1) Мына сөздердің түбірлес варианттарын жазып, түзіліп жазылатын
дауысты дыбыстар ережесін түсіндір: орын /орны/, құлып /құлпы/, көрік
/көркі/.
2) Мына сөздерді сыңарларымен салыстырып, мағыналас немесе өзге сөз
екенін түсіндіру: қан-хан, қат-хат,
кәрі-қария, ары-әрі, білік-пілік, қас-хас.
3
) Берілген сөздерге түбірлес сөз тауып, дауыссыз дыбыстардың өзгеруін
түсіндіру, жан-жауып,
тап-тауып,
теп-теуіп, көбік-көбігі, тарақ- тарағы.
4) Берілген түбірлес сөздердің айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктерді
түсіндіру, түбірлес сөздердің лексикалық мағынасын ажырату. Жұмыс-
жұмысшы, ас-асшы, Дос-Досжан.
5) Омонимдес сөздердің түбірін тауып, әрқайсысының беретін мағынасына
байланысты сөйлем құрау: түстік /тамақ/, - түстік /бағыт, мезгіл/, түнек
/қараңғы/ -түнек /орын/, жаз /жыл маусымы/ - жаз /әріптерді түсіру/ - жаз
/жаю/.
Қорыта айтпр болсақ: Лексикаға байланысты тіл дамыту жұмыстары
курстың басқа тақырып салаларымен байланысты жүргізілсе, оқушылардың
лексикадан теориялық білімі мен сөзді қолдану дағдысын қалыптастыруға,
жалпы тіл заңдылығын толық игеріп, өздігінен ойлануға, сөз шеберлігін
арттыруға үлкен ықпал жасайды. Тіл байлығын дамытуға байланысты
жұмыстардың формалары мен әдіс-тәсілдері көп. Озат тәжірибелерге
жүгінсек мұндай жұмыстарды үш топқа бөліп қарастыруға болады:
1) айнала қоршаған ортамен танысу, оқушылардың түсінігін, көзқарасын,
білімін толықтыру арқылы сөздік қорын байыту;
2) мүлде таныс емес немесе мағынасы күңгірт сөздерді, сөз тіркестерді
үйренуге ықпалын аудару, жаңа сөздер мен сөз тіркестерімен танысу;
3) білетін және игерген сөздері мен сөз тіркестерінің қолданудағы басқа
түрлерін білуге байланысты.
Бұл топтар мен алғы шарттар бір-бірімен тығыз байланысты, бірлікте
қарастырылып, жүзеге асырылады. Айналаны қоршаған орта жөнінде
оқушылар білімін толықтыру, түсінігін арттыру мүмкіндігі сабақ процесінің
ен бойында жүзеге асырылады, әрбір сабақ, әрбір жаңа материал оқушы
біліміне қандай да бір жаңалық қосып отырады. Ал ол тіліне әсер етеді.
Оқушылардың сөздік қорын байыта түсуде оқушылардың назары мүлде
таныс емес немесе түсінігі күңгірт сөздерге аударылуға ерекше көңіл бөлу
қажет. Оқушы қандай да бір кітап оқыған кезде оның мағынасы түсініксіз
жеке сөздер кездесіп отырады. Бірақ оқиға желісінің барысына қарай ойды
жалпы топшылайды да, тексті ары қарай оқып, өзіне түсініксіз жеке
сөздердің үғымына назар аудармастан оқи береді. Ал оны өз сөзімен айтып
беруде әлгі сөзді қолданбайды, тастап кетеді. Бұл жеке сөзге мән бермегендік
болып табылады. Ал сөздік қордың молаюына осы жеке сөз мәнін
елемеушілік үлкен зиян тигізеді.
Сондықтан оқушыларға кітаппен өздігінше жұмыс ұйымдастырғанда
жеке сөздер мен сөз тіркестерінің мәнін ұғынып отыруға, білмегенді
іздестіріп, біліп-тануға дағдыландыру қажет. Ол үшін оқушылар қандай да
бір кітап оқығанда, мағынасы түсініксіз, таныс емес немесе түсінігіне күңгірт
233