146
Кәсіби мамандарды дайындау мәселесін шешудің де жаңа жолдары
қарастырылуда.
Еліміздің бүгіні мен ертеңі ӛскелең ұрпақ еншісінде. Ал осы ұрпақты
бүгінгі таңда жан - жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары,
ӛзбетімен ізденуге қабілетті етіп қалыптастырудың бірден-бір жолы - оқушыны
шығармашылыққа жетелеу,ата-аналармен дұрыс қарым-қатынас орната білу.
Бұл мұғалімнен терең біліктілікті қажет етеді. Себебі шығармашыл ұстаз ғана
шығармашыл тұлғаны қалыптастыра алады.
Бүгінгі қазақстандық мектептерге қоғамның қарқынды дамуына ілесе
алатын, заман талабына сай ойлайтын, ғылыми-әдістемелік білімі жеткілікті,
педагогика мен психологияны терең меңгерген ізденімпаз мұғалім қажет. Бұл
мұғалімнің кәсіби шеберлігінен кӛрінеді. Басқаша айтқанда, білім беру үдерісі
мұғалімнің дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол
мұғалімнің ӛзін-ӛзі дамытуына, ӛзіндік білім алуына және ӛздігінен
шығармашылық түрде қызметтерін іске асыруға мүмкіндік береді. Мұғалім -
бүгінгі оқушы - ертеңгі қоғамның, елдің тірегін ӛмірге дайындаушы.
Сондықтанда мектеп психологінің қандайда бір кеңесі ата-аналармен жұмысы
үлкен ықпал білдіреді.
Психологиялық кеңес беру психолог тәжірибесінде бұрыннан бері
пайдаланылатын ұғым болғандықтан, ол терминмен психолог қызметінің кең
аумағынын бір жақты кӛрсету қиын. Сондықтан психологиялық білім
қолданылатын кез келген салада кеңес беру жұмысы осы қызметті
ұйымдастыру формаларының бір түрі ретінде саналады. Кеңес беру
жұмыстарының ӛзі бірнеше бағытта болуы мүмкін кәсіби кеңес беру, ата-
аналарға және педагогтарға кеңес беру, басшыларға кеңес беру, мектеп
жасындағы балаларға кеңес т.с.с. Білім беру жүйесінде және әлеуметтік ортада
психологиялық кӛмек кӛрсету болып отыр. Бұл сала бастауыш мектеп
оқушыларының адаптациядан ӛтуі, жеткіншектер проблемалары, балалар мен
олардың ата-аналарына кеңес беру, жас жұбайлармен жүргізілетін жұмыс,
некеге дейінгі кезеңде үйленейін деп жүрген жастарға кеңес беру, жанұя бұзып
ажырасушыларға психологиялық кӛмек сияқты кӛптеген жеке бағыттардан
тұрады.
Психологиялық кеңес беру жұмысының бірнеше бағыттары:
1) білім алушыларға, ата-аналар мен педагогтерге олардың сұранысы
бойынша консультация беру;
2) білім алушыларға, ата-аналар мен педагогтерге жеке тұлғалық, кәсіптік
ӛзін-ӛзі айқындау проблемалары және қоршаған ортамен ӛзара қарым-
қатынастар бойынша жеке және топпен консультация жүргізу;
3) күйзелістік, жанжалдық, қатты эмоционалды күйзелістік жағдайда
болып табылатын білім алушыларға психологиялық қолдау кӛрсету;
4) тұлғааралық және топаралық жанжалдарды шешуде делдалдық
жұмыстарды ұйымдастыру.
147
5) білім беру жүйесінде және әлеуметтік ортада психологиялық кеңес
берудің ең кӛп қолданатын саласы мектеп оқушыларына және олардың ата -
аналарына кеңестер беріледі.
6) Баланың психологиялық дамуын шешу мәселесі бойынша
Психологиялық кӛмекті қажет ететіндерге дер кезінде қажетті іс -
шаралар жӛнінде
Ата - аналарға балалармен ара қатынастарындағы қиындықтар себебі
бойынша
Ұстаз бен шәкірт арасындағы қарым - қатынас бойынша
Сұраныс бойынша баланың арнайы қабілетіне жеке тұлғалық
ерекшелігіне, интеллектуалдық дамуына диагностика жүргізу және ата-
аналарға бағыт беру және т.б.
Психологиялық кеңес - диагностикалық негізде туындайды.
1. Кәсіби кеңес кезінде міндетті түрде мамандыққа қажетті кӛрсетулер
және кері кӛрсетулер, сонымен қатар осы процедураны орындау үшін
болжаудың (диагностиканың) әр түрлі әдістері болу керек.
2. Кәсіби кеңес кезінде ӛзін -ӛзі бағалауды дамыту және жеке тұлғаның
жағымды қасиеттерін кӛрсету, ӛзін -ӛзі обьективті анықтауға кӛмек кӛрсету.
3. Барлық ұсыныстарды нақты әрі әдепті түрде беру, кеңесті сенімді
жағдайда ӛткізу. Қоғам талаптарын ескере отырып жеке тұлғаның күшін нақты
іске бағыттау қажет.
4. Психолог әрбір оқушының қабілеті мен мінез ерекшеліктері бар жеке
тұлға екеніне кӛз жеткізе отырып, оқушының потенциалды мүмкіндіктерін
жүзеге асыра алатындықтарын сенімді болу керек.
5. Психолог жауаптарын жүйелеп қорытындылай келе, нақты сұрақтар қоя
алады, осының негізінде кеңестер береді.
6. Психолог жауаптарында жеке тұлғаны кешенді зерттеу негізінде
(ӛмірбаяны, басынан ӛткен оқиғалар, анкета сұрақтарына жауабы,
бақылау
кӛрсетулері,
дәрігерлік
диагноз,
психодиагностика
қорытындылары) қорытынды жасайды.
7. Жеке тұлғаға кеңес бергенде соңғы мәліметтеріне баса назар аудару
керек.
8. Кеңесші ӛзіне қажетті тәжірибелерді жан - жақты зерттеуі керек,
оқушының кемшіліктерін, мінезінің жайсыз жақтарын түсіндіріп оларды түзету
жолдарын кӛрсету қажет.
9. Оқушының интеллектуальды және эмоциональды ортасына ықпал жасап,
әрдайым оның психологиялық жағдайын ескеру керек. Оның мақсаты -
әңгімелесушінің сӛзін түсіне отырып, түсінікте болу.
Осы негізде ата - аналар мен педагогтарға кеңес береді, педагогикалық -
психологиялық насихат, психокоррекциялық жұмыс жүргізіледі
Психологиялық қызметте кеңес беру бағыты бойынша қызметкерлер нақты
міндеттерді шешеді:
148
1. Оқу-тәрбие мекемелерінің әкімшілігіне, мұғалімдерге, тәрбиешілерге,
ата-аналарға, мастерлерге балаларды оқыту және тәрбиелеу және бірлесіп
жұмыс істеу мәселесі бойынша кеңестер береді.
2. Балаларға оқу, жетілу, ӛмірлік және кәсіби ӛз-ӛзін анықтау,
ересектермен және құрбыларымен ӛзара қарым-қатынас, ӛз-ӛзін тәрбиелеу
және т.б. мәселелері бойынша жеке және топтық кеңес беріледі.
3. Жеке және топтық кеңес беру арқылы педагогикалық кеңестерге,
әдістемелік бірлестіктерге, жалпы мектептік және кластық ата-аналар
жиналысына қатысып, дәріс оқу арқылы педагогтардың, ата-аналардың,
мастерлердің, қоғамдық ӛкілдердің психологиялық мәдениетінің жоғарылауына
септігін тигізеді.
4. Бала тағдырында мүмкін болатын ӛзгерістерді (арнайы оқу-тәрбие
мекемелеріне жіберу, ата-ана құқығынан айыру, бала асырап алу ж.т.б.)
анықтауға байланысты сәйкес инстанциялардан дұрыс шешім шығару
мақсатында, халықтық соттың, қамқорлық кӛрсету ұйымдарының сұранысы
бойынша баланың психикалық жағдайы, психикалық даму ерекшеліктері
туралы сұрақтар бойынша шешім қабылдаған кезде кеңесші-сарапшы ретінде
кеңес береді.
5.Ӛзін-ӛзі басқаруды ұйымдастыру сұрақтары бойынша нақты балалар
мекемесіндегі тәрбиелеу жағдайларын балалардың жас ерекше-ліктеріне
сәйкестендіріп,
психологиялық
ерекшеліктерінің
негізінде
оқу-тәрбие
шараларын жоспарлауға кеңесші ретінде қатысады.
Психологиялық
қызметті
жүргізуші
психолог-мамандардың
құқықтары:
1. Мектептің ерекшелігіне байланысты жұмыстың тиімді бағыттарын
анықтауға құқылы.
2. Оқушылармен жүргізілетін жұмыстардың нақтылы міндеттерін белгілеп,
жұмыстың әдістері мен түрлерін таңдауға құқылы.
3. Психологиялық қызметтің ережелеріне қайшы келген жағдайда
әкімшіліктің бұйрығынан бас тартуға құқылы.
4. Оқушылардың тағдырын шешуге байланысты құрылған комиссиялар
мен түрлі ұйымдардың жұмыстарына кеңесші дауыспен қатысуға құқылы.
5. Мектептегі қажетті құжаттармен танысуға, дәрігерлік мекемелерге
тапсырыстар беруге құқылы.
6. Зерттеулер мен тәжірибелер жүргізуге, психологиялық диогностика мен
түзету жұмыстарының жаңа әдістерін ӛз тәжірибесінде қолдануға, олардың
тиімділіктерін анықтауға құқылы.
7. Мектеп әкімшілігімен келісу арқылы жоғары органдардың алдына
оқушылардың мүдделерін қорғауға бағытталған сұраныстармен шығуға
құқылы.
8. Мектеп оқушыларының кәсіби мүмкіндігін анықтау мақсатында кәсіптік
бағдар беру орталықтарымен байланыс жасауға құқылы.
Қорытынды
Психологиялық қызметтің мақсаты - білім беру ұйымдарында білім
Достарыңызбен бөлісу: |