«+»-
мен үшін жаңа ақпарат
«?»-
мені таң қалдырады белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады.
INSERT –
оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын ашық білдіруге
үйрететін ұтымды құрал.Оқушылардың ерекше қызыға орындайтын
тапсырмалардың бірі «Екі түрлі түсініктеме күнделігін толтыру». Балаларға
дәптердің бетін ортасынан вертикаль сызықпен бөліп, мәтінді оқи отырып.
Бөліктің оң жағына мәтіндегі қатты әсер еткен тұстарды,үзінділерді
жазады.Сол жағына сол әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады.
Әр оқушы мәтінмен танысып, дәптерлеріне жазбаша тапсырманы толтырып
біткен
соң
бірінші
жұппен,
одан
кейін
топпен
талқылау
ұйымдастырылады.Топ ішінен өз жұмыстарын бір-бірден шығып қорғайды.
Осындай сын тұрғысынан ойлауға арналған тапсырмалар оқушыларды
топпен бірігіп жұмыс жасауға үйретеді. Мәтінді өз бетінше меңгеруге жағдай
жасайды.Сонымен қатар сабақтан тысқары қалатын оқушы болмайды,
оқыған мәтінді түсіну оны түсінікті етіп айтып беру, оған қатысты ойын,
пікірін білдіру арқылы оқушының тілі дамиды.
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың еркін ойлау
мүмкіндіктерінің ашылуына себеп болған стратегия – ой толғаныс сатысы.
Ой толғаныс сатысы кезеңінде, жаңа алынған білімдерді айқындайтын және
ұштайтын деңгейде оқушыда шешім қабылдай алатын мүмкіндік болу керек.
-
оқығанын өзіндік ойлау тұрғысынан көрсете білу;
-
өз сұрақтарын қою және оған жауаптар табу;
-
болжау жасай білу және олардың дұрыстығын тестілеу;
-
жаңадан пайда болған жағдайларды тез түсінуде осы білімді қолдану;
Сабақтың ой толғаныс кезеңінде «Еркін жазу» стратегиясын қолдану өте
тиімді.Оқушыларға мәтіндегі негізгі оқиғалар жайлы, одан алған әсерін, не
үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін тағы басқа өз пікірлерін қағаз
бетіне түсіру тапсырылады.
Қазақ тілі пәнін оқытуда стратегияларды оқу бағдарламасына сәйкес
бірізді жүйелі түрде қолдану тиімді.
І – қызығушылықты ояту фазасында ой қозғау (шақыру).
ІІ – мағынаны ажыратуда түртіп алу жүйесі, 5 жолды өлең.
ІІІ ой толғаныс фазасында Венн диаграммасы, еркін жазу т.б. стратегиялар
арқылы баланың дамуына, оның бойындағы жеке қабілеттердің ашылуына,
шығармашылықпен ізденуіне жол саламыз.
СТО бағдарламасына қатысудың нәтижесінде сабақта жеткен нәтижелерім:
1. Сабағымда сабақтың жаңа құрылымы пайда болды.
Сабақтың жоспары:
1. Психологиялық дайындық.
2. Ой ашар.
3. Үй тапсырмасын тексеру.
4. Жаңа сабақ.
І. Қызығушылықты ояту.
а) Ой қозғау.
ә) Өзіндік жұмыс.
194
б) Түртіп алу ─ +? v (INSERT)
ІІ. Мағынаны тану сатысы.
1. Топпен жұмыс.
2. Бес жолды өлең.
ІІІ. Ой толғаныс сатысы.
1. Венн диаграммасы.
2. Бағалау.
3. Үйге тапсырма.
2. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сабақтарының негізінде сабақта
оқушылар арасында:
—
бір-бірінің пікірін тыңдауға, сыйлауға ынтымақты қарым-қатынастың
негізі қаланды;
—
өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға;
—
бір-біріне құрметпен қарауға;
—
өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға;
—
өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға;
—
мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға;
—
достарының ойын тыңдай отырып, проблеманы шешу жолдарын іздей
отырып, қиындықты шешуге көмектесуге;
—
белсенді шығармашылықты ойлауға негіз қаланады.
Осы оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының
жүзге тарта стартегиясы бар екені белгілі, демек сол әдіс – тәсілдерді
жақсылап игеріп, ішінен қажеттілерін таңдау арқылы әр сабақтың мақсат-
міндеттерін тиімді де оңтайлы жолмен жүзеге асыруға мүмкіндік мол.
Шығыс даналығы “Мәселе нені үйретуде емес қалай үйретуде” демей ме?
Сондықтан мақсат пен мазмұн мемлекеттік бағдарламаларда айқын беріліп
отырған қазіргі жағдайда бұл стартегиялардың маңызы зор.
Оқушылардың шығармашылығын дамыту педагогикада басымды бағыт
болып есептеледі. Өркениеттің прогрессивті дамуының негізгі қозғаушы
күші шығармашыл тұлға екені белгілі. Өйткені біздің заманымыздың
электрондық, атомдық, ғарыштық деп аталуының өзі адамның ақыл-ойының,
санасының жетілгендігінің көрінісі. Сондықтан оқушылардың білім алу
кезіндегі шығармашыл белсенділігі, өз беттерімен білімді игеру дәрежелері
мектеп өміріндегі басты мәселе болып қала береді.
Педагогикалық қызметтің басты мақсаты оқушылармен оқу-тәрбие ісінде
жаңа педагогикалық технологияларды ұтымды пайдалану. Ол үшін жаңа
технологияларды игеру және оны шығармашылықпен дамыту, инновациялық
технологиялармен білім беру. Сонда ғана қабілетті мамандар дайындай
аламыз.
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа технологияларды қолдану
арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру, қазіргі қоғам талабына
сай ой-өрісін дамыту, шығармашылығын кеңейту, дамыту, терең білімді,
бәсекеге қабілетті тұлғаны жасау, заман сұранысына сай ізденімпаз тұлғаны
қалыптастыру. Қорыта айтқанда, оқыту процесінің нәтижелі болуы
оқытушының сабақ беру шеберлігіне, сабағын қызғылықты жүргізіп, зейін
195
қойдыра білуіне, оқушылардың өздігінен білім алуға үйренуіне байланысты.
Қандай да болмасын жаңа әдіс-тәсілдер әрбір оқушының өз бетімен оқып
үйренуіне сенімін ұялатып, шығармашылықпен жұмыс істеуіне, қорытынды
жасай алуына, сөйлеу мәдениетінің өсуіне ықпал етеді, білім сапасын
арттырады. Оқыту технологияларын сабақта қолдану оқушылардың білім
сапасын арттырып қана қоймайды, олардың жеке тұлға ретінде
қалыптасуына әсерін тигізеді. Жаңа әдіс-тәсілдерді мән-мағыналарына,
ерекшеліктеріне қарай таңдап қолдана білсек, балаға білім беруде ұтарымыз
анық.
Сондықтан мұғалім сабақтың жүргізілу жүйесін жетілдіріп, оқу –
тәрбие жұмыстарын жүйелеп, сапасы мен тиімділігін арттырып, өзгерістер
енгізуге барлық күш – жігерін жұмсауы тиіс.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1.Садуова Ж.Н. Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы болашақ
мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру
2.
Қазақ тілі мен әдебиеті, 2016.
3.Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технологиялар. – Тараз. - 2003.
4.Орта білім берудің мазмұны: Дәстүрлер мен өзгерістері халықаралық
ғылыми-тәжірибелік конференция мақалаларының жинағы. Астана. - 2012.
196
Достарыңызбен бөлісу: |