Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қОРҚыт ата атындағЫ



жүктеу 0,67 Mb.
бет1/2
Дата14.05.2018
өлшемі0,67 Mb.
#13400
  1   2

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ

ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ КІТАПХАНА
СЫР ЕЛІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ



СӘДУАҚАСҚЫЗЫ КҮЛБАРАМ

ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ,

профессор

ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ

ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ КІТАПХАНА
АНЫҚТАМА-БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ БӨЛІМ


СӘДУАҚАСҚЫЗЫ КҮЛБАРАМ

ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ

ПРОФЕССОР, ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ КОРРЕСПОНДЕНТ-мүшесІ

75 жас

БИОБИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШ

Қызылорда 2018

Редакторы: Ғылыми-техникалық кітапхана директоры - Әбенова Ж.А.

Құрастырған: Карымсакова Г.К.



ОҚЫРМАНҒА

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ғалымдарының «Сыр елінің ғалымдары» атты айдарымен шығарылатын өмірбаяндық биобиблиографиялық көрсеткіш, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Күлбарам Сәдуақасқызына арналады.

Биобиблиографиялық көрсеткіште жинақталған материалдар үнемі ізденіс үстінде жүретін ғалымның өмірі мен ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек жолын сипаттайтын мәліметтер мен ғылыми, оқу-әдістемелік еңбектері жайлы әдебиеттер тізімдері жинақталған. Жарияланған еңбектері әрбір жыл көлемінде мерзімдік тәртіпен орналасқан.

Көрсеткіш төмендегідей бөлімдерден тұрады:

1. Өмірдерек

2. Ғалым жайлы лебіздер

3. Ғалымның өмірі мен қызметінің негізгі кезеңдері

4. Ғалымның айрықша марапаттау белгілері

5. Ғалымның ғылыми еңбектері

6. Ғалымның оқу-әдістемелік зерттеулері

7. Еңбектерінің хронологиялық көрсеткіші

8.Халықаралық, республикалық және облыстық ғылыми

конференцияларға қатысуы.Баяндамалары.

9.Ғалым туралы жарияланған әдебиеттер

Көрсеткіште материалдар хронологиялық тәртіппен орналасқан, әрбір жылдың көлемінде жарияланған еңбектері әліпби ретімен беріліп отыр.

Көрсеткіш ғылыми-техникалық кітапханасының электронды, дәстүрлі каталогтары мен картотекаларынан және ғалымның жеке архивінен алынған материалдар негізінде құрастырылған.


Педагогикалық білім беру ғылымдарының

Халықаралық академиясының корреспондент-МҮШЕСі,

педагогика ғылымдарының кандидаты,

профессор Күлбарам Сәдуақасқызының

өмір жолы мен қызметі туралы

ө м і р д е р е к
Әкесі Жалбыров Сәдуақас көзі ашық оқыған сауатты адам болған. Сол кездері сауатының арқасында бірнеше ұжымдық шаруашылықтың(колхоз) бас есепшісі болып қызмет жасаған.Ұлы Отан соғысы басталғасын 1942 жылы жазда фронтқа алынып көп ұзамай оққа ұшқан. Артында 28 жастағы анасы Раушан, 5 жасар ұлы Сыйым және Күлбарам анасының құрсағында екі айлық болып қалған.

Күлбарам Сәдуақасқызы 13 қаңтар 1943 жылы Қармақшы ауданының, Ақжар кеңшарында (бұрынғы Ақбел ауылы) дүниеге келген. Күйеуі соғыстан оралмағасын білек сыбанып белсеніп колхоз жұмысына араласып стахановшы болып, екі баласын жетімдік көрсетпей асырап жетілдірген, екеуінде жоғары білімді етіп тәрбиелеген. Қазақтың белгілі жазушысы апайдың жақын ағасы Адам Мекебаев өзінің «Періште келіншек» атты романының бас кейіпкері Айшаның протопипіне осы Раушан Аяғанқызының өмірін негіз етіп алған еді. Апайымыз осындай зиялы да, ержүрек, соғыстан кейінгі қазақ әйелінің жинақы кейіпкеріне айналған Раушан Ананың қызы. Соғыс зардабын көппен бірге тарта жүріп бала Күлбарам білім алады, жақсы тәрбие алып ержетеді. Мектеп қабырғасында жүріп жақсы оқып қана қоймай, би өнерімен айналысты. Кішкентайынан өлең жазып мектептің «Кірпі» атты газетінің редакторы болып жағымсыз балалардың карикатурасын салып, сын өлеңдер жазып өткір тілмен сынайтын. Өсе келе өлеңдері сол кездегі «Лениншіл жас», «Қазақстан әйелдері» журналдарда өлеңдері жарияланып тұрды. Содан болар жергілікті аудандық газет ҚазМУ-дің журналистика факультетіне жолдама берген еді. Бірақ жастайынан дәрігер болуды армандаған Күлбарамды тағдыр мединститутқа түсуге бел буғызды. Бірақ қамқорлық жасайтын әкенің жоқтығы, ағаның жастығы оны 1960 жылы Н.В.Гоголь атындағы жаратылыстану факультетіне түсуге мәжбүр етті. Өңіріміздің талай атақты азаматын тәрбиелеген осы оқу орнын ол 1965 жылы жақсы аяқтаған кезде өмірлік жары Әли Мүсілімұлымен бас қосып отау тікті.

Күлбарам Сәдуақасқызы өзінің еңбек жолын Қармақшы ауданының Ахметжан Жанпейісов атындағы №105 мектебінен бастады. Еңбегі жемісті болып талай шәкірттерге ұстаз болып өмірге жол сілтеді. Мұғалімдік қызметінің жарқын кезеңі болып саналатын 1969 жылдан 1997 жылға дейін Қызылорда қаласының № 4 Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебінде химия және биология пәнінің мұғалімі қызметін атқарды.Мектепте тек оқушыларға сапалы білім беріп қана қоймай, көптеген оқушыларды дамыту мақсатында олимпиадаға әзірледі. К. Сәдуақасқызының дайындаған осындай талантты оқушыларының қатарына республикалық олимпиадаға қатысқан С.Рақменшеев, Н. Тоқпанова, А.Сапаров, А.Төлегенова, С.Күппанова сияқты оқушылары жатады. Аталған оқушылар химия пәнін жетік меңгеруі арқасында дәрігерлік мамандықты қалады және республиканың түкпір-түкпірінде ақ халатты абзал жандар атанып жүр.

К.Сәдуақасқызы № 4 Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебінде мұғалімдік қызметте жүргенде оның мақтанышына айналған ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Наушақызы Абдыхалықова мен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры, т.ғ.д, академик Қылышбай Алдабергенұлы Бисеновке химия және биология пәнінен дәріс берген мұғалімі.

К. Сәдуақасқызы 1997 жылы Қорқыт Ата атындағы гуманитарлық университетінің аға оқытушылық қызметіне ауысты. 2003 жылдан бастап Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің "Химия және химиялық технология" кафедрасының академиялық доценті.

К.Сәдуақасқызы 2006 жылы Еуразия гуманитарлық институтының диссертациялық кеңесінде Қазақстанның белгілі ғалымы, отандық жаратылыстану пәндерін оқыту мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер жүргізіп, көптеген еңбектердің авторы болған марқұм педагогика ғылымдарының докторы Мақпал Жұмабаевна Жадринаның жетекшілігімен «Оқу процесін нәтижеге бағыттау жағдайында оқушыларды өзіндік бақылауға бейімдеу» тақырыбына 13.00.01-жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын ойдағыдай қорғап шықты. 2007 жылдан бастап ЖАК доценті, қазіргі кезеңде «Биология, география және химия» кафедрасының профессоры қызметін атқарады. 2009 жылы Педагогикалық білім беру ғылымдарының Халықаралық академиясының корреспондент-мүшесі болып сайланды

К. Сәдуақасқызының педагогикалық қызметінің мақсаттығы, мотивтілігі, өнімділігін сипаттар болсақ, біріншіден, білім алушылардың оқу материалын толық меңгеруі үшін әлемдік интернет жүйесінен қажетті оқу материалын таңдап алып, беру арқылы олардың өзіндік білім алуына жағдай туғызуды мақсат тұтады, сол мақсатта білім алушылармен қашықтан оқыту технологиясын пайдаланып желілік қызмет арқылы тапсырма беріп, ол арқылы кері байланыс орнатып олардың білімін сабақтан тыс уақытта да бағалауға мүмкіндік береді; электрондық журналды соңғы 3 жыл бойы пайдаланып келеді. Екіншіден, білім алушылардыңөзіндік оқу әрекеттерін заманауи әдіс-тәсілдермен  ұйымдастыру үдерісінде түрлі әмбебап оқу әрекеттерін жасауға үйретеді; үшіншіден білім алушылармен, әріптестерімен конструктивті қарым қатынасорнатып одақтаса алады; білім алушылардың психологиялық ерекшеліктеріне мән бере отырып әрқайсысымен жеке жұмыстар жүргізеді және ең бастысы өз әрекеті мен қызметін обьективті бағалай алады.

Дәрісті «құрғақ» оқымай диалогтық әдістерді шебер пайдалана отырып, интертақтаны, аудиовизуальды, электрондық білім беру құралдарын тиімді пайдаланып оқыту үдерісінің өнімділігін арттыруға үнемі ұмтылып отыруы арқылы жалпы педагогикалық дағдыларды өз дәрежесінде меңгерген.

К. Сәдуақасқызының педагогикалық қызметінің басты ерекшелігі білім алушылардың өзіндік әрекетіне басымдық береді. Ол мақсатта өзі жасаған баспа және электрондық құралдарды кеңінен пайдаланады.Сондай-ақ өзінің жоспарын жүзеге асыруға және рефлексивтік біліктердің қалыптасуына баса назар аударады.

Ғалым әрі пән, әрі ғылым ретінде химияны оқыту әдістемесінің басты мақсаттары болып білім алушылардың ақпараттық мәдениетін, логикалық ойлауын дамыту, шығармашылық және танымдық әлеуетін арттыру мен коммуникативтік қабілеттерін қалыптастыру деп есептейді.Оқу материалын жетік меңгере отырып білім алушылармен оқу әрекетін ұйымдастыруда мемлекеттік стандартпен әдістеме ғылымының талаптарына сай: қарапайымнан күрделіге, бірлесіп жұмыс істеуден өзіндік жұмысқа қарай ұстанымын басшылыққа алады.

К.Сәдуақасқызының дәрістері құрылымдық элементтерінің нақтылығымен, алға қойылған дидактикалық мақсаттарға сәйкестілігімен, пайдаланылатын жұмыс формалары, әдіс-тәсілдерімен ерекшеленеді. Кері байланыс орнатуға тесттік технологияларды, атап айтқанда өзі жасаған авторлық құқығы бар «Химияны оқыту әдістемесі», «Химиядан Ұлттық бірыңғай тестке дайындық әдістемесі» атты электрондық оқулықтары республика көлемінде қолданыста болып оқушылардың білім сапасының жақсаруына және ҰБТ –ке дайындауда көмегін тигізіп отыр. Білім беру процесін қарқындатып жақсарту мақсатында жеке және сараланған тапсырмалары бар өзі жасаған «Органикалық химия.Тест тапсырмалары». «Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары» және «Химияның теориялық негіздері. Тест тапсырмалары» атты оқу-әдістемелік құралдарын пайдаланады. Бір сөзбен айтқанда білім алушылармен оқу жұмыстарын ұйымдастыруда өз құралдарын электрондық форматта тиімді пайдалануға әдеттенген.

К. Сәдуақасқызының білім алушының жүйелі білім, білік және дағдыларды игеруіне көбірек мән береді. Ол өз пәнін тек білім алу көзі ғана емес тәрбие көзіне айналдыруды қатаң назарда ұстайды. Соңғы жылдары мән беріліп отырған рухани тәрбие, адамгершілік тәрбиесі жайлы баспасөз беттерінде, телехабарларға көптеп қатысуы осының айғағы.

К. Сәдуақасқызының педагогикалық қызметінің стилі – демократиялық стиль. Кезкелген жүргізілетін жұмысты алдын ала өзі шешпей, талқыға салып бірлесіп шешуі нәтижесінде шәкірттері алдында жоғары беделге ие. Шәкірттерінің әртүрлі сайыстарда жеңімпаз болуы да осындай шәкіртін өзімен тең ұстап олармен серіктестік, одақтастық құруының нәтижесі болуы әбден мүмкін. Мысалы, К.Сәдуақасқызының мектеп мұғалімі қызметінде жүргенде талай шәкірттерді олимпиадаға дайындап жоғары нәтижелерге қол жеткізсе, ЖОО қабырғасында да ғылыми жетекшілік еткен студенттері мен оқушылары бірнеше дүркін жүлделі орындарды иеленді. Республикалық ғылыми – тәжірибелік конференцияларда студенттері Е. Назаров-1-орынды (2001), А. Тапаева 2-орынды (2007), Е.Рыбина 1-орынды(2009), ал №4 ОДМИ оқушылары А.Махмұтханова, Н.Мейрман Байқоңыр халықаралық конференциясында III-дәрежелі дипломды (2015) иеленді. Ал 2016 жылы №4 ОДМИ сабақ беретін оқушылары Тоқтар Аяжан, Алпамыс Данияр «Дарын» республикалық ғылыми орталығының зерттеушілік және шығармашылық жобаларының «ЗЕРДЕ» XII республикалық конкурсына қатысып жүлделі орынға ие болуы еткен еңбектің нәтижесі екендігінде дау жоқ.

Оқулықтармен пен оқу құралдарының ұзын саны 23. Әсіресе 2016/2017 оқу жылдарында жарық көрген оқу құралдары «Химиядан Ұлттық бірыңғай тестке дайындық әдістемесі», «Мектеп химия олимпиадасы», «Химия есептерін шешу әдістемесі» оқу құралдары мен авторлық құқығы алынған «Химияны оқыту әдістемесі», «Химиядан Ұлттық бірыңғай тестке дайындық әдістемесі» атты электрондық оқулықтары оқытуға қойылатын жаңа талаптарға сай келуі арқасында республика көлемінде кеңінен қолданылуда. Сондай-ақ, ол көптеген оқу-әдістемелік кешендер мен бағдарлама, нұсқаулықтардың авторы.

Сонымен қатар 33 халықаралық және республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысып құнды баяндамалар оқыды. Облыс мұғалімдерімен әрдайым тығыз байланыста, олармен жиі кездесіп оқытудың инновациялық технологиялары бойынша дәрістер оқып «Шебер класс» сабақтарын өткізіп тұрады.

К.Сәдуақасқызы батыл шешімімен тікелей бастама көтеріп 2014 жылдың 28 ақпанында Қызылордада «Химияны инновациялық әдістермен оқыту» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырып өткізді. Конференцияға республиканың барлық облыстарынан мұғалімдер қатысып, нәтижесінде 2 томдық конференция материалдары жарық көрді. Республикалық пәндік «Химия мектепте» журналының бір нөмірі осы конференция материалдарын жариялауға арналып республика мұғалімдерінің инновациялық оқытудың әдістерімен танысуларына мүмкіндік тудырды. Осы оқиға К.Сәдуақасқызының өз саласындағы көшбасшылығының, батылдығы мен танымалдылығының жарқын айғағы болады.

К. Сәдуақасқызы осындай педагогикалық қызмет сипаттамасына ие бола отырып жемісті еңбегінің арқасында біршама марапаттармен атақ абыройды иеленді.

2015 жылы К. Сәдуақасқызы кафедраның өндіріспен байланысын жақсарту мақсатында ұйымдастырылған «Облыстық мектеп және колледж оқытушыларының қауымдастығының» төрайымы болып сайланды. Мұның өзі кафедра және облыс химия пәні мұғалімдерінің К. Сәдуақасқызына деген сенімі мен үлкен құрметі болса керек.

Ол 2008 жылы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағы мен грантын иеленсе, Министрліктің конкурстың комиссиясы К.Сәдуақасқызының еңбегін жоғары бағалап 2015 жылы екінші рет «Жоғары оқу орны үздік оқытушысы» мемлекеттік гранты мен атағын берді. Марапаттау рәсімі 2015 жыл 20-қаңтар күні Астана қаласында өтіп эксминистр А.Сәрінжіповтың қолынан мемлекеттік грант куәлігін алды.

Осы ұтып алынған қаржының арқасында шетел сапарларына шығып, химияны оқыту әдістемесі ғылымы бойынша алдыңғы қатарлы әдіскер ғалымдардан дәріс алып, іс- тәжірибе алмасты. Олардың қатарында «Москва ашық білім беру» институтының химияны оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі  П. А. Оржековский, С. Е. Мансурова, С. Ю. Степанов  сияқты көрнекі әдіскер ғалымдардың дәрісін тыңдап тәжірибе алмасты. Қазіргі кезде аталған ғалымдармен тығыз қарым қатынаста. Сондай-ақ екінші мәрте «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантының қаржысымен 2016 жылдың қараша айында Казань қаласындағы А.М.Бутлеров химия институтының алдыңғы қатарлы ғалымдары С.ИГильманшина, И.В.Галкина Г.А. Берулава, О.В. Плотникова, С.М. Похлебаев, Н.Н. Тулькибаева, С.А. Старченко, Г.A. Суровикина сияқты ғалымдардың дәрістерін тыңдап еңбектерімен танысты.

К.Сәдуақасқызы Қазақстан Республикасының химия дидактикасын зерттеп жүрген ғалым ретінде көрнекі отандық ғалымдарменде іскерлік қатынас орнатқан. Олардың қатарына Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университет ғалымдары Ж.Ә.Шоқыбаев, Ж.Б.Шілдебаев, Аль Фараби атындағы қазұу–нің ғалымдары Х.А.Сүербаев, Қ.Бекішев сияқты ғалымдармен пікірлесіп отырады. Айтылғандарға қоса ол өз әріптестері Б.С.Иманғалиева, Ж.Т.Қуанышева, Б.Торсықбаевамен тығыз әріптестік қарым қатынаста.

Ал облыс оқушыларының химияны терең игеруіне қосқан еңбегі еленіп 2010 жылы облыстың «Жылдың Үздік ұстазы» номинациясын иеленді. Аталған марапаттардан басқа, оның марапат қоржынында: «Мұғалім әдіскер» (1995), «ҚР білім беру ісінің үздігі» (1996), Облыстық мәслихаттың Грамотасы(1993), ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы (2003), «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2007), Облыстық «Жылдың үздік ұстазы» номинациясы (2010), «Алтынсарин» медалі (2011), Облыс Әкімінің «Құрмет Грамотасы» (2013), Халықаралық «Менделеев» медалі (2014) бар. 2012 жылдан Қорқыт Ата университетінің үздік оқытушысы.

2013 жылы жоғары білім жүйесінің дамуына қосқан зор үлесі және мектеп пен жоғары оқу орындарына оқу-әдістемелік құралдр мен оқу құралдарын жазудағы көпжылдық нәтижелі еңбегі үшін Университеттің «Қорқыт Ата алтын медалімен» марапатталды

Факультеттің Ғылыми кеңесінің мүшесі және оның саяси-қоғамдық өміріне белсене араласады. Ол жаңа идеяларды батыл ұсынып отырады және жүзеге асуына ықпал етеді. Ол ғылыми және оқу-әдістемелік басылымдардың белсенді авторы болуымен республика көлемінде танымал тұлға. Республикалық пәндік «Химия мектепте» және «Мұғалім және қоғам» журналдарының ақылдастар алқасының мүшесі.

К.Сәдуақасқызы оқу мен тәрбиені бір бірінен ажыратып қарамайды, «ең басты нәрсе ол - тәрбие, ал тәрбие білім және мұғалімнің жекебасының көрсетер үлгісі арқылы беріледі» деген ұстанымды қатаң ұстанады. Еңбек жолындағы оқу және тәрбие саласындағы қол жеткізген көрсеткіштері үшін көптеген жоғары марапаттарға ие болды. Өзі ең басты марапат - шәкірттерінің сенімі мен сүйіспеншілігіне бөлену деп есептейді.

Ол университет, факультет көлемінде жас ұрпақты тәрбиелеу іс-шараларына да белсенді ат салысып келеді. Дәлірек айтсақ, облыстық теледидардың жаңартылған бағдарламамен оқыту және тәрбие мәселелеріне арналған хабарларына қатысып құнды пікірлер айтумен қатар, республикалық баспасөз беттерінде, жергілікті «Сыр бойы», «Сыр мектебі», «Ардагер айнасы» газеттерімен республикалық «Қазақстан мектебі» және «Химия мектепте» журналдарының беттерінде де үзбей педагогикалық тақырыптарға тұшымды мақалалар жазып келеді. Осы тұрғыдан әсіресе осы үстіміздегі 2017 жылы Елбасымыздың «Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру» саясатын насихаттау мақсатында белсенділік танытып, «Сыр бойы» газетіне «Адамгершілік тәрбиесі-тәрбиенің алтын қазығы» және «Қазақстан мектебі» журналына «Адамгершілік тәрбиесі - рухани жаңғырудың алтын кілті» атты мақалалары жарық көрді. 2016-2017 жылдары «Қазақстан-Қызылорда» телеканалында оқу-тәрбиеге байланысты телехабарларға қатысып көпшілік жастарға жаңартылған бағдарламамен оқыту және патриоттық, адамгершілік тәрбиесі жайлы құнды пікірлерін ортаға салды.

К. Сәдуақасқызы жан-жақты, қызықты тұлға, ол ақынжанды. 2013 жылы «Жүрек жырлары» атты өлең жинағы жарық көрген. Өлең кітабында химия сабағымен байланысты өлеңдермен қатар, тәрбиелік мәні бар өлеңдерде жетерлік. Оған басқа оқу орындарынан оның еңбектері жайлы пікір бөлісу, жылы лебіздер мен алғысхаттар жиі келіп тұрады.

К.Сәдуақасқызының ғылыми еңбектерінің басты мақсаты мен бағыты осы заманның көкейкесті мәселесі болып табылатын ЖОО-да және жалпы білім беретін мектептерде химияны оқытудың заманауи әдістері мен проблемалары болып табылады. Еңбектерінің барлығы дерлік әдістемелік мазмұнда және бір айрықша атап өтетін нәрсе құралдарының басым көпшілігі білім алушының өзіндік білім алуын ұйымдастыруға ыңғайлылығы мен олардың тиімділігінде. Ол білім алушы оқытушыны оқыту үдерісін ұйымдастырушысы ретінде қабылдауы, өзіндік жұмыстарға қабілетінің дамуына айрықша басымдық береді.

Барлығы шетел және республикалық басылымдарда 120-дан астам ғылыми, оқу-әдістемелік еңбектері, мақалалары жарық көрген және аталған оқу құралдары республиканың ЖОО-да және мектептерінде оқушыларға химиядан білім беру үдерісінде кеңінен пайдаланылуда. Мақалалары мен маңызды ғылыми - әдістемелік еңбектері мен оқу құралдарынқоспағандағалымның өзінің жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша жазып қорытындыланған төрт монографиясы жарық көрген.Соңғы «Химиядан үлгірмеушілік себептері және оны жақсарту жолдары» деп аталатын монографиясында «Бағдар» әдісі жан жақты зерттелген және тиімділігі іс-тәжірибе жүзінде дәлелденген еңбек.

Бес оқу құралы Абай атындағы ҰПУ-нің Оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданып республика көлемінде оқу процесінде пайдаланылуда.

Ғалым -ұстаздың мектептегі жұмыс өтілі - 32 жыл болса, жоғары оқу орнында – 21 жыл. Осы уақыт ішінде өзінің белсенділігі арқасында жастарға терең білім беріп қоғамдық сананы дамытуға, жастарды патриотизм рухында тәрбиелеуге бар күш жігерін жұмсау арқылы тәуелсіз Қазақстанымыздың дамуына өзіндік үлесін қосып келе жатырған жан.

Ұлағатты ұстаз К.Сәдуақасқызы Қызылорда облысының ағарту саласына өмірінің 40 жылын, оның 20 жылға жуық мерзімін облыстың білім саласын басқаруға арнаған педагогика ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткер Әли Мүсілімұлының жан жары. Төрт бала өсіріп тәрбиелеп, алты немере, бір шөбере сүйіп отырған ардақты әже. Ұстаздар отбасынан тәрбие алған балаларының бәрі жоғары білімді, екі қызы ғылым кандидаттары, ал үш немересі Кембридж мектебінде оқып жатыр.

Сөз соңында түйетініміз – таза еңбегімен мүмкіндігінше ғылым мен білім саласына бір кісідей үлес қосқан тәлімгер, педагог, жетекші әдіскер апамыз қызу еңбек майданында қолынан қаламы бір сәтке түспей, одан дүниеге келген еңбектерінің елдің пайдасына асып жатырғандығын көріп қуана жүріп және сыршыл өлеңдерінің рухымен 75-ші қысқа жетіп қалғанын байқамай да қалыпты.

Алдағы уақытта да ғалым Күлбарам Сәдуақасқызының әлі де талай еңбектерінің жарық көретіндігіне куә болатынымызға және өзінің ақкөңіл мінезімен жастарға ақылшы бола жүріп, еш қиналмастан талай биік асулардан асатындығына сеніміміз мол!



БИІК ПАРАСАТ ИЕСІ
Биылғы жылы мерейлі 75 жасқа келіп отырған Күлбарам Сәдуақасқызы мен үшін cұлулықтың, даналықтың, кемел ақылдың, биік дүниетанымның символы тәрізді. Олай дейтінімнің де себебі бар. Мен 1976 жылы жоғары оқу орнын бітіріп еңбек жолын Қызылорда қаласындағы №4 Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектептен бастадым. Ол кезде бұл білім ордасыныңаты республикаға танымал, облыстағы дүркіреп тұрған киелі шаңырақ болатын. Мұндай биік жетістікке жету, әрине, педагогикалық ұжымның ерен ең-бегінің арқасы еді.

Мектептің ұстаздар қауымы тәжірибелі, білімді де білікті мамандар болатын. Алғашқы директоры Қасымбек Ыбыраев талапшыл да қабілетті басшы болған дегенді ұжым мүшелерінен талай естідім. Көзін көрген мұғалімдер осы кезге дейін Қасымбек Ыбырайұлын құрмет тұтып, идеял тұтады. Ал мен барған кездегі басшы Мара Әбдіқадырқызы Перзадаева болатын.

Ұжым мүшелерінің ауызбірлігі де мықты. Райкүл Сералина, Зылиха Ибрашева, Үміткүл Айманова, Сәдуақас Қилыбаев, Тоқсұлу Көшербаева, Қаламқас Әбуова, Камила Әбілова, Райхан Көшкенова, Жүсіпәлі Ахметов, Спандияр Дүйсеков секілді ұстаздардың барлығы да әдемі, сымбатты да көркем, өз пәндерінің мықты мамандары еді. Оқушыларға бар білімі мен тәрбиесін аямайтын, еңбекшіл, ізденімпаз жандар болатын. Жаңадан келген біз сияқты жастарға да бойындағы бар жақсы қасиеттері мен тәрбиелерін берді. Тәлімгер ұстаз болды. Олардың барлығынан оқыған азаматтың, мәдениеттің, зиялылықтың лебі есетін. Жас ерекшелігіне қарай педагогилық ұжымдағы одан кейінгі буын өкілдері – бүгінгі әңгімеміздің кейіпкері Күлбарам Сәдуақасова, оның замандастары әрі достары Жібек Есенжолова, Алуа Разақова, Шынар Ибадуллаевалар болатын. Бұлардың жастары да қатар, отбасындағы ағаларымыз да бір-бірімен дос, отбасылық қарым-қатынастары жарасқан жандар болатын. Мен осыаға буын тәлімгер ұстаздарыма, алдымдағы апайларыма қызығып қарайтын едім. Оларға қарап бой түзедім, ой түзедім. Осындай ұжымға келіп еңбекжолымды бастағаныма Аллаға шүкір ризамын, өзімді бақытты сезіндім. Жақсыдан шарапат дегендей ұжымның адалдығы болар, маған үйреткен өнегесі болар мен де абыройлы ұстаз болдым. Алғаш ата-аналар жиналысын өткізу, ата-аналар университетіне баяндама жазу, оны көпшілік алдында оқыған сәттерім әлі есімде. Үйренгенім көп болды, барлығы сәтті өтіп жатты. Осының барлығы қаймағы бұзылмаған ұжымның арқасы еді. Осындай ұжымның белді де абыройлы мүшесі Күлбарам апай мінезге бай, үнемі көңілді жүретін, шәкірттерімен қандай сиқыры барын білмеймін тез тіл табысып кететін ұстаз еді. Өзі сұлу, өзі мықты химик. Ақ халатты киіп алып зертханада тәжірибе жасап, өзінің әріптесі Жүсіпәлі Ахметов ағамызбен ой бөлісіп, оқушыларын бәсекелестіріп жүретін. Жүсіпәлі ағай Күлбарам апайды Сұлу деп атаушы еді. Шындығында да, апай әлі де сұлу.

Екінші, өзі әкем деп әзілдесуші еді, облысқа белгілі мықты математик Сәдуақас Қилыбаев екеуі параллель сыныпта сынып жетекшісі болды. Екеуі жарысып сыныптарынан бірнеше үздіктерді шығаратын. Бірінен-бірі қалыспайды. Бірі математик, бірі химик. Әзілдері жарасады, бірде итжығысқа түсіп жатса, бірде тең түседі, бірде бірі оза шабады, бірі қалыс қалады. Қалыс қалса ағай өзі сары адам қызарып кететін. Бір кереметі сол араларында зіл жоқ, Біз қызыға қарайтынбыз, мәз боламыз. Апай соған мәз. Әлі есімде екеуі жарысып сыныптарынан бірнеше үздіктерді шығарды. Ол кезде үздіктердің жұмысы қалалық, одан кейін облыстық комиссияның сараптамасынан өтетін. Оқушының жұмысы өтпесе оқытқан мұғалімге сын. Абырой болғанда ұсынған үздіктердің бәрі де үмітті ақтайды.Қазір сол үміт еткен шәкірттері еліміздің экономикасы мен мәдениетін көтеруде абыройлы еңбек етіп жүр. Бірі білікті маман, бірі іскер кәсіпкер, бірі лауазымды қызметте. Екі сынып жарысып оқиды. Осы күнгі оқытудың жаңа технологиясын, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауды Күлбарам апай сол кездің өзінде тәжірибеге енгізіп қойған болатын.

Күлбарам Сәдуақасқызы оқушының жүрегін жаулаған сүйікті ұстаз ғана емес, мектептің абыройын асырған жанашыр жан да. Оқушылардың көктемгі демалысы кезінде қала мектептеріндегі мұғалімдердің арасында дәстүрлі өнер фестивалі өтетін. Апай Оқушылар сарайының сахнасында сызылтып ән салады, мың бұралып «Қазақ вальсіне» билейді. Ақындығы да бар. Арнау өлең жазады, іс-шараның сценарийіне көмектеседі. Нәтижесінде мектеп ұжымы жүлделі орындардың бірін иемденетін. Осы өнерін де ұстаз шығармашылықпен дамытып келеді. Оған 2013 жылы жарық көрген «Жүрек жырлары» өлеңдер жинағы дәлел болса керек.

Тынымсыз, ізденімпаз ұстаз мектепте мұғалім болып жүріп ғылыми-әдістемелік жұмыспен айналысты. Іс-тәжірибесі облыс мұғалімдеріне насихатталды. 1991 жылы Жезқазған қаласында мектеп мұғалімдерінің республикалық оқуы болды. Осы оқуға химия пәнінен апай, қазақ әдебиетінен мен де бардым. Апайдың мазмұнды, жаңашыл бағыттағы ғылыми-әдістемелік мақаласы қызу талқыға түсті, көпшіліктің назарына ілікті. Ерекше аталып өтті. Ол өзінің ізденімпаз, жаңашыл ұстаз екенін мойындатты. Меніңше, Күлбарам апайдың ғылым жолына түсуіне осы республикалық жиын бағдаршам болған секілді. Менің де қолымнан келеді деген өзіне деген сенімі артқан секілді. Апай еңбек демалысына шығып кетпей, жоғары оқу орнына келіп оқытушылық қызмет атқарды, ұстаздық қызметті ғылыми жұмыспен ұштастыра білді. Тәжірибесі мол ұстаз алға қойған мақсатқа жету үшін ерінбей еңбектенді. Ол екінің бірінің қолынан келе бермейтін батыл-дық. Өзіне сенген адам ғана ғылым жолы– қиын жолды таңдайды. Білікті ұстаз ерен еңбегінің арқасында мақсатына жетті, педагогика ғылымдарының кандидаты дәрежесін алды. Еңбекшіл, жаңалыққа құштар жан қарап отырған жоқ. Бірнеше ғылыми жобаларға қатысып, барлық білімі мен күш-қуатын жас мамандарды даярлауға жұмсап, олардың бойына адамға тән барлық қасиет, сипаттарды сіңіртіп келеді.

Қайратты, сана-сезімі романтикаға толы, өршіл, алға қойған биік мақсаттарына жетуде ерінбей еңбектенетін, өмірдің қуанышы мен қайғысын мойымай көтере білген ғалым, әдіскер апайды көргенде қызыға қарайтынымыз рас. Екі мәрте «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері атағы мен «Жылдың Үздік ұстазы» номинациясын жеңіп алған, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Үздік оқытушысы» К.Сәдуақасқызының ғылыми жетекшілік етуімен студенттері мен оқушылары бірнеше дүркін жүлделі орындарды иеленді. Сондай-ақ әдіскер ғалым – «Қазіргі заманғы білім беру технологиялары негізінде химияны оқытуда оқушылардың түйінді құзырлылықтарын дамыту», «Химиядан үлгермеушілік себептері және оны жақсарту жолдары» зерттеу еңбектерінің, «Химияны оқыту әдістемесі», «Химиядан Ұлттық бірыңғай тестке дайындық әдістемесі» электрондық оқулықтың, «Химияны оқыту», «Химия-педагогикалық зерттеу әдіснамасы», «Химияны инновациялық әдістермен оқыту» тағы басқа бірнеше оқу-әдістемелік оқулықтардың авторы.

М.Әуезов: «Адамның ғұмыр кешірмек кәсібінің терең түбіне қарасақ хайуанша күндік қоректі таспен атып, ағашпен ұрып, аң аулап жеп немесе жеміс теріп жеп, қарны тойса, аңша бір жерге жата кетіп жүрген. Ер жағы қара басынан басқаға қарамай жүргенде, балаларын баулып, үйлік ұйымның басын құраған – әйел» [2,46] деген еді. Олай болса, еңбек жолындағы бағындырған жоғарыдағы белестерімен, жетістіктерімен қатар Күлбарам апай ең бастысы бесік тербетіп, алтын асықтай ұл-қызын тәрбиелеп, оқытып, белгілі бір мамандық иесі болуына ықпал еткен ақылшы, қамқор ана. Қызылорда облысының бас ұстазы, ғалым, елге танымал азамат марқұм Әли Мүсілімұлының сүйікті жары, немерелердің асыл әжесі.

Өмірлік серігі Әли Мүсілімұлының көзі тірісінде баспадан шығып үлгірмеген өнегелі өмірі туралы тағылымдық мәні зор«Ізденіс пен ізгілік» деген кітабын жарыққа шығарды. Осы кітаптағы «Биігім» деген өлеңінде:

Биігі едің таулардың, жаным,

Бұлбұлдай ұшып кетті ғой сәнім.

Шуағың нұрлы шашылмай қалды,

Орнады түнек, атылмай таңым, - деп толғанады сүйікті жар. Марқұм болған Азаматын биік қояды, одан әрі сары уайымға салынбай, ерін, отбасын қатты сыйлайтын қазақ әйеліне тән қайсарлық мінез танытады.

Сондай-ақ, Күлбарам апай қамшының сабындай қысқа ғұмырда отбасының сыйластығы мен ынтымақ бірлігін сақтап, алысты жақын, жақынды табыстырып жіберетін дарқандық пен кеңдік, имандылық қасиеттерді бойына дарытқан ақылды ана ретінде де танылып келеді. Бұл адам бойында имандылық пен парасат болған жерде ғана болса керек. Олай болса мен Күлбарам Сәдуақасқызын парасат пайымы мол, биік тұлға ретінде үлгі тұтамын. «Сіздер барда» өлеңінде:

Сіздер барда, кеңге салам арқамды

Білмеймін мен тайсалуды, жалтаңды!

Сыйға - сыйым, сыраға - бал берерім

Сеніп келем, сүйіп келем баршаңды!


Бұл дүние сыйластықпен көгерер

Өтер, кетер қызығыңды көре бер!

Өмір қысқа, өмір жалған білерім

Е, тәңірім, тыныштығың бере көр


Сіздер барда, еңсем менің жоғары

Жүрегімде жайбарақат соғады.

Риясыз жүздескенім не тұрады!?

Құшағыма құт береке толады,-


дейді. Әдетте өмір жайлы, оның мәні мен мағынасы жайлы әркім өзінше пайымдайды. Ақын Күлбарам апай адамзат баласына ортақ құндылықтардың бірі – сыйластықты өзінің өмірлік кредосы етіп алады. Осы қасиетімен де ол ерекше.

Асыл сөздің қадірін білген, білімнің теңізінен маржан терген ұлағатты ұстаз, профессор Күлбарам Сәдуақасқызын мерейлі жасымен құттықтай отырып, зор денсаулық тілеймін. Әлі де алар асуыңыз, шығар биігіңіз мол екеніне сенемін.



Тайманова Сара,

филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Қорқыт ата атындағы ҚМУ ардагері
ӘЛЕКЕҢНІҢ ГҮЛЕКЕСІ
Қай кезде, қай заманда, қай қоғамда өмір сүрсе де, мектеп есігін ашқан жан әйтеуір бір ұстаз алдынан өтетіндігі белгілі. Осы бір ежелден келе жатырған байырғы мамандық иесі алдында кісілігін ұмытып кішірейетін, балалық бал дәуренді қайта бастан кешіріп қобалжитын, бір сөзбен айтқанда ұстаздың құдіретті күшін, өнегелі ісін көріп сезінген адамды нағыз адам деп білу ләзім.

Осындай шәкірттері көп ұстаз Күлбарам Сәдуақасқызын мен нағыз ұстаз деп танимын. Ең бастысы 50 жылға жуық ұстаздық еткен жанның әлі де ұстаздықтың қиын жолын тастамай, оқыту мен тәрбиелеудің күрмеуі көп түйіндерін шешу үшін қажымай -талмай ғылымнан жол іздеуі, жаңалықтан қалмай еңбектенуі кімді де болса риза етіп таңқалдырары ақиқат!.

Адам өз өмірінде әртүрлі адамдармен қауышып, әртүрлі тағдырлармен тоғысады. Солардың ішінде өзінің болмысымен, ерекше адами қасиеттерімен санада өшпес із қалдыратын жандармен қатар өмір сүріп қызметтес болу үлкен бақыт. Сондай азаматтың бірі емес бірегейі, білім саласының генералы бейресми атағын ие болған, 20 жылға жуық Қызылорда облысының білім саласын басқарған Әли Мүсілімұлы еді, яғни Гүлекеңнің Әлекесі. Әңгімені мерейтой иесі Гүлекеңнен емес Әлекеңнен бастау себебімде содан..

«Қазақстан мектебі» журналында 28 жыл оның 24 жылын бас редакторлық қызметте болған кезімде жұмыс бабына сәйкес Әлекеңмен қоян қолтық араласып достасып, талай ағалық қамқорлығына куә болған едім.

Бүгінде бір жайды көпшілік оқырманға баяндайтын реті келді. 1997 жылы «Қазақстан мектебі» журналы қаржы тапшылығынан жабылудың аз -ақ алдында тұрды. Сол кезде Қызылорда облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа бардым. «Бердібек бауырым, «Қазақстан мектебі» жабылуға жақын. 1995 жылдан бері бюджеттік қаржылай көмек толық тоқтаған. Халық үшін қызмет етіп, «халық жауы» деген жаламен «үштіктің» ұйғаруымен аталып опат болған Алаш қайраткерлерінің ізі қалған, сөзі қалған, 1925жылдан 1991 жылға дейін қазақ тілді жалғыз педагогикалық журнал болған салалық көшбасшы басылымның ешкімге керегі жоқ болып қалды ма?» дегенімде : «Жоқ апай, алаңдамаңыз. Жабылмайды. Жаппаймыз. Көмектесеміз. Қалай көмектессек екен?» деп, ойланып қалды. Менің ұсынысым дайын еді. Бұл кездесуге дейін Қызылорда облыстық білім басқармасының бастығы, журналдың ақылдастар кеңесінің мүшесі Әли Мүсілімовпен телефон арқылы тілдесіп қандай ұсыныс жасайтынымызды келісіп едік. «Сәке, - деді Әлекең, - Қызылорда қаласында мемлекетіміздің тарихында бірінші рет қазақ мектептеріне байланысты ғылыми–практикалық конференция өткелі отыр ғой. Бұл жиынға әкім келеді. Сонда журналға байланысты ұсынысымызды бірге отырып айтайық деп, мен күтпеген, ойламаған, журналды тығырықтан алып шығатын тосын жолды нұсқады. Мен қатты қуанып, бірден келістім. Сапарбаевпен кездесер сәтті күтіп, толқып та жүрдім. Жоғарыда жазғанымдай, кездескен сәтте іркіліссіз: «Журналдың бір нөмірін тұтастай Қызылорда облысына арнайық. Сіз сатып алыңыз» деп, Әлекеңнің ақыл кеңесімен алдын ала дайындап қойған ұсынысымды айтып салып, қарап тұрдым. Бердібек «Жарайды» деді. Сөйтіп бір нөмірдің қаржылай шығынын облыстық әкімшілік артығымен аударып берді. Сөйтіп жабылғалы тұрған журналға жан бітті. Қызылорда қаласына барған іссапардан кейін мен Алматыға қайттым. Журналдың арнаулы нөмірін дайындауға Әлекең,Әли Мүсілімұлы көмектесті. Ол кісі болмағанда, бұл жоспар іске асар ма еді, аспас па еді. Себебі Алматыда отырып, алыстағы облыс әкіміне телефон шалып, сөйлесу өте қиын. Сондықтан менің қызметім үсті - үстіне хат жазу болды. Ал сол хаттарды қолына ұстап жүріп, облыстық әкімшілкке қайта-қайта барып жүріп, оң нәтижеге жеткізген Әлекең, Әли Мүсілімұлы еді.

Мен ұстаз Күлбарам Сәдуақасқызын аяулы жары Әлекең арқылы танып білдім. Сонау 85 – жылдары Алматыға іссапарға келгенде «Мынау Күлбарамның жазғандары еді» деп мақалаларын әкеп тұратын. Қандай қамқорлық дейсің!Кейін келе Күлбарамның өзімен де жақын танысып сырлас құрбыға айналдық.

Күлекеңнің жазған мақалаларына зер салсақ, жылдан- жылға деңгейінің өсіп келе жатырғаны тайға таңба басқандай анық байқалады. Алғашқы мақалалары жай ғана бір сабақтың берілуін әдістемесін сипаттаса, келе- келе әдістемелік жағынан ғылымилығы басым бола түседі. Үзбей мақала жазып тәжірибесімен өзге мұғалімдермен бөлісіп отыруы арқасында «Химия мектепте» журналының ақылдастар алқасының мүшесі болды. Өзінің журнал беттерінде жарық көрген мақалалары мен еңбектері арқылы бүкіл республика мұғалімдерімен тілдесті, пікірлесті деуге болады.

Бірде әңгімелесіп отырғанда мұғалім, оқыту, тәрбиелеу жайлы пікірлескенімізде ол өзінің ұзақ жылдар бойы ойда қорытылып, іс жүзінде дәлелденген ойларын ортаға салған еді.

- Мен оқыту мен тәрбиелеудің өте қиын іс екендігін өз тәжірибемнен жақсы түсінем. Бар қиындықты жеңу үшін ұстазға бірінші балаға деген сүйіспеншілігін болу керек, баланы жақсы көру, сүю керек. Онсыз нағыз мұғалім болу жайлы айтудың өзі артық. Бір жерде оқығаным бар еді, Ресейдің бір қаласындағы мектепте мұғалімдер кодекс қабылдапты, онда «Баланы сүймесең мектепке кірмей -ақ қой!» деп жазылған екен. Ұстаздықтың басты мәселесі осы. Екіншіден, мұғалім баланың нағыз жанашыры болуы керек. Оқушыңа жаның аши ма, әлде оқымаса да, бұзық болса да оған бәрібір ме, оны балада болса оқушың сезіп, көріп отырады. Баланы алдай алмайсың, бар қиындық осыдан болады.

Үшіншіден, әрине төзімділік керек. Сабақты оқымай кеткен, бұзықтыққа бой ұрған баланы жөнге салу үшін көп уақыт, төтеп берерлік төзімділік қажет. Төртіншіден, баланың кішкентай болса да жақсы жағын көбірек көріп, соған сүйене отырып жұмыс істесең ғана нәтиже болады, - деген ой-тұжырымдарын ортаға жайып салып еді.

Ұстаздың білімі де, ішкі дүниесі де бай, шығармашылықпен жұмыс істеуге қабілетті, мінезінің ашық жарқын, мейірімді болуы, өзгені сол қалпында қабылдай алу қасиеттері ұстаз үшін ауадай қажет сапалар.

Сегіз қырлы, бір сырлы Күлекеңнің өлең жазатын ақындық қасиеті де бар. Әрине бұл қасиет ұстаздықты ұштай түсетін, сөйлеген сөзінің, берген сабағының әрін келтіретін қасиет екендігі сөзсіз. Журнал бетінде өлең түріндегі сабақ жайлы да мақаласы жарық көрді.

Күлекең мақалалар, кітаптар жазудан қолы қалт етіп бір сәт босаса өлең жазатын ақындық қасиетінің болуы мені шынымен де таң қалдырды. Бірде «Мен өзімді ақынмын деп есептемеймін. Тек адамдарға өз ойымды, оларды қалай қабылдайтынымды білдіру үшін ғана өлең жазамын», - деді. Сөйтсем ол рас екен. Менің оған өлеңдерін оқығанымда көзім жетті. Өлеңдері адамға деген махаббатқа, жылы сезімге толы, ойы орамды.

Өзі айтқандай:

Сіздер барда кеңге салам арқамды

Білмеймін мен тайсалуды, жалтаңды

Сыйға - сыйым, сыраға бал берерім

Сеніп келем, сүйіп келем баршаңды!, - деуі көңілге жылы тиіп, кісіні жан шуағына малындырып тұр емес пе?!

Ол өзінің ұстаз жайлы бір өлеңінде:

Ұстаз деген күн нұрына бара-бар

Жан шуағы шәкірттерге таралар

Шәкіртімен мадақталып, мақталып

Тек шәкіртпен биіктерге бара алар!, -

деп жазғандай, мақтанарлық шәкірттері баршылық, олар республи-

каның барлық жерінде абыройлы еңбек етіп жүр. Күлекеңнің шәкірттері жайлы айтары таусылмас жыр деседе болғандай!

Депутат, білікті бизнесмен Нұрмұрат Ерманов, министр болған қазір Елбасы кеңесшісі Гүлшара Әбдіхалықова, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Қылышбай Бисенов, дәрігерлер Сапар Рахменшеев, Нұржамал Тоқпанова, Айман Төлегенова, Айдос Сапаров , талантты әнші Мәдина Сәдуақасова және т.б. шәкірттерінің қалай оқығаны, мінез-құлықтары , олардың қызықты оқиғалары жайлы айтып беруге шаршамайды.

Орыстың ұлы жазушысы Л.Н.Толстой жақсы мұғалім болу үшін екі- ақ нәрсе керек: біріншісі – мол білім, екіншісі – үлкен жүрек,- деген екен. Күлекең де осының екеуі де бар. Ол үнемі ізденіс үстінде, ешуақытта тоқтап қалған емес, 100 –ге жуық еңбектері соның айғағы. Атап айтар болсақ «Жалпы және анорганикалық химиядан тест тапсырмалары» (1994), «Химия есептері» (2003), «Оқу-танымдық тапсырмалар – бақылау және өзіндік бақылау құралы» (2004), «Органикалық химия. Тест тапсырмалары.» (2006), «Нәтижеге бағдарланған оқыту процесі аясында химия сабақтарын ұйымдастыру» (2007), «Д.И. Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесі мен периодтық заңын оқыту» (2007), «Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары. Тест тапсырмалары.» (2009), «Оқу үдерісін нәтижеге бағыттау жағдайында оқушыларды өзіндік бақылауға бейімдеу» атты монографиясын (2009), «Химия. Дидактикалық материалдар. 8 сынып.»(2009), «Химияның теориялық негіздері»(2010), «Химияны оқыту әдістемесі»(2011), «Орта мектепте жалпы химияны оқыту әдістемесі»(2010), «Химияны инновациялық әдістермен оқыту»(2012), «Химия-педагогикалық зерттеулер әдіснамасы» (2012) атты оқу және оқу-әдістемелік құралдармен кешендері және т.б. еңбектері мазмұн байлығымен, тәжірибелік құндылығымен ерекшеленеді.

Ғалым ретінде оның өзінің студенттері мен магистранттары үшін және мұғалімнің білім деңгейін көтеруге қажетті ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектерін тек мұғалімдер ғана емес оқушыларда, студенттерде кеңінен пайдаланады. Әрине шәкірттері мен әріптестерінің сенімі , өзінің жауапкершілікті сезінуі Күлбарам Сәдуақасқызын осы заманғы ғылым деңгейінде болуға міндеттейді.

Бірде Күлекеңнің қойын дәптеріне «Өмір деген – еңбек пен міндет» деп жазып үш леп белгісін жазып қойғанын көріп қалдым. «Е-е, әрбір ұстаз осылай ойласа ғой шіркін», - деп ойладым. Күлекең ұстаздың көп оқып ізденуі, оқығанынан ой түюі , қажымай – талмай еңбектенуі өзінің осы өмірлік ұстанымды, қағиданы ұстануынан екендігі анық.

Күлекеңмен жақын танысқан сайын оны біле түстім. Ашық, ақ жарқын, адам жатырқамайтын, ойындағысын жасырмай тура айта салатын, қызу қанды мінезі барған сайын мені өзіне тарта түсті. Әсіресе оқу, тәрбие жайлы өзіндік ой тұжырымдарының болуы, жаңалыққа тез бейімделгіштігі, ізденгіштігі, елгезектігі барған сайын мені өзіне тәнті етіп жақындаты түсті. Жұмыс барысында шәкірттеріне деген жанашырлығын айқын сезіндім. Студенттерінің диплом, магистранттарының диссертация қорғауы үшін оларға мақала жазуды үйретіп қана қоймай, олардың журнал бетінде жарық көруіне де көмектесіп отыратыны мені сүйсіндіретін. Сөйтсем, бұндай қамқорлықтан мектеп мұғалімдері де тыс қалмайды екен. Күлекеңнің мұғалімдермен авторлық бірлестікте жазған мақалалар легінің бірінен соң бірінің редакцияға келіп жатуы соның айғағы.

Мектептен университетке ауысып ғылыммен шындап айналысуы арқасында Күлекең ғалым атағына ие болды. Жай ғалым емес өмір талабына сай, жаңалыққа құмар ізденгіш ғалым, оқыған –тоқығандарын тұжырымдап қана қоймай тұшымды еңбектер жазып, ол еңбектері елдің қажетіне жарайтын ғалым болды.. Қазіргі таңда еңбектерінің ұзын ырғасы 100- ден асты. Менің көз алдымда сол еңбектері арқылы елге, ұстаздар, ғалымдар қауымына танымал жанға айналды. Әрине Әлекең мен Күлекеңнің досы ретінде мен осының бәріне қуанып сүйсініп отырдым.

Мектепте ұзақ уақыт химиядан сабақ беру арқылы жинақтаған іс-тәжірибесіне ғылымды қосып үндестіру арқылы талай белестерді бағындырды.

Өзінің өмірлік кредосын «Еңбек және міндет» деп түсінетін Күлбарам Сәдуақасқызының еңбектері республика деңгейіндегі қолданысқа ие.Күлекең білім саласындағы атқарып жүрген абыройлы еңбегі арқылы көптеген марапаттарға ие болды. Атап айтқанда Күлбарам Сәдуақасқызы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Химия және экология» кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, ҚР білім беру ісінің үздігі, Педагогикалық білім беру ғылымдарының Халықаралық академиясының мүше-корреспонденті, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, «Алтынсарин» медалінің, екі мәрте «ЖОО үздік оқытушысы» Мемлекеттік грантының,Қызылорда облысының «Жылдың Үздік ұстазы» номинациясының және Қорқыт Ата мемлекеттік университетінің 75-жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған конкурс нәтижесінің қорытындысы бойынша университеттің «Үздік оқытушысы»атағының иегері. Сондай-ақ 1993 жылы Қызылорда Облыстық Мәслихатының және 2003 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен де марапатталған. Мұның бәрі - тынымсыз еңбектің жемісі.

Бәрінен бұрын – Күлекең ардақты ана, әже, Әлекеңнің аяулы жары. Әлекеңді жоғалтқалы бері азаматының атына мектеп, көше берілу жайлы ұстаздар қауымының ұсыныс пікірлерін жинап, тиісті жерлерге жеткізіп дегендей жар құлағы жастыққа тимей жүрген жайы тағы бар. Ол тиісті нәтижесін беріпте жатыр. Балалары да Әлекеңнің абыройлы атына кір келтірмейтін, керісінше абыройына абырой қосатын азамат болып жетілді, ата- аналарының ізін қуған Гүлшаты медицина ғылымдарының кандидаты болса, Айгүлі педагогика ғылымдарының кандидаты, көлемді еңбектері жарық көрген ғалым. Ләззаты салық комитетінде бас маман.Күйеу балалары мемлекеттік қызметте абыройлы еңбек атқаруда. Немересі Динара ЕҰУ- нің халықаралық қатынастар бойынша оқуын аяқтап диплом облыс әкімдігінде қызмет жасайды, ал Әйгерім биыл ЕҰУ нің менеджемент мамандығын иеленбекші. Ал Нұрәли, Шынәли, Раушандар шетел мектептерінде оқып жатыр. Немеренің кішісі Әлиханы 5-ші сынып оқушысы. Бір қуанарлық жағдай балалары әжесінің берген тәрбиесінің арқасында ғылым мен білімге жақын болып өсіп келеді. Ал, Күлекең осы немерелері мен Аянат шөбересінің ортасында бақытты әже, Ұлағатты ұстаз, танымал ғалым болып өмір кешуде.

Ойға алғанын орындамай қоймайтын Күлекең әлі де талай келелі істерді болашақтың еншісіне бөліп қойыпты. Біз ол істердің орындалатындығына кәміл сенімдіміз, оның бір айғағы мерейтой қарсаңында қолымызға тиіп отырған соңғы жылдары мектептерде жүргізіп келген ғылыми – зерттеу жұмыстарының нәтижесі болып табылатын 7 оқу құралы мен 3 монографиясы.

Күлекеңе Әлекең салып берген Ұстаздықтың ұлы жолында қажымай талмай еңбектеніп, шығармашылықтың шыңына шыға беріңіз, шәкірттеріңіз табыстарымен Сізді қуанта берсін демекпін!



Әбішқызы Сайраш

педагог журналист

Құрмет орденінің және Ы.Алтынсарин медалінің иегері,

ҚР білім саласының құрметті қызметкері



жүктеу 0,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау