262
жетілдіру болып отыр. Білім жүйесінің ішкі мүмкіндіктерін дамыту білім
жүйесінің жаңа үлгісін жасау, оқушыларға берілетін білімнің мақсатын,
міндеттерін, мазмұнын, оқыту технологиясын ӛзгерту арқылы жүргізіледі. Ал,
мұның ӛзі жаңа мазмұндағы оқулықтар мен оқу әдістемелік құралдарды
әзірлеуді, педагогикалық университеттердегі мұғалімдерді және курстық
даярлау мазмұнын ӛзгертуді, мұғалімдерді және басшыларды даярлауды, білім
жүйесінің барлық сатыларының үздіксіздігі мен үндестігін қайта қарауды талап
етті. Сӛйтіп, ҚР «Білім туралы» заңына ӛзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
«Білім туралы» заңға қажетті ӛзгерістер мен толықтырулардың енгізілуі -
бүгінгі күннің басты талабы. Әсіресе, орта білім беру саласы әрбір ата-ана,
қоғам, ӛскелең ұрпақпен тығыз байланыста жұмыс атқарады. Аталмыш заң
орта, арнаулы және инклюзивтік білім беру, педагог мәртебесі мәселелеріне
қатысты кеңейтіліп, нығая түсті.
Білім жаңалығы - қоғам, ӛмір жаңалығы. Ендеше ӛміріміз сапалы,
қоғамымыз дамыған кезеңге бағыт алудамыз.
БАҒАЛАУ - БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУДАҒЫ
МАҢЫЗДЫ АСПЕКТ
Майбасова Ү. А.,
«Ӛрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша
ПҚБАИ МДТ және БББ кафедрасының
аға оқытушысы maybasova.u@orleu-edu.kz
Қазіргі қоғамның ӛзекті мәселелерінің бірі - әлеуметтік, экономикалық
ӛзгермелі жағдайларда ӛмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар
оны жүзеге асыруға, жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру.
Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар - шығармашылық,
белсенділік, жауаптылық, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Бұл талаптарды
жүзеге асыру үшін оқушыға білімді меңгертуде мүлдем жаңа бағытта жұмыс
істеу қажеттілігі туындайды. білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай
263
білім беретіні туралы мәселе бүкіл әлемде қайта қаралуда. Осы мәселе аясында
«Балалар ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені үйренуі керек?» және
«Оқытудың тиімді әдістері қандай?» деген сияқты негізгі сауалдар туындайды.
Қазіргі кезде Қазақстанда жоғарыда сипатталған жаһандық проблемаларға
жауап бере алатындай деңгейде ұлттық мәнмәтіндегі жұмыстар жүргізілуде.
Білім беру бағдарламасындағы ұлттық стандарттарға, бағалауға, оқулықтар мен
оқыту әдістеріне қатысты білім беру саласындағы ӛзекті құндылықтар мен
мақсаттар мектеп оқушыларының жалпы үлгерімін арттыруды, сондай-ақ
инновация мен кӛшбасшылықты енгізу үшін талап етілетін дағдыларды
дамытуды, мектеп мәнмәтіні арқылы ұлттық сананы қалыптастырып, іске
асыруды және ауқымды халықаралық тәжірибемен ӛзара әрекеттесуді кӛздейді.
Осы аталған міндеттерді шешудің бірден-бір жолы жаңартылған білім беру
бағдарламасы мен бағалау жүйесін енгізу шаралары болып табылады. Осы
реформалау аясында бастауыш сыныптарға арналған білім беру бағдарламасы
да қамтылады. Бұл оқушылардың оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым
дағдыларын дамыту, проблемаларды шешу, ғылыми зерттеу жүргізу және
анықтамалық материалдарды зерделеумен байланысты дағдыларын дамытуға
кӛмектеседі. Оқушылар бастауыш сыныпта оқытылатын әр пәндік саланы
түсінетіндігін кӛрсете отырып, алдағы уақытта осы білімдерін басқа
жағдайларда қолдана білулері қажет. Сондықтан оқушыларды ӛз білімдерін кез
келген жағдайға қалай бейімдеу керектігін біліп, болашақта кездесуі мүмкін кез
келген күрделі тапсырмаларды шешуге икемді болуға баулу маңызды болып
табылады. Оқушыларға табысты болу үшін білім қандай қажет болса, дағды да
сондай қажет деген пікір соңғы уақытта кӛбейіп келеді. Бұл оқушылардың
ақпаратты есте сақтап, алған білімдерін ұғынуын, түсінуін және әртүрлі салада
қолдана білуін талап етеді. Осы орайда, Қазақстанның орта білім беру жүйесіне
жүргізілген Экономикалық ынтымақтастық және дамыту ұйымы (ЭЫДҰ)
шолуының негізінде оқушылар үшін бағалауды барынша әділ және анағұрлым
мәнді ету кӛзделіп отыр /1/. Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында білім
сапасын бағалау жүйесіндегі жаңашылдық - ол бастауыш және орта
мектептерде критериалды бағалау моделін енгізу.
Критериалды бағалау жүйесінде ең маңызды нәрсе - оқу процесінің ӛзі, сол
арқылы оқушы ӛзін-ӛзі бағалауды үйреніп, ӛз білімінің артықшылықтары мен
кемшіліктерін кӛріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді, яғни бұл жүйеде
оқушының қалай жұмыс жасағаны, қалай ойланғаны бағаланады. Бағалауды
ӛткізу үшін, оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын
анықтау қажет.
Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала
белгіленген критерийлердің (Глейзердің енгізген ұғымы, 1963) нақты
жиынтығының кӛмегімен ӛлшенеді. Бұл бағалау түрі оқушылардың үлгерімі
сыныптастарының үлгерімімен салыстырмалы түрде бағаланатын нормаға
негізделген бағалаудан ерекшеленеді /2/. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі
екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау (ҚБ) және жиынтық бағалау
(ЖБ). Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас
264
бӛлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде ӛткізіледі.
Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім
арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және балл не баға қоймастан оқу
үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Мұғалімдер оны оқуды ӛлшеу үшін
және алдағы сабақтарын жоспарлау үшін қолданады. Жиынтық бағалау оқу
бағдарламасының бӛлімдерін/ ортақ тақырыптарын және белгілі бір оқу кезеңін
(тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған оқушының үлгерімі туралы
ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы ӛткізіледі.
Критериалды бағалаудың мазмұнын мұғалімдер білім беру мазмұнын
жаңарту аясында ӛткізіліп жатқан біліктілікті арттыру курстарында
қарастырып, меңгеру үстінде. Бұл курстардың сәтті бастамасын үстіміздегі
жылдың акпан айынан бастауыш сынып мұғалімдері жузеге асырып жатыр.
Курс барысында мұғалімдер қалыптастырушы және жиынтық бағалау барлық
пәндер бойынша қолданылатыны, алайда бағалау тәсілдері пәннің мазмұны мен
ерекшеліктеріне байланысты ерекшеленуі мүмкін екеніне кӛз жеткізеді.
Критериалды бағалауды дұрыс жоспарлап ұйымдстыру үшін әр сыныпта
сабақ беру үдерісінде мұғалім оқу бағдарламасындағы барлық оқыту
мақсаттарын қамтуы керек. Бағалау үдерісін тиімді түрде ӛткізу үшін
мұғалімге:
оқу мақсатына сәйкес бағалау критерийлерін нақты құрастыру;
тапсырмаларды бағалау критерийлеріне сай құрастыру және
дескрипторларын анықтау;
оқушыларға тиімді кері байланыс беру ұсынылады.
Бағалау критерийлері оқу мақсатында не кӛрсетілсе, тек соны ғана
бағалайды және Блум таксономиясыда берілген алты ойлау дағдыларының
деңгейлерін - білу мен түсіну, қолдану, анализ, синтез және бағалауды
кӛрсетеді. Мұғалімнің бағалау критерийлерін оқу мақсаттарына сәйкестендіріп,
нақтылап дайындауы маңызды. Одан кейін мұғалім бағалау критерийлерін
сәйкестендіріп, оқушылардың жеке ерекшеліктерін, оқу мазмұнын ескеріп,
тапсырма
және
оның
дескрипторларын
құрастырады.
Тапсырма
дескрипторлары анық және қолжетімді болып, оқушыға тапсырманы орындау
барысында нені кӛрсете білуі қажет екендігі туралы толық мәлімет бере
алатындай болып; мұғалімге оқушының оқу мақсатына жеткен деңгейі
(тӛмеңгі, ортаңғы, жоғарғы) тӛңірегінде тиімді кері байланыс бере алатындай
мүмкіндіктер береді.
Кері байланыс әрекеті сабақтың әр кезеңінде қолданылып,
мұғалімнің оқушымен үздіксіз қарым-қатынаста болып, оқыту үдерісін ары
қарай жоспарлауға және түзетіп отыруға жағдай тудырады.
Біліктілікті арттыру курсында мұғалімдер қалыптастырушы бағалаудың
әдіс-тәсілдері, бӛлім мен ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың
құрылымы талдайды. Бір пән аясында оқу мақсатына сәйкес ойлау деңгейін
анықтап, әр деңгейге критерий мен дескриптор құруды үйренеді. Жиынтық
бағалау аясында бӛлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау
және ұйымдастыру, нәтижелерін талдау, тоқсандық жиынтық бағалау үдерісі
ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізіледі. Тоқсандық жиынтық бағалауға
Достарыңызбен бөлісу: |