Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы



жүктеу 181,92 Kb.
бет5/10
Дата17.01.2023
өлшемі181,92 Kb.
#40949
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
ББ АК

1.3. «Бірлескен іс-әрекет» түсінігінің жалпы сипаттамасы
Бірлескен іс-әрекет біздің түсінігімізше, бір жағынан, ғылыми білімнің категориясы, адамдардың қоғамдық-тарихи болмысының спецификалық формасы, басқа жағынан, олардың бар болуы мен дамуының әдісі, табиғатты және әлеуметтік мақсатты бағытталған түрлендірілуі арқылы түсіндіріледі. Табиғат заңдарына қарағанда әлеуметтік заңдар ақиқаттың жаңа формалары мен қасиеттерін құрып, қандай да бір бастапқы материалды өнімге айналдыратын тек адам іс-әрекеті арқылы табылып жатады. Субъектпен орындалатын кез келген іс-әрекет мақсат, түрлендіру үрдісінің өзі және оның нәтижесін қамтиды (6-сұлбаны қараңыз). Болмыстың бір түрі мен адамның өмір сүру әдісі ретінде іс-әрекет:
- адам өмірінің материалдық жағдайларын құру, адамның табиғи қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыздандырады;
- адамның рухани дүниесінің даму факторы, оның мәдени қажеттіліктерінің жүзеге асырылуының шарты мен формасы болып табылады;
- адамның өзінің тұлғалық потенциалының жүзеге асырылуының, өмірлік мақсаттарға, табыстарға қол жеткізу саласы болып табылады;
- адамның қоғамдық қарым-қатынастар жүйесінде өзін өзі табу үшін, өзінің әлеуметтік қызығушылықтарын жүзеге асыру үшін жағдайлар жасайды;
- ғылыми таным, өзін өзі тану мен өзін өзі дамыту критериі мен көзі болып табылады;
- қоршаған әлемді тану мен түрлендіруді қамтамасыздандырады (Смирнов В. И. Общая педагогика в тезисах, дефинициях, иллюстрациях. М., 1999. С.165).
Іс-әрекеттің маңызды сипаттамалары болып табылатындар:
пәнділік – ол іс-әрекет үрдісі кезінде түрлендірілетін объективті дүниенің қасиеттері мен қатынастарына бағынады (Давыдов В. В. Деятельность: теория, методолгии, проблемы. М. 1990. С.151);
әлеуметтілік– адам іс-әрекеті әрқашан өзінің өнімімен, ақпаратпен алмасуға, жеке мақсаттар мен жоспарларды үйлестіруге, өзара түсіністікке жетелейтін қоғамдық сипатта жүреді.
саналылық– іс-әрекетті ұйымдастыру мен жүзеге асыру кезінде сана әртүрлі функцияларды орындайды: ақпараттық, бағытталған, мақсаттылық, мотивті-түрткішіл, реттеушілік және бақылаушыл (Буева Л. П. Человек, деятельность и общение. М., 1978. С. 103-104).
Іс-әрекеттің нәтижелері оңай аңғарылады және сапалы-сандық көрсеткіштерде көрсетілуі мүмкін. Қажеттілік – аса қажеттіліктен және оны жүзеге асыру мен дамыту үшін қажет объекттер мен әрекеттерде туындайтын адамның күйі, сондай-ақ оның белсенділігінің көзі болып келетін, танымдық үрдістерді, қиял мен жүріс-тұрысты ұйымдастырады және бағыттайды. Мотив – қажеттілікті қанағаттандыруға байланысты іс-әрекетке түрткі болу; әрекеттер мен қылықтардың таңдауы түсіндірілетін сезінімді себеп; әрекеттерді таңдауға түрткі болатын зат(материалды немесе идеалды). Мақсат – күтілетін нәтиженің сезінімді бейнесі, адамның іс-әрекеті соған қол жеткізуге бағытталған. Есеп – қандай да бір жағдайларда берілген және осы жағдайлардың түрлендірілуі кезінде орындалатын іс-әрекет мақсаты (Леонтьев А. Н. Избранные психологические произведения: в 2-х т. М., 1983. Т. 2. С. 156). Әрекет – іс-әрекет бірлігі, сезінімді мақсатқа жетуге бағытталған кездейсоқ, қасақана белсенділік (Словарь практического психолога/ Сост. С. Ю. Головин. Минск, 1997. С. 120). Операция – берілген жағдай шарттарымен анықталатын әрекетті жүзеге асыру әдісі.
Іс-әрекетке адам қажеттіліктерін қанағаттандыратын санасында сәйкес объекттер мен әрекеттер түрінде келетін әртүрлі қажеттіліктермен жетеленеді. Іс-әрекеттің мотивация сипатына орындалуындағы табандылығы, яғни мақсатқа жетудегі табысы да тәуелді. Іс-әрекеттің мотивтері мен мақсаттары адам өмірінің қоғамдық шарттарына және оның жеке дамуының деңгейіне тәуелді. Іс-әрекеттің жеке дамуындағы маңызды рөл индивидтің қоғамдық тәжірибені меңгеру ойнайды. Іс-әрекет бірқатар ішкі, бір бірімен байланысқан әрекеттер арқылы жүзеге асып, біршама автоматтандырылған компоненттерден құрылған. Алайда жалпы алғанда әрбір іс-әрекет сезінімді, мақсатты бағытталған сипатта болады. Сезінімді мақсат заң сияқты адам әрекеттерінің әдісі мен сипатын анықтайды (К.Маркс). Ол күтілетін нәтижені алуда кездестірілетін кедергілерді белсенді түрде жеңуге жетелейді. Адамның іс-әрекетінің негізгі түрі болып оның физикалық және ой еңбегі табылады. Физикалық өнімділік еңбек қоғам мен оның әрбір мүшесінің өмір сүруі үшін қажет материалдық құндылықтарға бағытталған. Ой еңбегі ақиқатты үйренуге, ғылыми теориялар, әдеби, көркем және басқа да рухани құндылықтарды құруға бағытталған.
Білім беру жүйесінің құрылымын жетілдіру, біртұтас үздіксіз, үзіліссіз білім берудің бірыңғай жүйесін қалыптастыру және оны кешенді дамытып отыру.
Ғылыми техникалық прогрестің қазіргі заманғы даму дәрежесіне сәйкес ғылыми білім негіздерін оқытуда саяси мәдениеттілік деңгейін көтеру. Оқыту мен білім берудің, тәрбенің сапасын түбегейлі жақсарту. Арнайы ұйымдастырылған тәрбие жағдайындағы жеке тұлғаның даму және қалыптасу заңдылықтары мен мәнін зерттеу. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына сәйкес оқыту мақсаты мен білім мазмұнын жетілдіру, сапалы төл оқулықтар шығару. Жеке тұлғаның қалыптасу заңдылығын зерттеп, оқушылардың танымдық, өзіндік жұмысымен өзін өзі басқару қызметін жақсарту. Озат тәжірибені, педагогика жетістіктерін іс тәжірибеге енгізу үшін ғылыми негізделген жүйе құру. Оқу мен тәрбие процестерін ұйымдастыру мен жетілдіру туралы әдістемелік нұсқаулар құрастыру. Психология, педагогика ғылымдарының теориялық, практикалық негізін игеру арқылы студент жастарды ұстаздық қызметтің өзіндік ерекшелігімен таныстыру, ұстаздық шеберлігін жетілдіру. Педагогикалық ұғымдармен, педагогика ғылымының негізімен таныстырып олардың бойында азаматтық қасиеттерімен ұстаздық сапаларды қалыптастыру, білім тәрбие беру жұмысына даярлау. Болашақ мұғалімдерді негізгі педагогикалық мәселелердің, проблемалардың шеңберіне енгізу, педагогикалық дүниетанымын, өскелең ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеу, оқыту мен дамыту процестерінің қиын да қызық, күрделі де қарама қайшы құбылыстарына көзқарасын, педагогикалық сенімі мен қызығушылығын қалыптастыру, өз білімдерін жетілдіріп оқыту, озат педагогикалық тәжірибені игеру құштарлығын қалыптастыру. Педагогикалық заңдылық: Педагогикалық заң – педагогикалық құбылыстардың дамуына, жағдай туғызатын олардың объективті негізгі, маңызды тұрақты байланыстары. Педагогикалық зерттеулер қоғамдық дамудың жаңа дәуіріндегі тәрбие, білім беру мәселесі, және адамның жеке тұлға болып қалыптасуы, педагогиканың өз ішіндегі проблемаларымен байланысты қарастырылады. Педагогикалық зерттеу әдістері – педагогикалық құбылыстар мен шешімдердің, әртүрлі ғылыми проблемалардың оқу – тәрбиелік сипатын айқындауға бағытталған тәсілдер мен амалдардың белгілі бір жиынтығы. Белгілі бір ғылыми ақпаратты пайдалана отырып, педагогикалық процесті жетілдіру жолдарын саналы, мақсатты іздестіру.
Педагогикалық құбылыстарды жан-жақты білуге және түрлі ғылыми – педагогикалық мәселелерді шешуге бағытталған тәсілдердің және амалдардың жиынтығы. Тәрбиенің, білім беру мен оқытудың сан саласын зерттеуге көмегін тигізетін тәсілдер. Зерттеу әдістері – (методтары) – болжамды гипотезаны дәлелдеу мен тексеруне арналған зерттеушілік іс -әрекеттің, қызметтің, істің жобасы моделі, үлгі пішім, сызба, ықшамсызығы. Зерртеу әдістемесі (методика исследования) – мәселені толық және дұрыс шешуді қамтамасыз ету үшін мақсатты қолданылатын әдістер жүйесі. Метод әдіс – (путь исследования) теории, учение.
Зерттеу жолы.
1. Әдебиеттерді, ғылыми еңбектерді, монографиялар мен құжаттарды, педагогика, психология классиктерінің еңбектерін оқып үйрену, талдау.
а) Библиография
ә) Аннотация жасау, конспектілеу, қажетті мәліметтерді, цитаталарды жазып алу.
2. Педагогикалық процестің қарама қайшылықтарын көрсетететін жалпы және озат тәжірибені, оның қиындықтарын оқып үйрену.
А) бақылау, байқау
Объектіні бөліп алып педагогикалық ықпалдарын әсерімен қабылдау объектілерінде болып жатқан қандай да болсын құбылыстарды, өзгерістерді қадағалауға мүмкіндік беретін азды көпті ұзақ уақыт қабылдау. Байқау іс жүзіндегі материалды, тәжірибе деректерін жинау мақсатында байқалатын объектілерді бөліп алып, жоспарлы түрде, деректер мен белгілерді, мәліметтерді тіркеу, жинау үшін пайдаланылады.
3. Әңгімелесу әдісі. Әңгіме әдісі алдын ала белгіленген жоспар бойынша, зерттеу мақсатына сай еркін түрде жүргізіледі. Әңгіменің барысы, оның мазмұны, қойылатын сұрақтар толық баяндалады, хаттандырылады, қорытындысы шығарылады.
4. Интервью алу әдісі. Интервью педагогикаға социологиялық зерттеулерден ауысқан. Әңгіме әдісінен айырмашылығы интерьвю алушы, зерттеуші, алдын ала берілген, әзірленген сұрақтарды белгілі бір тәртіппен, бір ізді дәйектілікке бере отырып, интервью берушінің жауаптары жазылып алынады.
5. Сауал – сұрақ, анкета, сұрақтар тізімі – вербальдық қарым қатынас негізінде көпшілікте жазбаша түрде алғашқы әлеуметтік – психологиялық, педагогикалық мәліметтер, хабарлар алу үшін қолданылатын әдістемелік құрал. Сауал-сұрақ – әрқайсысы негізгі зерттеу мақсаты мен логикалық тығыз байланысты сұрақтар тізімі, жиынтығы.


жүктеу 181,92 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау