192
Ұсақ партиялардың тасымалын жоспарлау міндеттері көлік-
тердің жүк сыйымдылығы жүк қабылдаушылардың қажетті-
лігінен асып кеткен жағдайда пайда болады. Мұндай тасымалдар,
ереже бойынша қалалық жағдайларда орындалады, ал бұл келесі
сəттерді қосып алады:
−
Көліктік құралдар жұмысында тиеу-түсіру жұмыс
тарына
көп уақыт кетеді жəне біраз уақыт жүктерді орна лас тыруға жұм-
салады.
−
Қалалық қозғалыстың интенсивтілігі мен қаланың көліктік
желісінің толықтығы жүк тасымалының
жоспарлануы мен орын-
далуына үлкен кедергі жасады;
−
Көліктік жəне адамдық ағымдардың тығыз байла ныс тылығы
жағдайында жүк ағымы қозғалысын ұйымдастыруда қа уіпсіздік
мəселесі туындайды;
−
Көптеген сауда жүктері үшін тасымалдардың мəні тек жі-
ңіш ке көліктік көрсеткіштермен анықталмайды (салмақ, тасымал
қашықтығы жəне т.б.); жеткізудің сақталуы (тез бұзыла тын азық
түлік өнімдері, қымбат тауарлар) мен өз уақытында жеткізілуі
маңызға ие
болады;
−
Қалалық жағдайда автомобильдер ауа бассейнін ластаудың
бір көзі жəне шудың басты көзі, сондықтан да бұл тасымалдарды
реттеу мəселесі күшейе түседі.
Жүк жіберушілер мен жүк қабылдаушылар бір-бірімен кейбір
жол желілері арқылы байланысқан, оны көліктік желі деп атайды.
Жоспарлау кезінде көліктік желі моделі қолданылады, ол шынайы
жол желісінің абстрактілі көрсеткіші болып табылады. Мұндай
модельдер əрқилы жəне көп жағдайда жоспарлау мақсаттары
мен əдістерімен байланысты. Əдетте
танымал жол атластары,
карталары мен схемалары қолданыла ды. Доғалары біріктірілетін
төбешіктер жиынтығы түріндегі көліктік желі недəуір жиі
қолданылады. Төбешіктер жоспарлау үшін шынайы пункттер
көрінісі болып табылады. Олар көлік, жүк қабылдаушылар,
жүк жіберушілер парктерінің орындары болуы мүмкін. Жолдар,
өткелдер жəне көшелер көліктік желі моделінде бағытталған доға
ретінде есептеледі.
Көліктік желі моделіндегі маңызды жəне қажетті құ
рылым
193
қала көшелерінің анықтамалығы болып табылады. Анық
тама-
лықта алфавиттік ретпен көше, даңғыл, алаңдар мен жаппай
тұрғылықты орындардың жаңа аудандары санамаланған. Əрбір
атауға көліктік желі моделінің номері қойылады.
Қалада қолданылатын ҚАЖ ақпараттық базасы болып қа-
ланың 1:10000 масштабтағы электрондық картасы саналады.
Ол аэротүсірім нəтижелері негізінде жаңартылып отырылады.
Электрондық карта барлық үйлер, кварталдар,
жасыл массив-
тер, су объектілері, темір жолдар, платформалар, көпірлер мен
бөгеттердің геометриялық сипаттарын береді. Картография
лық
объектілермен мекендердің, көшелердің атауы, қалалық инфра-
құрылым объектілерінің үнемі толтырылып отыратын деректер
базасына байланысты.
ҚАЖ болашаққа арналған нұсқасында
жаңа типтегі ДБАЖ
ақпараттық қамтамасыз ету құрамына енетіндер жол қозғалы-
сын бейнепосттар арналарынан, жол желісін бақылаушылар дан
алынған жедел ақпараттар көмегімен реттеуші АБЖ мен тығыз
байланыс орнатуға бағытталған.
Көліктік желі графасын қолдану тасымалдауды жоспарлауға
бағытталған қарапайым құрамдардан күрделі кəсіби бағыттағы
жұмыстар атқаратын жүйелерге дейін созылған.
Маршруттарды жобалау əдістемесіне тəуекелді жою үшін
жалпы жауапкершілік пен қауіпсіздік принциптері қойылған.
Бұл принциптер қозғалыс траекториясын есепке алуда базалана-
ды, көліктік құралдардың типтері үшін жол жағдайы мен арнайы
қызмет мамандарының пікірін есепке ала отырып базаланады.
Деректер базасын сипаттау бойынша,
жалпы ережелерге қа-
тысты алғанда, бағдарламаны пайдалану кезінде келесі қыз-
меттер қамтамасыз етілуі қажет:
−
Мекен-жайы бойынша толтыру, автоматты байланыс де-
ректер көзіне базаны енгізу ауданның əкімшілік территориалдық
бөліміне автоматты іріктеуді енгізу;
−
Дербес логикалық жəне кеңістікті параметрлер бойынша ба-
задан клиенттерді таңдау;
−
Əртүрлі графикалық түрдегі картаға клиенттер базасынан
берілетін логикалық шарттарға тəуелді түрде таңдау;
194
−
Клиенттер базасынан таңдалғандарды айналып өту үшін
автокөлік маршруттарын автоматты таңдау;
−
Автокөліктегі клиенттер мен
маршруттар туралы ақпараты
бар карталардың көріністерін құ жаттау;
−
Базадан алынған клиенттер бойынша кез келген түрдегі
есеп беру құжаттарын құру (тізімдер, ақпараттық хаттар, мекен
жай жапсырмалары жəне т.б.).
Көліктік желі моделін ұйымдастырудың əртүрлі стандартта-
ры бар. Geographic Data Files (GDF) стандарты көшелік, жолдық
желінің негізгі деректер базасын сипаттайды. GDF жол желісін
сипаттайтын бірыңғай, қолайлы модель арқасында ақпаратты
қолдану мен өңдеуді жеңілдету үшін құрылған болатын. Стан-
дарт тұтынушыларға өздерінің ақпараттық
қажеттіліктерін нақ-
ты анықтауға, ал жасаушыларға нақты жасалынған ережелер
негізінде жүйе құруға мүмкіндік береді.
Граф түрінде шынайы көше-жол желісін көрсетудегі бас ты
проблема көліктік желі графасының объектілерін таңдау болып
табылады. Бұл жағдайда бағдарланған графтар қол
данылады.
Осы проблеманы шешудің үш жолы бар:
- граф төбелері жолдардың түйіскен жерлерін көрсетсе, ба-
ғандары – көшелерді білдіреді;
- төбелерге жол бөліктері жатады, ал бағандарға – осы бө-
ліктердің
арасындағы байланыс;
- граф төбешіктері қозғалыс бағытының мүмкін болған өзге-
рістерін көрсетеді, ал бағандар – жіберілетін бағыттарды.
Достарыңызбен бөлісу: