Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы
Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің
біліктілігін арттыру институты
«Судың сыры» тақырыбы бойынша оқушылардың зерттеу қызметін ұйымдастыру
Орындаған:Касаинова Балапан Мухамедкаримовна
Дөңгілағаш негізгі мектебінің
химия мұғалімі
Жетекші: Жуманбаева А.О.
Көкшетау – 2017
МАЗМҰНЫ
І. КІРІСПЕ
ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
Зерттеу жұмысын ұйымдастыру
Зерттеу жұмысына қойылатын талаптар
ІІІ.ҚОРЫТЫНДЫ
Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы,
ІV.ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Жалпы білім беретін мектепте оқушылар білім түрлерін оқып үйренгенмен, сол білімдерін практика жүзінде дұрыс пайдалана алмайды. Бұл олқылықтың орнын оқушыларды ғылыми-ізденушілік жұмысқа баулу арқылы толтыруға болады. Оқу үрдісіндегі ізденушілік бағыт оқушылардың теориялық білімдерін практикалық білік-дағдылар арқылы бекітуге мүмкіндік жасайды. Сонымен қатар, оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, алдарына нақты мақсаттар қоюға, оны орындау әдіс-тәсілдерін таңдай білуге үйретеді.
Мен химия пәнінің мұғалімі ретінде оқушыларды ғылыми жұмысқа тартуды мақсат тұтамын. Оқу-тәрбие бағытындағы барлық өзгерістерді қамтып, озат педагогикалық тәжірибелерді зертттеп, жаңа тұжырымдар жасасақ, бұл бағытта оқушыларды шығармашылық іс-әрекетке баулитын, таным белсенділігін арттыратын түрлері қажет-ақ. Солардың бірі – оқушылармен жүргізілетін ғылыми орталық аясындағы зерттеу жұмыстары болмақ. Осы бағытта «Ғылыми зерттеу жұмыстарының» бағдарламасын даярлаймын. Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында тақырыптар таңдауға ұсынамын.
Жұмыстарды жүргізу барысында оқушыларды өз бетімен көп ізденуге,шығармашылық қабілеттерін арттыруға,зерттеуді үйретуге тырысамын.Кез келген тақырып бойынша ең алдымен сол тақырыптың тарихына көп көңіл бөлуді қадағалаймын.Себебі , шығу тарихын зерттеп алмай кез келген дүниенің сырын түсіну мүмкін емес. Осыдан кейін тақырып бойынша жан-жақта зерттеулер жүргіземіз,барлық қыр-сырын ұғынуға тырысамыз,ғалымдардың осы тақырып төңірінде жүргізген зерттеулерін талдаймыз.Сонымен қоса тақырыпқа сай қызықты деректер жинақтаймыз.Осы жұмыстарды жүргізіп болған соң өз тарапымыздан қандай жұмыс жасау керектігін (сауалнама,сұхбат,тәжірибе, т.с.с.) айқындап алып соған кірісеміз де нәтижесі бойынша талдау,анализ жасап,қорытынды шығарамыз.Осы жұмыстардың барлығын орындау кезінде дарынды, «зерттеуші» оқушылардың ата-аналарымен тығыз байланыс жасаймын.Бұл да өте қажет,себебі ата-ананың қолдауы баланы «қанаттандырады».
Ізденуші оқушылар өз тақырыбының ерекшіліктерін, өзектілігін,маңыздылығын сезіне отырып түрлі әдіс-тәсілдер арқылы өзін қанағаттандыратын нәтижеге жетіп отырады. Ізденіс барысында оқушыларға шығармашылық мүмкіндіктер беріледі. Оқушылар дүниетанымынң мүмкіндігіне қарай, ғылыми түрде тапсырмалар беріледі. Мұғалім мен оқушы бірлесе отырып, ғылыми жұмыстың көкейкестілігін, шығармашылық аясын айқындады, осы міндеттер бойынша оқушылармен қосымша ізденуге жағдай жасай алады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Осы жұмыс барысында ғылыми жұмысты жүргізудің теориялық принциптерін пайдаланып, жұмыстанып келемін.
1. Ғылыми жұмысты ұйымдастыруда белгілі бір тақырып бойынша көмек көрсетемін, қосымша мағлұматтар беремін.
2. Ғылыми бағыт бойынша зерттеу материалдарының тізбесін жасаймыз және сұрыптаймыз.
3. Жұмыстың өміршеңдігіне мән беріп, ортамен байланысына көңіл бөлу.
4.Зерттеу кезеңдері бойынша қолданатын әдіс-тәсілдерді анықтаймыз.
5. Оқушының жұмыс барысындағы жеке қолтаңбасы, жаңалық қыры, шығармаларын талдай білуі ескеріледі.
6. Жұмыстың соңында қорытындылар мен пайдаланылған әдебиеттердің тізіміне көңіл бөлінеді.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, дамыту – оқушы шығармашылығын қалыптастырудың нақты жолдарының бірі екенін де естен шығармау қажет. Бұл жұмыс заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып, қажетті бағдарлы базаларға еніп, деректер қорымен жұмыс жасауды қамтамасыз етеді.
Қазіргі оқытушының басты қызметі – білім беру мен жеке тұлға тәрбиесін сабақтастыру болса, оқушылармен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы олардың өзін-өзі дамыту, шығармашылық,ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастырылады.Сондықтан мұғалім оқушының қабілеттерін дамыту,талантты балалардың талабын ұшқырлау мақсатында заман талабына сай,жаңа технология қолдану арқылы жұмыс жасау керек деп есептеймін.Соның ішінде, оқушыларға ғаламтормен жұмыс жасауды үйрету,өз бетімен сауалнама,сұхбаттасуларды жүргізіп,оларды видеоға түсіріп,оларға талдау жасалуын ,нәтижесі бойынша қорытынды жасай білуін қадағалау керек.
Қай жұмысты болсын қызығушылықпен,ынтамен жасаса нәтиже шығатыны анық.Ал біздің кішкентай білгірлерімізді қызықтыру,ынталандыру өз қолымызда.
Оқушылардың шығармашылық,зерттеушілік қабілеттерін дамыту – өзекті мәселелердің бірі.
Қазіргі таңда оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамыту үшін оқушыны неге үйрету керек, қалай үйрету керек,әлде оны өзі үйрене ала ма?
Оқушыларды зерттеу жұмысын жүргізуге үйрету үшін :
— мұғалімнің өзі теориялық білімдерін жетілдіріп отыруы қажет;
— зерттеу процесіне баланы үзбей, сатылы түрде қатыстыру;
— зерттеу кезеңдері мен әдіс -тәсілдерін айқындап алу;
— зерттеу барысында өз бетімен қорытынды жасай алу;
— шығармашылық жаттығу, тапсырмалардың мазмұнын оқушылардың жас ерекшелігіне,қызығушылығына сай таңдау;
— оқушы жетістігін мадақтап,көтермелеу керек.
Оқущылардың зерттеушілік, шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін осы күнге дейін жинақталған тәжірибесін оқу әрекеті арқылы дамыту қажет.Сол әрекеті білік,білім дағдыларын қалыптастырады.Кез келген тапсырманы оқушы орындау жағдайында іздене бастайды.Өз бетімен әрекет жасап, шешім қабылдау арқылы белгілі бір нәтижеге жетеді.
Баланы зерттеу жұмысына дайындау, оны зерттеушілік ізденіс дағдылары мен іскерлігіне үйрету қазіргі білім берудің маңызды міндеті болып отыр. «Зерттеу» түсінігі «Үлкен кеңес энциклопедиясында» «жаңа білім шығару процесі және танымдық қызметтердің бір түрі болып табылады» деп беріледі. Танымдық қызмет үйренушілерге қолданғанда шығарушы «өнімсіз» және білімді қайта құру (шығармашыл, зерттеушілік) болуы мүмкін.
Бала-табиғатынан зерттеуші, зерттеушілік ізденіс – табиғатпен берілетін қасиеттің ажырамас бөлшегі. Жаңа әсер алу, көп білуге құштарлық, үнемі қадағалауға және эксперимент жасауға ұмтылу, әлем туралы жаңа мәліметтерді өз бетінше іздеу бала мінезінің маңызды белгілері ретінде қарастырылады. Зерттеушілік, ізденушілік белсенділік – баланың табиғи жағдайы; ол әлемді танығысы, білгісі келеді. Баланың бұл табиғи белсенділігі зерттеушілік мінез-құлықтың мәні.
Балаларды оқытуда зерттеушілік әдісті қолдану қажеттілігі балалардың табиғатынан көп білгісі келетіндігімен, қоршаған ортаны түсіну қызығушылығымен түсіндіріледі. Оқушылардың өзіндік зерттеулері олардың жеке-дара қажеттіліктері мен сұраныстарын қанағаттандыруға ықпал етеді. Бұдан басқа, өзіндік зерттеулер интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерді, ойлау және зерттеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.Өз бетінше зерттеудің көмегімен оқушылар қоршаған әлемді тани отырып, өздеріне жаңа білімді дайын күйде алмай, ашады.
Зерттеуші-оқушы өзінің табиғатынан зерттеуге бейім келеді. Білуге құмарлық, өзінше эксперимент жүргізу баланың балалығымен бірге жүретін процесс. Зерттеу, іздеу белсенлідігін – баланың жаратылысына тән табиғи құбылыс.
Зерттеушілік әдісін қолдану қажеттігі оқушының білім алу процесінде қоршаған ортасына қызығушылығымен, сүйіспеншілікпен қарауымен түсіндіріледі. Оқушының өз бетінше зерттеу жүргізуі оның жеке талабын қанағаттандырумен көкейінде жүрген сұрақтарға жауап табуға үлкен ықпал етеді. Одан басқа, өз бетінше зерттеу жүргізу интеллектуалдық және шығармашылық қабілеті мен ойлау, зерттеу білігінің дамуына мүмкіндік туғызады. Оқушы өз бетінше зерттеу жүргізу арқылы қоршаған ортасын тани алады, жаңа білімді дайын күйінде емес, өзі үшін жаңа білім ашады.
Зерттеу жұмысын жүргізу оқушыларды төмендегідей іс-әрекеттерді жасауға мүмкіндік туғызады :
— өзін қызықтырған сұрақтарға жауап іздеу;
— іздену барысында түрлі тәсілдер қолдану;
— өз пікірін, ойын ашық айту;
— өз бетімен қорытынды жасау;
— өзі үшін жаңалық ашу.
— қызығушылығын қанағаттандыру.
Демек, оқушы өз бетінше жұмыс жасауды үйреніп, зерттеушілік,шығармашылық қабілеттерін дамыта түседі.
Зерттеу жұмыстары жалпы жүйесінің негізгі кезеңдері
проблеманың өзектілігі (болашақ зерттеулерді анықтау, проблемаларды табу);
зерттеу саласын анықтау (негізгі мәселелелерді белгілеу);
зерттеу тақырыбын таңдау (зерттеу шеңберін белгілеу);
шешімге келу тәсілдерін анықтау, жүйелеу (зерттеу әдістерін таңдау);
зерттеу жүргізудің жүйелілігін анықтау;
ақпарараттар жинау, реттеу (алған білімдерін есепке алу);
алынған материалдарды жинақтау, талдау (белгілі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, материалдарды жинақтау);
есеп беруге дайындау (негізгі түсініктерге анықтама беру, зерттеу нәтижесі бойынша хабарлама дайындау);
баяндама (зерттеу нәтижелерін құрбылары алдында баяндау, сұрақтарға жауап беру).
Зерттеу жүргізудегі ең маңызды нәрсе проблеманы көре білу болып табылады. Проблема жай ғана мәселе деген сөз емес, «problema» сөзі ежелгі грек тілінен аударғанда «міндет», «кедергі», «қиындық» деген ұғымды білдіреді. Проблема теориялық немесе практикалық болуы мүмкін. Ол – белгілі бір қиыншылыққа тап болу. Қиындықтан шығу зерттеуге бағытталған жан-жақты ізденісті талап етеді.
Тақырып проблеманың сипатын ашып береді.
Зерттеу тақырыбы түрліше болуы мүмкін. Ең бастысы, өзіне қызықты болуы мүмкін.
Тақырыптарды негізгі үш топқа бөлуге болады:
қиялға негізделген құбылыстарға бағытталған фантастикалық тақырып;
өзіндік бақылаулар мен эксперимент жүргізу және практикамен тығыз байланысты эмприкалық тақырып;
түрлі қайнаркөзден алынған деректермен, материалдармен танысу жұмыстарына бағытталған теоретикалық тақырыптар;
Тақырыпты таңдағаннан кейін болжам жасауға үйрену керек. Болжам деген сөз – «hypothesis» – ежелгі грек тілінен аударғанда құбылыстар арасындағы заңды байланыстар жөнінде негіздеме деген ұғымды білдіреді.
Болжам – бұл әлі айқындалмаған, логикалық дәлелденбеген және тәжірибеден өтпеген білім. Болжам шындық та, жалған да болуы мүмкін емес ол тек ғана анықталмаған құбылыс. Егер болжам теорияға айналмаса, жалғанға айналады. Болжамдағы басты талап нақты материалдармен келісілуі тиіс.
Зерттеу обьектісі – теория мен практикадағы байланыстар, қатынастар, қасиеттер жиынтығы және ақпараттар зерттеудің қажетті қайнар көзі қызметін атқарады.
Зерттеу пәні нақтырақ. Ол жұмыстағы танысуға жататын қатынастар мен байланыстан тұрады, ғылыми ізденістің шекарасын орнатады. Әрбір обьектіде бірнеше зерттеу пәндерін бөліп алуға болады. Зерттеу пәні сол зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтайды.
Мақсат зерттеушінің негізгі жоспарына сәйкес қысқа, нақты болады. Бақылау, эксперимент, ақпараттар іздеу, жинау зерттеу әдістері бола алады.
Бақылау – өте кең таралған және тиімді зерттеу әдісі. Бақылау әдісін белгілі бір мақсатқа негізделген қабылдау түрі деп атайды. Ол практикалық, танымдық міндеттерде бақылау зерттеу әдісі ретінде түрді сипаттайды.
Эксперимент –зерттеу әдістерінің ең маңыздысы. Ол барлық ғылым саласында зерттеумен бірге қолданылады. «Эксперимент» деген сөз латынша – «experimentum», аудармасы «тәжірибе» деген ұғымды білдіреді. Бұл таным әдісі арқылы қоғамдағы немесе табиғаттағы құбылыстар қатаң бақылау мен салыстыру мақсатында қандай да бір практикалық әрекетті көздейді. Эксперимент ойлану кезеңін өткізетін ойда жүрген мәселе де болуы мүмкін. Зерттеуші зерттеу жолдарын анықтағанда, алдымен, материалдар жинайды және төмендегі тәртіппен жүйелейді:
Ойлау;
Өзіне өзі сұрақ қою;
Басқа адамнан сұрау;
Кітаптардан қарау;
Бақылау;
Эксперимент жүргізу;
Интернет жүйесін қарау;
Материалдар жинақтау;
Қорытынды жасау.
Қорғау- зерттеудің жетістігі және жаңа зерттеулердің бастапқы кезеңі болып табылады. Қорғауға әдетте шектеулі уақыт (10-15 мин) беріледі. Осы уақыт ішінде зерттеуші ғылыми тақырыбының өзектілігін аша білуі тиіс, сондай-ақ жұмыстың локикасы, тілі, құрылымы мен жиналған материалдың құндылығы, практикалық мәні бағаланады.
Зерттеу жұмысын рәсімдеу талаптарын оқушыларға ұсынамын:
резюме (аннотация) – жұмыстың барысы туралы қысқаша мазмұндамасы;
Зерттеудің мақсаты:Гипотезалары;Кезеңдері,Тәжірибенің әдістемесі:
Зерттеудің жаңалығы және дербестік дәрежесі:адам организміне судың пайдасы мен зиянының тең әрекеттілігін анықтау
Жұмыстың нәтижесі және қорытындысы:
Нәтижелерді практикада қолдау салалары:
кіріспе – жұмыстың тиянақты сипаттамасы, тақырыптың таңдалуы, мақсаты, жұмыстың жүзеге асырылған жері; (екі беттен артық емес) мыналар келтіріледі: таңдалған зерттеу тақырыбының өзектілігі, осы жұмыстың мақсаты (міндеті): қойылған міндеттерді шешу әдісі қысқаша көрсетіледі
негізгі бөлім: зерттеудің жабдықталуы мен әдістері, экспериментті бөлімі, шыққан қорытындылар және талқылау;
әдеби ізденістер мен нақтылықтардың (отандық және шетелдік) зерттеу кезіндегі әсері;
қорытынды (нәтижелер мен ұсыныстар);
Мысал ретінде «Судың сыры» тақырыбының зерттеу жұмысын жүргізу жоспарын ұсынамын.
МАЗМҰНЫ
1. КІРІСПЕ
2.НЕГІЗГІ БӨЛІМ.СУ ТҮРЛЕРІНІҢ ЭТИМОЛОГИЯСЫ
АУЫЗ СУЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ
Ауыз суының түрлерін зерттеу
Жер асты суларының маңызы
Көне аңыздармен эпостардан бастау алған судың қасиеттері
СУДЫҢ НЕГІЗГІ ҚАСИЕТТЕРІ
Судың физикалық қасиеттерінің ерекшелігі
Судың химиялық қасиеттерінің ерекшелігі
Еріткіштік қасиетінің маңызы
СУДЫҢ ПРАКТИКАДАҒЫ МАҢЫЗЫ
Жер бетіндегі тіршілікке пайдасы
Судың ашылмаған сырлары.
3.ҚОРЫТЫНДЫ
4.ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОРЫТЫНДЫ:
Оқушылар өздері жұргізген ғылыми-зерттеу жұмыстарын саралап қорытынды шығаруға беімделу барысында жүргізген жұмыстарының практикалық маңыздылығын айқыдау дәрежесіне жетеді.Зерттеу жұмыстарының мақсаттары мен көзделген міндеттеріне жету деңгейін анықтай алады.Алдарына қойған мақсаттарына жету барысында атқарған жұмыстар барысын сипаттап,орындалу тәртібін айқындап жалпы ғылыми –зерттеу жұмысының өзіндік талаптарын тәртібін айқындайды.
Қолданылған әдебиет:
,
Тұрғанбаева.Б.А., Шабденов.Б.Ш. Шығармашылық баспалдақтары. Алматы,2003
Алпысова.Г.Т. Оқушыларды шығармашылыққа баулу. 2012ж. №3 12-15 бет
Өтеғұлова.Г.Қ. Инновациялық технологиялардың тиімділігі 2011ж. №5 35-36 бет
Оқушыларды зерттеу жұмысына үйрету әдістемесі
Достарыңызбен бөлісу: |