Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» «біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ»



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет88/122
Дата04.12.2017
өлшемі5,01 Kb.
#2913
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   122

Бейнебаяннан үзінді көрген оқушы жаңа ақпарат ала отырып, осы ақпаратты 
толық алу үшін ізденуге талпынады. 
Сабақ барысында бір ғана тәсілмен шектелмей, өз сабақтарымда қазіргі 
таңдағы инновациялық технологияларды оқушылардың жас ерекшеліктеріне 
байланысты  таңдап  қолданамын.  Атап  айтсақ,  модульдік  технология,  сын 
тұрғысынан ойлау, тірек- сызба, дамыта оқыту, деңгейлеп-саралап оқыту т.б. 
Мен үшін әрбір сабаққа жаңалықтарды, озық тәжірибелерді пайдалану үлкен 
жетістіктерге  жетелейді.  Өзімнің  әрбір  сабағымда  озық  технологияларды 
пайдалану  жақсы  нәтижелер  бергенін  көрудемін.  Кез  келген  сабағымды 
тақырып  бойынша  жаңалықтармен  таныстыру  арқылы  бастау  дәстүрге 
айналды.  Қызығушылықты  арттыру  арқылы  сабақты  бастау  сол  сабақтың 
аяғына дейін қызық өтуіне себеп. 
Қазақ тілі пәнін оқытуда жаңа технологиялардың элементтерін қолдана 
отырып,  деңгейлеп  оқыту  технологиясына  ерекше  көңіл  бөлемін.  Өйткені, 
бұл  технология  баланың  жеке  мүмкіндігіне  бағытталған.  Ғалымдар 
Л.Выготский,  В.Давыдов,  Д.Эльконин  т.б.  осыны  түбегейлі  зерттеп,  оқыту 
мен  даму  арасындағы  тығыз  байланысты  анықтаған.  Сабақ  барысында 
қандай оқушы болмасын І деңгей тапсырмасын орындайды, Әрбір оқушы І 
деңгей  тапсырмасын  орындауға  міндетті  және  одан  жоғары  деңгейдің 
тапсырмаларын орындауға құқылы. 
Деңгейлеп  –  саралап  оқытудың  тағы  басты  қажеттілігі,  оқушыны  өз 
бетімен  ізденуге  үйрету,  олардың  шығармашылық  бейімділіктері  мен 
икемділіктерін дамыту. 
Жеке тұлғаның қалыптасып, ой – өрісінің дамуы, белсенділігіні, білім 
алу  қажеттілігі,  оны  өмірде  іс  –  тәжірибеде  қолдану,  шығармашылық 
міндеттерді  ойдағыдай  шешудің  негізгі  құралының  бірі  –  оқушылардың 
өзіндік жұмысы болып табылады. 
Деңгейлеп  –  саралап  оқытудың  және  бір  бағыты  –  тәрбиелік.  [Адамға  ең 
бірінші білім емес, тәрбие берілуі тиіс. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың 
қас жауы] , деп Әбу Насыр әл – Фараби айтқан. 
Қазіргі  педагогикада  пайдаланып  жүрген  технологиялардың  бірі  және 
бірегейі – модульдік оқыту технологиясы. Бұл технология қазіргі қазақ тілі 
пәнін оқытудағы тиімді әдіс болып саналады. Оқушылар түрлі тараулар мен 
тақырыптар  бойынша  дайындалған  тірек  кестелерімен,  басқа  да 
ізденімпаздық,  шығармашылық  бағытта  орындалатын  жұмыс  түрлерімен 
өздерінің іскерлік дағдыларын қалыптастыра алады. 
Осы  орайда  қазіргі  қазақ  тілі,  тіл  біліміне  кіріспе  пәндері  бойынша 
шығармашылық  жұмыс  түрлерін  көбірек  ұсыну,  ойын  түрлерін  беру,  оны 
кейін практикалық тұрғыда қолдана білуге үйрету жұмыстары өз нәтижесін 
беріп келеді. 
Әсіресе, оқу сабақтарында модульдік оқыту технологиялары бойынша 
ұйымдастырылған ойын түрлерін сөйлесу бөлімінде шебер ұйымдастыра білу 
оқушыларды шығармашылыққа, ізденімпаздыққа жетелейді. 
Модульдік оқыту технологиясының ерекшеліктері: 
192 
 


*білімді  меңгерту  емес,  тұлғаның  танымдық  қабілеттерін  және  танымдық 
үдерістерді арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамыту; 
*тұлғаның  қауіпсіздігін,  өзін-өзі  өзектілендіру,  өзін-өзі  бекіту,  қарым-
қатынас, 
ойын-танымдық 
және 
шығармашылық 
қажеттіліктерін 
қанағаттандыру; 
*белсенді сөздік қорын дамыту (ауызша және жазбаша); 
*дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігін тудыру. 
Жаңа әрі пайдалы ізденістердің бірі қазақ тілі мен әдебиеті сабағында 
қолданылып жүрген әдістердің бірі – «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан 
ойлау» технологиясы. Бұл технология 18 елдің тәжірибесіне енгізілген. Бұл 
технология оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады, ойлау 
белсенділігін,  тапқырлығын,  өзіне  деген  сенімділігін,  іскерлік  дағдысын 
қалыптастырады.  Сыни  тұрғысынан  ойлау  технологиясы  бойынша  сабақ 
құрылымы  қызығушылықты  ояту,  мағынаны  ажырату,  ой  толғаныс 
кезеңдерінен  тұрып,  әр  кезеңдегі  тәрбиелік  және  оқу  мақсаттары  әр  түрлі 
стратегияларды  қолдана  отырып,  алға  мақсат  қою,  мәселені  зерттеу,  жауап 
іздеу, оқушылардың өз ойларын ашық айта білуге тәрбиелейді. 
Жалпы  айтқанда,  «Оқу  мен  жазуды  сын  тұрғысынан  ойлау» 
стратегиясы  сабақты  жоспарлауда  өте  тиімді.Сын  тұрғысынан  ойлау  әдісі 
оқушының  еркін  сөйлеуіне,өз  пікірін  айтуға,  достарының  ойын  тыңдауға, 
жағдаяттарды  шешу  жолдарын  іздей  отырып,  қиындықты  шешуге 
бағытталған бағдарлама.Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз- ой қозғай отырып, 
оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген -білгенін талдап 
салыстырып,  білмегенін  өзі  зерттеп,  дәлелдеп,өз  бетімен  және  бірлесіп 
шығармашылық жұмыс жасау. 
Мұнда оқушының ойы шыңдалып, өз даму деңгейіне сай жетістіктерге 
жетуге  болады.  Сын  тұрғысынан  ойлау  жобасы  мынадай  үш  құрылымнан 
тұрады: 
– 
қызығушылықты ояту; 
– 
мағынаны тану; 
– 
ой толғаныс. 
Бұл  технологияда  бұрынғы  білім  мен  жаңа  ұғым  ұштастырылады. 
Соңғы кезеңде оқушы өз шығармашылық қабілетін таныта алады. 
Оқушыларды ойлауға үйретуде, тілдерін дамытуда РАФТ, INSERT, екі 
түрлі түсінік күнделігі, еркін жазу, дөңгелек үстел,үш қадамдық сұхбат, бес 
жолды  өлең,  эссе,  түртіп  алу  сияқты  стратегиялардың  тиімді  де  ұтымды 
жақтары көп. 
Осы  аталған  стратегиялардың  бірнешеуі  әр  сабағымызда  қолданыс 
табады.  Мазмұны  өте  күрделі  шығармалардың  мәнін  жете  түсінуде,  еске 
сақтауда  сыни  тұрғыдан  ойлау  стратегиялары  оқушыларға  көп  көмегін 
тигізеді.Тақырыпты  толық  ашып  түсінуде  көмектесетін  оқыту  стратегиясы 
«INSERT»  стратегиясын  жиі  қолданамыз.  Шығарма бойынша оқушыға оқу, 
тақырыппен танысу барысында 
«V»- 
білемін; 
«-»- 
білмеймін 
193 
 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   122




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау