29
алу; оның ғылыми - әдістемелік, оқыту-әдістемелік, ұйымдастырушылық
себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау, жаңа буын оқулықтарының
мазмұнын зерттеп білу, пәндік білім стандарттарымен жете танысу, білімді
деңгейлеп беру техологиясын игеру арқылы оқушыларға білімді мемлекеттік
стандарт деңгейінде игеруге қол жеткізу, оқыту үрдісін ізгілендіру мен
демократияландыруды үнемі басшылыққа алу, ӛйткені оқыту - тәрбиенің негізі.
Жаңа технологияның ӛзін мұғалім түрліше: орташа дәрежеде, ұқыпты, дәл
нұсқау бойынша немесе шығармашылықпен іске асыруы мүмкін. Бұл жерде
технологияны жүзеге асырушының тұлғалық компоненті, белгілі бір
ерекшеліктері елеулі түрде әсер етеді, сонымен бірге студенттің әрекеті - оның
қабылдауы, ынтасы, құштарлығы негізгі рӛл атқарады.
Оқыту процесінде оқытушы студенттерді дұрыс ұйымдастыра отырып,
бағыт бағдар беру арқылы ӛздігінен жұмыс жасауға үйрету нәтижесінде, жаңа
идеялар мен жаңалықтар, болжамдар мен нәтижелер әкелетіндей тұлға даярлап
шығуды кӛздеуі керек. Оқытушыдан студенттер тек білімге ғана емес, ӛмірге де
үйрететін қабілеттілікті қажет етеді. Жеке тұлғаны білімге, ӛмірге бағыттауға
тәрбиелеу үшін студенттердің ӛз бойынан дәл осындай жұмыс түрлерін
ӛткізгенде ғана нәтиже берері анық. Олай болса, студенттердің проблемалық
құзіреттілік қабілеттерін дамытуда жаңа технология жүйесінде проблемалық,
іскерлік ойын арқылы оқытудың маңызы зор. Студенттер әр түрлі
проблемаларды талдайды, оның шешу жолдарын іздестіреді. Сонымен қатар,
мұндай жаңа технологиялармен оқыту олардың логикалық ойлау қабілетін
дамытады, пәнге деген қызығушылығын арттырады, ӛмірде кездесетін түрлі
қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді.
Әдебиеттер:
1. Таубаева Ш. Вопросы моделирования генезиса, структуры и содержания
исследовательской культуры учителя // Поиск серия гуманитарных наук. -
№1,2002г.
2. Қазақ тілінің сӛздігі. - Алматы: Ғылым, 1986. 10 том.
3. Лебедев О. Е. Білім берудегі құзырлылық тәсіл. //Мектеп
технологиялары.- 2004.-№5.-3-12б.
4. Құрманалина Ш.Х., Мұқанова Б.Ж. Педагогика, Алматы - 2002 ж.
5. Поляков С.Д. Технология воспитания, 2008 ж.
6. Майғаранова Ш., Иманбаева С.,ӘшімбаеваБ. «Тұлғалық бағдарлы
тәрбие технологиясы».- Алматы, 2010ж.
30
БОЛАШАҚ МАМАННЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН
ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Даужанова М. М.,
Академик Г. С. Сейтқасымов атындағы
индустриалды-экономикалық колледжі
Арнайы пәндер оқытушысы
Қазіргі заманғы ғылыми - техникалық үрдістің қарқыны, білім беру
жүйесінің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Ең бастысы - ӛз жұмыс орнына
және бүкіл техникалық тізбекте технологияның үздіксіз ӛзгерістеріне бейімделе
алатын орындаушының тұлғасын қалыптастыру міндеті. Біліміне, біліктілігіне,
парасатына пайымы сай ұстаз бүгінгі таңда жас ұрпаққа білім беру жүйесінде
болып жатқан оң ӛзгерістерге байыппен қарап, оның заман талабына сай мән-
маңызын түсінеді. Әлемдегі озық, бәсекелестікке қабілетті 50 елдің қатарына
еніп, ӛркениетті елдермен иық тіресе тұру міндеті, сайып келгенде, еліміздің
ертеңгі азаматтарының қолында.
Қазақстанның әлеуметті-экономикалық даму мақсатын жүзеге асыруда
кәсіптік білім беретін мекемелердегі бәсекелестік қабілеті бар болашақ
мамандарға әртүрлі ӛндірістік салаларға даярлау деңгейі білім беру
жағдайларымен анықталады.
Қазіргі таңда жан-жақты маман даярлау олардың әлеуметтік, кәсіптік,ӛздік
жұмыс жасай алу қабілеттерін дамытумен белгіленеді. Себебі әлеуметтік сала
экономикасын дамыту осы болашақ мамандардан тӛмендегідей шарттардың
орындалуын талап етеді:
- жүйелі ойлау;
- экологиялық, құқықтық, ақпараттық мәдениет;
- кәсіпкерлік мәдениет;
- ӛзін-ӛзі тану және басқаларға ұсыну;
- ӛз қызметін білімді талдау;
- кейбір ӛндірістік жағдайларда ӛз бетімен дұрыс шешім қабылдай алу;
- жаңа білімді меңгеру;
- әр іске жауапкершілікпен қарау[1].
Осыған орай, біздің қаржы-экономикалық пәндер мамандықтары бойынша
мемлекеттік білім стандарттары негізінде құрылған типтік жұмыс
бағдарламалары, оның негізінде дайындалған оқу жұмыс бағдарламалары,
тақырыптық-күнтізбелік жоспарлар, оқу-әдістемелік кешендер, есептер
жинағы, кӛрнекілік альбомдар қолданылып келеді. Мұның барлығы маман
моделінің нарықта қажеттілігін тұрғызуға бағытталуы қажет. Ӛйткен себебі,
соңғы кездерде білім саласында біліктілік моделінен құзыреттілік моделіне
ауытқу кӛп қарастырылып жүр, яғни жұмыс берушіні кӛбінесе біліктілік емес,
құқық, ақпарат, әлеуметтік сала жағынан құзіретті мамандар қызықтырады.
Бірақ біліктілікке қосымша құзыреттілік бірге жүрген жағдайда маман моделі
жүйелі сипатталады деуге болады.
31
Экономикалық мамандықтарының мақсаты – ой - ӛрісі жаңашыл,
шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын,жан-жақты,қазіргі заман
талабына сай бәсекелестікке түсе алатын мамандар даярлау теория жүзінде
алған білімін тәжірибемен байланыстыра алатын маман даярлау санаймын.
Құзіретті маман даярлау мақсатында «Білім алушылардың білімділік
белсенділігін арттыру технологиясын» пайдаланамын.Бұл оқыту технологиясы
бойынша білім беру мақсаты - оқушыларға ӛндірістік ситуациялар беру арқылы
ӛз бетінше жұмыс жасау қабілетін, дұрыс шешім қабылдау мүмкіндігін
қалыптастыру арқылы бәсекеге қабілетті маман ретінде дамуына кӛмектесу.
Осы бағытта ӛзім сабақ беретін «Қаржылық есеп» пәнінен «Экономикалық
талдау және қаржы есебін талдау», «экономика негіздері», «Статистика» және
«Салық және салық салу» пәнінен «Кассалық операцияларды тексеру»,
«Еңбекақы аудитін жүргізу», «Тауарлы-материалдық құнылықтарды түгендеу»
тақырыптары бойынша берілген ӛндірістік ситуацияларды шешу барысында
оқушылардың ӛз бетінше жұмыс жасауы, дұрыс шешім қабылдай алу
қабілеттері артқанына кӛз жеткіздім. Сонымен қатар оқушылар барлық
шаруашылық операцияларды орындау барысында ҚР «Бухгалтерлік есеп және
қаржылық есеп беру» заңы және қаржылық есеп берудің халықаралық
стандарттарымен /ҚЕХС/ ӛз бетінше жұмыс жасап, қазіргі кезде бухгалтерлік
есептің басқару жүйесіндегі алатын орнын,типтік шоттар жоспарының талапқа
сай қолданылуы қажет екендігіне толығымен түсінгендерін байқадым[2].
Білім алушылардың іс-әрекетін белсендіруге және қарқындандыруға
негізделген технологиялардың бірі «Проблемалық оқыту».Ерекшелігі: білім
алушыны ӛз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдық және шығармашылық
икемділіктерін дамыту, білетіні мен білмейтінінің арасындағы қайшылықтарды
ашу әрі проблемалық міндеттер қою. Проблемалық оқытудың қалыптасу
тарихына
үңілсек,
Сократ
ӛзінің
шәкірттерін
логикалық
ойлауға,
зерттеулердлің нәтижелерін табуға бағыттап отырған.
Руссо білімді игеру үшін ситуациялар қою арқылы жүзеге асырған.
Проблемалық оқытудың ең керекті әрекеті ізденіс болса, соны ӛз тәжірибесінде
кеңіне қолданған ғалымдар қатарында Песталоцци мен Дистервегтің еңбегі зор.
Проблемалық оқытудың басқалардан айырмашылығы - білім оқушыларға
дайын күйінде хабарланбайды, керісінше олардың алдына ӛз бетінше шешуге
проблема қойылады. Іздену әрекеті барысында білімді оқушылардың ӛздері
табады.
Сол себепті, арнайы пәндерді оқытуда проблемалық оқыту технологиясын
қолдану тиімді деп ойлаймын. «Кәсіпорынның экономикалық талдауы» пәнінен
«Ӛнімді ӛндіру және ӛткізу үрдісін талдау» тақырыбы бойынша оқушылар
берілген тапсырмаларда екі кәсіпорынның ӛнімді ӛндіру, оны ӛткізу
жоспарының орындалу немесе орындалмай қалу мәселелерін қарастырды және
орындалмай қалу себептерін анықтап, оны шешуге тырысып, екі фирма
арасындағы тиімді қызмет жасайтын фирманы анықтап, оның жетістігін
дәлелдеді., Сабақ соңында байқалғаны, осы проблемалы тапсырмалар оқушы
сезіміне молырақ әсер етіп,олардың қызығушылығын, білімге іштей
Достарыңызбен бөлісу: |