ІІІ секция тақырыбы:
«Оқу/оқыту үдерісінде кәсіби шеберлікті арттыру және
кәсіби қарым-қатынастағы тіл мәдениетінің орны»
БІРЛЕСКЕН ОҚУДЫҢ ТІЛ ҮЙРЕНУДЕГІ МАҢЫЗЫ
Самуратова Р.Т.
«Өрлеу» «БАҰО»АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша педагог
қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты»,
«Мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық
тұрғыдан қолдау» кафедрасының аға оқытушысы
Қазіргі уақытта елімізде әлемдік білім кеңістігіне енуге бағытталған
білім беру жүйесін қалыптастыру жүріп жатыр. Әлемдік өркениетке қадам
басқан еліміздің бүгінгі білім беру саласындағы бағыты - тілдерді жетік
меңгерген, терең білімді, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру.
Білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқу орыс тілінде жүретін
мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша біліктілікті арттыру
курстарында мұғалімдер бірлескен жұмыс негізінде өз кәсіби тәжірибелерін
жетілдіру жолдарын қарастыра отырып, оның оқушыларға тіл үйретуде
қаншалықты нәтижелі болатындығына көз жеткізеді.
Әлемдік тәжірибе ынтымақтастық оқыту нәтижеге қол жеткізуде
табыстырақ болатынын көрсетіп отыр, ал оның басты идеясы қандай да бір
жұмысты бірге жасау емес, бірлескен оқу болып табылады.
Оқушылар
алған білімдері мен үйренген дағдыларын ( тыңдалым, айтылым, оқылым,
жазылым) кез келген орта жағдайында қарым-қатынас үдерісінде тиімді
қолдануға, бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік беретін білім алуы тиіс.
Ынтымақтастықта оқыту дәстүрлі сыныптық-сабақтық жүйенің баламалы
нұсқасы ретінде пайда болған. Оның авторлары үш идеяны тұтас бір
үдеріске біріктіреді:
•
Ұжымда оқыту
•
Өзара бағалау
•
Шағын топтарда оқыту.
Бұл ынтымақтастықта оқыту деген бір терминмен аталды. Бірлескен жұмыс
кезінде оқу үдерісіне әсер ететін басты күш ұжымның, оқу тобының ықпалы
болды, бұл дәстүрлі оқытуда мүлдем мүмкін емес десе де болады.
Ынтымақтастықта оқыту кезінде орындалатын міндеттер:
•
Оқушылар ұжымның басқа мүшелерімен әлеуметтік байланыс орната
білсе,
жақсырақ оқи алады;
•
Оқушыларды сауатты және қисынды жаза білуі ұжымның басқа
мүшелерімен қарым-қатынас жасай білуіне байланысты болады;
•
Әлеуметтік қарым-қатынас үдерісінде оқушылар арасында нақты білімі
бар және бір-бірімен қарым-қатынас жасау, бірлескен танымдық жұмыс
үдерісінде жаңа білім алуға дайын адамдардың оқу қауымдастығы құрылады.
197