Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» «біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ»



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет110/122
Дата04.12.2017
өлшемі5,01 Kb.
#2913
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   122

орны ерекше. Көптілді оқыту қазіргі күннің заман талабы. Дана халқымыз: -
"Тілі  бірдің-тілегі  бір",  "Тіл  байлығы-ел  байлығы"  екендігін  әрдайым 
жадымызда  ұстай  отырып,  ел  бірлігінің  негізі  тіл  бірлігіне  қол  жеткізу 
жолында  қызмет  ету-баршамыздың  міндетіміз.  Сондықтан,  тілсіз  ұлт-
ұлтсыз тіл болмайды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев "Қазақстанның болашағы 
мектептен  басталады",  -  деген  сөзінен  бүгінгі  білім  ордаларына  қойылатын 
үлкен міндетті аңғарамыз [3]. 
Ұлы жазушы Ғ. Мүсірепов «Жазушы жазуын қойған күні өлгені», -деген 
екен.  Сол  сияқты  мұғалім  оқуын  іскерлік  қабілетін  өз  бетінше  ізденуін 
тоқтатқан күні мектеп табалдырығын аттамағаны дұрыс. Мұғалім күнделікті 
оқу арқылы ойы мен бойына білім қорын жинауы тиіс. Заман талабына сай 
оқушының  білім  сапасын  көтеру  үшін  оқытудың  жаңа  технологиясын 
күнделікті  сабақ  жоспарына  енгізіп,  үнемі  ізденуден  жалықпайтын,  жаңа 
әдісті меңгерген ұстаз нәтижелі табысқа жете алады. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. 
Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік 
саясаттың басты мақсаты» жолдауы // Егемен Қазақстан, 2008, 7 ақпан. 
2. 
Нуралиев  Б.У.,  Урманов  Т.Х.,  Алметов  Н.Ш.  Мектептің  оқу-тәрбие 
үрдісіне көптілді және билингвалды білім берудің бейімдендірілген моделін 
ендіру. - Шымкент: Нұрлы-бейне, 2010. 
3. 
Алметов Н.Ш. Оңтүстік Қазақстан облысы мектептерінде көптілді және 
жан-жақты мәдени білімді жетілдіру. - Шымкент: «Асқаралы», 2011 
4. 
«Мектеп» журналы // №6, 2014. 
  
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ 
ҰЛТТЫҚ РУХЫН КӨТЕРУ 
 
Марипова А.С. 
Алматы облысы, Панфилов ауданы, 
Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің 
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі 
  
Білім  беру  жүйесінің  басты  міндеті  –  ұлттық  және  жалпы  адамдық 
құндылықтар  негізінде  тұлғаның  кәсіби  қалыптасуы  мен  дамуына  қажетті 
жағдай жасау, жас ұрпаққа тәрбие мен білім беру, ана тілі мен  мәдениетін, 
ұлттық  болмысын  қалыптастыруға,  денсаулығын  сақтауға  бағытталған 
жұмыстар  болып  табылады.  Оларды  қалыптастыру  мен  дамыту  Қазақстан 
Республикасындағы білім беру жүйесіндегі ең маңызды міндеттер. 
Осы  орайда  мемлекеттік  тілді  оқыту    -  оқушылардың  ұлттық  рухын 
көтерудегі  маңызды  құрал  екенін  атап  айтуға  болады.  Ең  алдымен  саналы 
ұрпақ тәрбиелеу кезінде ұлттық рух дегеннің өзіне жеке тоқталу қажет. 
Ұлттық  рух  ــ  бір  ұлтты  басқа  ұлттан  парықтандырып  тұратын,  сол 
ұлттың  өзіне  тән  ішкі  рухани  жан  дүниесі,  ұзақ  уақыттар  бойы  біртіндеп 
қалыптастырған  салт-дәстүрі,  құн  көзқарасы,  мұрат-мақсаты  негізіндегі 
237 
 


психикалық  даралығы,  өзіне  тән  қажыр-қайраты  мен  намыс-жігері 
қатарлылардың шоғырлы бейнесі. Өскелең ұлттық рухтың болуы бір ұлттың 
қоғамдық  ортада  өмір  сүруі  мен  дамуында,  ұлттық  обыразын  өзге  жұртқа 
танытуында, ұлттың жалпы тұлғалық бітімін жоғары деңгейге көтеруде, сол 
ұлттың экономикалық, қоғамдық дамуын алға ілгерілетуде төтенше шешуші 
рол атқарады. Мейлі қай кез, қандай жағдай болсын әрқандай ұлт өзіне тән 
рухани  деңгейімен  өзге  ұлттан  парықталып  тұрады.  Қажыр-қайраты  мықты 
намыс-жігері  күшті  ұлттың  ұлттық  рухы  дәуірдің  алға  ілгерілеп,  қоғамның 
дамуына  сай  жаңарып,  әрленіп,  толықтанып  отырады.  Ал  оның  керісінше 
болса сол ұлттың ұлттық рухы қарадай әлсіреп, құты қашып, берекесі кетіп 
тозып жоғалады. Ұлттық рух  - қазіргі жаппай әлемиленудің кері ықпалынан 
белгілі  бір  ұлтты  арашалап,  аман  сақтап  тұратын  рухани  қару  есептеледі. 
Ұлттық рухты дәріптеу нысаны әсте басқалардың мүддесіне зиян салатын тар 
өрісті ұлтшылдық болмауы қажет, ол өз дәуірінің жалпы рухани деңгейімен, 
саяси  атмосферасымен  ойдағыдай  сәйкесетін,  тұтас  адамзаттық  санаға  сай,  
шынайы  теңдікті  тұлғаландыратын,  өзара  ынтымақты  дәріптеп  бірі-біріне 
пайда  жеткізетін,  жарасымды  орта  қалыптастыратын,  отаншылдық  рухты 
әйгілеп, дәуір рухын сәулелендіретін идея болуға тиіс. 
Қазақ ұлты талай мың жылдық, не шытырман тарихи кешулерді басынан 
кешіріп,  өзінің  дәстүрлі  мәдениеті  мен  таңдаулы  ұлттық  рухын 
қалыптастырған  ұлт.  Оның  қазірге  дейін  ұлттық  тұтастығын  сақтап,  ұлт 
өркениетінің  өзгеше  генін  үзіліссіз  жалғап  келуінің  өзі  өзгеше  ұлттық 
рухының бола алғандығында. Біз тілге тиек етпекші болып отырған ұлттық 
рух келесі ұрпаққа жалықпай жүргізілген тәлім-тарбие, ізгі нәсихат арқылы 
біртіндеп  қалыптасады.  Өсер  ұрпақты  отан  сүйгіштікке,  ұлтын,  елін,  жерін 
сүюге  тәрбиелеу,  бағыт-бағдар  беру  бүгінгі  қоғамның,  қазіргі  аға  ұрпақтың 
маңдай  алды  міндетінің  бірі  болып  табылады.  Өз  басын  толық  қанды 
қазақпын деп санайтын әр азамат ең әуелі қазақ ұлтының ұлттық ерекшелігін 
танытатын  ұлттық  тілі,  тұрмыс-тіршілігі,  әдеп-ибасы,  таным-түсінігі,  әдет-
ғұрпы,  салт-дәстүрі  қатарлыларға  қанық,  оларға  қашанда  жеттік  болуы 
қажет.  Азаматтарымыз  дәл  осылай  істеуді  ұлт  алдындағы  өтеуге  тиісті 
қарызым,  орындауға  тиісті  парызым  деп  қарайтын  болулары  тиіс.  Егер 
азаматтарымыз өз ұлтына тән осындай қажеттіліктерді толықтай алмаса, онда 
оны өз ұлты тұрғысынан рухани мәңгүрт деп айтуға лайық. 
Адамзат  қоғамы  дамып,  биік  өркениетке  қолы  жеткен  сайын  жер 
бетіндегі  ұлттар  өзара  ассимиляцияласып  саны  жағынан  азайып  отырады. 
Күштінің әлсізді өзіне сіңіріп әкетуіндей жаратылыстың қатал да бұлжымас 
заңы  бұдан  бұрын  болған  болса,  бұдан  кейін  де  өз  жалғасын  солайша  таба 
бермек. Сәп салып қарайтын болсаңыз, қазіргі әлемдік өзгерістер бізге жан-
жақтан барған сайын қысым түсіріп келеді. Сондықтан, келесі ұрпаққа бірі ــ 
әлемдік  дамудың  қатарынан  қалып  қалмау  талабы,  енді  бірі  ــ  әлемдік 
өзгерістің  ұлттық  сипатымызға  кері  ықпалын  болдырмау  тілегі  қойылуы 
қажет.  Бүгінгі  алуан  мәдениет  өзара  әсер  еткен  тоғыспалы  дәуірде 
жастарымызға болашақтың иесі өздері екендігін айқын сезіндіру, ұлттың ұлт 
238 
 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   122




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау