3.2.4 Жолаушы тасымалын басқарудың
автоматтандырылған жүйесі
1972 жылы билеттер сату мен орын резервілеудің алғашқы
отандық тəжірибелі жүйесі «Экспресс-1» жұмысын бастаған
болатын, ол біздің елімізде алғаш рет орталықтандырылған
орын бөлу қызметінің,жол құжаттарының автоматты жасауы,
билет кассирлерінің қаржылық іс-əрекеттерін есепке алу жəне
оперативті жəне статистикалық есептерді алудың көмегімен жо-
лаушы билеттерін сату бойынша мəселелердің шешімін табуға
мүмкіндік алды. Алғашында жүйе Мəскеудің бір ғана Киевтік
вокзалына арналып құрылды, кейіннен ол бүкіл Мəскеулік
теміржол торабын жаулап алды, тəулігіне 200 мың жолаушыға
қызмет көрсетті, яғни ұқсас батысевропалық жүйелердің барлығы
біріккендегі жолаушы мөлшеріне тең.
«Экспресс-1» жүйесі жолаушы тасымалы аумағындағы бір-
қатар проблемаларды шешуге мүмкіндік берді: билет сату бой-
ынша операциялардың ұзақтығы 3 есеге қысқарды; жолаушы-
ларды тасымалдау туралы есеп беруді жасау жəне есепке алуды
енгізу бойынша жасалатын операциялардың күрделілігі 5 есеге
қысқарды; жолаушы тасымалының тиімділігі жоғарылады; жо-
лаушыларға жол құжаттарын тікелей кез келген кассадан кез кел-
ген бағытқа алуға, сондай-ақ телефон арқылы да алуға мүмкіндік
беру секілді жолаушыға қызмет көрсету мəдениеті жақсарды;
автоматты ақпараттық-анықтамалық құрылғылардың арқасында
жолаушыларды бос орындардың бар екендігі туралы хабардар
ету мүмкіндігі пайда болды.
«Экспресс» жүйесін жасаушылар мен темір жолдардың тығыз
байланыс орнатуының арқасында жолаушыларға қызмет көр-
сетудің есептеуіш желісі пайда болды.
Бұл желі жолаушы тасымалына қатысы бар 10 мыңнан астам
абонетті байланыстырады. «Экспресс-2» 27 аймақтық жүйелердің
көмегімен тəулігіне 1 млн. жолаушыға қызмет көрсетеді.
163
1992 жылы Батыс Европадағы ИРИС желісіне ұқсас 13
элек
трондық резервтеу жүйесі бар «Экспресс-2» есептеуіш
желісі құрылды. Резервілеудің шетелдік жүйелерімен байла-
ныс Франкфурт-на-Майнда орналасқан неміс теміржолдарының
KURS-90 жүйесі арқылы орнатылды.
«Экспресс» жəне ИРИС желілерінің біріктірілуі Европа
мен Азиядағы орын резервілеудің бірыңғай есептеуіш желісін
жасауға негіз болды. Осы желіге кіретін резервілеу жүйелерінің
жалпы саны бүгінгі күнде 40-қа жетті. (27 - Ресейде, ТМД
мемлекеттерінде жəне Балтияда, ал 13 - Батыс Европада).
Жаңа экономикалық жағдайда Ресейдегі теміржол транс-
пор тының жұмысында «Экспресс» жүйесін дамытудың үшінші
кезеңі бастау алды. Бұл кезеңнің басты стратегиясы жаңа «Экс-
пресс-3» базасында жалпы темір жол желісі бойынша билет сату
жəне орын резервілеу деңгейінен жалпы жолаушы тасымалын
басқару деңгейіне өту болып табылады.
Жаңа ақпараттық технологиялар болып жолаушы тасыма-
лымен байланысты барлық негізгі технологиялық процестердің
толықтай автоматтандырылуы есептеледі.
Темір жолдардың жолаушы тасымалдау шаруашышылығына
жаңа технологияларды енгізе отырып, «Экспресс» жүйесін құ-
рушылар бұл жүйені қызметтік мүмкіндігіне байланысты əлемдік
деңгейге алып шықты.
Қызмет жағынан «Экспресс» жүйесі шетелдік жүйелердің да-
муын басып озады. Мұндай қызметтеріне мыналар жатады: ба-
гаж жəне жүк багажы тасымалын басқару, жолаушы вагондары
паркін жөндеу жəне эксплуатациялау.
Жолаушы тасымалын тиімді басқару үшін ақпараттық тех-
нологиялар базасында басқарудың шапшаң механизмі құрылды.
Ол жолаушы компанияларына жолаушы тасымалын реттеу, шы-
ғындарды азайту жəне қосымша пайда алу мəселелері бойынша
стратегиялық жəне оперативті шешімдер қабылдау үшін қажетті
барлық ақпаратты береді, деректерді өңдейді жəне жиналуын ав-
томаттандырады.
Бұл мəселені «Экспресс-2» жүйесінің қажетті өндіріске ие
емес, ескірген техникалық құралдарымен шешуге болмайды.
164
Қызметі жағынан «Экспресс-3» автоматты басқару жүйесі жо-
лаушы тасымалдауға негізгі технологиялық процестердің ақпа-
раттануын жүзеге асыратын бірқатар ішкі жүйелерге ие:
- «билеттік-кассалық операциялар» ішкі жүйесі ;
- «ЭКАСИС» ақпараттық-анықтамалық ішкі жүйесі;
- «ЭСУБР» багаж жұмысын басқару жүйесі;
- «ЭФИС» жолаушы тасымалының өзара есебі жəне статис-
тикалық, қаржылық есепке алу жүйесі;
- «АРХИВ» тіркеу жүйесі;
- «СЕРВИС» жүйесі;
- «АСУ ПВ» жолаушы вагондары паркін басқару жүйесі;
- «РАСПИСАНИЕ» нормативті-анықтамалық ақпарат енгізу
жəне дайындау жүйесі;
- «АСУ-Л» жолаушы тасымалын реттеу жүйесі.
Жолаушы тасымалын жəне «Экспресс-3» АБЖ орындарын
электронды резервтеуді басқарудың автоматтандырылған жү-
йесі мына аймақтарда жолаушы тасымалын басқаруды жетіл-
діреді жəне автоматтандырады: жолаушыларға ақпараттық-анық-
тамалық жəне сервистік қызмет көрсету; багаждық, жүк багажы
жəне пошталық тасымалдар; жолаушы вагондары паркінің экс-
плуатациясы мен жөнделуі; жолаушы тасымалы үшін өзара
есептесу жəне есеп беру, қаржылық-статистикалық есепке алу;
тарифтік саясат, экономика жəне оперативті жоспарлау жəне
маркетингтік зерттеу негізінде жолаушы тасымалын басқаруды
ұйымдастыру.
«Билеттік-кассалық операциялар» жүйесі мына операциялар-
ды орындайды:
−
ТМД мемлекеттері мен Балтық елдерінің жергілікті, мем-
лекетішілік, мемлекетаралық қатынастарындағы, сондай-ақ ха
-
лықаралық жəне қала сыртына қатынастардағы сапарларды рə-
сімдеу;
−
Мемлекетішілік қатынастарда тасымал жəне жол жүру
құжаты мемлекеттік тілде басылады, ал мемлекетаралық қаты-
настарда орыс тілінде;
−
Жол жүру жəне тасымалдау құжаттарына билет басушы
құралдың көмегімен Қазақстан Республикасындағы теміржол
165
қатынасында қолданылатын бланкті қорғау үшін арнайы белгі
салу;
−
облыстар бойынша тарифтердің өзгерісін есепке ала оты-
рып қаланың сыртына қатынасу жол құжаттарын рəсімдеу;
−
орындарды резервтеу жəне ағымдағы тарифтарға, ережелер
мен келісімдерге сəйкес жолаушыларға жол құжаттарын рəсімдеу;
−
пайдаланылмаған жəне бұзылған жол билеттерін жою;
−
ұзақмерзімді брондау;
−
пойыздың кезегі бойынша орын номері көрсетілген билет-
терді сату;
−
кассир жұмысын бақылау жəне есепке алу;
−
«Экспресс» аймақтық жүйелерімен өзара байланыс;
−
резервтеудің халықаралық ұқсас жүйелерімен өзара байла-
ныс;
−
орналастыруды есепке алу;
−
жоспардан тыс топтардың сапары үшін орын брондау;
−
жоспарлы жəне жоспардан тыс топтар сапары бойынша жол
құжаттарын рəсімдеу;
−
топтарды орналастыру туралы құлақтандыру;
−
топтық сұраныстарды жүзеге асыру туралы анықтамалық
ақпарат беру жəне жасау;
−
жол жүру құжаттарын қайта рəсімдеу.
«ЭКАСИС» ақпараттық-анықтамалық жүйесі келесі опера-
цияларды орындайды:
−
мемлекетішілік жəне мемлекетаралық қатынастар үшін ақ-
параттық қызмет көрсету;
−
барлық анықтамалық ақпаратты экранға жəне баспаға беру.
«ЭСУБР» багаж жұмысын басқару жүйесі келесі операция-
ларды орындауға қолданылады:
−
багаж, жүк багажы жəне пошталық тасымалданатын құ-
жаттарды рəсімдеу, соның ішінде жылжымалы сақтау камерала-
рына, жалға алынған жəне жеке вагондарға бөлу;
−
багаж жіберілімдерін жəне жүк багаждары мен пошта жібе-
рілімдерін есепке алу;
−
багаж кассирлерінің жұмысын есепке алу;
−
багаж, жүк багажын жəне поштаны іздеу.
166
«ЭФИС» жолаушы тасымалының өзара есебі жəне статис-
тикалық, қаржылық есепке алу жүйесі келесі операцияларды
орындайды:
−
қала сыртындағы жəне алыс қатынастардағы жолаушы та-
сымалынан түсетін пайданы, сондай-ақ багажды, жүк багажын
жəне поштаны қаржылық есепке алу;
−
жолаушы, багаж, жүк багажы жəне пошта тасымалы бойын-
ша есеп беру;
−
мемлекетаралық қатынастағы жолаушы, багаж, жүк багажы
жəне пошта тасымалы бойынша өзара есептілік үшін есеп беру;
−
шет елдік жолдармен өзара есептесу үшін халықаралық жо-
лаушы тасымалына 301 жаднамаға сəйкес есеп беріледі;
−
багаж бен жүк багажын халықаралық тасымалдаудың өзара
есебі үшін есеп беру;
−
бланктерді материалдық есепке алу.
«АРХИВ» тіркеу жүйесі келесі мақсаттарда қолданылады:
−
сатылған жол жүру, тасымалдау жəне көмекші құжаттар
бойынша архив жүргізу;
−
жүйе тарапынан жасалатын транзакцияларды тіркеу.
«СЕРВИС» жүйесі келесі операцияларды орындайды:
−
пойыздарда жолаушыларға сервистік қызмет көрсету:
«АСУ ПВ» жолаушы вагондарының паркін басқару жүйесі:
−
жолаушы вагондары паркінің динамикалық моделін жүргізу
жəне құру;
−
вагон паркі жайлы статистикалық есеп берудің стандартты
формаларын беру;
−
жолаушы парктерінің вагондары жайлы ақпараттық-анық-
тамалық жүйе;
−
жолаушы вагондарының барлық түрін жөндеудің жоспарын
автоматты түрде құру жəне олардың орындалуын талдау;
−
вагондарды пайдалану жағдайын автоматты түрде талдау;
−
жолаушы вагоны шаруашылығы бойынша пойыздық жəне
маневрлік жұмыстардағы ақауларды есепке алу;
−
вагондық депоны басқару бойынша жұмыстарды автомат-
тандыру;
−
қашықтығы бойынша вагондарды жөндеу жұмыстарын
жос парлау;
167
−
вагондарды жөндеу жұмыстарын болашаққа жоспарлау;
«жұмыс кестесі» нормативті-анықтамалық ақпаратты енгізу
жəне дайындау жүйесі келесі операцияларды орындайды:
−
пойыз қозғалысы кестесі туралы орталықтандырылған мас-
сив құру;
−
алыс жəне жергілікті қатынас пойыздарына трафарет жасау;
−
пойыз қозғалыстары кестесіне оперативті өзгерістер енгізу;
−
қала сыртына жүретін пойыздардың жүру маршрутын жа-
сау;
−
тарифтерді жасау жəне жүргізу.
«АСУ-Л» жолаушы тасымалын реттеу жүйесі келесі опера-
цияларды орындайды:
−
тарифтердің реттелу жəне индексациялану мүмкіндігі;
−
пойыздардың фирмалылығының коэффициентінің өзгеру
жəне қайта құрылу мүмкіндігі;
−
жолаушы тасымалы нəтижелерінің мониторингі;
−
баспаға барлық шығыс формаларының, АЖО «НЛ-АБЖ»
графикалық бейнелерінің берілуі.
Терминалдар жəне АЖО «Экспресс-3» жұмыстық, қыз меттік
жəне əкімшілік болып бөлінеді.
Жұмысшы терминалдарға жол жүру билеттері рəсімделетін,
билеттердің өшірілуі, қайтаратын, пароль бойынша орындар
брондайтын, анықтамалық ақпарат беретін терминалдар жатады.
Қызметтік терминалдарға жол жүру құжаттарын сату пунк-
тінің жұмысы туралы қаржылық анықтамалар мен есептер бере-
тін терминалдар жатады.
Əкімшілік терминалдарда нормативті-анықтамалық ақпа рат-
тағы оперативті өзгерістерді енгізу, кассирлер ауысымынан соң
есеп алу, касса жұмысы туралы, пойыздардағы орындарды пай-
далану туралы анықтамалар алу жүзеге асады.
Санамалап өткен жұмыс орындарынан бөлек жүйеде келесі
мақсаттардағы АЖО бар:
- пойыздар мен вагон бөлімшелеріндегі жол жүру құжат-
тарының сатылуы мен құжаттарды бақылауға арналған;
- жолаушы вагондарының эксплуатациясы мен жөнделу бары-
сын бақылау үшін депода, вагон бөлімшелерінде, басқармаларын-
да қолданылатын;
168
- жолаушы тасымалын басқаратын диспетчерлер мен қаржы
жəне жолаушы қызметі жұмысшылары үшін.
Терминалдар мен АЖО дербес компьютерлердің стандартты
торабының базасында олардың тағайындалуынан тыс құрылады.
Осыған байланысты процессордың типі мен параметрі, бағдар-
ламалық жабдықтаудың құрамы, оперативті жəне сыртқы жа-
дының көлемі əрбір нақты жағдайда АЖО немесе аталған тер-
минал тарапынан шешілетін мəселеге байланысты анықталады.
Жолаушыларға қызмет көрсететін жабдықтардың құрамына не-
сие карточкаларымен жұмыс жасауға арналған құралдар да кіруі
мүмкін.
Кассалық терминал немесе АЖО-да жұмыс жасауға де-
ген санкциялық мүмкіндік жалған, жасанды заттан сақтайтын
тиімді кілттерді пайдалану есебінен қамтамасыз етіледі. Кілттер
оператор-кассирге жəне техникалық қызметкерге қызмет көрсету
үшін беріледі. Терминалдың жұмыс істеу параметрлерін оны ар-
найы сервистік режимге алмастыру арқылы өзгертеді немесе ор-
натады.
АБЖ «Экспресс-3» кассалық терминалдарының басып шы-
ғару құрылғылары ақшалай жол жүру билеттерін, қаржылық
есеп беруді, қосымша жəне анықтамалық құжаттарды рəсімдеуге
арналған. Олар терминалдарға арнайы интерфейстің көмегімен
қосылған. Оларда арнайы шрифт пен ақшалай жол жүру құ жат-
тарының фальсификациясына жатпайтын басқа да құралдар пай-
даланылады.
Құрылымдық тұрғыдан алғанда, жолаушы тасымалын авто-
маттандырылған басқару жүйесі «Экспресс-3» жүйесі аймақ-
тық орталықтарға ие есептеуіш желіні жасайды. Олар шынайы
уақыт аралығында бір-бірімен өзара байланыса отырып жолау-
шы ларға қызмет көрсетеді жəне теміржол транспорты қыз мет-
керлерінің жолаушы тасымалдауын басқарады. «Экспресс-3»
барлық аймақтық жүйелері желі жолдарында пойыздарда бе-
рілген орындардың банкіне ие болады, осының негізінде олар
өзара ықпалдасып, қызмет көрсетеді.
Билет кассирлерінің жұмысын жеңілдету үшін терминал ап-
паратында экранда барлығын көрсетіп тұратын мəзірдің дамыған
жүйесі қолданылады. Үлкен сыйымдылықтағы есте сақтайтын
169
құрал кассирлердің жұмысындағы олқылықтарды бақылауға
мүм кіндік жасайды. Онда касса жұмысының жүйелік журна-
лы сақталған, ол тексеру жұмыстары үшін қажетті деректер ар-
хивінен тұрады.
Басып шығатын құралдар жолаушы құжаттарындағы ақпа-
ратты дəл, нақты басып шығару үшін қойылатын бланктерді ав-
томатты түрде түзулейді.
«Экспресс-3» жүйесінде жолаушы тасымалын ретке келтірудің
ақпараттық технологияларына баса назар аударылады, себебі
олар жолаушы тасымалдары бойынша орын алған жағдайларды
маркетингілік бағалаумен тікелей байланысты. Осыған байланы-
сты жүргізілген түзетулерден келетін сəйкес кірістен кері байла-
ныс алу мақсатында тарифтерді оңтайлы өзгерту жоспарланып
отыр. Осы жағдай тек қана тарифтерге емес, сондай-ақ пойыздар,
маршруттардың құрамына тиісті болуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |