ҚОРЫТЫНДЫ
Курстық жұмысымның тақырыбы: «Ынтымақтастық педагогика». Жұмысымды қорыта келгенде бірінші бөлімге педагогикаға анықтама беріп, екінші бөлімде тақырыбымды толықтай ашып жаздым. Адамгершілік және ынтамақтастық бала өмірінде үлкен орын алады. Сондықтан мұғалім ең алдымен баланың дамуы, келешегі жайлы қамқорлық жасайды. Өйткені олардың өмірге бейімделуі, өмір тәрбиесіне үйрену мектептен басталады. Мәне, осы тұрғыдан қарасақ, ынтамақтастық педагогикасы – құлық педагогикасы – даму педагогикасы. Іс жүзінде бұлардың үшеуінде, біртекті құбылыс, мұғалімдер мен тәрбиешілердің әрекет ету тәсілдері, олардың балалармен қарым – қатынасы, істегі ынтымақтастығы.
Кейбіреулер, ынтымақтастық педагогиканың осы заман педагогикасынан айырмашылығы бар ма деп сұрақ қояды. Бұл сұраққа мағыналы жауап беру қиынырақ секілді. Бірақ екеуіне анықтама берсек артық болмайды. Осы заман педагогикасы - бұл тұлғаның жеке ұжымның тәрбие және өзін өзі тәрбиелеу процестерінің диалектикасы туралы ғылым. Ынтымақтастық педагогика – бұл тәрбие мен өзін өзі тәрбиелеудің, мұғалім мен балалардың шығармашылық еңбегінің диалектикалық бірлігі емес пе? Мектепке, жоғары оқу орнына жаңа кадрларды дайындауда қоғамның әлеуметтік тапсырмасын орындау үшін ынтымақтастық педагогика керек. Бұл педагогика жас мұғалімнің ғылыми педагогикалық теориясы мен озат педагогикалық тәжірибенің нәтижесімен қарулануына мүмкіндік береді. Сонымен бірге, ізгілендіру, гуманитарландыру жағдайында тұтас педагогикалық процесте жаңа иедяларды пайдаланудың жолдарын қарастырады. Мұғалімдердің ынтымақтастығы: экспериментшіл мұғалімдердің әрқайсысының педагогикалық стажы 25 тен 40 жылға дейін. Олар әртүрлі мектеп ұжымдарында балалармен жұмыс істеген, талай мұғалімдер және директорлармен істес болған. Жаңашыл мұғалімдер, мүмкін ынтымақтастық педагогика өте күрделі, оны оқыту және тәрбиесінде қолдануға болмайтын шығар дейді. Шынында, олардың тәжірибесі бойынша кез келген мұғалімнің ынтымақтастық педагогиканың принциптерін іске асыруы мүмкін емес. Әрине, кімде кім жаңа педагогиканы ақылға салып ойластырса, ол өз жұмысының жақсара бастағанын байқайды. Өйткені ынтымақтастық педагогика үшін айрықша жағдайдың керегі жоқ, әдеттегі оқу бағдарлама және оқулықтар бойынша әрбір мұғалім өзінің сыныбында, әрбір директор өзінің мектебінде қайта құру кезеңінде мәселелерді зерттеумен айналысады. Мұғалімнің де және баланың да беделі, іс-әрекеттеріндегі жетістектерді экспериментшіл-мұғалімдердің жаңа идеяларына соның ішінде өзін-өзі құрметтеу идеясына байланысты. Баланың абыройы, мұғалімнің абыройы – бұл сөсіз тұлғаны демократияландырудың құрамды бөлігі. Баланы құрметтеу мен бірге өзін-өзі құрметтей біледі. Реализм идеясы, яғни тәрбиенің шынайы мақсаты – адамды қабілетіне және дарындылығына сүйеніп, жан-жақты дамыту. Шынайы мақсатының жетістік құралы – мәдениеттің базалық негізін игеру. Осыдан тұлғаның "базалық мәдениеті" тәрбие мазмұны деген ұғым туады. Базалық мәдениет – бұл өмірге өз бағдарын өзі шешу мәдениеті, экономикалық және еңбек мәдениеті, саяси демократиялық және құқықтық мәдениет, адамгершілік және экологиялық мәдениеті, көркем және дене шынықтыру мәдениеті, үйелмендік қатынас мәдениеті. Жаңа педагогиканың идеяларын кең түрде тарату керек. Сыныпта балаларды бір біріне қарама қарсы қоюға болмайды, сол сияқты мұндай жағдайларды мұғалімдер арасында да болдырмау керек.
Өзін-өзі реттеу идеясы. Әдебиет беттерінде өзін-өзі ретттеу мен өзін-өзі тәрбиелеу бір мағынаны білдіреді деп түсінушілер де өзін-өзі тәрбиелеу бір мағынаны білдіреді деп түсінушілер де бар. Шынында, өзін-өзі тәрбиелеу өзін-өзі реттеу дәл мағынасында өзін-өзі тәрбиелеу өзін-өзі реттеуге негізделеді. Ал өзін-өзі реттеу дәл мағынасында өзін-өзі тәрбиелеу емес. Өзін-өзі тәрбилеу – бұл тұлғаның өзін-өзі реттеуде сыртқы ортаға, өз міндетттеріне саналы қатынасы және келешегіне көз жіберіп, талаптануының негізінде пайда болған қажеттілік.
Сонымен, қайта құру жағдайында әрбір мұғалімнің жаңа идеялармен, оқыту мен тәрбиенің озат теориясы және практикасымен қарулануы тұлғаның сапасын жобалай және анықтай білуге мүмкіндік береді. Осының негізінде мұғалім баланың бойына жақсы қасиеттерді игертеді, дүниеге көзқарасын, мінезқұлықтың нормасын қалыптастырады, болашақ өмірге, еңбекке, мамандықты саналы түрде таңдап ала білуге даярлайды.
Достарыңызбен бөлісу: |