Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі с. У. Қалдыбаев, А. С. Бижанова



жүктеу 3,87 Mb.
Pdf просмотр
бет45/76
Дата02.04.2023
өлшемі3,87 Mb.
#41962
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   76
АСУ қаз

 Жүйе құрылымының ерекшеліктері. 
Қазіргі уақытта жүйеде 
келесі ақпараттық технологиялар жүзеге асырылған: 
- вагондар паркін басқару; 
- бөлінген жылжымалы құрам түрлерін басқару; 
- басқа əкімшіліктердің вагон парктерін басқару; 
- резерв вагондарының машиналық есебі; 
- қор вагондарының машиналық есебі; 
- бұзылған вагондардың машиналық есебі; 
- жүк вагондары паркінің болуы мен жағдайын бақылау; 
- нөмір бойынша есептеу негізінде жүктерді жеткізу мер зім-
дерінің бұзылуын жедел басқару мен талдауды қамтамасыз ету; 
- бос вагондарға натуралық параққа түсірілген бекет кодын 
автоматты түрде қою; 
- нақты орындалған жұмыс көлемі бойынша жүк вагондарының 
жөнделуін бақылау; 
- нөмірі бойынша қадағалау негізінде жұмыс паркінің бос ва-
гондарының пайдаланылуын талдау; 
- олардың дислокациясы мен жағдайын ескере отырып, өзін-
дік жəне жалға алынған вагондар бойынша ақпаратты ерекшелеп, 
бұзылған вагондардың болуының машиналық есебі жəне олар-
мен жұмысты есептеу; 
- тиеу туралы өтінімдерге жартылай вагондар мен цистерна-
ларды нөмірлері бойынша бекіту; 
- жалға алынған вагондарды тіркеу, есепке алу мен пайдала-
нылуын бақылаудың автоматтандырылған жүйесі; 
- өзіндік вагондарды тіркеу, есепке алу мен пайдаланылуын 
ба қылаудың автоматтандырылған жүйесі; 


146
- мемлекетаралық жəне жоларалық алмасудың технологияла-
ры мен бағдарламалық қамтамасыздығының кешені, жол жəне 
желі деңгейлерінің деректер базаларының өзара есептеулері мен 
салыстырылып тексерілуін қамтамасыз ету; 
- вагондардың берілгендігі туралы есептік деректерді келісе 
отырып тапсыру; 
- мемлекетаралық түйіспелер бойынша вагондарды тапсыру 
бекетін басқарудың автоматтандырылған жүйесі; 
- нөмірлік вагондық модельдерді жүргізудің жалпыжүйелік 
құралдары; 
- вагон парктері туралы есептерді құрастыруды автоматтан-
дыру; 
- вагондарды тасымалдарға дайындауды бақылау жүйесі; 
- цистерналар паркін басқару; 
- ТҰАБЖ негізіндегі техникалық сұрыптау темір жол бе кет-
теріне арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе; 
- вагон парктері жұмысының сапалы көрсеткіштерін есептеу; 
- бос жартылай вагондар, цистерналар, жабық вагондар, плат-
формалардың техникалық жағдайын жəне олардың тиеуге жа-
рамдылығын анықтау жүйесі;
- жол деңгейінің вагон модельдерінің жағдайын бақылаудың 
ақпараттық-анықтамалық жүйесі; 
- тасымалдау құжаттарын электронды штемпельдеу жүйесі; 
- сыртқы сауда жүктерінің теңіз порттары мен шекаралық 
өткелдер арқылы тасымалдаудың ақпараттық технологиялары; 
- шекаралық бекеттерде ұсталған вагондарды бақылау жүйесі; 

жол-желілік деңгейдің кіреберіс жолдарының вагондық 
моделін жасай отырып, кіреберіс жолдарда вагондардың болуын 
нөмірлері бойынша бақылаудың, сонымен қатар, вагондардың 
тиеу-түсіру бекеттерінда тұруын бақылаудың автоматтандырылған 
жүйесі; 
- вагондармен жұмыс жөніндегі диспетчердің автоматтан ды-
рылған жұмыс орны; 
- вагондардың бөлінген түрлері мен пойыздардың жекелеген 
түрлерінің қозғалуын бақылаудың автоматтандырылған жүйесі; 

жүк вагондары паркі деректерінің автоматтандырылған 
банкі. 


147
Жүйеде жол мен желінің динамикалық вагондық модельдері 
маңызды, олар жүк жұмысы, жүк паркі ва 
гондарының жалпы 
жəне нөмір бойынша болуы мен оны құ райтын элементтер бой-
ынша деректердің толық ұқсастығын қамтамасыз етеді.
Жүйеде бірыңғай динамикалық вагон моделі қалыптасты-
рылған жəне сақталады, ол пойыздар, вагондар мен жүктермен 
операциялар туралы деректер бір рет енгізілген уақытта олардың 
көп мəрте пайдаланылуын қаматасыз етеді, бұл ақпараттың 
нақтылығы мен оның əртүрлі қосымшалардағы ұқсастығын арт-
тырады. 
Пайдаланушының АЖО-да техникалық құралдарды пайда-
лану. ДАЖПАРК жүйесі «ҚТЖ» ААҚ-ның автоматтандырылған 
ақпараттық жүйесінде маңызды қолданбалылардың бірі болып 
табылады жəне SAS-технологиялар негізінде дамиды. Жү 
йе-
нің пайдаланушылары онымен желілік деңгейде кешенді ақ-
параттық-есептеу желісі арқылы өзара əрекет етеді. Ол теле- 
к 
оммуникацияның бағдарламалық-техникалық құралда 
рының 
кө ме гімен деректер базаларын (mainframe), серверлер мен пай-
да ла ну шылардың АЖО-ын өңдеу мен жүргізудің қуатты құрал-
дарын біріктіреді. 
ДАЖПАРК-те əрбір вагон туралы, олармен жүзеге асырыла-
тын жүзге жуық ықтимал операцияларды қамтитын мəліметтер 
болады. Бұл вагон паркінің жұмысын дəл бағалауды жүзеге асы-
руға мүмкіндік береді жəне сол арқылы жүк тасымалдарының 
сапасын автоматты түрде басқарудың алғышарттарын жасайды. 
Жүйенің 1-ші кезегінің ақпараттық технологияларын өнеркə-
сіптік пайдаланымға енгізу айналымнан дұрыс емес жəне нө-
мір 
лері бұрмаланған 4 мың вагонды алып тастау нəтижесінде 
бұрын əрекет еткен технологиялармен салыстырғанда маңызды 
өндірістік тиімділік əкелді. Бұл, негізінен, жүктерді жоғалтудан 
болатын ықтимал шығындардың алдын алуға мүмкіндік берді. 
Сонымен қоса, жүктерді жеткізу мерзімдерінің асырылғандығы 
үшін айыппұлдар 1,5 есе азайды, сонымен қатар, вагондарды 
жөндеу көлемдері желі бойынша орташа есеппен 20 %-ға азайды. 
ДАЖПАРК жүйесінің тиімділігі келесілер нəтижесінде қам-
тамасыз етіледі: 


148
- тиеу туралы өтінімдерге вагондарды автоматты түрде тіркеу 
жолымен вагондардың бос жүрісін қысқарту; 
- жүк жіберушілер мен жүк алушыларға вагондардың тұрған 
жері, келу уақыты туралы ақпарат беруді арттыру; 
- вагондарды жалға жəне оператор компанияларға ұсынудан 
түсетін табысты арттыру; 
- жеткізу мерзімдерін бұзу жəне сақталмаған тасымалдардан 
болатын шығындарды азайту; 
- қолданыстағы паркті пайдалануды жақсарту арқылы жаңа 
вагондар сатып алуға жұмсалатын ақша салымдарының көлемін 
азайту; 
- вагондар паркін оңтайлы пайдалану нəтижесінде «бөтен» ва-
гондарды пайдалану үшін төлемдер көлемін қысқарту. 

жүктеу 3,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   76




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау