының тұжырымдық қағидалары,
мазмұны мен əдістемесінің ерекшеліктері жайлы;
•
құзыреттілік,
функционалды
сауаттылық,
интеллектуалды
даму
қалыптастыруға бағытталған ҚР кіші жастағы мектеп оқушыларына
математиканы оқыту технологияларын;
•
балама оқулықтардың құрылымы мен мазмұнын жəне ОƏК құрамына
енетін құралдардың қызметін.
меңгеруі тиіс:
•
мақсаттық бағдар, тұжырымдық қағидалар, бастауыш оқытудың əр түрлі
технологияларының мазмұны мен əдістемесі жайлы білімді;
•
кіші мектеп жасындағы оқушылардың танымдық іс-əрекетін жоспарлау,
жүзеге
асыру,
басқару
мен
білім
алушылардың
құзыреттіліктерін
қалыптастыруға мүмкіндік беретін даму ортасын жасау технологияларын;
•
математика сабағы мен сыныптан тыс жұмыстарды жоспарлау, өткізу
жəне талдау технологиясы мен əдістемесін;
•
пəндік жəне кіріктірілген құзыреттіліктерді қалыптастыруға арналған
сабақта кіші жастағы мектеп оқушыларының іс-əрекетін жоспарлау мен өткізу
технологиясын;
•
математиканың мазмұндық-əдістемелік желілердің ұғымдары мен əрекет
тəсілдерін оқыту технологиясын.
білігі болуы тиіс:
•
бастауыш білім беру бойынша нормативтік-құқықтық құжаттар туралы
білімді кəсіби іс-əрекетте қолдана алу;
•
математикалық білім берудің деңгейлері арасындағы перспективтік жəне
сабақтастық байланыстарды жүзеге асыру құралдарын кəсіби іс-əрекетте
қолдана алу;
•
мазмұндық-технологиялық
желілер
материалдарын
оқытудың
ұсынылған технологиясы бойынша сабақтарды жоспарлау жəне өткізу;
•
математикадан сыныптан тыс жұмыстардың əр түрлерін жоспарлау жəне
өткізе алу;
•
математикалық
даму,
балалардың
білімдік
жəне
құзыреттілік
жетістіктері диагностикасын жоспарлау жəне өткізе алу;
•
педагогикалық тəжірибені зерттеуді жоспарлай жəне өткізе алу, курс
жəне диплом жұмыстары тақырыптары бойынша əдістемелік зерттеулер
жүргізе алу.
76
Математиканы оқыту əдістемесі бойынша бастауыш мектеп мұғалімінің
дайындығын қамтамасыз ететін оқу пəні, тіпті əдістемелік ғылым да ұзақ
уақыт қалыптасты жəне дамыды. Əдістемелік ғылымның математиканы оқыту
əдістемесінің теориялық негіздері мəселелерін дайындау бағытында жұмысты
жалғастырып жатқан жəне соған сəйкес оқу пəнінде көрініс табатын жақын
жəне алыс шетелдердің педагогтарының кешегі жəне бүгінгі ғылыми
ізденістерінің нəтижелеріне сүйенетіні белгілі.
Ғылым ретінде Қазақстан Республикасындағы басқа да əлемдегі
елдердегі сияқты бастауыш білім беру аймағындағы математика əдістемесінің
қалыптасу жəне даму кезеңдері білім берудің барлық деңгейлері, соның ішінде
бастауыш деңгейдегі де реформалаумен тығыз байланысты.
Бірінші кезең арифметика əдістемесі мəселелерін дайындаумен
сипатталады. ХХ-ғасырдың 70-жылдарына дейін оқытылған арифметика
курсы өзіне алгебра жəне геометрия элементтерін біріктіре отырып, бастауыш
мектепке кіріктірілген «Математика» оқу пəнінің ендірілуімен байланысты.
Математиканың əдістемесіне ХХ-ғасырдың 80-90 жылдары математиканы
оқыту үдерісіне дамыта оқыту теориясының (Занков Л.В., Давыдов В.В.,
Эльконин Д.Б), білімнің дидактикалық бірліктерін ірілендіру теориясының
(Эрдниев П.М) енгізілуіне орай елеулі өзгерістер болды. Үшінші кезең (ХХ ғ.
90-жылдарынан осы кезеңге дейін) қазақстандық бастауыш білім берудің
мемлекеттік стандарты мен математикадан бастауыш мектепке арналған жаңа
оқу-əдістемелік кешеннің (Оспанов Т.Қ. жəне т.б.) ендірілуімен жəне кіші
мектеп жасындағы оқушыларға математиканы оқыту технологиясының
оқытудың нəтижесіне жəне білім алушының ақыл-ойын дамытуға бағытталған
жаңа, қазақстандық моделінің жасалуымен байланысты.
Төртінші кезең қазіргі таңда Т.Қ.Оспанов, Ə.Б.Ақпаева, Л.А.Лебедева,
Ж.Қ.Астамбаева, Т.П.Кучер, т.б. балама оқу-əдістемелік кешендерінің
дайындалып, бастауыш мектептер тəжірибесіне ендірілуімен байланысты.
Бесінші кезең жаңартылған білім беру аясында бастауыш сыныптарға
арналған жаңа ОƏК мен бағдарламалардың енгізілуімен, НЗМ-ніңЖакупова
Г.Ш, Орехова Н.В., Лебедева Н.В. жəне т.б. авторлары дайындаған базалық
оқулықтың пайда болуымен байланысты.
Жоғарыда аталған əрбір кезеңде мақсаты мен міндеттерін анықтаумен,
мазмұнын іріктеу жəне құрумен, кіші жастағы мектеп оқушыларын оқыту мен
тəрбиелеудің
сапалық
жəне
нұсқалық-бағыттылық
аспектілерін
тағайындаумен байланысты əдістеменің негізі болып табылатын болашақ
бастауыш сынып мұғалімдерін дайындауда білім берудің əдістемелік мазмұны
алдыңғы қатарлы идеялар мен инновациялық тұжырымдық қағидалар
негізінде құрылды. Сонымен бірге, пəнді əр түрлі атаулар (арифметика
əдістемесі, математика əдістемесі, математика педагогикасы, математиканы
оқыту əдістемесі, математиканы оқыту теориясы мен технологиясы,
математика əдістері) арқылы оқыту барысында алдымен арифметиканы, содан
соң математиканы оқыту əдістері əдістеменің теориялық негіздерін оқыту