Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» «біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ»



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет113/122
Дата04.12.2017
өлшемі5,01 Kb.
#2913
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   122

отырып,  нақты  әрекет  арқылы  оқытуда  төмендегі  құндылықтардың  болуы 
қажет: 
 -        
белсенді қарым-қатынас: оқушы мен мұғалімнің әрбір мәселеде өз 
көзқарастарын білдіріп отыруы;  
-        
индивиттік:  мұғалімнің  әр  жеке  оқушының  ерекшелігін  дамыту, 
қоғам алдындағы жауапкершілігінің болуы;  
-        
өзіндік тәртіп: өзіндік бақылау мен бағалауды шешім қабылдауды 
үйрену;     
-        
шыдамдылық:  әр  түрлі  пікірлерді  қабылдай  алу,  бір-бірінің 
пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау.  
Ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға 
тәрбиелеу үшін:  
-        
оқушылардың сана-сезімін қалыптастыру;  
-        
жас  ұрпақ  санасына  туған  халқына  деген  құрмет,  сүйіспеншілік 
мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту;  
-        
ана  тілі  мен  дінін,  оның  тарихын,  мәдениетін,  өнерін,  салт-
дәстүрін, рухани-мәдени мұраларды қастерлеу;  
-        
жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік, намысшылдық тәрізді 
ұлттық  мінездері  қалыптастыру  сияқты  міндеттерді  орындағанда  ғана  біз 
мақсатқа жете аламыз.   
 
Жаңа  Қазақстан  үшін  қазақ  өркениетін  дамыту,  салт-дәстүрін,  әдет-
ғұрпын,  тілін,  т.б. ұлттық  құндылықтар  аясында  кеңейту  -  өзекті  мәселенің 
бірі.  Сондықтан  алдымызда  тұрған  үлкен  мақсат  –  ұлттық  мұра 
құндылықтарын қазіргі таңның мәдени жетістіктерімен үйлестіру. Жас ұрпақ 
тәрбиесінде үйлесімділік заңы салтанат құруы шарт. Яғни ол өзінің өсу, есею 
кезінде  ақ  сүт  беріп  асыраған  ата-анасымен  де,  көкірек  көзін  ашқан 
ұстаздарымен де үйлесім таба білуі тиіс. Сонда ғана тұлға бойында ұлттық 
рухани  қасиеттер  бірте-бірте  қалыптасары  сөзсіз.  Тұлға  бойындағы  рухани 
құндылықтарды  қалыптастырудың  көзі,  отбасы,  әулет,  әлеуметтік  орта, 
мемлекет  болса,  ұлттық  құндылық  қазақ  патриотизм  ұлттық  салт-сана,  ұлт 
алдындағы  міндет,  парыз,  намыс,  ұлттық  рух,  ұлттық  салт-дәстүр,  тұлға 
бойындағы ұлттық құндылықтың жоғары көрсеткіші. Тәрбиенің негізі болып 
саналатын  адамзаттық  құндылықтардың  бірі  тәрбиенің  басқа  адамға  деген 
қажеттілігі, басқа адамдарды сүйе білу қажеттілігі болып табылады.  
Қорыта  айтқанда,  бүгінгі  күнде  жастарды  әдепті  де  саналы  етіп 
тәрбиелеу  үшін  ең  алдымен  тәрбие  ережелеріне  сүйене  отырып,  ұлттық 
дәстүрімізді,  әдет-ғұрыптарымызды,  дінімізді,  ата-бабаларымыздан  қалған 
насихат - мұраларды жастардың санасына сіңіре білуіміз қажет. Осы ұлттық 
құндылықтарды  тіл  арқылы  оқушы  бойына  сіңіру  –  мұғалімдердің  басты 
міндеті  болып  табылады.  Оған  көмектесетін  құрал  –  ол  әрине  тіл.  Тіл 
арқылы,  сөз  арқылы  оқушылардың  ұлттық  рухын  көтереміз.      Бүкіл  қоғам 
болып  қолға  алып,  мәдениетті,  тәрбиелі  болып  жүруді  әрқайсысымыз 
өзімізден бастасақ, жас ұрпақтың тәрбиесі де өз жемісін берері анық. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
243 
 


1.     
Әбдіқасымов  Р.,  Бөлеев  Қ.,  Бөлеева  Л.Қ.  Ұлттық  тәлім-тәрбие. 
Дайындық курсының бағдараламасы. – Ж., 1993. 
2.     
Ғаббасов С. Халық педагогикасының негіздері. – А.: Әл-Фараби, 1995 
3.    
Төлеубекова Р. Бала тәрбиесіндегі халықтық педагогика. –А.: РБК, 1994. 
4.  Айтмамбетова  Б.Р,  Бейсенбаева  А.А.  Жеке  адамның  дамуы,  тәрбиесі.  - 
Алматы:КазПИ,1991. 
5. Техникалық және кәсіптік білім №4 2013 жыл. Ақпараттық – әдістемелік 
журнал. 
6.  Макаренко  А.С.  Педагогические  сочинения.  -  М.,  «Педагогика»,1988. 
7
. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы // Алматы 2010, 6-бап. 
8.  Құдайбергенова  К.  Құзырлылық  –  тұлға  дамуының  сапалық  критерий  // 
«Білім сапасын бағалаудың мәселелері: әдіснамалық негізі және практикалық 
нәтижесі  »  атты  халықаралық  ғылыми  –  практикалық  конференцияның 
материалдары. - 2008. - 30- 32б. 
 
ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ ТӘН ТӨЛ 
ДЫБЫСТАРДЫҢ АЙТЫЛУЫНЫҢ БҰЗЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ОНЫ 
ТҮЗЕТУ ЖОЛДАРЫ, ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ 
 
Жунусова Ж.А., Абдрахимова Ж.Ж. 
«
Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог 
қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты», «Мұғалімнің кәсіби 
дамуын психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қолдау» кафедрасының аға 
оқытушылары 
 
Қазіргі  таңда  оқушылар  мен  қазақ  тілін  үйренген  өзге  тіл  өкілдерінің 
арасында  қазақ  тіліне  тән  ғ,  қ,  ң,  ө,  ү,  ұ,  і  дыбыстарының  айтылуындағы 
бұзылыстар  жиі  кездеседі.  Әсіресе,  «ң»  дыбысының  айтылуы  мен 
жазылуындағы қателер оқушылар арасында кең етек алған. 
  
Қазақ әліпбиіндегі ң дыбысы мен әрпі ешқашан сөз басында келмейді, 
сондықтан  бұл  әріптен  басталатын  ешқандай  сөз  жоқ.  Ол  сөздің  ортасында 
немесе  аяғында  келеді,  мысалы:  аң,  көлеңке,  таң,  шаңғы,  т.б.  Қазақ  тілінен 
басқа  ағылшын  сөздерінде  бар:  morning,  spring,  т.б.  Сөздегі  -ng  ағылшын 
транскрициясында  қазақ  тіліндегідей  оқылады.  Ң  дыбысына  ең  жақын 
келетін  дыбыстар  ол  қ,  ғ.  Себебі,  бұл  дыбыстар  да  тілдің  түбі  арқылы 
жасалады.  
 
Оқушылар  арасында  «ң»  дыбысының    айтылуының  бұзылысын 
бірнеше себептермен түсіндіруге болады. Біріншіден, фонематикалық естіп-
қабылдаудың  дұрыс  қалыптаспауы,  екіншіден  артикуляция  мүшелерінің 
құрылысындағы ақаулықтар (қисық, арасы алшақ тістер, биік немесе жалпақ 
қатты таңдай, үлкен, ұзын, жіңішке тіл және т.б.), үшіншіден ата-аналардың 
қос  тілде  (орыс  және  қазақ  тілдерінде)  сөйлеуі,  төртіншіден  оқушының 
дыбыстың артикуляциялық айтылу қалпын дұрыс түсінбеуі және т.б. 
«Ң»  дыбысын  қоюдың  (Қ.Қ.Өмірбекова  әдістемесі  бойынша)  бірнеше 
тәсілдері бар. Бірінші тәсіл, түзету жұмыстарын бастамас бұрын, оқушының 
244 
 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   122




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау