3.5 Теңіз жəне өзен көлігін автоматтандырылған
басқару жүйелері
3.5.1 Теңіз жəне өзен көлігі
Теңіз көлігі аймақаралық сыртқы сауда қатынастарының да-
муына айтарлықтай мүмкіндік туғызды. Теңіз көлігінің жұмыс
істеуінің өзі кеме қатынасының халықаралық ережелерінің
белгіленуін, оның қорғалуын жəне қауіпсіздігін қажет етті.
Теңіз көлігі – теңіздер мен мұхиттармен бөлінген жер шары-
ның бөлігін қамтитын жəне біріктіретін əлемдік көлік жүйесі-
нің маңызды жəне ажыратылмайтын бөлігі. Оның өнімділігі
кө ліктің басқа түрлеріне қарағанда көбірек. Теңіз кемелерінің
жүк көтергіштігі теміржол құрамдарының мүмкіндігінен əсте ба-
сып озады. Көлік құралдарының өзінде жұмыс істейтін адамдар
саны аз. Нəтижесінде теңіз көлігінің жүктерді та сымалдауының
өзіндік құны ең төмен өзіндік құнның бірі болады жəне болып
қала береді.
Теңіз көлігінің үлесін, қазіргі таңда, көліктің барлық түрінің
3/5-тен артық жүк айналымы құрайды. Құбыржол көлігінің бəсе-
келестігіне қарамастан, теңізбен тасымалданатын жүктердің
санының жəне жалпы жүк айналымының өсуі жалғасуда. Мате-
риалдық өндіріс саласында, əсіресе отынды жəне шикізат тауар-
ларының басқа түрлерін экспорттауда өндіру жəне жеткізуде же-
келеген елдердің ұлғайып келе жатқан мамандануымен себепші
болған. Осы тауарларды өндірушілер мен оларды тұтынушылар
арасындағы аумақтық алшақтығы 8–10 мың км-ге жетеді.
Теңіз көлігінің техникалық базасын флот, порттар, кеме жөн-
дейтін зауыттар, жол шаруашылығы, радиобайланыс, электр-
жəне радионавигация құралдары құрайды.
Сауда флотының құрамы тасымалданатын жүктердің сипаты-
на байланысты əртүрлі типті кемелермен анықталады. Олардың
201
басым бөлігі ( 2/3 дейін) – өндіретін (мұнай, кен, көмір), сондай-
ақ қайта өңдейтін (мұнай өнімдері, сұйытылған газдар, металдар)
салалардың, ауыл шаруашылығының (дəн) көпшілік өнімдері.
Олардың əлемдік сауда флотының құрылымындағы рөлі қатты
өзгеріске ұшырағыш нарықтық экономикада жүкке деген сұ-
ранысқа тəуелді. Сонымен, 1950 жылы əлемдік сауда флотын-
да су кемелерінің (танкерлердің) үлесі 41 %, 1970 жылы арзан
мұнайды өндіру мен тұтынудың қызған шағында – 55 %, ал 1995
жылы барлық мұнай дағдарыстарынан кейін – 32 % құраған.
Автомобильдер, компьютерлер, теледидарлар, радиоқабыл-
да ғыштар сияқты ұзақ пайдаланылатын қымбат тұратын бұйым-
дардың ғана əлемдік өндірісі 0,5 млрд данаға жетеді. Олардың
едəуір бөлігін теңіз көлігінің негізгі жүктерінің санаты құрайды.
Осындай жүктердің санының өсімі оларды теңіз көлігімен, сондай-
ақ көліктің басқа түрімен тасымалдау үшін контейнерлердің
құрылуына себепші болған.
Осының барлығы көліктің əртүрлі түрімен, сондай-ақ те-
міржол көлігімен контейнерлердің орнын ауыстыру бойынша
«контейнерлік көпірлерді» ұйымдастыруға мүмкіндік берді. Теңіз
жəне құрлықтағы контейнерлік тасымалдау əрекеті жүктерді
тасымалдаудың уақытын көбірек қысқартты. Көліктегі осын-
дай инновацияны «контейнерлік революция» ретінде бағалады.
Қазіргі кезде негізгі жүктерді жеткізу үшін кемелерге əлемнің
теңіз сауда флотының жалпы тоннажының шамамен 20 %-ы
келеді, олардың ішінде контейнер тасығыш кемелердің үлесіне
– шамамен 1/3 келеді. Сонда да, олар 40 %-ға дейін құрайтын
барлық осы жүктерді тасымалдайды.
Теңіз порттары халықаралық экономикалық байланыстарда өте
үлкен міндеттерді орындайды. Олар арқылы нағыз көпшілік сыртқы
сауда жүктерінің басты ағындары, əсіресе отын мен кен өтеді.
Теңіз көлігімен жүктерді тасымалдау шағын каботажға, үлкен
каботажға бөлінеді.
Шағын каботаж – бұл бір бассейннің немесе шектес бассейн-
дер ішінде орналасқан пункттер арасында кемелердің жүзуі.
Үлкен каботаж – континенттік құрлық пен халықаралық бей-
тарап сулармен бөлінген теңіз порттарының арасында кемелердің
жүзуі.
Барлық көлік теңіз кемелерін жүк, қызметтік-қосалқы, тех-
никалық, жолаушылар, жүк-жолаушылар түріне бөлуге болады.
14–1549
|