ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................................................24
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.........................................................................26
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі:
Қазіргі тәуелсіз Қазақстан Республикасында педагогика ғылымының зерттейтін негізгі мәселелері, проблемалары: қоғамды демократияландыру, ізгілендіру жағдайында адамның жеке тұлға болып қалыптасу проблемасы; Республиканың тарихи, мәдени, экономикалық, әлеуметтік ерекшелігі жағдайында жас ұрпақтың ұлттық санасын дамыту және халықтың бай дәстүрін тұтас педагогикалық процесте тиімді пайдалану проблемасы; Дүниежүзілік мәдениетті, жалпы адамзаттық құнды игілікті және дүние танымдық көзқарасты, халықаралық қатынасты қамтамасыз ететін – ана тілі проблемасы; сондықтан тәрбиенің басты мақсаттарының бірі - әрбір сәбиден бастап рухани, адамгершілік байлықтың көзі ана тілін жетік меңгеруді, әрбір адамның өмірлік қажеттілігіне айналдыру проблемасы; Жеке бастың қалыптасуында қозғаушы күштерді анықтауда әлеуметтік және биологиялық факторлардың шешуші ролін зерттеу проблемасы; Қоғам дамуының өркениеттілік танденциясына байланысты тәрбие мен білім берудің мақсатын жаңаша қарау проблемасы; Қазақстан Респуликасының көп ұлттылық жағдайында жастарды ұлтаралық қарым – қатынас мәдениетіне тәрбиелеу проблемасы; Азаматтардың белсенділігіне жол ашу, әр азамат саяси және экономикалық әр алуан түрлілік жағдайында меншік иесі ретінде өз қабілетін толық таныта алатындығын зерттеу проблемасы;
әртүрлі пәндерді оқып – үйренуде диалектикалық тұрғыдан қарау, оқыту процесінде пәнаралық және пәнішілік байланыстарды ашу және жүзеге асыру негізінде қазіргі заманның ғылыми интеграциялық байланыстарын зерттеу проблемасы; тарих төрінен орын алып келе жатқан жаңа дәуір мұғалімнің кәсіби педагогикалық еңбегінің ерекшелігін зерттеу проблемасы;
ұлттық мектептерді дамыту және оның білім беру мазмұнын жаңарту проблемасы; кәсіптік техникалық білім берудің педагогикалық проблемасы;
политехникалық білім беру, еңбекке тәрбиелеу және кәсіптік білім берудің өзара байланыстылық проблемасы; оқу-тәрбие процесін дербестендіру және даралау проблемасы; нарықтық экономика жағдайында жасөспірімдерді өмірге, еңбекке дайындау, кәсіптік іскерлігін арттыру проблемасы.
Мақсаты: Егер мектептегі бастауыш сынып оқушыларының оқыту, тәрбиелеу үрдісіне арнайы жүйеде халықтың ұлттық дәстүрлеріне, тұрмыс салтына, әдет-ғұрпына, мәдениетіне, өнеріне лайықтап өңделген сабақтарды, ойын сабақтарды жүйелі түрде жүргізу барысында оқушылардың танымдық қасиеттерін, адамгершілік қасиеттерін дамытуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |