Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі с. У. Қалдыбаев, А. С. Бижанова



жүктеу 3,87 Mb.
Pdf просмотр
бет2/76
Дата02.04.2023
өлшемі3,87 Mb.
#41962
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76
АСУ қаз

3
КІРІСПЕ
Көлік жүйесі қазіргі таңда сапалық өзгерістерге ұшырауда. 
Бір жағынан оның құрылымы өзгеруде: көліктің жекелеген түр-
лері бірегей басқарылу үшін бірігуде, ірі көлік тораптары мен 
əкімшілік орталықтарда тəуелсіз көліктік логистикалық ор 
та 
-
лықтар ашылуда жəне олар халықаралық көлік дəліздері ар-
қылы əлемдік көлік жүйесінде үйлесімді орын тапқан бірегей 
логистикалық конвейерді біртіндеп құру үстінде. Дамып келе 
жатқан нарықтық қатынастар жағдайында көлік жұмысының 
тиім ділігін арттыру, шығындарды азайту, тасымалдау құнын 
азайту, жүктерді жеткізу мерзімдерін қадағалау жəне олардың 
мүл тіксіз сақталуын қамтамасыз ету мəселесі алға қойылады. Бұл 
жағдайлар тасымалдауларды басқару жүйесіне түбегейлі жаңа 
талаптар қояды. 
Көлік саласын дамытудың аса маңызды бағыты Қазақстан 
ау мағы арқылы өтетін халықаралық көлік дəліздерін дамыту бо-
лып отыр. Бұл бағыттың дамуын анықтайтын элементтердің бірі 
клиенттерге нақты уақыттағы жүктің орналасқан орны мен оны 
жеткізу болжамы туралы ақпаратты ұсыну болып табылады.
Көлік күрделі инфрақұрылымға жəне оның шеңберінде ту-
ындайтын орасан зор ақпарат көлеміне ие «өндіруші – көлік – 
тұтынушы» логистикалық тізбегінің аса маңызды бөлігі болып 
табылады. Жүктерді тасымалдауды басқару процесін ақпараттық 
қамтамасыз ету автоматтандырылған басқару жүйесі (АБЖ) кеше-
німен жүзеге асырылады. Жүк тасымалдаушылармен ақпарат- 
тық өзара əрекеттестік, тасымалдау процесінің нақты үлгісін 
құру жəне келіп түскен ақпаратты өңдеуге негізделген тасымал-
дау процесін оперативті басқару АБЖ-де маңызды рөл атқарады.
Теміржол көлігінде тасымалдауларды басқару тиімділігіне 
қойылатын талаптардың жоғары деңгейі оны жоғары деңгейде 
ақпараттандыру қажеттігін анықтайды. Бүгінде ақпараттық тех-
нологиялар басқаруды қолдау құралдары болып қана қоймай, 


4
көлік инфрақұрылымының аса маңызды элементтерінің бірі бо-
лып табылады. Ақпараттық технологиялар АБЖ құруда негізгі 
тех нологияларға жатады жəне тасымалдауды басқаруды жетіл-
дірудің анықтаушы шарты болып табылады.
Көлік қозғаласын ұйымдастыруда электрондық деректер ал-
масу негізінде коммерциялық жəне пайдаланушылық процедура-
ларды орындауға мүмкіндік беретін көпмақсатты ақпараттық тех-
нологиялар кешені жасақталды жəне табысты түрде қолданысқа 
енгізілді. Ол салалық ақпараттық-телекоммуникациялық инфра-
құ ры лымға, соның ішінде, көліктік байланыстардың барлық не-
гізгі порттар мен кеден терминалдарына шығатын талшықты-
оп 
тикалық магистральдық сандық желісіне негізделеді. Бұл 
ақ па 
раттық деңгейде көліктің алуан түрлерінің интеграция-
сы на нақты мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Қазақстанның 
көлік байланысының жоғары жылдамдыққа ие сандық желісі 
оның шекаралық өтпе жолдар пунктерінде шектесетін көршілес 
ел дердің көлік желілері арқылы əлемдік телекоммуникация желі-
леріне шығу міндетін шешеді.
Көлік тасымалын ұйымдастырудың ақпараттық жүйелері мүм-
кіндіктерін оңтайлы түрде қолдану елдің бүкіл көлік кешенінің 
мүддесіне сай түрлі көліктер арқылы ішкі жəне халықаралық 
тасымалдауларды ұйымдастыру барысында басқару мен байла-
ныс шығындарын айтарлықтай төмендету мүмкіндігін береді, 
көліктік жəне логистикалық қызметтердің сапасының едəуір ар-
туын қамтамасыз етеді. Ақпараттық технологияларды енгізудің 
басым бағыттары:
- жүктердің қозғалысын ғаламдық қадағалаумен қамтамасыз 
ету мақсатында желілік технологиялар негізіндегі көлік пен ло-
гистикадағы ақпараттық интеграция;
- Интранет-Экстранет технологиялары негізінде көлік-логис-
тикалық компанияларда жəне орталықтарда ішкі жəне сыртқы 
құжат айналымын жетілдіру;
- логистикалық қызметтер тұтынушылары мен жеткізушілері 
арасындағы қарым-қатынасты ұйымдастыру үшін виртуалды 
көлік-экспедиторлық агенттіктер желісін құру;
- келісім-шарттардың, тасымалдау құжаттарының жəне төлем-
дердің электрондық нұсқаларын ендіру;


5
- электрондық құжат айналымына негізделген технология-
ларды белсенді түрде енгізу жолымен шекаралық өтпе жолдар-
да жылжымалы құрамның тұрып қалуын болдырмау мəселесін 
шешу;
- тауар өндіруші жəне қызмет көрсетуші компаниялардың тұ-
ты нушылармен IP-технологиялар платформасындағы ақпарат тық 
интеграциясы.
Кезеңді түрде дамитын көлік қызметін автоматтандыру жұ-
мысшылардың еңбек өнімділігін жəне тасымалдау процесінің 
сапасын арттырудың аса маңызды əлеуметтік-экономикалық мін-
деттерін орындауға, уақыт шығындарына жол бермеуге, еңбек 
жəне материалдық ресурстарды əлдеқайда ұтымды қолдануға 
септігін тигізеді.
Оқулықтың мақсаты – студенттерге көліктік тасымалдаулар- 
ды басқару жүйелерінің барлық деңгейлерін ақпараттық қам-
тамасыз етуді автоматтандыру, қазіргі заманғы ақпараттық тех-
но 
логиялар қызметтері жағдайында компьютерлік техникада 
басқару міндеттерінің шешімдерін (тасымалдау процесін нор-
ма 
лаудан бастап диспетчерлік жүйенің барлық деңгейлерінде 
опе ративті басқаруға дейін) жасақтау, жасау жəне олардың нəти-
желерін қолдану əдістері туралы, сонымен қатар, қазіргі заманғы 
та лаптарға сай тасымалдауларды басқаруды автоматтандыру іс-
шараларының пайдаланушылық жəне экономикалық тиімділігін 
бағалау əдістері туралы кəсіби білім алуға көмектесу.



жүктеу 3,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау