Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Ӛрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ақФ



жүктеу 3,88 Mb.
Pdf просмотр
бет69/147
Дата20.11.2018
өлшемі3,88 Mb.
#22302
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   147

156 
 
жетілдірудің,  жиғанын  елге  жаю,  ұрпаққа  табыстаудың  мәңгілік  үлгісіне 
айналды.  Сол  жүйенің  мыңдаған  түлектерінің  бірі  Мұхаммед  Әбунасыр  әл-
Фараби  есімі  күллі  әлем  ғұламаларының  «Аристотельден  кейінгі  екінші 
ұстазы», Ибн Синаны - «үшінші ұстаз» деп мойындауымен тарихта қалды. Олар 
және  басқа  да  түркі  кіндікті  таным  мен  білік  ӛкілдері  ӛздерінен  мың  жылдан 
астам  бұрын  Сократ,  Платон,  Аристотель  аталары  соқпақ  салған  ғылым 
салаларын  даңғыл  таным  сүрлеуіне  айналдырып,  700  жыл  бойы  еуропаның 
кӛзін  ашып  келді.  Әсіресе,  Мұхаммед  Фараби  іргетасын  бекіткен,  Ибн  Сина 
дамытқан  «Логика»  ғылымы  бүгінгі  халықаралық  бағалау  жүйелері  (PISA 
(Programme  for  International  Student  Assessment),  TIMSS  (Trends  in  Mathematics 
and  Science  Study)  және  PIRLS  зерттеулерінің  басты  тұғынамасына  айналып, 
функционалдық сауаттылықты бағалау мӛлшері болып отыр. 
Қолымызда  да,  қанымызда  да  сақталған,  қазақтың  мол  ауыз  әдебиеті, 
суырып  салма  айтыс  ӛнері,  құрдастар  мен  нағашы-жиендердің  әзіл-
қалжыңдары,  қас  дұшпандарды  қан  тӛгіссіз  бітімге  келтірген  шешендік-билік 
сӛздері  -  логиканың  шыны  мен  шыңы  болып  қалды.  Ӛкініштісі,  қазір  амалы 
құрып,  шығыс  ӛркениетіне  мойын  бұрып  отырған  еуропаға  әлі  беймәлім. 
Ұрпақты  жаппай  ағылшын  және  орыс  тілінде  шүлдірлетуден  бұрын,  сол  асыл 
қазынаны  шет  тілділердің  (халықаралық  алты  тілдің  де)  жетесіне  жеткізу, 
олардың  қазақ  (түркі)  тіліне  құрметін  қалыптастырар  еді.  Ал,  соншама  биік 
ӛрелі  ӛркениетіміз  бола  тұрып,  табиғат  пен  адамзат  арасындағы  үйлесімді 
біржақты  пайдакүнемдік  арқылы  талқандап,  әлемдік  психологиялық-
адамгершілік,  экологиялық,  экономикалық  дағдарыс  тудырған  Еуропа  мен 
Америкаға  еліктеуді  -  тығырық-тұйыққа  ӛз  бетімізбен  қамалу  жолы  деп 
пайымдауға негіз бар. Еуропалық мамандану кӛпшілік үшін «тар шеңберлі», ал, 
таланттар  үшін  олар  келтіретін  пайдаға  деген  сенім  инвестициясын  аямастан, 
оларды  соңғы  ғылыми  жетістіктерге  сай  жедел  технологиялық  қайта 
жарақтандыру  үрдісімен  ерекшеленеді.  Біз  бүгін  игеруге  ұмтылып  отырған 
шетелдік  білім  олардың  ӛткен  жолы,  ол  ертең  ескіретіндіктен  ұлттық  дамуды 
тоқтатуға парапар әрекет. Ӛзгенің ӛзіне керексіз болып қалған ескі-құсқысымен 
ӛзгеден  озу  мүмкін  емес.  Біздің  айтпағымыз,  екі  ауысымда  оқитын 
республикамыздағы  жалпы  орта  мектептерді  «Назарбаев  зияткерлік 
мектептері» деңгейінде  жарақтандыру  және  бір  ауысымда  оқыту  мүмкін  емес, 
олай  болса  НЗМ  шәкірттерін  оқытуға  пайдаланылып  жатқан  «жоғарғы 
дейгейлі»  техника  мен  педагогикалық  технология  жұбының  дара  тіні 
(инновациялық  технология  деген  жалаң  сӛз)  жалпы  мектепті  кӛркейте 
алмайтыны  анық.  Ғылымның  соңғы  сӛзіне  сай  толық  оқу-әдістемелік  кешені, 
оқу  құралдары  мен  техникалық  жарағы  алдын-ала  дайындалмаған  апробация, 
қазақша  айтсақ  «уыз»  бермейтін  сиырды  сүтті  қылудың  бос  әуресі,  орынсыз 
шығын  шығару,  бүгінгі  сәби  тағдырына  балта  шабу  екендігін  неғұрлым  ерте 
мойындап,  даурықпа  науқанды  күн  тәртібінен  аластау,  шәкірт  пен  мұғалімге 
шын  мәніндегі  тікелей  қамқорлық  пен  жағдай  жасауға  қайта  оралу  уақыт 
күттірмейтін  қадам.  Ол,  бірінші  кезекте  бастауыш  мектептің  сынып 
жетекшілері мен арнайы пән мұғалімдерінен шынайы бағасын алуы керек. 


157 
 
Тағы  да  ӛткен  тарихқа  шегініс  жасап,  озалғы  сауаттылық  тәжірибесіне, 
білім  берудің  бүгінге  жеткен  артефактілеріне  жүгінелік.  Пайда  болуы,  замана 
сынынан  ӛтуі,  жаппай  қолданысқа  енуі  уақытын,  яғни  орнықты  білім,  білік 
және 
дағды 
қалыптастыруға 
кеткен 
уақыт 
ұзақтығын 
ондаған 
мыңжылдықтармен  болжауға  болатын  ата-баба  мұрасы,  732  жылы  қойылды 
делінетін  ежелгі  түркі  тас  жазбалары  мен  әлемдегі  сансызсимволодар, 
петроглифтер. Солардың бір нұсқасы Күлтегін Кіші жазуы. Онда: «Мәңгілік Ел, 
Мәңгілік Тас», «Жиырма күн отырып бұл тасқа бұл белгіні(ң) бәрін Йолұқтегін 
бітікледім»,  Үлкен  жазудағы  «Жоғарыда  көк  тәңірі,  төменде  қара  жер 
жаралғанда,  екеуінің  арасында  адам  баласы  (таңбада  -  кісі.  ММА) 
жаралған.  Адам  баласын  басқаруға  ата-бабам  Бумын  қаған,  Істемі  қаған 
отырған. Отырып, түркі халқының  елін,  заңын  ұстай  берген,  иелік  еткен» 
делінеді.  Сонымен  қатар  осы  мәтінде  кездесетін  «ӛңделген,  жетілген» 
теңеуімен (санскрит) әспеттелетін  «Ұстаз»,  «Оқытушы»  ұғымдары [1/169, 171, 
70],  кісілік  мәдениет  бұл  жазбаның,  сол  бағзы  замандағы  біліктілік  жетілдіру 
әрекетінен хабар жеткізеді.  
Қазіргі  жаңа  мүмкіндіктерге  ие  (инновация)  экран,  монитор  сияқты 
жарақтардың сол бағзы замандағы нұсқалары: саз тақташа, ағаш тақтайша, тас 
тақтадан  үрдісті  анықтаушы  тәсіл  ретінде  айырмашылығы  бар  ма?!  Жоқ!  Ал, 
тетіктері  мен  амалы  бірдей  технологиялар  мен  әдістердің  инновациясы  деген 
ұғымның  мәні  неде?  Бұл  соқырларды  «Соқыртеке»  ойнату  емес  пе?  Біліктілік 
арттыру үдерісін түпкі мағынасы, ұғымдық жүгі шала жансар, мақсаты буалдыр 
критерийлер  негізінде  жаңғырту  қоғамның,  ата-ананың  сенімін  ақтап  жүр  ме? 
Мысалға,  соңғы  үлгідегі  инновациялық  техника  мен  түлектің  (объекті)  білігін 
субъекті  (адам)  әрекеті  әсерінен  тыс  сараптау  технологиясына  құрылған, 
қанағаттанарлық баға, 3 - 4 ұпайға ( 12 - 16 %) беріле салатын ҰБТ ұпайы, ӛнім 
шығарушы  мұғалім  мен  мектеп  біліктілік  талабына  сәйкестік  кемі  50  пайыз 
болғанда қоятын «қанағаттанарлық» бағадан неге тӛмен?!  
Түйін  жасау  үшін  Маңғыстау  облысы  бойынша  мұғалімдердің  жаңа 
технологияларды  енгізу  мониторингі  жүргізіле  басталған  соңғы  үш  жылдық 
деректерге назар аударыңыздар. Білім бӛлімдерінің оқу жылына педагогикалық 
жоспарлау,  қаржылық  қамтамасыз  ету  кестесі  бекітілгеннен  кейін,  бірінші 
қазанға  дейін  беретін  есебі  бойынша,  облыста  соңғы  үш  жылда  да  бірінші 
орында  «Оқу  мен  жазу  арқылы  сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту 
(ОЖСТОД/РКМЧП)»  технологиясы  (Джинни  Стил,  Куртис  Мередит,Чарльз 
Темпл). (кесте 1.). 
Кесте 1.Технология және білім сапасының ӛзара байланысы 
 
Ӛлшем бірліктері 
Оқу жылдары 
2013 
2014 
2015 
ОЖСТОД технологиясымен жұмыс жасайтын 
мұғалімдер(саны) 
 
625 
 
1033 
 
1405 
Осы технологиялармен білім алатын шәкірттер (саны) 
13311  17151  23151 
ҰБТ бойынша жоғары ұпай алған 100 мектеп құрамына 
енген мектептер саны [2/48 және 3/29].  





жүктеу 3,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау