122
Кіріс деректер өңдеуден кейін (қажетті деректер таңдалынып
жəне жөнелту мен тағайындалған бірдей бекеттер үшін вагондар
санын қосындылау) қолданыстағы ПҚЖ-да анықталған жүру
маршруттарына тіркеледі. Вагон ағындарын учаскелер бойын-
ша үлестіруге
есептеу орындалады, бұл полигонның графикалық
сұлбасында вагон ағындарын көрсетуге мүмкіндік береді.
Вагон ағындарын үлестіру полигон сұлбасында желінің са-
лыстырмалы ені бойынша вагон ағынының шамасы мен жол-
дың белгілі бір бағыттарының жүктелуіне
баға беретіндей етіп
графикалық түрде ұсынылады.
Кезекпен вагон ағындарының əртүрлі түрлерін көруге бола-
ды – жергілікті, қайта өңделетін транзитті,
қайта өңделмейтін
транзитті, маршруттық, қосынды. «Тышқанның» батырмасын
шерт кен уақытта учаскеде жолдың аталмыш учаскесіндегі вагон
ағындары туралы анықтама көрсетіледі.
Қажет болған жағдайда АЖ ПҚЖ-ын
есептеуге дайындаудың
алдынғы кезеңінде вагон ағындарының жүру маршруттарындағы
ауытқуларды көрсетуге болады, бұл ретте вагон ағындарын уча-
скелер бойынша үлестіру суреті өзгереді,
бұл ПҚЖ нұсқаларын
құрастыруға жəне оларды есептеуге əсер етеді.
Жеке режиммен пойыздарды құрастыру жоспарының нұсқа-
ларын құрастыру іске қосылады. Нұсқалар саны пайдаланушы
көрсететін белгілеулерге тəуелді.
Алынған ПҚЖ нұсқалары құрастыру бекеттеріне арналған
тағайындаулар
тізімі болып табылады, оны полигонның графи-
калық сұлбасында құрастыру бекетін таңдай отырып көруге бо-
лады. Топтық пойыздар үшін топтар тағайындалуының тізімін
көруге болады.
Бағалау критерийлері ретінде натуралды
көрсеткіштер таңда-
лынған: ПҚЖ жүзеге асыруға арналған пойыз локомотивтерінің
қажетті саны; салмақтық коэффициенттер қойылатын жəне сома-
сы бірге тең келетін вагон-сағаттар мен вагон-километрлер. АЖ
басқа да критерийлерді жүргізуге мүмкіндік береді.
Əрбір нұсқа үшін таңдалынған критерийлер мəні есепте леді
жəне критерийлер кестесіне енгізіледі. Содан кейін көп кри-
терийлі талдау негізінде пойыздарды
құрастыру жоспарының
нұсқаларын бағалау орындалады.
123
Үнемді нұсқаларды таңдау Паретоның – оңтайландыруы
негізінде жүзеге асырылады. Үнемді нұсқалар нұсқалар тізімінде
фонмен боялады.
ПҚЖЕ АЖ пайдаланушыларға алынған ПҚЖ нұсқаларын
қолданыстағы ПҚЖ-мен
салыстыра талдай отырып, пойыздар-
ды құрастыру жоспарын түзету бойынша шешім қабылдауға
мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: